Кіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері


Кесте 10 - Ақша қозғалысы аудитінің бағдарламасы



жүктеу 0,84 Mb.
бет5/6
Дата21.05.2018
өлшемі0,84 Mb.
#15584
1   2   3   4   5   6

Кесте 10 - Ақша қозғалысы аудитінің бағдарламасы

Аудит процедурасы

Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

1

2

1. Ақшалай операцияларды атқаратын қызметкерлер құрамын білу

Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

2. Ақшаны алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативтік және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру

Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтардың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдарының бар – жоқтығы

3. Операцияларды құжаттық рәсімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру

Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналы, ақшаның қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру

Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал – ордерлер, тізімдемелер, сенімхаттар, бланк көшірмелері, чек түбіртіктері және т.б.


5. Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру

6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру

7. Касса – банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу

8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру


Ұйым басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрығы, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кіріс және шығыс ордерлері, кассалық құжаттарды тіркеу журналы, касса кітабы, кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы, аванс есебі, журнал – ордер№1, ведомость№1, Бас кітап және т.б.

10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру

Банк көшірмелері мен алғашқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, журнал – ордерлер мен оған ведомстар№1,2,3.

11. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтерімен сәйкестігі

Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441,451-452 шоттар, Бас кітап

12. Ақша қозғалысының аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілуін тексеру

Бас кітап, 1-4журнал – ордерлер, ведомостары, касса кітабы, ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар

Ақшалай қаражатпен, әсіресе, оның жылжымалы бөлігі – қолма – қол ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар міндетті түрде тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану – касса – банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.

Іс тәжірибеде кездесетін жасалу тәсілдері бойынша касса – банк операцияларының атқарылу мен щот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:


  1. Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау.

  2. Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.

  3. кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.

  4. Ақшаның жалған құжаттар бойынша негізгі есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандық.

  5. Әртүрлі тұлғалармен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбек ақыны, депонентті соманы негізсіз иемдену.

  6. контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма – қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы - кассалық аппараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және т.с.с.

Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және сол сияқты салдарынан болады.

Төлем циклінің аудитінің күрделі учаскелерінің бірі – кассалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындылары аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын актімен рәсімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың және басқа да құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор ұйым басшысына кассирді тексеру анықталғанша міндеттерінен шеттету туралы мәселе қояды.

Жол – жөнекей ақша аудиті есебінде бухгалтерлік есепте саналатын сомалардың шынайылығын, контрагенттер аударған, алайда тексерілетін ұйымның есеп шотына есепті айда түспеген сомаларының қалайша көрсетілуін тапсыру керек.

Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын алу үшін мыналар талап етіледі:

- банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген негізделермен үнемі салыстыру;

- жабдықтаушылармен құжаттарыды қарама – қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;

- дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.

Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қызметін сараптау іс тәжірибесін талдау есептеулерді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін ұйым банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті жасалғандығын тексеру керек.

Тағы бір өрескел қате – ақшаны ұйым кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасымен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек. Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әртүрлі қажеттіліктерге жұмсалу жағдайларын анықтау керек.

Тексерудің жеке объектісі - нақты мақсаттарға, сонымен қатар еңбек ақы төлеуге, іс сапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктеріне және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.

Тексеруге ақша алумен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру керек.

Ұйымның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын тексеріп отыру қажет.

Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі аудитінің бағдарламасын түп түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудитор ұйымдағы нақтылы жағдай мен төлем циклі аудитінің қойған мақсаттарына сәйкес жасайды. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.

Мұндай тестілеу циклі мен ақшаны басқарудың тиімділігін бағалаудың баллдық, индекстік немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, бағалаудың баллдық тәсілінде «Иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру деңгейіне байланысты 1-ден 3-баллға дейін, ал «Жоққа» 0 баллы қойылады. Ұйымның ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын жалпы бағалауда қойылған баллдар сомасы бойынша: 50-ге дейін өте төмен, 51-65 төмен, 66-80 орта, 81-90 жоғары, 91 баллдан бастап өте жоғары.
3.2 Кассалық операцияларды тексеру
Кассада сақталатын ақша 1010 (451) «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 1020 (452) «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» осы бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерліуге тиісті.Осы шоттардың дебетіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есеппен шығатын ақша жазылады.Бұл шоттар бойынша жазбалар кіріс және шығыс кассалық ордерлер негізінде жасалады.

Ұйымның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар :



  • кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санаумен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның ұйымның жолға қойылмауы;

  • ұйымда тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;

  • кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы-ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.;

  • ұйым басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен ұйым басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кіріс және шығыс құжаттарға қол қою құқығын беру;

  • кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;

  • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар ұйым басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;

  • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;

  • мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы .

Касса мен кассалық операциалардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма –қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарыдың дұрыстығын тексеру.

Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:

1.Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс:ұйымда басшының кассадағы ақшаның бар жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма?

Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай; тексерілетін ұйымға бір кассир немесе бірнеше кассир ( немесе оған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін ұйымда ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және ұйым әкімшілігі кассир мен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?

2.Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті:тексеру құрамында ұйымның кассир мен бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, ұйым басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі;кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар доғарылады.

3.Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады.Кілт кассирде қалады;ал мөр аудиторда болады.. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.

4.Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады.Барлық кіріс және шығыс құжаттар касса есебіне кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді.Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.

5.Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерға беріледі.

6.Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.

7.Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері ,мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер,жолақы билеттері,төленген авиабилеттер,төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.)ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.

8.Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады:алдымен кассир ,сосын комиссияның басқа мүшелері санайды .Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедуралардың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс.Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі.

9.Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды тексеру керек :бұл құжаттар іс-жүзінде бар екендігін , билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет.Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс.Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады .

10.Түгендеу жүргізу кезінде кассада ішінара төленген тізімдемелері болуы мүмкін.Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп бойынша жабуды,оларға кірістік ордер рәсімдеуді және кассирге оны есепке енгізуге ұсынуға тиіс.Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа- тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар ретінде актіге жазылады .Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі.Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.

11.Тиісті тәртіппен рәсімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары бар қалдыққа кіргізілмейді.Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.Кассада бар барлық ақша мен басқа құндылықтар осы ұйымға тиесілі деп саналады,өйткені кассада басқа адамдардың ақшасымен басқа құндылықтарын сақтауға тыйым салынады.

12.Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.

13.Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету ,техникалық нығайту мен күзет- өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндай анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.

14.Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытыныдылары комиссияның барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен рәсімделеді.Ол үшін данада жасалады:бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі,екінші кассирде қалады,үшінші аудиторда сақталады.Ай соңында тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.

15. Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерін жазбаша түсіндірме жазуды сұрайды .Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында ұйым басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі тергеу органдарына беруді ұсынады.

Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін.Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұрумен де байланысты болуы ықтимал.Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.

Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен немесе кіріс операцияларын жасырумен байланысты. Есепшоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі .

Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс.Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді.Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша(өолма-қол ақшаны алуға тиісті код бойынша) да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру , түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер елып, ткесерілетін ұйымның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек.Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді.Сондықтан есеп көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме алуды сеніп тапсыруға болмайды.Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес ұйымда қолма-қол ақшаны қабылдау, ұйым басшысының жазбаша өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кіріс кассалық ордері бойынша ғана жасалады.Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кіріс ордерлері бойынша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйілі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады.Сондай-ақ, кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттары төленген құжаттармен салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақытылы салыстырмау екендігімен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді тіркеу журналында кіріс және шығыс ордерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кіріс ордерлерін қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.

Басқа ұйымдардын алынған ақшаны иемденуді болдырмау ең алдымен, барлық мүмкін жағдайларда колма – қол ақшасы есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды туындатады.

Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма – қол ақша алған немесе салған ұйымдармен есептесулерді салыстырған жөн.

Басқа ұйымдардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеруде қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып саналады.

Ақшамен шығыстарды есептен шығару жөніндегі кассалық операциялар мүмкіндігінше тексеруге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге тіркелетін құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеру іс тәжірибесі көптеген ұйымдарда кассалық құжаттар сапасыз жасалатынын, көбіне кіріс және шығыс құжаттарында кассаға ақша салған немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа да міндетті деректемелердің жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар – негізсіз деп саналады. Егер мұндай жайттар анықталса, аудитор шұғыл шаралар қолдану мақсатымен ұйым басшысын және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар етуге тиіс.

Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда кіріс және шығыс ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде қалдырып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға тиісті парақтар саны ұйым басшысы мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен куәләндырылуға тиісті кассалық кітапта жазылған ба? Кассир жұмыс күні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын какссалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын шығаруы тиіс. Ол кассалық кітаптағы жазуларды екі парақта бір мезетте көшірме қағазы арқылы жүргізуге тиіс. Кітаптың бір парағы жыртылмалы, оны кассир күн соңында басқа барлық кіріс және шығыс операциялар бойынша санақ ретінде тапсыруы тиіс.


3.3 Банк операцияларының аудиті
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ұйымдар өзнің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысы туындайды. Ұйымдар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма – қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.

Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:



  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.

  2. Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сома сәйкестігі.

  3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама қарсы тексеру өткізген жөн.

  4. Банкке тапсырылған қолма – қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.

  5. Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай – ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен – жайының анықтығы.

  6. Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.

  7. Бухгалтерлік өткізбе желілердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.

  8. Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс өткізу керек.

Банк көшірмелерін тексеру банк құждаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтауы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін ұйым мен ешқандай шарттық қатынастар жоқ, басқа ұйымның борышын өтеу немесе басқа ұйымның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтаордың түгелдігі мен уақытылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай – ақ қаржылық жағдайы мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәйкесе ме және т.с.с.

Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негізділігін тексеруге тиісті. Ұйымдар, мәселен, сауда ұйымына сатып алынған азық – түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Ұйымдар орындалмаған құрылыс – монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай – ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі. Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлар мен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:



  1. Валюталық шот ашылған банк мекемесін.

  2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?

  3. Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.

  4. Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.

  5. Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.

  6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.

  7. Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың №2 журнал – ордермен бас кітап жазбаларына сәйкестігі.

  8. Резидент болып саналатын ұйым экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтылығы мен уақытылығы.

  9. Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексерілуі.

  10. Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма – қол шетелдік валютамен материалдық құндылықтың сақталуы.

  11. Түсетін тауарлардың сату бағасы мәміледе қарастырылған құнға негізделіп, ұйымдағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай – күн, жылындағы импорт бойынша ұйымның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.

  12. Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай – күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.

  13. Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.

  14. Аудитор банктегі: 1070 (421) «Аккредитивтердегі ақша», 1070 (422) «Чек кітапшаларындағы ақша», 1070т (423) «Карт шоттардағы ақша», 424 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» 1070 – бөлімшесінің «Банктегі аккредитивтегі, чектердегі, карт – шоттардағы және басқа да шоттарындағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.

Аудитор жол – жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың қозғалысы туралы ақпаратты оқып білуі керек. 1030 (411) «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негіз болып саналады.

Жолдағы ақша аудиті мен бухгалтерлік есепте 1030 (411) «Жолдағы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай – ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығы және бастапқы құжаттардың 3 журнал – ордерде және бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау