III. Қорытынды.
*Мәтіннен Базарбектің аталарының мінезін сипаттаған тұсын тап, Туыстарыңның біріне жағымды мінездеме беріп көр
33– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пайымдау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы, пайымдау мәтіні туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әртүрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың, күн, емендер мен кең дала,
Армысың тау, ормандар мен теңіздер,
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.
Армысың, әлемде өмір сүргендер!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
*Ой қозғау
Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Оларды ата
*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?
1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.
2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.
3. Мәтіннің түрлері: әңгіме, ертегі, новелла, повесть, роман, өлеңдер, хат, аңыз, пьеса, жарнама, арыз, мәлімдеме, өтініш, нұсқау, ескертпеғ айтыс, хабарландыру.
4. Бір заттың екіншісінен ауыр не жеңіл екенін салмақтап көру арқылы білеміз. Бір заттың екіншісінен үлкен не кіші екенін көзбен көру арқылы салыстырамыз.
5. Пайымдау дегеніміз – ойыңды дәлелді түрде жеткізу, түсіндіру, ой қорыту.
Тапсырмамен жұмыс
Мектепте, сабақта ойыңды оп - оңай, дәл түсіндірген кезіңді есіңе түсіріп көр. Ал нені түсіндіру қиынға түсті? Достарыңмен және туыстарыңмен сөйлескенде бір нәрсені түсіндіріп, дәлелдеуіңе тура келе ме? Олардың көзін жеткізе аласың ба?
Қазақ тілі сабағында и және й әріптерінің дұрыс жазылуын оқушы былай деп талдады. Мысалы, бәйге, тарих
«Бә... ге » сөзінде дауыссыз й әрпі жазылады, себебі й әрпінің алдындағы ә әрпә дауысты дыбыс.
«Тари...х» сөзінде дауысты и әрпі жазылады, себебі и әрпінің алдындағы р әрпі дауыссыз дыбыс.
*Оқушы нені түсіндірді. Мұғалім оған қандай сұрақ қойды?
Дауысты и және дауыссыз й әріптерінің жазылуын түсіндіруге не көмектісті?
Ережеге сүйену пайымдауды дәлелдей түседі. Ойды жеткізу үшін ережені толықтай пайдалануға болады. Немесе ереженің жекелеген бөліктеріне сүйенуге де болады.
Мәтінді оқы және оны түсінуге тырыс.
*Газдалған сусындарға құмар болмау керектігін қалай түсіндіресің? Пайымдауыңды төмендегі кесте бойынша ең бастысы неден бастап түсіндіру керектігін айт.
Мәтінді оқы.
III. Қорытынды.
«Көктем» туралы пайымдау мәтіннін жаз.
34– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту, бекіту. Оқушылардың тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Оқушыларды топқа бөлу
Топ «Мәтін»
Топ «Салыстыру»
Топ «Пайымдау»
*Ой қозғау (өткен сабақтарды қайталау)
Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Оларды ата
*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?
1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.
2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.
3. Мәтіннің түрлері: әңгіме, ертегі, новелла, повесть, роман, өлеңдер, хат, аңыз, пьеса, жарнама, арыз, мәлімдеме, өтініш, нұсқау, ескертпеғ айтыс, хабарландыру.
4. Бір заттың екіншісінен ауыр не жеңіл екенін салмақтап көру арқылы білеміз. Бір заттың екіншісінен үлкен не кіші екенін көзбен көру арқылы салыстырамыз.
5. Пайымдау дегеніміз – ойыңды дәлелді түрде жеткізу, түсіндіру, ой қорыту.
Тапсырмамен жұмыс
Мысалға назар аудар.
*Балаларға қандай мінездеме беруге болады?
Өзіндік пікір туралы сенің ойың қандай?
Теледидар көргенде, кездейсоқ бір оқиғаның куәгері болғанда немесе жаңадан бір кітап оқып бітіргенде өзіңше ой қорытып, пікіріңді айтасың ба? Кімге айтасың? Кімдермен пікір алысқан ұнайды?
Мақалды түсініп оқы.
Жамандықты көп қуған,
Бір пәлеге жолығар
Жақсылықты көп қуған,
Бақ, дәулетке жолығар.
*Осы мақалды өзің қалай түсінесің? Алып қосарың бар ма? Өз ойыңды жаз.
Мәтінді оқы.
*Жолаушы ханға өзінің ісінің дұрыстығын қалай дәлелдеді? Әңгімеден сол тұсын тауып оқы. Қалай ойлайсың, жолаушының қонық үй туралы айтқан пікірі дұрыс па? Неге? Өз пікіріңді түсіндір.
III. Қорытынды.
«Жәндіктер қысқа қалай қамданады?»
Р/с
|
Өтілетін сабақ тақырыбы
|
Сағат
саны
|
1
|
Шешендік өнер дегеніміз не?
|
1
|
2
|
Мақал- мәтелдер
|
1
|
3
|
Хат жазу да өнер
|
1
|
4
|
Қанатты сөздер
|
1
|
5
|
Әдептілік белгісі
|
1
|
6
|
Сыпайы сөйлеу
|
1
|
7
|
Ауызекі тілдесу құралы
|
1
|
8
|
Өлеңді мәнерлеп оқиық
|
1
|
9
|
Сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза)
|
2
|
10-11
|
Шартты белгілер
|
2
|
12-13
|
Жылы сөз жан жадыратады
|
2
|
14-15
|
Жұбату- көмектесу
|
1
|
16
|
Жұбату- жебеу
|
2
|
17-18
|
Мен қандай тыңдаушымын
|
1
|
19
|
Мен оқырманмын
|
2
|
20-21
|
Мәтін типтері
|
1
|
22
|
Мәтіннің көркем тұмтары
|
1
|
23-24
|
Азат жол
|
2
|
25-26
|
Тыйымсалу- сақтандыру
|
2
|
27-28
|
Айналамыздағы белгілер
|
2
|
29-30
|
Белгі- рәміз және белгі- көшірме
|
1
|
31
|
Тілдік белгілер
|
1
|
32
|
Сипаттау мәтіні
|
1
|
33
|
Пайымдау мәтіні
|
1
|
34
|
Қайталау
|
1
|
Барлығы
|
34 сағат
|
4-сынып
1-сабақ
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында тапсырмалар оқушыларға ұсыну.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік, көңіл - күй фишкасы, оқулық, схема
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендеріңді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
(Осы кейіптегі балақайларды бағалау фишкасы ретінде пайдаланамын.)
III. Негізгі бөлім
Өткенді қайталап, еске түсіру.
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларыңмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тіліңде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Схемамен жұмыс
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын.)
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөйлеудің, тыңдаудың, оқудың, жазудың таңбаларын салып көр.
2 - жаттығу.
Суреттерден нені көрдің? Сөйлемді аяқта.
Ділмар.......
Ділмар бар зейінімен........
Ділмар Ақтөске.......
Ділмар оқыған кітабынан........
3 - жаттығу.
Сөйлемді аяқта.
1. Айтылмаған сөз е......................
2. ............ тыңдау керек.
3. Әрдайым жақсы............ алмаймын.
4. Көп ....... керек деп ойлаймын.
Серіту сәті.
«Күн нұрының шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып хормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
4 - жаттығу.
-Шешендік өнерден нені үйренеміз?
-Саған сөйлеу, жазу, тыңдау, оқудың қайсысы қиынға соғады?
-Неге олай деп ойлайсың?
5- жаттығу.
Мақал- мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып шық. Сөйлеуге және тыңдауға байланысты айтылған мақал мәтелдерді көк түсті қарындашпен, ал оқуға және жазуға қатыстыларын қызылмен белгіле.
ІV. Қортынды
Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Рефлексия
2-сабақ
Тақырып: Шешендік өнер дегеніміз не?
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұмат беріп, жан – жақты таныту арқылы оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреттері мен сөздері
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім!
III. Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Схемамен жұмысы (кітаппен жұмыс)
Шешендік өнердің кестесін қарастырайық. Берілген сұрақтарды ата. Неше сұрақ? Сенің ойыңша, олардың қайсысы ең маңызды? Сұраққа бір жақты ғана жауап беруге бола ма?
2-тапсырма
Шешендік өнердің кестесіндегі сұрақтарды пайдаланып, тілдік қатынасты қалпына келтір.
3- тапсырма
«Телефон сөйлеу әдебі» анкетасын толтыру
Кешкі сағат нешеден кейін қоңырау шалу дұрыс емес деп есептейсің?
Телефонмен сөйлескенде қандай сыпайы сөздер қолдану керек деп ойлайсың?
Қоңырау соғушы өзін қалай ұстауы керек деп ойлайсың?
Жауап беруші қалай жауап беру керек?
Көпшілік орында ұялы телефонмен қалай сөйлесу керек деп ойлайсың?
Телефон тұтқасын қай кезде көтеруге болмайды?
Тамақ ішіп отырып телефонмен сөйлесуге бола ма?
Сен сабақ оқып отырғанда досың телефон соқса, сен оған қалай жауап бересің?
Телефон арқылы сөйлескен қолайлы ма, әлде бетпе- бет кездесіп сөйлескен бе?
Ұялы немесе жай телефондардың қайсысымен ұзақ сөйлесуге болады?
Телефонмен сөйлесу ережесін үйрету
ІV. Қортынды
Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып тақтаға іледі.
Рефлексия
3-сабақ
Тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың мақал – мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата біліу дағдылары мен оқу, таладау машықтарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: деңгелік тапсырмалар, талдау, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру
Көрнекілігі: электронды тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сөзжұмбақ, өздік жұмысы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Электронды тақтада:
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
Осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, енді маған мынандай сұратарға жауап берсеңдер.
Сұрақтар:
а)Мақал –мәтелдер дегеніміз не?
ә) Мақал мен мәтелдің арырмашылығы бар ма?
б) Тақырыптары қандай?
б) Осы сабақта қандай мақсатты алдарыңа қоясыңдар?
III. Негізгі бөлім
«Сөз көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Мақал мен мәтел қосарланып айтылғанмен, бір – бірінен айырмашылығы бар.
Мақал – ой тиянақты болады, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Мақалдарда бір – біріне қарама – қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ойды айқындай түсу тәсілі басым, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады және көбіне екі бөлімнен тұрады.
Мәтел – ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем не сөз тіркесі түрінде келетін фразеологиялық бірлік.
Енді балалар, түсінген – түсінбегенімізді білу үшін мына тапсырмаға назар аударалық.
Мақал мен мәтелдерді ажыратыңдар.
Опасызда Отан жоқ. (мәтел)
Ел құлағы – елу. (мәтел)
Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.(мақал)
Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім. .(мақал)
Күш атасын танымас. (мәтел)
Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра. (мақал)
Туған жерге туың тік. (мәтел)
Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет.(мақал)
Мақал – мәтелдердің тақырыптары сан алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.
Тақырыптары:
1.Отан, туған жер
2. Білім, ғылым, оқу
3. Отбасы, ата-ана, бала
4. Ерлік, батылдық
5. Денсаулық және т.б.
Дәптермен жұмыс
тапсырма
Кіммен, немен, не үшін қарым- қатынас жасағаныңды есіңде ұста.
1.Баяндамашы тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?
2. Бала мезгілсіз уақытта айғайлап сөйлеп, тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?
Бала үлкен кісінің сұрағына теріс қарап тұрып жауап беріп, тілдік қатынастың қай бөлігін ескермеді?
тапсырам
«Әзілің жарасса- атаңмен ойна»
«Әділде кек жоқ,
Күлкіде шек жоқ» мақалдарының мағынасын түсіндір.
3-тапсырма
«Төле би мен сегіз жасар бала» мәтінін оқып қорытынды жаса.
ІV. Қорытынды
«Ғажайып қоржын» ойыны
Топтағы оқушылар қоржыннан әр түрлі түстегі кішкентай қалташалардан кез - келген тақырыптардағы тапсырмаларды алып, орындайды. Дұрыс орындаса балл алады.
Мақалды дұрыс құрастыр.
1.Кітап, мұғалім, пен, тілсіз, ғылым.
2.Көп, білімді, сөйлеген, емес, сөйлеген, дөп, білімді.
Рефлексия
4-сабақ
Тақырыбы: Хат жазу да өнер
Мақсаты: Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету арқылы оқығанын түсіндіріп айтуға, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер: хат, конверт, суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. IІ. Қызығушылығын ояту
Жұмбақты түсініп оқып шеш.
Аузы жоқ сөйлейді. «Хат»
Бір мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ. «Хат»
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің түсіндіруі Хат жазуға өнер. Оны жазу үшін алдымен:
1. Хаттың басталуы
2. Назардың оқуы
3. Назарға айтқан атасының ақылы.
4. Хаттың аяқталуы.
Хат жазу ережесі
1.Хат түсінікті анық жазылуы керек.
Әрі сыпайы, қарапайым, мейрімге толы болсын.
2.Әріптердің біркелкі, анық болуын қадағала.
3. Хат қысқаша ғана шығармаға ұқсауы керек. Шағын мазмұнды болсын.
Хаттың әр бөлігі анық болуы керек.
1.Біреудің хатын көшіруге немесе аяқтауға болмайды.
2.Бөтен адамның хатын оқуға болмайды.
3.Хатты жауапсыз қалдыруға болмайды.
4.Қағазың таза болу керек.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма
Ұлы орыс жазушысы Ф.М.Достоевский мен қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың бір- біріне жазған хатын оқып. Талдау.
Мәтін тілдік қатынастың қай түріне жатады?
Оны қалай анықтадың?
Хат неден басталған?
Негізгі бөлімінде не туралы айтылған?
Хаттың авторы сұрақ қойған ба?
Хат немен аяқталған?
Барлық қаратпа сөздерді тап. Олар қандай тыныс білгілерімен белгіленген?
2-тапсырма
Хат жазу оңай емес. Хат жазудың өзінше әдісі бар. Мына бір хатты талдап көрейік.
Оқушылар оқиды, талдайды.
3-тапсырма
Төмендегі хатты үлгі ретінде алып, «Президентке хат», «Ұстазыма хат , «Досыма хат» деген тақырыптардың біреуін таңдап алып, хат жазып көр.
ІV. Қортынды
Өзің хат жаза аласың ба?
Рефлексия
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Сендер де алыстағы достарыңа, туыстарыңа хат жазып жіберіңдер. Олардың қалай қуанатынын білесіңдер ғой?
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қанатты сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: қанаты сөздер туралы таныстыру.
Әдіс - тәсілдері: СТО әлементтері , сұрақ-жауап, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек сызба
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық
Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.
«Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны,
Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.
III. Негізгі бөлім
Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.
Жақсылық ойлап іс қылсаң, көпшілік те саған жақсы көзқараспен қарайтын болады.
Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбейтіндігін айтады, ақылды адам өзгені түсіне алмай жүргенін айтады.
Ойыңның тазалығына жұмыс істе, сонда ісің де таза болады.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Күлімдеп қарау- адамның көңіл- күйін білдіреді.
«Қыз Жібек» көркем фильмінен көріністерге берілген мәліметтерді күлімдеп қарау деген сөз тіркестерін тап. Күлімдеп қарауды сипаттау арқылы кейіпкерлерді қалай мінездеген.
2-тапсырма
Әбіш Кекілбаевтың «Көлден көк атты» және «Автомобиль» әңгімелерінен үзінділерді оқы.
Мәтіндерден қандай әсер алдың?
Күлімдеп қараған адамның әдемі болатынына келісесің бе?
3-тапсырма
Суреттерге қарап адамдардың күлімдеген бейнелеріне мінездеме бер.
ІV. Қортынды
Смайликтер арқылы көңіл- күйлерін көрсету
Рефлексия
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
6-сабақ
Тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»
Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
Әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекіліктер: әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, өсиет сөздер мен мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
«Құпия хаттармен» жұмыс бөліміне көшсек. Мен мұндағы «Құпия хаттарды» оқып, сіздердің пікірлеріңізді тыңдағым келіп тұр.
1 – хат: Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Ол өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып ойнаймын ба?
2 – хат: Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап – ойнап, тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Балалар, бүгінгі сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс – қимылы, жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Қазір мен сіздерге осы әдептілік жайлы бірнеше сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап берулеріңіз арқылы сіздердің әдептілік жайлы ойларыңызды тыңдағым келіп тұр. Ендеше бүгінгі осы тәрбиелік шарамызда біз көптеген мағлұматтар алып, ойларымызды кеңейтіп, сіздерге кішкене де болса болашаққа жол көрсетерміз деп ойлаймын. Сонымен, біз бүгін мына тақырыптарға кеңінен тоқталатын боламыз.
1.«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
2. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
3. «Дастархан басындағы мәдениет»
4. «Мәдени – көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»
«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
Сұрақтар:
1. Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңіздер?
2. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді»деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңіздер?
3. «Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасын ашып беріңіздер?
4. Балалар, сіздер сәлемдесу түрлерін білесіздер ме?
«Дастархан басындағы мәдениет»
1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
2. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?
3. Дастархан жабдықтау мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
4-тапсырма
«Күндей күлімдеп» деген атпен жазылған мына әңгімені оқып шық. Осы әңгімені басқаша қалай айтуға бола ма?
5-тапсырма
Туған- туыстарыңның, достарыңның, көршілеріңнің, әртістер мен спортшылардың, тағы басқа адамдардың күлімдегеніне назар аудардың ба? Байқағандарыңды әңгімелеп бер.
6-тапсырма
Жаңылтпаш ішінен жайлап айтып көр.
Жаңылтпаштағы қайталап келетін түбір сөздерді тауып жаз.
ІV. Қортынды
Топтастыру
Рефлексия
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сыпайы сөйлеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру арқылы сыпайы сөйлесуге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: СТО әлементтері , сұрақ-жауап, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, топтастыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
IІ. Қызығушылығын ояту
-Сыпайы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Топтастыру
III. Негізгі бөлім
Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет, қыз баласының бойынан табылу қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелікке не жатады?! Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алмайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі...
Сыпай сөйлеу дегенді қалай түсінесіңіз?
Сыпайы сөйлеу – әдептіліктің белгісі. .
«Алтын сөздер»
Сәлемдесу
· Сәлеметсіз бе.
· Қайырлы таң.
· Қайырлы кеш.
· Қайырлы күн.
· Қош келдіңіз!
· Кездескеніме қуаныштымын.
· Сізді қайта көргеніме қуаныштымын.
Қош айтысу
· Кездескенше.
· Жақсылықта болыңыз.
· Амандықта болыңыз.
· Көріскенше.
· Келесі кездескенше.
· Қош болыңыз.
· Бақытты болыңыз.
· Жолыңыз болсын.
Кешірім сұрау
· Кешірім өтінемін.
· Мені кешіріңіз.
· Ғапу етіңіз.
· Кешірім сұраймын.
· Менен ағаттық кетті.
Өтініштер
· Рахмет жаусын.
· Рахым етіңіз.
· Егер қиын болмаса.
· Өтінемін, қарсы болмаңыз.
· Рұқсат етуіңізді өтінемін.
· Рұқсат етіңіз.
Алғыс
· Үлкен рахмет.
· Өте ризамын.
· Сіз маған зор көмек көрсеттіңіз.
· Алғысымды білдіремін.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Күлімдесең адамдармен қарым- қатнас жасауың жеңіл болады. Сені тартымды әрі жарқын жүзді қылып көрсетеді. Әдептіліктің бастапқы сөзін оқы да сөйлемді өзіңше аяқта. Осы сөйлемді күлімдеп тұрып айт, күлімдемей айт.
2-тапсырма
Төмендегі мақалды оқы. Жаз.
Тілдік қатынастың қай түріне пайдалануға болады?
Бұл мақал- мәтелдердегі сөздерге мағынасы жағынан жақын сөздер бар ма?
3-тапсырма
Күлімдеу жабырқаудан, зерігуден емдейді, шаршағаныңды кетіреді. Күлкілі оқиғаны айтсаң, адамдардың жүзіне күлкі ұялайды. Күлімдеуге берілген анықтаманы оқып көр.
Анықтамамен жұмыс
Қорытынды
Күлімдеп тұрған оқушының суретін сал.
Рефлексия Смайликтер арқылы сабақты бағалау
8-сабақ
Тақырыбы: Ауызекі тілдесу құралы
Мақсаты: Ауызша және жазбаша сөйлеуді қарым-қатынас тілінің құралы ретінде таныту.Ауызша және жазбаша тілді практикалық тұрғыда ажырата білуге үйрету.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілігі: журнал, схема, мағыналы суеттер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
«Біздің сөйлеу тіліміз» деген тақырыпта еске түсіру.Сөйлеу тіліне не жатады?
(тыңдау, айту, сөйлеу, әңгімелесу, оқу, жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөйлеу түрлері қандай болады? Оны қалай түсінетіндерін нақтылау.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма
Схамамен жұмыс
Ауызекі тілдесу үшін сызбада СӨЗден басқа тағы қандай тілдесу құралдары берілген?
Ауызекі тілдесу құралымен байланысты болса, дауысқа қай құралдың қатысы жоқ?
Қазақ тілінде «ауызша тіл» сөзі «ауызбен айту» сөзінің негізінде жасалған.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ ,әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
2-тапсырма
Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. Осы сөздердің қайсыс дауыс мәнеріне, дауыс қаттылығына, бет-әлпет қимылына жатады?
3-тапсырма
Ауызекі тілдесу құралдарының қайсысының суретін салуға болады? Ал қайсысының суретін салу оңайға түспейді? Суретсалып көр. Салған суретің туралы айтып бер№
4-тапсырма
«Қобыланды батыр» жырынан Қобыландының қаһарын мәнерлеп оқы. Қобыланды батырдың айбынын, қаһарын сездіруге тырыс. Бәрінен артық оқыған оқушы жеңімпаз атанады.
5-тапсырма
Қадір Мырза Әлидің «Жорық жолы» тақпағын көңілді дауыпен кең далада келе жатқан әсермен айт. «Р» дыбысына екпін бер.
(Қабір Мырза Әи туралы қысқаша түсінік беріп кетуге болады)
ІV. Қортынды
Ауызша сөйлеу деген не?
Жазба тіл алғаш рет қалай пайда болды?
Жазба тіде сөйлеу деген не?
Ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығы талқылынады.
Рефлексия
Смайликтер арқылы көңіл- күйлерін көрсету
9-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өлеңді мәнерлеп оқиық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кез- келген өлеңді мәнерлі, дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру
Көрнекілігі: суреттер, топтастыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
IІ. Қызығушылығын ояту
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», - деп Абай қойған талаптарға жауап беретін өлеңді дауыстап оқиық.
(Оқушылардың оқуларын тексеру)
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
Дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі – мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсініп оқу керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Профессор С.Рахметованың анықтамасына сүйенсек, «мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл күйін сезіне оқи білу» .
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде даустың ажыратылуы дауыс шымылдығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдығына пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.
Зерттеуші С.Желдербаеваның «Мәнерлеп оқу» деген кітабында балаларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстарының түрлері келтіріледі. Атап айтсақ:
- мұғалім әңгімелесу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады;
- сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру. Ол үшін мұғалім әрине, сөйлеу техникасына нелер жататынын білуі тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Дыбыстау мүшелері негізі үш бөліктен тұрады:
1. Өкпе
2. Тамақ
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы)
Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту – оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Қастек Баянбаевтың «Атқа міндім» деген өлеңін дауыс
ырғағын жайлап бастап, жылдамдата оқы.
Өлеңнің соңғы шумақтарын қалай оқуға болады,
өкінішпен бе, әлде қобалжумен ба?
2-тапсырма
Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңін дауыстап оқы.
Өлең қандай ырғақпен оқылады?
Өлеңнің соңғы шумақтарына назар аудар.
Оған қандай дауыс ырғағы қажет?
ІV. Қортынды
Сыпайы сөйлесуге байланысты досыңмен қалай сөйлесер едің.
(Көрініс құруға болады)
Рефлексия
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
10, 11-сабақ
Тақырыбы: Сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза)
Мақсаты: Оқушыларға сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза) туралы түсінік беріп, машықтандыру.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру , талдау.
Көрнекілігі: схема, интербелсенді тақта, карточкалар мәтіндер жазылған.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Оқушыларға корточкалар үлестіру.
Не байқадыңдар?
Не жетіспейді?
Үлгі:
Ерте,ерте,ертедетүлкініңқұйрығыжоқеді.Қасқырментатутұрмағансоңүнеміқашып жүредіекен.
(Оқушылар өз ойларын айтады)
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
Пауза (кідіріс) (лат. pausa < гр. pausis - тоқтату) — сөйлеу үстінде болатын кідіріс, үзіліс. Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақыттабірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік олардын арасы үзіліп айтылады. Пауза ұзақ сөйлемді, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді немесе сөйлем мүшелерін айырып нақтылап айтуда кездеседі.
Қысқа кідірстің арасы (/)
Ұзын кідірістің арас (//)
Кідірстің аяғы (///) таңбасымен белгіленеді.
Тапсырманы орындау
Үлгі: Ерте, /ерте, /ертеде/ түлкінің құйрығы жоқ еді. //Қасқырмен тату тұрмаған соң/ үнемі қашып жүреді екен. //
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Мереке Құлкеновтың «Наурыз» әңгімесінен үзінді әңгіме
айтып отырғандай қылып оқы. Кідірске, дауыс
екпініне мән бер.
Неше ұзын кідіріс, неше қысқа кідіріс болды?
Қайсысы көбірек?
2-тапсырма
Автор әңгімесін айтқанда толқып отырады деп айтуға бола ма?сенің ойыңша кідіріс дұрыс қойылған ба?
3-тапсырма
Әңгіменің қалған екі бөлігіне қойылған таңбаларды еске түсіріп, өз бетіңше талдап көр. Әңгіменің аяғы қандай екпінмен айтылатынын ойла.
4-тапсырма
Шыңғыс айтм атовтың «Теңіз жағалай жүрген тарғыл төбет» атты повесінен
Үзіндіні оқы. Оған кідіріс белгілерін қойып шық. Дауыс екпіні мен
кідірістерге мән бер.
Қайталанған сөзді тап. Олар не үшін қайталанып айтылады деп ойлайсың?
(Оқушылар ойларын тыңдау)
ІV. Қортынды
Сұрақ- жауап
Өлеңді қалай оқу керек?
Пауза деген не?
Латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Рефлексия
Смайликтер арқылы көңіл- күйлерін көрсету
12-сабақ
Тақырыбы: Шартты белгілер
Мақсаты: Оқушыларға дауыс ырғағына байланысты шартты белгілер туралы мағлұмат беру арқылы шартты белгілерді мәтінге түсіруді үйрету
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық.
Көрнекілігі: журнал, мағыналы плакаттар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Шартты белгілердің қиындыларын оқушыларға таратып беру.
-Бұл шартты белгілер. Бұны қалай қолданар едің? Ол неге керек?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәнерлеп оқу кезінде пунктуациялық белгілер
Осыны жаңылтпаштарға қолданып көрсек, айтуға қиын жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін тәрізді.Жалпы бұл шартты белгілер мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл жаңылпаштарды тез және оңай жаттаудың әдәсі болатын сияқты.
Жазылуы:
Атам:
“Балама ат аламын”, - дейді
Апам:
“Балама ала мата аламын”, - дейді.
Атасы ат ала ма?
Апасы ала мата ала ма?
Айтылуы:
Достарыңызбен бөлісу: |