Кәсіпорынның негізгі қорлары


Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдістері



жүктеу 3,25 Mb.
бет8/21
Дата14.05.2018
өлшемі3,25 Mb.
#12867
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдістері

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу нысандарды жобалау кезіндегі алға қойылған мақсаттардың ішінен ең тиімді нұсқасын таңдап алу кезінде қолданылады.

Техника-экономикалық есептер бұл жағдайда нұсқалардың техникалық және құндық параметрлеріне сүйене отырып жүргізіледі.



Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу кезінде келесі шарттарды сақтау керек:

  • жоба бойынша қаралып отырған нұсқалар біртұтас өндіріс көлемін, өнім сапасын немесе жобаның мақсатын (жылдамдық, қуаты, сенімділік) анықтайтын өндірістік басқа параметрлерді қамтамасыз ету керек;

  • барлық нұсқалар жобаны жүзеге асыру мерзімімен сәйкес болуы керек;

  • әр бір нұсқаны қолданудың мақсатқа лайықтылығын экономикалық негіздеу бірыңғай техника-экономикалық есептеу әдістерімен жүргізілуі керек;

  • барлық нұсқалар пайдаланудың біріңғай экологиялық нормасын, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға біріңғай талаптарды және басқа да өндірісті ұйымдастырудың нормативтік актілерін қамтамасыз етуі қажет.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдісі көбінесе инвестициялық жобаларды негіздеу кезінде, егер қаржы ішкі өндірістік мәндегі шараларға салынатын болса, өндірісті жақсартудың соңғы қаржылық көрсеткіштерін (пайда немесе табыс) есептеу қиынға түседі. Отандық практикада бұрыннан қолданылып келген сондай көрсеткіш – келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары
Шкелтр = Шағым + Ен . К (79)
немесе
Шкелтр = Шағым + К /Төтелу                                   (80)
мұндағы Шкелтр – нақты бір нұсқаның құрылыстық-пайдалану шығындары;

Шағым – инвестициялық жобаның нұсқасындағы өндірістік пайдалану шығындары;

К – нұсқа бойынша қаржы (капитал) салымдары;

Ен және Төтелу – нормативтік тиімділік коэффициенті немесе қаржы салудың нормативтік өтелу мерзімі.



Тиімді нұсқаны таңдау ең төменгі келтірілген шығындар бойынша жүзеге асады, яғни барлық қарастырылған нұсқалардың ішінен қайсысы төмендегіні қанағаттандырады сол таңдалатын болады
(81)
мұндағы Шкелтрi – i-шы нұсқаның келтірілген шығындары.

Егер жобаның нұсқалары инвестицияны салу мерзімі бойынша және жылдық пайдалану шығындары сол мерзімдерде әртүрлі болатын болса, онда келтірілген шығындар уақыт факторын есепке алып есептеледі


(82)
мұндағы Шt – t-шы жылдағы ағымдағы пайдалану шығындары;

Кt – -шы жылдағы капитал салымдары;

Вt – дисконттау коэффициенті.

Бұл жағдайда да тиімді нұсқаны таңдау келтірілген дисконтталған шығындардың ең азы бойынша жүзеге асады.

Шетел практикасында инвестициялық жоба нұсқаларының салыстырмалық тиімділігін бағалауда негізгі критерий ретінде тиімділіктің абсолюттік көрсеткіштерін қолданады - барлық нұсқалардың ішіндегі ең төменгі өтелу мерзімін немесе ең жоғарғы таза дисконтталған құнды таңдайды.

Мысал 4. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың үш нұсқасы бар делік. Бірінші нұсқа бойынша жобаның құны К1 = 1200 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1530 мың теңге құрайды. Бірінші жылы П1 = 400 мың теңге, екінші жылы П2 = 680 мың теңге, үшінші жылы П3 = 450 мың теңге пайда түсті.

Екінші нұсқа бойынша жобаның құны К1 = 1300 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1700 мың теңге: бірінші жыл бойынша П1 = 500 мың теңге, екінші жылы П2 = 700 мың теңге, үшінші жылы П3 = 500 мың теңгені құрады.

Үшінші нұсқа бойынша жобаның құны К1 = 1300 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1700 мың теңге: бірінші жыл бойынша П1 = 350 мың теңге, екінші жылы П2 = 350 мың теңге, үшінші жылы П3 = 1000 мың теңгені құрады.

Осылардың ішінен таза дисконтталған құн шамасы бойынша тиімді нұсқаны таңдап алу керек.



Мысалды кесте түрінде шешіп көрейік.
11 Кесте - Таза дисконтталған құнды есептеу, мың теңге

Жылдар

Таза ақша ағымы

Дисконттау коэффициенті

Дисконтталған ақша ағымы

1

2

3

Вt

1

2

3

t0

-1200

-1300

-1300

1

-1200

-1300

-1300

t1

400

500

350

0,909

363,6

454,5

318,15

t2

680

700

350

0,826

561,68

578,2

289,1

t3

450

500

1000

0,751

337,95

375,5

751

Нәтиже

330

400

400

 

63,23

108,2

58,25

Нәтижелерден көріп отырғандай, қаржы салымы бірдей екінші және үшінші нұсқаларды салыстыратын болсақ, капиталдан түсетін пайда 400 мың теңге, дегенмен таза дисконтталған нәтижеге қарайтын болсақ екінші нұсқа ең тиімдірек болып шығады. Салынған қаржы аз болса да бірінші нұсқа үшінші нұсқадан артық болып шығады.




6 Жаңа техниканы енгізудің тиімділігін экономикалық бағалау
Жаңа техникалар мен технологиялар өндірісі саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалану елдің ұлттық шаруашылығын дамытуда маңызды орын алады. Жаңа техниканы жасау және енгізу материалдық және қаржылық шығындарды қажет етеді. Сондықтан жаңа техникаларды игеру және жасау мақсатқа лайықтылығы, сондай-ақ оны нақты бір өндірісте пайдалану техника-экономикалық негіздеуді талап етеді.

Жаңа машиналар мен жабдықтарды жасау және енгізуді, сонымен қатар салалық өндіріске негізделген әрбір салалық кәсіпорындарындағы жаңа технологиялық үрдістерді техника-экономикалық негіздеудің өз ерекшеліктері болады.

Өндіріске енгізілетін жаңа техника мен технологияларға жататындар.

1. Алдыңғы шыққандарына ешқандай ұқсастығы жоқ жаңа еңбек құралы. Оларды жасау біршама қаржыны және шығындарды қажет етеді (шамамен 5 - 8 жыл).

2. Басқа салаларда немесе шетелде пайдаланылатын қазіргі ғылыми-техникалық талаптарға жауап беретін нақты бір кәсіпорынға қажетті жаңа техникалар түрлері және нақты бір өндіріске ыңғайландыруды талап етеді.

3. Қазіргі ғылыми-техникалық талаптарға жауап беретін жаңартылған техника. Бұл техниикалар түрлері қолданыстағы үлгі негізінде жасалады және оларды жасау және енгізу көп шығынды және ұзақ уақытты қажет етпейді.

4. Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер.

5. Жаңа немесе сапалы жетілдірілген метериалдық ресурстар немесе еңбек заттары.

Жаңа техниканы енгізу шаралары күрделі құрылысты, жаңа өндірісті құру немесе өндірісті толығымен техникалық, технологиялық жаңалауды қарастыратын инвестициялық жобаларға қарағанда көп қаржы салуды қажет етпейді.

Жаңа техниканы енгізу міндеттерін шешу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін жедел арттыру талабынан туады. Сондықтан ескі техниканы жаңасына ауыстырудың немесе ескі техниканы жаңалаудың қажеттілігін бағалау кезінде басқа амал қолданылады.



Ескі техниканы ауыстыру немесе жаңартудың мақсатқа лайықтылығы жаңа техниканы енгізуден алынған жылдық экономикалық пайдамен анықталады
(83)

жүктеу 3,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау