25
iзгiлiкпен қарау, отбасыны қолдау жəне онымен өзара əрекет
жасау, алынған ақпараттың құпиялылығын сақтай отырып,
кəмелетке толмағандарды түзетуге жеке тұрғыдан қарау,
кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен
қадағалаусыз қалудың профилактикасы бойынша жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне
мемлекеттік қолдау, кəмелетке толмағандардың құқықтары мен
заңды мүдделерін бұзылғаны үшін лауазымды тұлғалар мен
азаматтардың жауапкершілігін қамтамасыз ету принциптерiне
негізделеді.
Заңның 6 бабының 1 бөлімінде кəмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне па-
насыз қалу профилактикасының жүйесiне кіретін органдар
мен мекемелердің тізімі беріледі жəне олардың міндеттері
айқындалады: ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау, əділет
органдары, тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын үйлестіруші
мемлекеттік орган, жергілікті өкілдік жəне атқарушы органдар,
кəмелетке толмағандарының істері жəне олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссиялар жəне өз құзыреті шегіндегі өзге де
мемлекеттік органдар.
Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасы қызметін
ұйымдастыруда жеке профилактикалық шаралар айрықша орын
алады. Заңның 19-1 бабына сəйкес кəмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне пана-
сыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық əңгiмелесу;
2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен
жағдайларды жою туралы ұсыныс;
3) профилактикалық есепке алу жəне бақылау;
4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жəне ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу;
5) тəрбиелiк ықпал ету шаралары;
6) қорғау нұсқамасы;
7) əкiмшiлiк жаза қолдану;
8) сот үкiмi бойынша қабылданатын шаралар болып табыла-
ды.
Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
26
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары осы шаралар қолданылатын кəмелетке толмағандардың
жеке ерекшелiктерi жəне олар жасаған құқық бұзушылықтың
қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейi ескерiле отырып
айқындалады.
Заңда кəмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына не-
месе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактикалық шаралар-
ды жүргізудің негіздері белгіленген (20 бап). Осы бапта «теріс
жолға түскен» кəмелетке толмағанға қатысты профилактикалық
жұмысты бастауға барлық құқықтық негіздер көзделген. Мұндай
негіздерге:
1) соттың үкiмi, ұйғарымы немесе қаулысы;
2) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияның, прокурордың, анықтау
органының қаулысы;
3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарлар-
ды тексерудiң нəтижелерi бойынша кəмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне па-
насыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе
мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытынды;
4) кəмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе
заңды өкiлдерiнiң кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге
де ұйымдардың құзыретiне қатысты мəселелер бойынша оларға
көмек көрсету туралы өтiнiштерi жатқызылады.
Балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының профи-
лактикасы жүйесінде білім беру мекемелеріндегі жұмыс ерек-
ше орын алады. Заңның 12 бабы білім беру органдарының
құзыретіне арналған. Заңмен белгіленгендей, білім беру органда-
ры өздерінің кəсіби қызметін арнаулы бiлiм беру ұйымдарында
жəне ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында жүзеге
асырады. Білім беру органдары жалпы білім беретін мектеп-
терде психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия-
лар құрады. Олар дамуында немесе тəртібінде ауытқулары бар
кəмелетке толмағандарды анықтауға, балалардың кешендi түрде
тексерiлуiн жүргiзуге жəне оларды одан əрi оқыту жəне тəрбиелеу
нысандарын анықтау жөнiнде ұсынымдар əзiрлеуге тиісті.
Қазақстан Республикасының «Кəмелетке толмағандар
27
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың
профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының ал-
дын алу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
Респубикасының білім жəне ғылым министрінің 2011 жылғы
10 қаңтардағы №1 бұйырығымен Кəмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтарында кəмелетке толмағандарды күтіп
бағу ережелері (бұдан əрі – Ереже) бекітілді.
Осы нормативтік құқықтық актіге сəйкес Кəмелетке
толмағандарды бейімдеу орталықтары (бұдан əрі – Орталықтар)
кəмелетке толмағандарды уақытша ұстау жəне қабылауды
қамтамасыз ететін білім беру органдарына енгізілетін мемлекет-
тік ұйым болып табылады.
Орталыққа
белгіленген
тəртіппен
орналастырылатын
кəмелетке толмағандар, Ережеге сəйкес, үш санатқа бөлінеді:
1) ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшін
қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар; 2) уақытылы орнала-
стыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-анасының немесе заңды
өкiлдерiнің қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне
немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық
жəне қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен)
немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып
қойған балалар; 3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін
кəмелетке толмағандар.
Ережеге сəйкес, Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе
уытқұмарлық мас болу күйіндегі, сондай-ақ айқын психикалық
аурудың белгілері бар кəмелетке толмағандарды орналастыруға
тыйым салынады.
Кəмелетке
толмағандарды
Орталыққа
орналастыруға
3-санаттағы кəмелетке толмағандарға қатысты соттың қаулысы;
1-ші жəне 2-ші санаттағы кəмелетке толмағандарға қатысты
қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қаулысы
негiз болып табылады.
Кəмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру тура-
лы қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қаулысына
міндетті түрде: тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу
актісі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда); кəмелетке
толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды
өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
туу туралы куəлігі (бар болған жағдайда); білім беру ұйымынан
Достарыңызбен бөлісу: |