«Сен досыңа жол бере аласың ба?» тесті
Мақсаты: қарым-қатынас барысында өзгелерге сыйластықпен қарап, оның пікірімен, жағдайымен санаса алатындықты бағалау.
Орындау тәртібі: әр сұрақты мұқият тыңдап, оған ақиқатқа сай жауап беру керек. Нәтижесі төменде берілген бағалау шкаласына сай талданады.
Сұрақтар
1.Сен досыңмен кездескенде, досың ашуланып тұрды. Сенің барлық әрекеттеріңе агрессивті түрде қарайды. Сенің әрекетің:
а) оның сәтсіздігіне ешқандай кінәң жоқтығын түсіндіресің;
ә) қатты сөздер айтасың;
б) оның барлық әрекеттеріне шыдап, үндемей тұрасың.
2.Сенің досыңмен әңгімең саған қызық емес болса:
а) мұңаясың;
ә) тақырыпты басқаға өзгертесің;
б) кейбір кезде әңгімедегі нақты кемшіліктерді айтасың.
3.Сенің өміріңнің сәтсіз күндерінің бірінде сен:
а) жұмыстан қолың босамай, ешнәрсе ойлағың келмейді;
ә) біреуге өзіңнің жағдайың туралы айтқың келеді;
б)жалғыз қалғың келеді.
4.Досыңмен ренжісіп қалған кезде сен:
а) бірінші сен қадам жасайсың;
ә)досыңның өзіңмен татуласқанын күтесің;
б) кек алғың келеді.
5. Талас кезіндегі сенің әрекетің ?
а) тыныштық сақтау үшін қолыңнан келген мүмкіндікті жасайсың;
ә) өзіңнің айтқаныңнан қайтпайсың;
б) қарым-қатынасты қиындатпайсың.
6.Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай мәселе көбейіп кеткенде сен достарыңның көмегіне сүйенесің:
а) көпшілігіне;
ә) біреуіне;
б) тек өзіңнің күшіңе сенесің.
7.Сенің көзқарасың қай мақалмен сәйкес келеді:
а) Екі адам жанжалдасқанда үшіншісісі араласпауы керек;
ә) сен- маған, мен – саған;
б)ақмақпен тапқанша ақылдымен жоғалтқан дұрыс.
8.Сен ренжіскенде:
а) өзіңді ұстай білесің;
ә)қатты сөйлеп жест қолданасың;
б) дауыс көтеріп, есікті қатты жабасың.
9.Сенің ойыңша жанжалдасу - бұл:
а) қарым – қатынасты анықтау;
ә)әлсіздік таныту;
б)қарым – қатынастың бұзылуының алғашқы қадамы.
10.Көңіл күйдің өзгеруі қуанышты күйден бірден көңілсіз күйге түсу:
а) маған таныс емес;
ә) кейде болады;
б)маған тән.
Бағалау шкаласы
№
|
А
|
Ә
|
Б
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
2
2
10
2
6
2
2
2
10
2
|
10
6
6
6
10
6
6
6
6
6
|
6
10
2
10
2
10
10
10
2
10
|
Барлық жауаптарға берген жауабының бағаларының қосындысы бойынша жалпы баллы есептеледі.
Зерттеу нәтижесі келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады.
20 – 44 ұпай – төмен. Ренжіскенде сен шыдамдысың және қандай жағдай болса да, келісімге келуді қалайсың. Бұл үшін сен өз ойыңды өзгертуге де барсың. Бәсекелескенді ұнатасың, бірақ жол бере салған дұрыс деп ойлайсың. Сен екі адамның арасындағы жағдайды түсіндіріп жатқанда сөйлемей тұрған адам мейірімді екеніне сенімдісің. Достықта, махаббатта сен өзіңді басқаша ұстаймын деп ойлайсың. Бақытты болу үшін өзіңнің пікіріңді, қызығушылықтарыңды қорғай алуың және сенімен басқалардың санасуына көңіл бөлуің керек. Сонда ғана қарым-қатынастан ләзаттанып, басқалармен қатынаста болғаныңнан оң әсер алып жүресің.
46 – 74 ұпай – орта. Дауласқанда пікірталасқан адам өз ойын дәлелдегенде оның пікірі сенікімен тең болған жағдайда, немесе оның пікірінің ешқандай пайда-зияны болмаған жағдайда ғана аппонентке кейде сен жол бересің. Егер сенің жеке қызығушылығыңа араласатын болса, сен өз ойыңды қорғай аласың. Сен мәселелерді тез шеше аласың. Сен жағдайдың қай кезде өз пайдаңа шешілетінін уақыт өткен сайын шыдамдылықпен күте білесің. Сен әрқашан түсіністікке келу үшін үстөлге отырып, сөйлесуге дайынсың. Егер шындық сенің жағыңда болмаса, сен оны мойындайсың. Бұл сен үшін дау-дамайда жеңіліп қалғанмен тең емес, сондықтан өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алуға мүмкіндігің бар. Айналаңдағылар сені жақсы адам деп бағалайды.
76 – 100 ұпай – жоғары. Сенің ұраның “Бүкіл өмір – күрес”. Ренжісу – сен үшін мәселенің шешімін шығарып алуға қолданылатын әдіс. Шындық сен жақта емес екенін жақсы білсең де сен ешқашан өз аппонентіңе жол бере алмайсың. Егер сенімен біреу келіспесе, сен оны жаман адам деп бағалап оны өмір бойы жек көріп жүруге дейін барасың. Сен басқаларды өзіңе үлкен көшпен көндіріп, бағындырып ала аласың. Сен күш-қуатыңмен өмірдегі жетістіктеріңді қолдан шығармай ұстап тұра аласың. Жеңістерге жету үшін онша көп күш жұмсамасаң да болады. Өйткені көпжерде көрсететін тік мінезің өзгелерді шошытады, саған әрқашан ешкім тәуелді болғысы келместен, бірге жүруден, серіктесуден бас тартады. Сондықтан өзіңді өзгелермен есептесуге үйрету керек екенін еш уақытта естен шығармаған жөн. Сонда барлық уақытта сыйлы боласың.
Зерттеу нәтижесі
-
№
|
Баланың аты
|
Қарым-қатынасқа икемділігі
|
1
|
Зарина
|
36
|
2
|
Айсұлу
|
40
|
3
|
Аружан
|
48
|
4
|
Әлімжан
|
36
|
5
|
Айғаным
|
76
|
6
|
Бану
|
77
|
7
|
Назира
|
68
|
8
|
Раушан
|
36
|
9
|
Болат
|
40
|
10
|
Оксана
|
48
|
11
|
Лаура
|
86
|
12
|
Оңғар
|
80
|
13
|
Мәулен
|
78
|
14
|
Нұрсұлу
|
77
|
15
|
Назгүл
|
68
|
16
|
Нұрлан
|
38
|
17
|
Марина
|
80
|
18
|
Олжас
|
41
|
19
|
Азамат
|
43
|
20
|
Асел
|
81
|
21
|
Рустем
|
66
|
22
|
Мария
|
80
|
Достарыңызбен бөлісу: |