Кәсіпорынның негізгі қорлары


кесте - Кәсіпорынның энергетикалық балансы



жүктеу 3,25 Mb.
бет21/21
Дата14.05.2018
өлшемі3,25 Mb.
#12867
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

9 кесте - Кәсіпорынның энергетикалық балансы


Энергия түрi

Жылдық қажеттiлiк

Өндiрiс көзi

өз өндiрiсі

сырттан алынған

Электр энергиясы

100 млн кВт*саг

 -

100 млн кВт*саг

Жылу энергиясы

32 Гкал

12 Гкал

20 Гкал

Су

100000 м3

80000 м3

20000 м3

Энергетикалық кәсіпорында қазандық, пештік отын балансы, жылу балансы жасалады, құрылады.


Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану
Дұрыс мәліметтерге сәйкес тұтынушыларды энергия ресурстарын есептеу және шығындарды реттеу құралдарымен қамтамасыздандыру олардың энергиямен қамтылу шығынын орта есеппен 25-40 %-ға төмендетеді, ал құралдар мен энергия ресурстарын есептеу жүйесін енгізу шығынын өтеудің нақты мерзімі көп жағдайда 0,5-1 жылдан аспайды. Энергия ресурстарын бақылауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары рентабельді.

Бағдарламадағы энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық өрлеу бөлігін анықтайтын техникалық шаралар техникалық жаңадан жабдықтау міндеттерін шешуге бағытталған. Бұдан әрі мынаны енгізуді дамыту қажет:

- жылумен қамту процестерін және бөлмелерде температуралық режімді жеке реттейтін құралдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;

- қолданыстағы ғимараттардың қорғағыш құрылымын жылыту технологиясы және көтеріңкі термиялық кедергісі бар панельдерді шығару;

- жылу сорғылары қондырғыларын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен қамтуға энергия ресурстардың жұмсалуын 15-20 %-дық үнемдеуге жету үшін қайтадан қосылатын құрылымдарды энергия ресурстарын есептеу жүйелерімен жабдықтау қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруды облыстық, аудандық және муниципалдық бюджеттен қарастыру қажет.

Бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар өз обьектілерін құралдармен жабдықтау мәселелерін өз бетімен шешу керек.

Тұрғын үй ғимараттарын жылумен қамтуға электр энергиясын пайдалану жөніндегі ғылыми-техникалық ұсыныстарды талқылаған кезде тұрмыстыққа қарағанда қазіргі кездің тұрғын үй ғимаратының жылу жүктемесі энергияны 6-7 есе көп талап ететіндігін көрсететін бастапқы есептеулерді ескеру қажет.



Тақырып 27. Жоспарлау және болжау (0,5 сағат)

1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлаудың негіздері

Жоспарлау өндірісті басқарудың негізгі функциясының бірі және шаруашылық жүйені қалыптастыру мен реттеуде экономикалық әдіс маңызды орын алады. Жоспарлаудың мақсаты кәсіпорынды дамыту - келешек бағдарламалары мен болжамдарын, ағымдағы және күнделікті жоспарларды жасау және түзетіп отыру болып табылады.

Жоспарлау кәсіпорын қызметінің жоспары мен бағдарламаларын жасау бірнеше тізбектелген кезеңдерді қарастырады. Ол кәсіпорынның белгілі бір қызмет түрінің жоспарын жасаудың мақсаттарын және міндеттерін анықтау; мәліметтерді жинау және экономикалық сараптау жолымен кәсіпорынн шаруашылығының бүгінгі күйін бағалау; қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындаудың стратегиялық көрсеткіштері мен тапсырмаларын жасау; нақты берілген жұмыстар бөлігі, жұмыс орны мен орындалу мерзімі бойынша нақтылау және байланыстыру; жасалған жоспарлардың экономикалық тиімділігін бағалау.

Өндірісті жоспарлаудың ең маңызды тұсы жоспардың орындалуын қадағалау және жоспарланған тапсырманы орындау кезіндегі қызметтің күйін бағалау болып табылады. Бұл теріс әсер беретін мәселелерді мезгілінде білуге және жоспарды түзетуге мүмкіндік береді. Түзету жоспардың теріс нәтижелілігін көрсетпейді. Күрделі өндірістік қатынастарда кәсіпорындар сыртқы факторларға байланысты болатын болжанбаған кедергілерге тап болуы мүмкін, мысалы өнімді жеткізушілер мен тұтынушылардың, сырқы инвесторлардың, банктердің және т.б. келісілген міндеттерінің орындалмаулары жатады. Сондықтан пайда болған мәселелерді және кемшіліктерді дер кезінде анықтау және жою жоспардың нақты орындалуына мүмкіндік береді.

Жоспарды жасау кезінде ғылыми негізделген жоспарлау әдістері қолданылады: баланстық, нормативтік, техника-экономикалық есептеулерді болжамдау әдістері. Олардың әрқайсысын қолдану белгілі бір нақты салада тиімді болады, бірақ кәсіпорында оларды жасау кезінде жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ететін осы барлық әдістер қолданылады.

Баланстық әдістің мәні өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін (шикізатқа, материалға, ақшаға және т.б.), яғни осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын ресурстар мен көздермен байланыстыру болып табылады. Материалдық, еңбек, ақша (қаржы) баланстары болып бөлнеді. Энергетикалық кәсіпорындарда олардың барлығы қолданылады. Баланстық әдіс кәсіпорын жұмысының сандық көрсеткіштерін жасаған кезде – кәсіпорын өнімін қоғамның сұранысына және өнімді өндіру көлемін сәйкестендіру; қаржылық жоспарды жасағанда; еңбек пен материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарын жасау кезінде кәсіпорынның кіріс пен шығыс балансын жасаған кезде тиімді болады.

Өндірістің әртүрлі ресурстар түріне қажеттілігін нормативтік және техника-экономикалық есептеулер әдістері жиі қолданылады. Жоспарлаудың нормативтік әдісі қажеттіліктердің ғылыми негізделген нормалар мен нормативтерді орнату арқылы жүзеге асады. Матриалдық шығындарды (отын шығынының, электр энергиясының нормасы, өнім немесе жұмыс бірлігіне қажетті шикізат және материалдар), жұмыс күшін (өндіру нормасы, өндіру уақыты), қаржылық шығындардың кейбір түрлерін (айналым қаражаттарының түрлері бойынша нормативтер және т.б.) жоспарлаған кезде қолданылады.

Техника-экономикалық есептеулер әдісі жұмыстың көлемі мен сапасының бірі-біріне тәуелді болатын көрсеткіштерін жасаған кезде, көп нұсқалық шешімдерді жоспарлауларды экономикалық бағалау кезінде ыңғайлы болады.

Болжау әдісі болашаққа арналған стратегиялық жоспарларды жасау кезінде қолданады, сондай-ақ қазіргі заманғы тұрақсыз экономикалық қатынастарды өзекті және ағымдағы жылға дәстүрлі әдістермен анықтауға болмайтын көрсеткіштерді жоспарлауға болады. Оларға өнімге қажеттілік нарық құрылымына, бәсекеге, және бір қатар сыртқы факторларға тәуелді болатын кәсіпорындардың өндіріс көлемін жоспарлау мәселелерін жатқызуға болады. Бұл жағдайда жұмыстың экономикалық көрсеткіштерінің жоспар-болжамдары маркетингтік зерттеулер, өткен жылдар нәтижелерін талдау, сол кәсіпорынның өнімін соңғы тұтынушыларын арттыру болашағын талдау негізінде жасалады. Болжау құралы ретінде ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика әдістері қолданылады. Алайда болжау әрқашан дәл нәтижелерді көрсетпейді, дегенмен кең көлемде жинақталған мәліметтер мен қазіргі заманғы математикалық аппараттармен есептеу болжау нәтижелерінің дәлділігін жоғарлатады.

Барлық жоспарлау әдістерінің ішінде экономикалық-математикалық моделдерді және есептеу техникаларын қолданатын есептемелерді қолдану тиімдірек деп есептеледі.


2 Жоспарлардың түрлері, олардың мазмұны
Өндірістік салаларда және олардың кәсіпорындарындағы жасалатын жоспарлар әртүрлі сипаттарына байланысты жіктеледі. Орындау мерзімі бойынша оларды төмендегідей бөлуге болады:

    • стратегиялық, 5 жылдан жоғары мерзімге жасалады және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы бағыттары мен оның әртүрлі жағын даму екпінін анықтайды;

    • ұзақ мерзімдік, әдеттегінше 3-5 жылға жасалады және өндірісті дамытудың негізгі бағыттарынан және осы бағыттар бойынша топтамаланған көрсеткіштерден тұрады. Ұзақ мерзімдік жоспарларда өнімді өндірудің, жұмыстың, қызметтің топтамалық көрсеткіштері, қаржылық ресурстардың көздері мен мөлшері, еңбек ресурстарын жасақтау, өндіріс шығындары, өндірісті жаңарту мен дамыту бағдарламаларының негізгі бағыттары мен қаржыландыру көздері қарастырылады;

    • орта мерзімдік жоспарлар, 3 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Стратегиялық және ұзақ мерзімдік жоспарларда орнатылған барлық топтамалық көрсеткіштер мұнда әр жыл бойынша нақтыланады;

    • ағымдағы немесе жылдық жоспарлар жыл ширегіне бөлінген және бір-біріне байланысқандығын көрсететін кәсіпорынның барлық қызмет түрлері бойынша жұмыстарының көрсеткіштері кіреді. Ағымдағы жоспарда ұзақ мерзімдегі жоспарлар нақтыланады және кәсіпорын қызметінде пайда болған өзгерістерге байланысты түзетіліп отырады;

    • оперативтік жоспарлар бір ауысымға, декадаға, айға және жыл ширегіне кәсіпорын жұмысын жоспарлауды қарастырады. Оперативті-күнтізбелік жоспарларды жасау қажеттілігі көп профилді өндірісі бар кәсіпорындар үшін өте маңызды орын алады.

Өзінің өндірістік, функциялық белгіленуіне байланысты жоспарлар негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің жоспарлары болып бөлінеді. Сонымен қатар арнайы бағыттағы жоспарларды айтуға болады: инвестициялық жоспарлар-жобалар, маркетинг жоспары, кадрлармен қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғалуы және басқалар бойынша жоспарлар.

Әрбір жоспардың мазмұнында, әсіресе, орта мерзімдік және ағымдағы жоспарларда келесідегідей негізгі бөлімдер болады:



    • өндірістің көлемі мен сапасының жоспары қызмет түрлері бойынша жұмыстың негізгі көлемдік және сапалық көрсеткіштерін жасау кіреді;

    • еңбек жоспары еңбек ресурстарымен қамтылуы, еңбек ақыны ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдістерін енгізу, еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жасау жатады;

    • ағымдағы шығындар немесе шығындар сметасының жоспарына шығындардың барлық элементтері, өнімнің, жұмыстың, қызметтің жоспарланған өзіндік құнын қалыптастыру жатады;

    • қаржылық жоспар: онда табыс және пайда сияқты қаржылық көрсеткіштер анықталады, өндірісті дамыту шығындарын жабуға қажетті көздерді, негізгі қорларды сатып алу, олардың күрделі жөндеулері, сондай-ақ жұмыскерлердің әлеуметтік қамтылуы қарастырылады.

Жоспалар жүйесінде бизнес-жоспар ерекше орын алады. Ол қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа қызмет түрін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ жеке және ішкі өндірістік инвестициялық жоспар-жобаларды қалыптастыру кезінде жасалады.

Бизнес-жоспардың мазмұнына келесідегідей бөлімдер кіреді:



  • қайтадан құрылып жатқан немесе қызмет жасап жатқан кәсіпорында жаңа қызмет түрінің сипаттамалары;

  • өнімнің сипаттамасы, оның ерекшелігі және сапасы;

  • өнімді өткізу нарығын талдау;

  • бәсекелестерді бағалау;

  • маркетинг жоспары;

  • өндірістік жоспар;

  • ұйымдастыру жоспары;

  • қаржылық жоспар.

Бизнес-жоспарды толығымен жасап шығу жоспарлау саласында тек экономикалық білімді қажет етіп қоймай, сондай-ақ жоспарланып отырған өндірістің технологиясын және кәсіпорын жұмыс жасайтын сырқы экономикалық қатынастарды жақсы меңгеру керек. Қазіргі заманғы кәсіпорындар өзінің негізгі өндірісімен қатар қызметінің көмекші және коммерциялық әртүрлі жақтарын дамытады. Бұл энергетикалық кәсіпорындарға да тән нәрсе. Олардың құрамына өнім өндіру бойынша, халыққа немесе басқа кәсіпорындарға қосымша кызметтер көрсету бойынша коммерциялық және өндірістік құрылымдар кіреді. Сондықтан осы бөлімдер тиімді жұмыс істеу үшін олардың қызметін осы жасалған бизнес-жоспарлар негізінде реттеп отыру керек. Ол тіпті ұсақ коммерциялық құрылым құрған кезде де маңызы болып табылады.

Бизнес-жоспарды жасау осы саланың мамандарымен жасалуы қажет және бұл кәсіпорынға көмекші өндірісті қалыптастырудың қажеттілігі жайлы және оның маңыздылығын, экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.



Бизнес жоспар

1.Бизнес жоспардың мақсаты және міндеттері

2.Сала сипаттамасы

3.Өнім түрі немесе қызмет түрі

4.Анализ жасау, рынокты талдау (сатып алушылар, бәсекелестер)

5.Маркетинг жоспары (кімге, қашан, қай уақытта, пайдалы сату). Баға құрау. Тауарды тарату

6.Өндітіс жоспары (объектінің орналасуы, жабдықтың түрі, материалдар алуы)

7.Персонал (адам саны, негізгі басқару түрі, персоналдардың түрі)

8.Негізгі қаржы көздері

9.Тәуекелді бағалау (әр түрлі жағдайларды ескере отыру арқылы жоспрлау, сезімталдығын тексеру)

10.Қаржылық жоспар (инвестицияны қайтара алу мерзімі)


Тақырып 29. Басқарудың негіздері (1 сағат)
Жалпы ұғым

Басқару белгілі бір мақсатқа жету үшін барынша аз шығын жұмсай отырып нақты басқару нысанына әсер ету жүйесін көрсетеді. Басқару кең мағынаны білдіреді өйткені ол басқару нысанына, мақсаттарға, басқару міндеттеріне және басқалар бірқатар факторларға байланысты болады. Экономикалық көзқараста бақару еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқаратын қызмет түрі ретінде қызықтырады. Сондықтан басқаруды (менеджментті) қоғамдық өндірісті реттеу жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс жасауын оқып зерттейтін ғылым ретінде қарастырылады.

Өндірісті басқару кадрларды, өндіріс техникасы мен технологиясын басқару, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, өнімді өткізудің нарығын маркетингтік зерттеу, кәсіпорынның және саланың қызметтерін қаржылық-экономикалық реттеулер: шығындарын, өнімнің өзіндік құнын, кірістерін, пайдасын, өндірістің рентабелділік деңгейін реттеулер кіреді. Сонымен өндірісті басқарудың негізгі міндеті аз шығынмен тиімді нәтижелерге жету үшін тұтас қоғамдық-өндірістік жүйені құрау болып табылады.

Өндірісті басқару басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым-қатынасының күрделі жүйесін көрсетеді. Басқарушы жүйе деп өндірістік қызметтің белгілі бір аспектілерін жетекшілік және реттеу міндеттері (өндіріс технологиясын реттеу және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын бөлу мен пайдалану, кадрлық саясатты қалыптастыру және басқалар бойынша басқару шешімдері жасау және қабылдау) кіретін өндірістің функциялық бөлімшелері деп түсіну керек.

Басқарылатын жүйе (басқару нысаны) басқарушы жүйемен жасалған басқару шешімдерін орындайтын және жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелер немесе адамдар топтары болып табылады. Ортаңғы деңгейдегі басшылар кейде басқарушы немесе басқарылатын жүйеге де жатқызуға болады. Мысалы бригадир бригда мүшелері тарапынан басқарушы жүйеге кіреді екінші жағынан сол цехта немесе бөлімшеде істейтін бригада сол жердің мастеріне немесе инженеріне басқарылатын жүйе болады. Сонымен өндірісті басқару үрдісі басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым–қатынасуының күрделі механизм екенін көрсетеді. Сондықтан механизм нақты жұмыс істеу үшін анықталған қағидалар болуы керек.

Өндірісті басқару мәселелерін кезең кезеңмен шешудің тұйықталған цикл екендігін көрсетеді. Өндіріс үрдісінде өндіріс технологиясы саласында, психологиялық және экономикалық аспектілері бойынша өндірістік ұжымның өзара қарым-қатынасы, қаржы, өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өнімді өткізу және басқа салаларындағы мәселелер ұдайы пайда болып отырады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтер басқару мәселерін анықтаудың негізі болып табылады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтердің толық болмауы жұмыстағы кемшіліктерді уақытында анықтауға және оларды жою үшін уақытында шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Міне сондықтан қазіргі заманғы өндірісті басқару компьютерлік технологияларға негізделген, жетілген ақпараттық жүйелерді талап етеді. Өндірістік мәселелерді жасау мен оны жүзеге асырудың басқару циклі 2-ші суретте келтірілді.



Ақпараттар

Мәселенің қойылымы



Мәселе бойынша басқару шешімдерін іздеу

Басқару шешімдерін жасау


Шешімдердің жүзеге асуын қадағалау және жаңадан пайда болған мәселелер

Басқару шешімдерін жүзеге асуын ұйымдастыру

2 Сурет – Басқару шешімдерін жасау мен өткізудің циклі

Өндірісті басқарудың механизмі өзара байланысқан принциптер, әдістер және басқару функциялары және сондай-ақ өндірісті басқарудың құрылымдық жүйелерінен тұрады.
1 Өндірісті басқарудың қағидалары
Экономикалық әдебиеттерде берілетін көптеген қағидалардың ішінен басқару шешімдерін жасау мен қабылдауда маңызды болып табылатын ең негізгілерін бөліп көрсетуге болады.

Басқару қағидалары – өндірісту басқару стратегиясын анықтайтын негізгі ереже. Әр бір өндірістік жүйенің қызметті ұйымдастыруда ең маңызды болып есептелетін ерекше ережелері және басқару негіздері болады. Мысалы, жапон фирмалары өндірісті басқаруды бірінші орынға алдымен тиімді кадрлық саясатты қояды. Ал Германия мен АҚШ-тың алдыңғы қатардағы және жетекші фирмалары өнімнің сапасын басқару қағидаларын алға қояды. Дегенмен нарықтық шаруашылықты басқару стретегиясын қалыптастыратын негізгі басқа да қағидалар бар. Бұл басқаруды демократияландыру, басқару жүйесінің жоспарлылығы мен үйлесімділігі, басқарудың тиімділігінің ғылыми негізделгендігін, жеке тұлғалардың, ұжымның және мемелекеттің мүдделерінің үйлесімділігі қағидаларын айтуға болады.

Басқаруды демократияландыру қағидасы өндіріс басшылғымен еңбекші ұжымның өзін-өзі басқаруын үйлестіруді айтады. Жетекшілердің таңдалуы және оның ұжыммен қабылданған басқару шешімдеріне жауапкершілігі қарастырылады. Жетекші органдар істелген жұмыс нәтижелері бойынша ұжымның алдында есеп береді.

Жоспарлылық пен үйлесімділік қағидасы өндірістің барлық саласын дамытуда және оның ресурстарын пайдалануда үйлесімділікті сақтауды талап етеді. Өндірісті басқарудың бүгінгісі мен келешек жүйесінің өзара байланыстыра жүргізуді қалыптастыруды көрсетеді, демек ағымдағы өндірісті басқару мен жоспарлау оның келешектегі қызметінің кезекті кезеңі болып табылады.

Басқарудың ғылыми негізделгендігінің қағидасы қоғамның дамуының табиғи және экономикалық заңдарына негізделеді. Ол ғылыми-техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттарды талдау нәтижесіне сүйенетін ғылыми әдістермен басқару формаларын пайдалану кіреді.

Жеке тұлғалардың, ұжымның және мемелекеттің мүдделерінің үйлесімділігі қағидасы өндірістің қоғамдық сипатына негізделеді. Ол әр жұмыскердің мүддесі тек кәсіпорын мүддесімен ғана емес мемлекеттің мүддесіне сай келу керектігін талап етеді. Әрбір жұмыскердің қызметі кезінде өзінің мүддесін қанағаттандыру үшін кәсіпорын материалдық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету керек. Кәсіпорын мен мемлекеттің өзара ортақ мүддені жүзеге асыруы (кәсіпорынның табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, салықтық міндеттемелерді уақытында төлеу, экология үшін) оның мемлекет алдындағы жауапкершіліктері арқылы қалыптасады. Ал мемлекет кәсіпорын қызметіне, кадрлық саясатта, өндірісті шикізат ресурстарымен, су, энергия және білімен қамтамасыз етуде және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауда қолдау көрсетіп отыру керек.

Басқарудың тиімділігінің қағидасы оның әртүрлі нұсқаларының ішінен тиімді шешімді таңдап алуды білдіреді. Бұл қағида аз шығынмен жақсы жетістікке жеткізетін басқару шешімдерін жасау мақсатында басқарудың барлық әдістерін сақтауды талап етеді.


2 Басқарудың негізгі функциялары
Басқару үрдісі ортақ немесе дербес сипаттағы белгілі бір функциялармен жүзеге асады. Басқарудың негізгі функцияларына жоспарлау, ұйымдастыру, еңбекке ынталандыру, реттеу және қадағалау жатады.

Жоспарлау басқару шешімін дайындар үрдісін көрсетеді және ол басқарудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, оларды шешудің жолдарын қалыптастыру кіреді. Бұл функция кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің барлық салаларында: өндірісті, еңбек ресурстарын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, қаржыны және басқаларды басқаруда жүзеге асады.

Басқарудың ұйымдастыру функциясы өндірісті басқарудың құрылымын, құрылымдық бөлімдердің арасындағы қатынасты, басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтайды. Ол басқару органдарының функциялық міндеттерін бөлуді, олардың басқару шешімдері үшін жауапкершіліктерін қалыптастырады.

Еңбекке ынталандыру шаруашылық қызметке қызығушылығын, еңбекке құлшына кірісу ынтасын, кәсіпорын өміріне белсене араласуын қамтамасыз етеді. Ол жұмыскерлерді материалдық және моральды ынталандыру арқылы жүзеге асады.

Реттеу басқару жүйесіндегі мүмкін болатын ауытқуларды (басқару құрылымдарының элементтері арасындағы қатынастарда, басқару шешімдерін жүзеге асыру кезінде, басқару қағидалары бұзылған кезде және басқа қайшылық туғызатын жағдайларда) болдырмау міндеттерін шешеді.

Қадағалау функциясы орнатылған қағидалар мен қабылданған басқару шешімдеріне сәйкес өндірістің барлық саласындағы қызметтерді ұдайы тексеріп отыруды білдіреді. Ол нақты жағдайды жоспармен салыстыру болып табылады, пайда болған ауытқулардың негізділігін көрсетеді және өндірісті басқарудағы болатын мәселелерді дер кезінде анықтауға қызмет етеді.



Басқарудың ерекше (дербес) функциясы ортақ функцияларға негізделеді, және белгілі бір саланың және олардың кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін көрсетеді. Олар маманданған –салалық функцияларға жатады және жоспарлы-экономикалық, иженерлік-технологиялық, оперативтік-өндірістік, есептік-аналитикалық және басқа функциялар кіреді. Оларды сол нақты бөлімшелерге енгізу өндірістің салалық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі.

3 Басқару әдістері
Басқару әдістері қойылған міндетке жету үшін өндірістік ұжымға әсер етудің амалдар мен тәсілдерінің жүйесін көрсетеді. Олар басқару қағидалары және функцияларымен өзара қатынаста пайдаланады.

Басқару әдістері экономикалық, ұйымдастырмалық-талаптық немесе ұйымдастырмалық-құқықтық, әлеуметтік психологиялық әдістер болып бөлінеді.

Басқарудың экономикалық әдістері қоғамды дамытудың экономикалық заңдарын қолдануға негізделген. Олар кәсіпорынның барлық өндірістік ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін экономикалық амалдарын қамтиды. Олардың құралы ретінде өндірісті жоспарлау, болжау, баға құрау, қызметтің және өнімнің маркетингі, несиелеу мен қаржыландыру, қадағалау, есепке алу және талдау болып табылады.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ең маңызды тетігі жұмыскерлердің еңбек ақысы болып табылады. Еңбекті ынталандырудың әртүрлі тәсілдері болады. Олардың барлығы да белгілі бір деңгейде экономикалық тиімділікті береді.

Ұйымдастырмалық-құқықтық әдіс әкімгершілік талаптар арқылы жүзеге асады, яғни бұйрық, жарлық, нұсқаулық, құқықтық акт, жарғы және т.б. шаруашылық жүргізудің құқықтық нормаларына негізделеді. Ұйымдастырмалық әдістер өндірісті басқару циклінде орындау мен қадағалауда маңызды болады, сонымен қатар, басқарудың демократияландыру қағидаларын сызықты бағыныштылықты, басқару органдарының жауапкершілігін, құқығын, міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің негізгі міндеттері өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адамдар тобына және еңбекшілердің жеке жұмыскерлеріне әсер ету болып табылады. Олар сендіру және түсіндіру, сынау және әділдік, моралды түрде сый көрсету және қолдау арқылы жүзеге асады. Жұмыскерлердің психологиялық күйі олардың еңбек нәтижелеріне, еңбек өнімділігіне, өнім сапасына әсер етеді. Кәсіпорында ыңғайлы психологиялық ортаны құру, мезгілінде ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу әлеуметтік-психологиялық әдістердің негізгі міндеттері болып табылады.

Бұл әдістердің әрқайсысы өндірісте өзінің тиімді қолдану аясы болады, бірақ олардың өзара әсер ету жиынтығы басқарудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді. Тек бір әдіске ғана ыңғайлануға болмайды. Әр әдістің өз орнымен және тиімді пайдалана білу қажет.
4 Энергетикадағы басқару
Кәсіпорынның басқару құрылымы басқару органдарының, басқару мен басқарылатын нысандардың, өзара әсер етуінің жүйесін, олардың ұйымдастырмалық өзара байланысын анықтайды. Ұйымдастыру құрылымына өндіріс технологиясы, сала ерекшелігі, кәсіпорын көлемі және т.б. факторлар әсер етеді. Соның ішінде ең қарапайымы сызықтық түрі басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы қатынас (3 Сурет).

Кәсіпорын басшысы

Орындаушылар

3 Сурет - Басқарудың сызықтық құрылымы


Ең нақтырақ басқарудың сызықты-функциялық құрылымын айтуға болады. Басқарудың органдарының құрамында кәсіпорын жұмысының маңызды бөлімшелерін басқаруды орындайтын бөлімдер болады. Оларға өндірістік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, персоналды басқару, қаржы және т.б. кіреді. Бұл бөлімдердің құрамында сол саланы жақсы білетін мамандар жұмыс істейтін болады. Ондай құрылымды жалпы түрде 4-ші суреттен көруге болады.

Жекеменшік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ірі фирмалар үшін салалық басқару, жалпы салалық, яғни қаржыларды реттеуге, кәсіпорынды жетілдіруге және жаңартуға инвестиция тартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.



Кәсіпорын басшысы


Функциялық органдар және мамандар

( бөлімдер, секторлар, жетекші мамандар)



Кәсіпорын басшысы


4 Сурет – Басқарудың сызықты-функциялық құрылымы


Электр энергетикасы саласы және оның өнімі ортақ мемлекеттік мәні бар салаға жатады. Салалық кәсіпорындар экономикалық тәуелсіз кәсіпорындар болғанмен Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді.

Тақырып 30. Менеджмент негіздері (1 сағат)

Менеджменттің мәнісі, мақсаты, міндеті.
Менеджмент (ағылшын сөзі, басқару-деген) – бұл коммерцияны немесе өндірісті басқару. Біліми тұрғыдан қарағанда, Менеджмент – ұйымды және оның құрамдарын басқару туралы жүйеге келтірілген білім саласы. Қандайда болмасын Ұйымды, ұйымдасқан жүйе деуге болады.

Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда, менеджмент – өндіріс тиімділігін, пайдасын көтеру үшін қолданылатын принциптер, тәсілдер және басқару формаларының шоғырланған жинақтамасы.


Ұйымды басқару туралы білім саласының иерархиясы.



Жобалау, ресурстарды басқару принциптері, уақытша басқару периодтарының ерекшеліктері (оперативті, тактикалы стратегиялы), әлеуметтік-психологиялық басқару, жағдайға байланысты басқару (антикризты )



1-ші деңгей

Жалпы менеджмент=

ұйымды басқару негізі




2-ші деңгей. Ұйым құрамдарын басқару туралы білім саласы.

Жұмыскерлерді Қаржыны Сапаны Маркетингті

басқару басқару басқару басқару

Өндірісті Корпоративті мәдениетті басқару сыртқы

басқару экономикалық

істерді басқару

Информацияны Инвестицияны басқару

басқару




3-ші деңгей Нақты сала ұйымдарын басқару туралы білім саласы
••••

Телекоммуникациядағы

менеджмент



••••


Ұйым ерекшеліктеріне сәйкес



Frame21

Қазіргі жағдайдағы менеждмент

принциптері
Менеджмент принциптері – бұл басқарудың тәжірибелік, теориялық міндеттері пайда болғанда және шешу мәселелері керек болғанда, осының мақсатында басқару жүйесінің әртүрлі стуктуралары (элементтері) арасындағы байланыстың (қарым-қатынастың) іске асыруын қамтитың жалпы заңдылық.

Байланыс саласының менеджментінің жүйесінің принциптері. (Экономиканың әлемге шығу жағдайына байланысты)







Принцип

Принципті ашып көрсету

1

Менеджменттің

пайда болу себебі



Ұйымның (мекеменің) болуы, менеджменттің керектігін көрсетеді

2

Қабылданған шешімнің жуықтатылған нәтижесі

Компанияны тиімді басқару туралы біркелкі амалы жоқ, тек қана типология ғана бар

3

Білім мен тәжірибені қорытындылау

Қай жағдайда да болмасын жалпы міңездемені белгілеу қажет.

4

Сыртқы жағдайға тәуелділігі

Сыртқы орталықтың компанияның істеріне әсер ету факторлары, проблемалар.

5

Жағдайға икемдену

Ұйымның сыртқы жағдайға икемденуі. Ол үшін құрылымды, функцияны, нарық тәртібін өзгерту арқылы жүреді.

6

Сәйкестену

Мақсатқа жету үшін фирманың менеджменті сыртқы ортадағы жағдай түсініксіздерне байланысты жұмысты күшейтуді талап етеді.

7

Фирманың сыртқы ортадан тәуелсіздігі

Компания менеджерлері сыртқы орта шегінде әсер етпейді.

8

Басқарудың көп элементтілігі

Басқарудың бір элементінің табысқа жету үшін басты болады дегенді жоққа шығарады.

9

Менеджменттің сапасының өзгеруіне жахданудың әсері

Жахамдануға байланысты байланысты барлық факторларды еске алу керек. Өндіріс лидерлері белгілеген стандартқа жетуге тырысу керек.

10

Өзара келісілуі

Фирмалардың келісіп жұмыс істеуі жөн, конкуренцияға түскеннен.

11

Әр-түрліліктің6 көбеюі

Стандарттаумен қатар өнімнің өзіндік жекешілігін дамыту керек.

12

Ішкі және сыртқы ортаны ұйымдастырудың тепе-теңділігі

Ортаның әр белгісіздеу деңгейіне әртүрлі элементтердің комбинациясын алып, фирманың жұмысының нәтижесін жақсартуға болады.

13

Ақпараттандыру технологиясына

Менеджменттің тікелей әсері және керісінше әсері .



Білімді қызметкерлер неғұрлым көп болса, олардың мекемелерге бағыныштылығы көп болады, информацияны алмастыруды да жоғары болады

14

Табысты менеджменттің түсінігі

Егер ұйым мақсатына жетсе, онда оны табысты деуге болады

15

Аман қалу (выжить)

Әр ұйым өзінің өмір сүрулігін ұзақ болуын көздейді

16

Шешімді іске асыру

Іс жүзінде іске асқан шешім пайдалы деп есептелінеді

17

Шараның үш жақтылығы

Басқарудың үш тетігі (инструменті):

• Иерархия

Мәдениет

• Нарық


18

Кәсіпкерлікті (предприя.) басқару

Ұйым өзгерісті күтіп отырған жоқ

19

Стратегиясы, мүмкіншіліктері және жұмыс қорытындысы

Компанияның жұмыс қорытындысы тиімді, іс және басқару мүмкіншіліктері, қойылған стратегияға сәйкес келеді.


Басқаруды ұйымдастыру және оның іс тиімділігін басқару үшін жүйелі баппен қарау.
Басқару жүйесінің негізгі мақсаты – қортынды бір нәтижеге жету үшін, фирманың екі бөлігінің - өндіріс пен басқарудың бір-бірімен келісіп істеулерін қамтамасыз ету болады.

Өндіріс процестерімен басқару мәселесі бір-бірімен өзара байланысты, экономикалық өзара байланыстан басқа, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, технологиялық т. басқада өзара әрекет жасайтын істер де бар.

Жүйелі баппен қарау, фирма басшыларына, ұйымды жан-жақты көруге көмектеседі. Егер фирманың қорытынды нәтижесі жоғары болса, ал басқару шығыны өспесе, не төмендесе, бұл жағдайда басқару жұмысы тиімді болды деуге болады.
Басқаруды бағалау үшін толып жатқан жүйе көрсеткіштері керек:

• Басқару жұмысының қызметкерлерінің еңбегі;

• Ақпарат тармақтарының басқару жұмысының көрсеткіштері;

• Нақтылы бір басқару шешімінің іске асуы;

• Басқару механизмдері (тәсіл, амал, т.б.)

• Жалпы басқару жүйесінің нәтижелерін есепке алу керек.



Әрине, әр көрсеткіш басқарудың тек бір жағын ғана көрсетеді.
жүктеу 3,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау