Үкіметінің отырысында өзгерістерді ескере отырып



жүктеу 1,88 Mb.
бет5/5
Дата22.05.2018
өлшемі1,88 Mb.
#16289
1   2   3   4   5
2014 – 2018 жылдары импортты алмастыру процесі отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белгілі бір уақыт аралығындағы қажетілігіне байланысты баяу жүретін болады. Егер 2014 жылы ішкі сұраныстың 69,6% отандық өндіріспен жабылатын болса, 2018 жылға қарай жабу деңгейі 72,9%-ға дейін өсетін болады.

5.2 Экономика салаларының серпіні

2014 – 2018 жылдары экономиканың салалық құрылымы алдыңғы кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Тауар биржаларында баға конъюнктурасын қалыптастырудың іргелі факторларына сүйене отырып, болжамдалатын кезеңде экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында өндірістің елеулі өсуі күтілмейді.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 3,8%-ды құрайды.

Тау-кен өнеркәсібінің ЖҚҚ 0,6%-тен 7,5%-ке дейінгі қарқынмен өсетін болады. Нәтижесінде ЖІӨ-гі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 2018 жылға қарай 14,4% белгісіне жақын төмендейді.

Өндірістің ЖҚҚ 0,8 %-дан бастап 6,0%-ға дейінгі қарқынмен өсетін болады. 2015 жылдан бастап Қашаған кен орнында мұнай өңдеуді бастау күтілуде, нәтижесінде алдыңғы жылдардың көрсеткішіне қарағанда өнеркәсіптің өсу қарқыны жоғары болады.

Мұнай өндіру көлемі, Мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша, 2014 жылы 81,8 млн.тоннаны құрайды, одан әрі 2018 жылы 110,0 млн.тоннаға дейін өседі.

Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібіне жаңа өндіріс қуаттарын енгізу ЖІӨ құрылымындағы өңдеу үлесін 2018 жылға қарай 11,8%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

Металлургия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ орташа жылдық өсу қарқыны 2014 – 2018 жылдары 2,7%-ды құрайды. Металлургияның дамуы экономиканың аралас салаларының (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) әлеуетін ынталандыруға, сыртқы сауданы дамытуға және әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Химия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі болжамданған кезеңде индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірісін құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтау және жаңғырту есебінен орташа 2,6%-ға қамтамасыз етілетін болады.

Машина жасау өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі орташа 6,0%-ды құрайды.

Электр энергетикасы ЖҚҚ-ның орташа жылдық өсімі болжамданған кезең ішінде 4,0%-ды құрайды.

Құрылыс ЖҚҚ-ның өсімі 2,5 %-дан 3,3%-ға дейінгі қарқынмен өсетін болады. Көрсеткіштің көп мәні 2015 жылға келеді, осы саланың ЖҚҚ өсу қарқыны 3,6%-ды құрайды.

Экономиканың әлеуметтік секторына ұлғайып келе жатқан бюджет шығыстары экономикада қызметтер өндірісі көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Қызметтер өндірісі орташа 8,0% қарқынмен өсетін болады.

Ішкі тұтыну белсенділігі сауда қызметтерінің өсуіне ықпал етеді, мұның өсу қарқыны орташа 9,8%-ды құрайды.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі болжамданған кезеңде көлік және қоймалау салаларының ЖҚҚ физикалық көлемін орташа 7,0%-ға көбейте отырып, экспорт және ішкі бағыттарда жүк тасымалдау көлемін арттырады.



Ақпарат және байланыс қызметтерінің орташа жылдық өсімі болжам бойынша 7,0% деңгейінде қалыптасады.

Қазақстан экспортының негізгі тауарлық құрамдас бөліктеріне дағдарысқа дейінгі кезеңдермен салыстырғанда әлемдік сұраныстың төмен өсу қарқыны, сонымен бірге ішкі сұраныстың сыртқы сауда саясатын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар ішкі сұраныстың күтіліп отырған кеңеюі сыртқы сауда көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.


5.3 Төлем теңгерімі
Сыртқы сауда айналымы орташа қарқынмен орта есеппен 8,3%-ға өсетін болады.

2014 жылы тауарлар экспорты номиналды көріністе, өткен кезеңге қарағанда 3,5%-ға артады, сондай-ақ 2015 жылдан бастап мұнай экспортының физикалық көлемінің күтілетін ұлғаюы нәтижесінде экспорттың өсуі күтіледі.

Болжамданған кезең ішінде импорттың өсу қарқынында оң серпін байқалады. Номиналды өсу қарқыны орташа 11,6%-ға жетеді. Импорттың едәуір өсу қарқыны 2015 жылы -12,8%-ға келеді.

Экономикадағы күтілетін тұтыну және инвестициялық сұраныс тауарлар импортының 2014 жылы 52,2 млрд.доллардан 2018 жылы 93,0 млрд.долларға дейін ұлғаюына ықпалын тигізетін болады.

Операциялардың ағымдағы шоты 2014 жылы 1 678 млн. АҚШ долл. төмендеуінен кейін жоғары қарқынмен өсетін болады және 2018 жылға қарай 7 133 млн. АҚШ долл. жетеді.
5.4 Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері
2014 – 2018 жылдары ақша-кредит саясаты инвестициялық нарықтың дамуына қажетті жағдайларды жасауға, банк секторының кредиттік белсенділігін ынталандыруға ықпалын тигізеді. ЕДБ кредит беруінің өсуі орташа жылдық қарқыны белгіленген кезеңде 13,9% деңгейінде күтілуде, сондай-ақ резиденттердің депозиттері 12,3%-дан 15,3% шегінде ұлғаятын болады. Ақша массасының деңгейі экономиканың дамуына тепе-тең болады, жалпы ЖІӨ-ге шаққанда монетизациялаудың жоспарланған мөлшері орташа 35,5% болады.

Болжамдалған кезеңде тұтыну бағасы индексінің деңгейі шекті жол берілетін 6-8% дәлізі шегінде болады деп жоспарланады.


5.5 Әлеуметтік саланың көрсеткіштері
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, жұмыссыздық деңгейін және кедейлікті төмендету бойынша шараларды іске асыру жалғасатын болады.

2014 жылы жұмыссыздық айтарлықтай төмен деңгейде 5,1%-дан 2018 жылы 5,0% -ға дейін сақталады.

Ең төменгі жалақы мөлшері 2014 жылы 19 966 тенгеден 2018 жылы 26 171 тенгеге дейін өседі. Орташа айлық номиналды жалақы оң өсу серпініне ие болмақ және 2018 жылға қарай 151 910 теңгеге жетеді. Нақты жалақының индексi болжамды кезеңде орташа 107%-ды құрайтын болады.

2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.


6. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары

Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2014 – 2016 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмағанда) 2014 жылғы 5 389,7 млрд. теңгеден 2016 жылы 7011,7 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.



2-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда), млрд. теңге


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)

5 389.7

6160,9

7011,7

Салықтық түсімдер

5 211.2

6049,4

6895,5

Салықтық емес түсімдер

149.3

75,0

78,4

Капиталмен операциялардан түскен кірістер

29.2

36,5

37,8

2014 – 2016 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.

Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 97%-ды қамтиды.

Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының өсуі, салалардағы өндірістің, оның ішінде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің іске қосылуын ескере отырып, ұлғаюына ықпал етеді.

Ұлттық қордан 1480,0 млрд. теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2014 жылы 7 349.6 млрд. теңгеден өсе отырып, 2016 жылы 8396,6 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.

5-сурет



Бюджет тапшылығын азайту саясатына сәйкес болжанатын ЖІӨ-ге қатысты оны 2014 жылы 2,6 %-дан 2016 жылы 1,9%-ға дейін немесе абсолюттік мәнде 1 082.8 млрд. теңгеден 963,5 млрд. теңгеге дейін тиісінше қысқарту жоспарланып отыр.

Болжанатын түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын азаюын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет шығыстарын 2014 жылы 8 432,5 млрд.теңгеден 2016 жылы 9360,1 млрд.теңгеге (ЖІӨ-нің 20,6-18,5 %-ға) дейін ұлғайту болжанып отыр.



6-сурет


Мемлекеттік шығыстардың жоспарланып отырған ұлғаюы экономиканың орнықты өсуі үшін қажетті ішкі сұраныс пен мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капитал жинағын ұстап тұратын болады және бұл ретте номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынынан аспайды, бұл фискалдық саясаттың контрциклды қағидаттары шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
7-сурет

Мұнай өндірудің күтілетін көлемін, Brent мұнайының әлемдік бағасы бойынша болжамды параметрлерді, АҚШ долларының есеп айырысатын айырбас бағамын ескере отырып, мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімін 2014 жылы 3 343,5 млрд. теңге, 2015 жылы – 2855,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 2854,9 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.



2014 – 2015 жылдары әлемдік мұнай бағасының аз ғана төмендеуінің күтілуіне байланысты Ұлттық қорға мұнай түсімдерінің болжанатын қысқаруына қарамастан, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті шектеу және оны перспективада ұлғайтпау Қорда мұнай кірістерінің таза жинағына ықпал ететін болады.

8-сурет

Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде тартылатын қаражаттың үлесін азайту жоспарланып отыр.

9-сурет



Мемлекеттің мұнай емес кірістерін ұлғайту аясында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес кепілдендірілген трансферт көлемінде Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу мұнай емес тапшылықтың 2014 жылы ЖІӨ қарағанда 6,4 %-ға дейін қысқаруына ықпал ететін болады.

10-сурет


Осы фискалдық қағидаларды сақтау Ұлттық қордағы мұнай кірістерінің таза жиналуын және оның 2014 жылы болжам бойынша 93,1 млрд. АҚШ долларын (ЖІӨ-нің 36,4 %-ы) құрайтын көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін болады.
11-сурет

Осылайша, Қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын орындауы қамтамасыз етілетін болады.

Ұлттық қор активтерінің көлемі 2015 жылға қарай 110,0 млрд. АҚШ доллары немесе ЖІӨ-ге қарағанда 37,2% деңгейінде болжанып отыр, ол Ұлттық қор активтерінің мерзімінен бұрын 90 млрд. АҚШ долларына немесе ЖІӨ-ге 30%-ға дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Ұлттық қорды толықтыру елдің егемен рейтингін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияларды ынталандыру үшін сыртқы қаржы ресурстарын анағұрлым тартымды және жеңілдікті шарттармен тартуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және қазақстандық экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

2014 – 2016 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттер параметрлерінің болжамы 1-қосымшада келтірілген.


7. 2014 – 2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары

2014 – 2016 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

3) тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының сапалық жаңарту;

4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;

5) өңірлік даму;

6) экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;

7) шағын және орта бизнестерді дамытуды қолдау;

8) қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейтуді іске асыру.



Халықты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

Жұмыспен қамту іс-шаралары 2013 жылғы қабылданған жаңа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз ету іске асыралатын болады.

Жаңа тетіктер бюджет қаражатын жұмыссыздар мен табысы аз азаматтардың жоғары пайызы байқалатын өңірлерге бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету:

1) инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

2) ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру (жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тірек ауылдарды кешенді дамыту);

3) жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру) есебінен жүзеге асырылатын болады.

Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру

Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жалғастырылатын болады.



Мектепке дейiнгi ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау объектiлерiнің желiсін кеңейтудi қаржыландыру апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмикалық тұрақтылығы жөніндегі қазіргі проблемаларды бiрiншi кезектегi тәртiпте шешуді ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту (типтік жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру объектілерінің, оның ішінде, аула объектілерінің құрылысы) бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің мен қолжетімдігі сапасын арттыру оларды электрондық нысанда көрсетуге көшіру арқылы іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Өңірлік даму

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлу жалғасатырылатын болады.

Қалалық агломерацияларды дамыту бойынша қаржыландыру экономикалық өсу орталықтары болатын Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларының айналасында агломерацияларды дамыту бойынша шаралар қабылдауға бағытталатын болады .

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту және ауылдарды абаттандыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландыру жалғастырылатын болады.



Экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру

Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде салаларды дамыту жалғасады, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қолдау, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, энергия тапшылығы проблемаларын шешу жоспарланып отыр.

ҮИИДМБ шеңберінде Балқаш ЖЭС бірінші модулінің, «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа екі теміржол желісінің, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының, орталық Қазақстанды газдандыру үшін газ құбырының, Атырау облысындағы мұнай-химия және газ-химия кешендерінің құрылысы сияқты қайта бөлінісі жоғары шикізат ресурстары мен инфрақұрылым салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасатын болады.

Бұдан басқа, экономиканы энергетикалық, көлік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, салалық бағдарламалар басым түрде қаржыландырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша іс-шараларды қаржыландыруға ерекше назар аударылатын болады. Агробизнес-2020 бағдарламасы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында одан әрі ауқымды жаңғыртуға ықпал етеді.

Осыған байланысты, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен егіс шығымдылығының елеулі артуын қамтамасыз етуге, экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының жемшөп базасын құруға бағытталған жобалар қаржылық қамтамасыз етудің басымдығы болады. Ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнестің дамуына қаржылық қолдау көрсетілетін болады.

Жерасты суларын өндіру және үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын енгізу, ылғал үнемдеу технологиясына ауысу агроөнеркәсіп кешенін дамытумен тығыз байланысты.

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау көмек көрсету «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бағыттар шеңберінде жалғасатын болады.



Қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою шараларын нығайту

Осы бағытың шеңберінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу (ескерту) жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.


Бюджеттiк инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялардың) негізгі басымдықтары

Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалаған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары мыналар болады.

1) Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын, тұрғын үй құрылысын жаңғырту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жолымен өңірлік даму және халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту.

Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» (бұдан әрі – Агробизнес - 2020) бағдарламалары бойынша жобалардың іске асырылуы жалғасатын болады.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйді салу арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Өңірлік дамудың басты құралы қалалық агломерациялар мен моноқалаларды дамыту, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту проблемаларын шешу бойынша іс-шараларды қаржыландыру болады.



2) Экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.

Осы бағдарлама шеңберінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралары, 2010 – 2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қабылданған салалық бағдарламалардың іс-шаралары, энергетика, көлікті қоса алғанда, басым қаржыландырылатын болады.

Энергия тапшылығы проблемаларын шешу және елдің оңтүстік өңірлерін энергия тәуелдiлiгінен босату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесі құрылысының аяқталуы және Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерін, Астана – Павлодар учаскесіндегі «Орталық – Шығыс» (Астана – Өскемен), Астана – Қарағанды учаскесіндегі «Орталық – Оңтүстік» (Астана – Алматы) автожолдарын, Астана мен Алматы қалалары арасында жолаушылар тасымалдау үшін жүрдек темір жол құрылысын және Батыс – Солтүстік – Орталық газ құбырын салуды бастау негізгі мәселе болып табылады.



3) Әлеуметтік саланы жаңғырту

Осы бағыт шеңберінде 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша, Денсаулық сақтау саласын дамытудың


2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыру жалғасады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін, мектептерді және денсаулық сақтау объектілерін кеңейтуді қаржыландыру апаттық және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмотұрақтылығы бойынша бар проблемаларды бірінші кезекте шешуді ескере отырып, іске асырылатын болады.



4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру.

Осы бағыт шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – ХҚО), мамандандырылған ХҚО дамытуға, «е-Үкімет», «е-Салықтар», «е-Лицензиялау» жобаларын және «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.



5) Ірі серпінді дамып келе жатқан қалалар базасында қалған өңірлер үшін озық өсудің маңызды «нүктелері» - «локомотивтерді» қалыптастыру арқылы өсу нүктелерін қалыптастыру (Астана, Алматы қалалары).
2014 – 2016 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі 2-қосымшада ұсынылған.

2014 жылға арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қалыптастыру көзделмейді.
жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау