Кәсіпорынның негізгі қорлары


Мысалы Қазақстандағы электр желілері кәсіпорынындағы



жүктеу 3,25 Mb.
бет5/21
Дата14.05.2018
өлшемі3,25 Mb.
#12867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мысалы Қазақстандағы электр желілері кәсіпорынындағы орта тарифі, яғни электр энергиясын тасымалдау қызметінің тарифін төмендегідей беруге болады
Торта =(Zжелі +П)/ Wэ (12)
мұндағы Торта – кәсіпорынның орташаланған тарифі;

Zжелі – компанияны ұстап тұруға кеткен шығындар;

Wэ – компанияның желілерінен өткізілген электр энергиясының көлемі;

П- реттеуші органмен бекітілген пайда (абсолюттік мәнде).

Реттеуші орган пайданы негізінен рентабельділік нормасы түрінде немесе абсолютті мәнде берілуі мүмкін.

Пайда және ркентабелділік
1 Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері
оның шаруашылық қызметінің экономикалық нәтежиесін және тиімділік деңгейін сипаттайды.

Қаржылық көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады – абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті қаржылық көрсеткіштері кәсіпорынның қорытынды шаруашылық күйін, оның нақты бір кезеңдегі экономикалық жағдайын сипаттайды.

Қаржы көрсеткіштерінің бұл тобы кәсіпорынның қаржылық ресурстар қозғалысын және жағдайын бағалау үшін қолданылады. Оларға ақша түсімдері, пайда, кәсіпорын шығыны, өндірістік қуат құны, өндірістік қор және ресурстар, арнайы бағыттағы ақша қорлары жатады.

Өндірістің қаржылық көрсеткіштер жүйесінде оның экономикалық жағдайын бағалау үшін ақша түсімі және пайда маңызды рөл атқарады.



Табыс – кәсіпорынның өндірген өнімінен, істелінген жұмыстар мен қызметтерден алынатын ақшалай қаражаты. Сонымен қатар пайда мен түсім түсінігін ажырата білуіміз керек. Кәсіпорын түсімі деп өнім өткізуден түскен ақша қаражатын айтамыз. Түсімге өнім бағасына қосылатын салықтар сомасы – қосылған құнға салық, акциздер кіреді. Кәсіпорын пайдасы түскен түсімнен салықтарды алып тастағанда қалғанын (пайдадан алынатын салықтардан басқа) айтады.

Табыстың құрылуына өндірістік үрдістің, кәсіпорын өнімінің ерекшеліктеріне, оның өткізу шартына, және басқа жағдайларға байланысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Пайда сандық түрде былай анықталады


КТ = QөндБөнім (1)
мұндағы КТ – кәсіпорын табысы;

Qөнд – өндіріс немесе сатылу көлемі;

Бөнім – өнім бірлігінің бағасы.

Кәсіпорын табысының жалпы сомасы оның қызметінің барлық түрлерінен түсетін табыстардан: негізгі және қосымша өндірістен, әртүрлі кәсіпкерлік және коммерциялық қызметтерден, сатып алынған бағалы қағаздардан алынған табыстардан, өндірістік қуаттарды жалға беруден және басқа да қызметтерден түскен табыстардан құралады.

Кәсіпорын шаруашылығының қаржылық нәтижесі пайда (немесе зиян) - көрсеткішімен бағаланады. Пайда экономикалық көрсеткіш сияқты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған таза түсімді көрсетеді. Пайда кәсіпорын табысынан шығындарды алып тастағанға тең. Егер шығын табыстан асып кеткен жағдайда кәсіпорын зиян шегеді. Бұл оның қаржылық әлсіздігін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау үшін кәсіпорын қаржысының құрамын, орналасуын, оның көздерінің құрылымын, айналым капиталының жылдамдылығын, кәсіпорынның өзінің қаржылық міндеттемелерін уақытында жабу қабілеттілігін сипаттайтын салыстырмалы қаржылық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

Көрсеткіштердің берілген жүйесі төрт топты құрайды: рентабелділік; нарықтық орнықтылығы; баланстың өтімділігі; кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігі көрсеткіштері.

Кәсіпорынның нарықтық орнықтылығы көрсеткіштері кәсіпорынның жалпы құнының ішінде өзінің қаржылық ресурстарымен қамтылу деңгейін сипаттайды.



Баланстың өтімділігі кәсіпорынның (кәсіпорын кассасындағы және банк шоттындағы немесе дебиторлық берешектерді нақты ақшалай қаражатының несиеге алынған қаражаттың құнымен салыстыру арқылы бағаланады.

Кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі оның өз капиталымен ұзақ мерзімдік несиелік міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін сипаттайды.

Әлемдік тәжірбиеде кәсіпорынның қаржылық жағдайын орнықты деп есептейді, егер жалпы кәсіпорын мүлігіндегі өзіндік капитал үлесі 50% -дан асса, кәсіпорынның шоттағы ақша қаражаты мен қысқа мерзімдік бағалы қағаздары қысқа мерзімдік несиелік көздеріне қатынасы 20 – 50% арсында жатса, кәсіпорынның тауарлы-материалдық құндылықтарының өндірістік қорлары өзінің айналым қаржысы мен қысқа мерзімдік несиелер қосындысынан аз болса.

Кәсіпорынның пайдасының сомасы екі негізгі факторларға байланысты – өнімді өндіру, жұмыс, қызмет көлеміне және кәсіпорында қабылданған баға құрау жүйесіне байланысты болады.

Пайда кәсіпорынның техникалық, технологиялық дамуы үшін, әлеуметтік сфераны қалыптастыру үшін, мемлекеттік емес қорлар қалыптастыратын кәсіпорынның ішкі өндірістік қажеттілігін қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Энергетикалық кәсіпорындардың жалпы пайдасы оның барлық қызмет түрлерінен түскен пайдадан тұрады:


Пж = Пнег + Пкөмек + Пбасқа  + Пд                               (2)
мұндағы Пжкәсіпорынның жалпы пайдасы;

Пнег – негізгі өндірістен түскен пайда;

Пкөмек – көмекші өндірістен түскен пайда;

Пбасқа – кәсіпорынның басқа да қызметтерінен түскен пайда;

Пд –басқа кәсіпорын акциясынан алынатын дивиденттер.

Кәсіпорын пайдасының құрылуына барлық өндірісті ұйымдастыру факторлары әсер етеді. Бұл факторлардың ішіндегі ең негізгісіне өндірістік шығындар жатады. Пайданың құрылуына баға құрау жүйесі маңызды орын алады, өйткені ол кәсіпорын табысының шамасына әсер етеді.



Кәсіпорынның таратылмаған пайдасы немесе таза пайда өндірістің дамуына, әлеуметтік дамуға, жұмысшыларды ынталандыру мақсатында сый ақылау, инвестициялық, резервтік қор құру немесе кәсіпорын өзі шешетін басқа да мақсаттарға бағытталуы керек.
2 Рентабелділік. Бағалау әдісі және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорында таратылмаған пайданың болуы, оны дамытуға мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Кәсіпорын шаруашылығының тиімділігін толық бағалау үшін кәсіпорын пайдасы шығындар мен қолданылған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындарына немесе кәсіпорынның негізгі материалдық ресурстарына қатынасын сипаттайтын көрсеткіш рентабелділік деп аталады. Кәсіпорынның рентабелділік деңгейін бағалау екі әдіспен жүргізіледі
(3)
(4)
мұндағы Пк – кәсіпорын пайдасы;

Шш – кәсіпорынның өнімді өндіруге және/немесе өткізуге кеткен шығындары;

НҚ – кәсіпорынның негізгі қоры;

АҚ – айналым қаражаты.

Рентабелділік салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және пайызбен өлшенеді. Екінші әдістен бойынша көретініміздей, бірінші әдістің көрсеткішінің мәні жоғары болады, өйткені шығынның құндық бағалануы кәсіпорынның өндірістік қаражатынан төмен. Соңғы кейіптеме бойынша есептелген көрсеткішті кәсіпорынның өндірістік қорларының рентабелділігі деп атайды, алайда оны жалпы кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалау үшін қолдану тиімді болып табылады.

Рентабелділікті кәсіпорын жұмысының нәтижесі бойынша, сондай-ақ шығарылатын жеке өнім бірлігі бойынша да есептеуге болады. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысының рентабелділігі пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге қатынасы бойынша да есептелуі мүмкін.

Рентабелділік кәсіпорын тиімділігінің жалпылама көрсеткіші болып табылады және барлық өндірістік факторлар оған әсер етеді. Оларға еңбек қызметін қолданудың деңгейі, өнімнің өзіндік құны, сонымен қатар негізгі қорларды қолданудың көрсеткіші, кәсіпорындағы бағақұрау жүйесі және тағы басқалар жатады. Жоғарыда көрсетілген рентабелділікті есептеудің әдісінен басқа, кәсіпорын капиталының немесе өндірісті дамытуға арналған инвестициялық салымның рентабелділік көрсеткіші, ақша ағымының рентабелділік – Pаа көрсеткіштері қолданылады.

Капитал рентабелділігік) кәсіпорынның (кәсіпорынның өзінде қалатын) таза пайдасының - Птаза инвестициялық немесе акционерлік капиталға немесе кәсіпорынның барлық негізгі активтер құнына – Кин(ак) қатынасымен анықталады



(5)
Ақша ағымының рентабелділігі ақша қаражатының белгілі бір кезеңде келіп түскен таза ақша ағымының (CF), яғни кәсіпорынның есеп айырысу шотына келіп түскен қаражаттың өткізілген өнім көлеміне (Qөтк) немесе кәсіпорынның өз капиталына (Көз) қатынасымен анықталады
(6)


жүктеу 3,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау