264
ақ өзге де ерекше жағдайларда осы баптың 1-тармағының 1),
4) жəне 5) тармақшаларында аталған кəмелетке толмағандар
Орталыққа қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органы
бастығының (бастықтың орынбасарының) қаулысы негiзiнде
орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде
Орталық əкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар ету-
ге мiндеттi. Осы тармақта аталған кəмелетке толмағандарға
қатысты материалдар оларды одан əрi ұстау не орналастыру ту-
ралы мəселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден
бастап үш тəулiктiң iшiнде сотқа, прокурорға немесе қорғаншы
жəне қамқоршы органына ұсынылады.
4. Кəмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн
қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары қамтамасыз
етедi.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған кəмелетке толмағандар-
дың Орталықта болу мерзiмi отыз тəулiктен аспауға тиiс. Осы
баптың 1-тармағының 2), 4) жəне 5) тармақшаларында аталған
кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi оларды ор-
наластыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, ата-аналарын немесе өзге
де заңды өкiлдерiн анықтау не қылмыстық iстi жан-жақты тергеу
үшiн тек алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Осы
санаттағы кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiн
ұзартуға:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған
кəмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция бер-
ген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың
қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) жəне 5) тармақшаларында
аталған кəмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық жəне
қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
6. Кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне
денсаулық сақтау саласындағы уəкiлеттi орган жариялаған ка-
рантин кезеңi, сондай-ақ кəмелетке толмағандардың ауруына
байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты
енбейдi.
7. Орталыққа алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқұмарлық
мас болу күйiндегi кəмелетке толмағандар, сондай-ақ айқын
психикалық аурудың белгiлерi бар кəмелетке толмағандар
орналастырылуға тиiс емес.
265
8. Кəмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тəртiбi мен
шарттары Қазақстан Республикасының уəкiлеттi мемлекеттiк
органы бекiткен ережеде айқындалады.
12-бап. Бiлiм беру органдарының құзыретi
Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) девиантты мiнез-құлықты кəмелетке толмағандарға
арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдарының жəне ерекше режим-
де ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын
қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар
жүйесiн дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) кəмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын
жəне еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
3) дəлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындары-
на бармайтын кəмелетке толмағандарды анықтайды жəне есеп-
ке алады, олармен жəне олардың ата-аналарымен немесе заңды
өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;
4) кəмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық
мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық
пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн дарытуға
бағытталған бағдарламалар мен əдiстемелердi əзiрлеп, бiлiм
беру ұйымдарының жұмыс тəжiрибесiне енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары
бар кəмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссияларды құрады, олардың
кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi жəне оларды одан əрi
оқыту жəне тəрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар
əзiрлейдi;
6) девиантты мiнез-құлықты кəмелетке толмағандарды,
тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер
органдарында есепке алуға жəне олармен жеке профилактикасы
шаралары жүргiзуге қатысады;
7) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында қол жетерлiк
спорт секцияларын, техникалық жəне өзге де үйiрмелер, клуб-
тар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi жəне оларға кəмелетке
толмағандарды тартады.
13-бап. Арнаулы бiлiм беру ұйымдары
1. Арнаулы бiлiм беру ұйымдары оқу-тəрбие немесе емдеу-
тəрбие мекемелерi болып табылады жəне əкiмшiлiк жазалау
266
шараларына əкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi
түрде жасайтын, бастауыш, негiзгi орта жəне жалпы орта бiлiм
алудан қасақана жалтаратын, отбасынан жəне балалардың оқу-
тəрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат
iс-əрекеттер жасайтын он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi
кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне əлеуметтiк
оңалту мақсатында құрылады.
2. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша кəмелетке
толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң
орындылығы туралы шешiмдi сот қабылдайды. Алкогольдiк
iшiмдiктердi, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды
құмарлықпен салынып пайдаланатын кəмелетке толмағандарды
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы мəселенi қарау
кезiнде мiндеттi түрде оларға нашақорлық аурулардан емделу
курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi.
3. Кəмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм беру ұйымына бiр
айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
4. Кəмелетке толмағанның арнаулы бiлiм беру ұйымында
болуы оның кəмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-
ақ мекеме əкiмшiлiгiнiң не кəмелетке толмағандардың iсi жəне
олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аумақтық комиссияның
ұсыныстары негiзiнде арнаулы бiлiм беру ұйымы орналасқан
жердегi сот кəмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл
шараны қолдануды бұдан əрi қажет етпейдi деген қорытындыға
келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Кəмелетке толмағандардың арнаулы бiлiм беру
ұйымдарында болуының сот белгiленген мерзiмiн осы баптың
2 жəне 3-тармақтарында белгiленген тəртiппен, тек қана мына
жағдайларда:
1) кəмелетке толмаған баланың жалпы бiлiмiн немесе кəсiби
даярлығын аяқтау қажет болған, бiрақ ол кəмелеттiк жасқа
толғанға дейiн;
2) əкiмшiлiк жазалау шараларына əкелiп соғатын құқық
бұзушылықтарды жүйелi түрде жасаған, орта бiлiм алудан
қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз еркiмен
кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-əрекеттер арнаулы бiлiм беру
ұйымы орналасқан жердегi сот ұзартуы мүмкiн.
6. Арнаулы бiлiм беру ұйымының тəрбиеленушiсi қылмыстық
Достарыңызбен бөлісу: |