6. CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
1-тақырып
Кәсіпорын – экономикалық жүйенің негізгі бөлігі
Нарықтық шаруашылық жүргізудегі кәсіпорынның алатын орны және пәннің мақсаты.
Кәсіпорынның – жүйеленген бсқару объектісі ретінде болуы.
2-тақырып
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдірудің жолдары.
Өндірістік құрылымы және оның түрлері
Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принцептері
3-тақырып
Экономиканы мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендіру.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұғымы, принцептері, міндеттері
Жекешелендірудің ұйымдастыру – құқықтық және әдістемелік негізі
Қазақстанда мемлекеттк меншікті жекешелендірудің барысы
4-тақырып
Кәсіпорындарда ресурс құрылымының қамтамасз етілуі
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
Ресурстардың шектелуі және бірін- бірі алмастырушылығы
Ресуртарды сақтау саясаты
5-тақырып
Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
Негізгі капитадың мәні, оның құрамы.
Амортизациялық аударым жарнасы
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.
6-тақырып
Кәсіпорынның айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
Айналым капиталының мәні және құрылымы
Қаражаттың ауыспалы айналымы
Қажетті айналым қаражаттарын анықтау
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
7-тақырып
Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілу. Кәсіпорындағы еңбекақы.
Жұмыс күші факторының маңызы мен мәні
Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі
Жұмыс атқаруының бағалылығы
Еңбек ақының экономикалық мәні және оның принциптері
Еңбекақы жүйелері және оның нысандары
8-тақырып
Кәсіпорын өнімдерінің бағаларын қалыптастыру
Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Кәсіпорын өнімдеріне баға белгілеу принципі
9-тақырып
Өнімнің сапасы және оның бәсекегеи жарамдылығы
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметтері
Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері
Стандарт және стандарттау ұғымы
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
10-тақырып
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері, кірісі мен шығындары және олардың түрлері
Кәсіпорынның кірісі, оның мәні және маңызы
Кәсіпорынның жұмысының рентабелдігі
Нәтиже, кіріс, түсімдер
Шығындар, шығыстар, және төленімдер және олардың түрлері
11-тақырып
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестициялық қызметтің мәні мен прициптері
Күрделі қаржы жұмсалымы
Қоржындық инвестиццияның тиімділігі
12-тақырып
Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметі
Табиғатты қорғау шараларын мемлекет тарапынан басқару
Қазақстандағы экологиялық қорлар жүйесі
Кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметінің экономикалық механизмі
13-тақырып
Кәсіпорындағы маркетинг
Маркетингтің әлеуметтік- экономикалық мәні және мазмұны
Маркетингтің енгізгі бернесі және принциптері
Кәсіпорының мүмкіншіліктерін зерделеу
14-тақырып
Кәсіпорындағы менеджмент
Менеджмент ұғымы
Менеджменттің бернелері
Менеджерлік қызметтің міндетері
15-тақырып
Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметі
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің нысандары
Кәсіпорынның экспорттық саясатының ерекшеліктері
Кәсіпорынның импаопрттық операциясы және ыңғайласпа мәмілемесі
7. ГЛОССАРИЙ
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша глоссарий
(пән атауы)
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шекелген.
Акцепт (лат. acceptans – қабылдаушы) – ішкі және халықаралық тауар айналымында құжаттарды немесе төлеуді кепілдікке алуға келісу; екінші жақ ұсынған талаптар негізінде шарт жасасуға келісу, төлемшінің аударма векселді төлеуге келісу.
Акциз (фр. accise из лат. аccidere – кесу) – көбінесе көпшілік тұтынатын заттарға (арақ, шарап, темекіге және зергерлік бұйымдарға, балықтың бағалы түрлерінен жасалған жеңсік өнімдерге, фарфор мен хрустальдан жасалған жоғары сапалы бұйымдарға, кілемдерге және кілем бұйымдарына т.б.) саналатын, тауар бағасына кіретін және сатып алушы төлейтін жанама салық түрі. Мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көзі.
Акция (лат. аction – бағалы қағаз) – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.
Амортизация (лат. amortisatio – өтеу) – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Монополияға қарсы қолданылатын заңдар – нарықтық экономиканы басшылыққа алатын кәсіпкерлер қызметтің түрлі салаларында бәсекелестік ортаны қолдауға, монополизмге және арам ниетті бәсекеге қарсы әрекет жасауға бағытталған құқықтық актілер кешені.
Жал, жалгерлік (лат. arrendare – жалға беру) – мүлікті жалдау, жалға беруші жалгерлерге мүлікті белгілі бір сыйақы жалгерлік ақы үшін уақытша пайдалануға беретін шарт.
Аукцион (лат auction, auctionis – қоғамдық сауда) – тауар және басқа құндылықтарды сатуды ұйымдастырудың көпшілік алдында сауда-саттық өткізуге негізделген нысаны. Аукциондық сауда сатып алушылардың бәйгелестігі принципіне негізделген. Аукционға қатысушының ең жоғары баға ұсынғаны сатып алу құқығына ие болады.
Баланс теңгерім (фр. balance – таразы) – бухгалтерлік есептің негізгі кешенді құжаты, ол кәсіпорын қаражатының құрамы мен құндық бағасы (актив) және оның өтелу кездері (пассив) туралы ақпараттан тұрады.
Пайда балансы - өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша пайданың баланста көрсетілген жалпы сомасы.
Баланстық құн – компанияның бухгалтерлік кітаптарындағы активтердің құны (әдетте өтелім жарнасы (амортизация) шегеріліп тасталады). Нақты нарықтық құн басқаша болуы мүмкін.
Банк ( итал. banca – ақшалай қаржаттар операциялары жасалған үстел) – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, кредит (қарыз, несие) беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуда делдалықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздары шығаратын, алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме.
Банкроттық – кәсіпкердің, фирманың қаражат болмауы себепті өзініңқарыз міндеттемелерін төлеуден бас тартуы; қаржы жөнінен күйреуі, құлдырауы; дәрменсіздік, қаржының күйреуі, күйзеліс, сәтсіздікке ұшырауы, жоспарларың қирауы.
Баспа-бас айырбас (бартер) – валютасыз, бірақ құны бойынша бағаланған және теңдестірілген, өзара шартпен хатталған тауар айырбасы операциясы.
Жұмыссыздық – жұмыс істегісі келген еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Өздеріне байланыссыз себептерімен табысы (еңбек кірісі) жоқ, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінде жұмыс істемейтін, еңбек етуге қабілетті және дайын, өздеріне қызмет лайықты жұмыс ұсынбаған адамдар ретінде тіркелген азаматтар жұмыссыздар деп есептелінеді. Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздық жағдайында жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымы арасындағы өзара әсер етудің нәтижесі ретінде көрінеді.
Брокер, делдал – қор және тауар биржаларында, валюта нарықтарында тауарларында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтарды сатып алушы мен сатушы арасында мәміле жасау кезінде арада жүретін ресми делдал.
Жалпы пайда (валовый доход) – кәсіпорын ызметінің жалпы қаржы нәтижесі, ол кәсіпорынның жиынтық кірістері мен шығыстары арасындағы айырмаға сәйкес келеді.
Валюта – тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері.
Табыс – кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, табыс олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді.
Дивиденд (лат. dividendus – салыққа салынатын) – акционерлік қоғамның есепті бір кезеңде алған және акционерлердің иелігіндегі акциялардың саны (сомасы) мен түріне сәйкес олардың өз арасында бөліске түсуге тиіс пайдасының бір бөлігі.
Дилер (ағыл. dealer – саудаласу) – бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алумен және сатумен айналысатын қор биржасының мүшелері (жеке адамдар мен фирмалар) және банкілер. Өз аттарынан және өз есебінен іс-қимыл жасайды. Дилерлер бір-бірімен, брокерлермен, сондай-ақ қызметті пайдаланушылармен тікелей мәміле жасаса алады. Дилердің пайдасы сатушы мен сатып алушы курстарындағы айырма есебінен, валюталар мен бағалы қағаздар курстарының өзгеруі есебінен құралады. Дилерлер брокерлік (делдалдық) мәміле жасаса алады.
Дистрибьютор (ағыл. distributor – орналастыру) - өндіруші ірі өнеркәсіп фирмаларынан дайын өнімді көтере сатып алу негізінде өнім өткізетін фирма. Ол меншікті қоймалары бар және өнеркәсіпшілермен іскерлік өзара шарт қатынастарын орнататын біршама ірі фирмалар.
Заң – елдің жоғары заң шығарушы органы қабылдаған және барлық жеке адамдар мен заңды ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік-заңдық актілер.
Кепіл – шарттық міндеттеменің орындалуын мүлік өткізіп қамтамасыз ету әдісі, несиені қамтамасыз ету. Қарыз берген кісінің қолында кепілдікке қалдырылған зат.
Мүлік – шаруашылық айналымында мәні бар біреудің қарамағындағы заттар мен түрлі құнды мүліктердің жиынтығы. Біреудің меншікті заттары.
Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестор – салымшы; пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шетелде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.
Инфрақұрылым – өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісіне, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін шаруашылық салаларының кешені. Бұл кешенде транспорт, байланыс, сауда, материалдық-техникалық жабдықтау, ғылым, білім, денсаулық сақтау, т.б. қамтылады.
Калькуляция - өнім өндіруге және өткізуге, жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығынды ақшаға шағып көрсету.
Бәсеке – нарықтық механизм элементі, капиталдардың жақсы, экономикалық жағынан тиімді жұмсалуы үшін, өнім өндіру мен өткізудің өндірістің неғұрлым тиімді жағдайы үшін тауар өндірушілер арасындағы бақталастықтың (күрестің) құрамдас бөлігі.
Консалтинг – ынтымақтастық нысаны, бұл ынтымақтастықта продуценттерге (тауар өндірушілерге), сатушылаоға және сатып алушыларға кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың экономикалық қызметі мәселелерінің кең ауқымы бойынша, оның ішінде сыртқы экономикалық салада кеңес беріледі.
Консорциум – заемдарды бірлесіп тарату үшін, үлкен ауқымдағы қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу үшін бірнеше банкілердің немесе өнеркәсіп орындарының арасындағы уақытша келісім.
Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономикалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып , концерндер өзінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қамтамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді.
Лизинг – жабдықты, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу.
Маржа – белгілі бір екі көрсеткіш (мысалы, сатушының бағасы мен аларманың бағасы) арасындағы айырманы көрсететін шама.
Салық – жеке адамдар мен заңды ұйымдар заң шығарушылық жолмен белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне төлейтін тіркелген аударым жарналары.
Салық мағлұмдамасы – салық төлеушінің өткен кезеңде алған табыстары және оларға қолданылатын салық шегермелері мен жеңілдіктері туралы ресми мәлімдемесі.
Қосылған құнға салық (ҚҚС) – жанама салық түрі; түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі салаларында төлейді.
Пайдаға_салынатын_салық'>Пайдаға салынатын салық – заңды ұйымдардың табысына салынатын салық; негізгі жалпы мемлекеттік салықтардың бірі.
Салық мөлшерлемесі – салық салынатын бір объектідегі салық үлесі (процент түрінде көрсетілген мөлшер).
Айналым қаражаты - өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының құру үшін кәсіпорындарға, бірлестіктерге, ұйымдарға авансыға берілген ақшалай қаражат жиынтығы.
Негізгі қаражат – еңбек құралдарына жататын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығына жұмсалған қаражаттар.
Үлестік жарна – ортақ іске жеке қатысушы осы іске қосқан үлес (ақшалай жарна).
Пайда – фирманың жалпы табысы мен шығындары арасындағы айыпма, мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседі.
Рента – капиталдан, мүліктен немесе жер учаскесінен түскен белгілі бір табыс, ол өзінің алушыларынан кәсіпкерлік қызметті талап етпейді.
Пайдалылық - өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі пайдалылығын (залалдығын) сипаттайтын кәсіпорындар қызметінің көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен өткізу процесінде қаражаттың пайдаланылу дәрежесі.
Нарық – тауарларды өндіру, айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ, субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдаудағы, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігі тән сипат болып табылатын ақша қаражатының қозғалысы қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Жарғы қоры – бірлескен кәсіпорын қызметінің басталуы үшін қажетті және бірлескен кәсіпорынның құрылтайшы әріптестерінің жарналары есебінен құралатын қаражат мөлшері.
Фирма – заңды ұйым құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындары.
Эмитент – ақша шығаратын ұйым немесе кәсіпорын.
8.КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
9.1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
Табиғат пайдалану экономикасы пәнінің негізгі мақсаты.
Табиғат байлығын пайдалану экономикасының басқа ғылымдарымен байланысы.
Табиғат байлығын пайдалану экономикасы пәнінің алатын орны.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи ортаны қорғау мәні.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи ортаны қорғау нысандары.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи ортаны қорғау мағынасы және міндеттері.
Ресурс тапшылығы неден? (жағдайлық тапсырманы шешу)
Минералдық шикізатты пайдалану төлемдерінің негізгі мақсаты.
ҚР минералдық шикізат қорын тиімді пайдалану жолдары.
Жер қорын тиімді пайдалану: қазіргі жағдайда жетілдіру жолдары.
Жер қорын қорғау және пайдалану құрылымын жақсарту жолдары.
Жер қорын тиімді пайдалану: қазіргі жағдайда жетілдіру жолдары (баяндама жазу).
«Қазақстанда жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» тақырыбына жазылған рефератты талқылауға қатысу.
«Қазақстанның ауыл шаруашылық секторындағы экологиялық мәселелері» тақырыбына жазылған рефератты талқылауға қатысу.
«Қазақстандағы табиғи ресурстардың бағалаудың әлеуметтік экология-экономикалық мәселелері» тақырыбына жазылған рефератты талқылауға қатысу.
«Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Балқаш көлінің су бассейнінің қорғау мәселелері және оларды шешу жолдары (пікір – талас).
Қазақстандағы су ресурстарын рационалды пайдалану мәселелері.
«Орман ресурстарын қорғау мен тиімді қолдану» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Қазақстан қорықтары мен қоршаған ортаны жақсартудағы орны» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Орман ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау.
«Семей полигоны мен қоршаған орта» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Озон қабатының жұқару мәселесі» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Радоиактивтілік және радиоактивті ластану» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Каспий мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау туралы қабылданған заңдар, олардың орындалуы және жетілдіру жолдары.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау шараларын бақылау органдары: міндеті, атқаратын қызметі (конспект жасау).
Табиғат ресурстарын өндіру, өңдеу, пайдалану бағытындағы ҒТЖ (конспект жасау).
«Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рационалды пайдаланудағы қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің маңызы» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Өндірістің зиян қалдықтарын жою» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Ресурстарды үнемдеу мен табиғат қорғау шараларының ынталандырушы жүйесін жетілдіру» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Шығыс – Европа елдерінде табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Табиғатты қорғау және ресурс үнемдеуді ынталандыру жүйесін жетілдіру» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Табиғи ресурстарға төлемдер табиғатты пайдаланудың рационалды құралы ретінде» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Қоршаған ортаға лақтырыстар үшін төлемдердің көлемін анықтау әдістері» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Табиғат ресурстарын төлемді пайдалану негіздері, төлем түрлері (конспект жасау).
«Табиғатты қолданудың заңдық аспектілері» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға төленетін төлем көздері.
«Қоршаған ортаға лақтырыстар үшін төлемдердің көлемін анықтау әдістері» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«Қазақстанда табиғатты пайдалануды басқару жүйесі» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
«АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғаудағы басқару тәжірбиесі» тақырыбына жазылған рефератты талқылау.
Табиғатты пайдаланудың халықаралық бағдарламалары
Табиғи ортаны қорғаудың ұлттық.
Табиғатты пайдаланудың және табиғи ортаны қорғаудың халықаралық бағдарламалары, ұйымдары, органдары.
СОӨЖ тақырыптары, мақсаты дәріс,семинар тақырыптарына сәйкес келеді.
9.2. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)
Қазіргі жағдайдағы ҚР құрылымдық саясаты.
Өнеркәсіптік өнімнің халықаралық стандарттау (кәсіпорын мысалында)
Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіптік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіпті басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару (кәсіпорын мысалында)
Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі (өнеркәсіптің саласы немесе к/н мысалында)
Қазақстан өнеркәсібіндегі механикаландыру және автоматтандырудың экономикалық тиімділігі (к/н мысалында)
ҚР өнеркәсібін мамандандырудың дамуы және оның экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында)
ҚР – ның өнеркәсібін бірлестірудің дамуы және экономикалық тиімділігі
ҚР – ның өнеркәсібінің өндірісті күрделендіру және оның экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында)
Қазақстан өнеркәәсібіндегі қорлар пайдалануын жақсарту жолдары және талдау (к/н мысалында)
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы жөндеу жұмыстар ұйымдастырылуының жақсарту жолдары
Өнеркәсіптік кәсіпорынның құрал – жабдықтарды модернизациялау және оның тимділігі (к/ндар берілгендері бойынша)
Өнеркәсіптік негізгі қорлар амортизациясы, оның есептеу тәртібі және ҒТП-ны техдетудегі маңызы
Нарық экономика жағдайындағы күрделі салымдар құрылымын талдау және оларды жетілдіру жолдары (өнеркәсіп мысалында)
Нарық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібі салаларындағы күрделі салымдардың экономикалық тиімділігі
ҚР өнеркәсібінің кәсіпорындарды қайта құру (кеңейту, техникалық қайта қаруландырудың) экономикалық тиімділігі
Өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің жаңа түрлерін игерудің экономикалық тиімділігі
Нарық экономика кезеңдегі кәсіпорын өндірістік - өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Бизнес – жоспар: мазмұны әзірлеу тәртібі, көрсеткіштері
Нарық экономика кезеңдегі өнімді және шикізатты жеткізудің кәсіпорындағы келісім міндеттемелер (кәсіпорындар мысалында)
Өнеркәсіптегі құрал – жабдықтар жаңарту, оның тездету жолдары және қаржыландыру көздері (кәсіпорындар мысалында)
Республиканың тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстан өнеркәсібінің шикізат базаның дамуы.
Өнеркәсіптегі жасанды материалдарды қолдану және өндірістің экономикалық тиімділігі
Өнеркәсіптік қалдықтар және екінші ресурстарын пайдалнудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорын өнеркәсібінің айналым қорлары және олардың пайдалану тиімділігі
Нарық экономика кезеңдегі кәсіпорында материалды күштарлық принципті дамыту
Контракттық жүйені дамыту және қалыптасу жолдары (кәсіпорын мысалында)
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділіктерді көтеру резервтері
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы жұмыс уақытты пайдалнуын талдау.
Еңбек ақыны ұйымдастыру және нарық экономика жағдайындағы ерекшеліктері
Еңбек ақыны ұйымдастыру және нарық экономика жағдайындағы резервтері
Өндіріс рентабельділіктің деңгейін талдау және оны көтеру жолдары (сала немесе кәсіпорын мысалында)
Өндірістік коллективтерді әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өнідірісті басқаруында жетілдіру жолдары.
Өнімнің материал сыйымдылығы және оны төмендету жолдары (өнеркәсіптік сала немесе кәсіпорын мысалында)
Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін көтеру жолдары (кәсіпорын мысалында)
Бірлескен кәсіпорындар: жасау тәжірибесі және өнеркәсіптің әртүрлі салалардағы ерекшелігі (кәсіпорын мысалында)
ҚР – ның монополияға қарсы саясаты маңызы, бағыттары, қолдану тәжірибесі (өнеркәсіптік сала мысалында)
Кәсіпорындағы пайданы таратуын және қалыптасуын талдауы.
Еңбек коллективтердегі кәсіпкерліктің және шаруашылық ынтаның дамуы (кәсіпорын мысалында)
Кәсіпорынның сыртқы және экономикалық дамуы
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламаны жасау тәрітібі
Шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту
Нарық жағдайындағы еңбек ақы (бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорын акционерлік қоғамдар мысалында)
Нарық жағдайындағы инвестициялық саясаттың құрылымдық өзгерістер
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы салық салуды ұйымдастыру
Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын қаржы – несиелік қызметтің дамуы.
Өнеркәсіптегі меншікті жекешелендіру және мемлекеттік меншігінен шығару жолдары
Қазақстан өнеркәсібіндегі акционерлік қоғамдарды ұйымдастыру тәжірибесі
Акционерлік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі және дамуы (кәсіпорын мысалында)
Шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларындағы құрылыс ұйымды қаржыландыру және несиелендіру.
Нарық жағдайдағы құрылыс ұйымдардың тиімділігін көтеру жолдары
Қазақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың қызметін талдау.
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның дамуын талдау (кәсіпорын мысалында)
Өнеркәсіптік кәсіпорынды жекшелендірудің ұйымдастыруын талдау.
Кәсіпорындағы жоспарлаудың ұйымдастыруын талдау (кәсіпорын мысалында)
ҚР – дағы өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамыту.
ҚР – дағы өнеркәсіптің инновациялық процесстерін дамыту.
Шикізат таңдаудың экономикалық дәлелдеуі, негіздеу (кәсіпорын мысалында)
Қр – дағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі
Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері (өнеркәсіп мысалында)
ҚР – сының өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындар тиімділігі және дамуы.
Кәсіпорындарда коммерциялық қызметті ұйымдастыру (кәсіпорын мысалында)
Кәсіпорында инновацияларды басқару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметті талдау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы ұйымдастырушылық мәдениет қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |