Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100

22
қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам, сондай-ақ ауыр 
қылмыс жасағаны үшін ертеректе қылмыстық жауапқа тартылған 
адам  қылмыстық  жауапқа  тартылады.  ҚР  ҚК-нің 15 бабы, 2 
бөлімінде қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдардың 
қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс екенін белгілейтін баптардың 
тізімі  берілген:  кiсi  өлтiргенi (96-бап),  денсаулыққа  қасақана 
ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде 
денсаулыққа  қасақана  орташа  ауырлықтағы  зардап  келтiргенi 
(104-бап,  екiншi  бөлiк),  зорлағаны (120-бап),  жыныстық 
сипаттағы күштеу əрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-
бап),  ұрлық  жасағаны (175-бап,  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  кiсi 
тонағаны (178-бап,  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  ұрып-соққаны 
(179-бап), қорқытып алғаны (181-бап, екiншi, үшiншi бөлiктерi), 
ауырлататын  мəн-жайлар  кезiнде  автомобильдi  немесе  өзге  де 
көлiк  құралдарын  ұрлау  мақсатын  көздемей  заңсыз  иеленгенi 
(185-баптың  екiншi,  үшiншi,  төртiншi  бөлiктерi),  ауырлататын 
мəн-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi 
(187-баптың  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  терроризм (233-бап), 
адамды кепiлге алуы (234-бап), террористiк актi туралы бiле тұра 
көрiнеу  өтiрiк  хабарлағаны (242-бап),  қару-жарақты,  оқ-дəрiнi, 
жарылғыш  заттар  мен  жарылғыш  құрылғыларды  ұрлағаны 
не  қорқытып  алғаны (255-бап),  ауырлататын  мəн-жайлардағы 
бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi), тағылық (258-
бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны 
не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде 
қайтыс  болған  адамдардың  мүрдесiн  жəне  олардың  жерленген 
жерлерiн қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiгi), көлiк құралдарын 
немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi (299-бап).
ҚР  Қылмыстық  кодексінде  кəмелетке  толмағандарды 
қылмыстық  жауаптылыққа  тартқаны  үшін  жəне  олардың 
сотталғаны  жағдайында  құқық  қорғау  органдары  қылмыстық 
құдалауды  жүргізген  кезде  олардың  құқықтық  жағдайын 
реттейтін жеке тарау бөлінген.
Мəселен, ҚР ҚК-нің «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық 
жауаптылығы»  атты 78 бабында  кəмелетке  толмағандар  деп 
қылмыс  жасаған  кезге  қарай  жасы  он  төртке  толған,  бiрақ  он 
сегiзге толмаған адамдар танылады делінген. Осы баптың екінші 
бөлімі  жаза  тағайындауды  көздейді.  Кəмелетке  толмағандарға 
тағайындалатын  жазаның  түрлері  ҚР  ҚК-нің 79 бабында  атап 


23
көрсетілген.  Бұл – айыппұл,  белгiлi  бiр  қызметпен  айналысу 
құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, 
бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру.
Кəмелетке  толмағанға  жаза  тағайындаған  кезде  оның  өмір 
сүру  мен  тəрбиелену  жағдайы,  психикалық  даму  деңгейі, 
адамның  өзге  де  ерекшеліктері,  сондай-ақ  оған  жасы  үлкен 
адамдардың  əсері  ескеріледі.  Кəмелетке  толмаған  жас  шамасы 
жеңілдететін мəн-жай ретінде басқа жеңілдететін жəне ауырлата-
тын мəн-жайлардың жиынтығында ескеріледі. ҚР ҚК қылмыстық 
мəжбүрлеуден басқа, ҚР ҚК-нің 82 бабында көрсетілген тəрбиелiк 
əсерi  бар  мəжбүрлеу  шараларын  да  көздейді.  Сот  кəмелетке 
толмаған  адамға  тəрбиелiк  əсерi  бар  мынадай  мəжбүрлеу  ша-
раларын  тағайындауы  мүмкiн:  ескерту,  ата-аналарының  не-
месе  олардың  орнындағы  адамдардың  не  мамандандырылған 
мемлекеттiк  органның  қадағалауына  беру;  келтiрiлген  зиянды 
қалпына  келтiру  мiндетiн  жүктеу;  бос  уақытын  шектеу  жəне 
кəмелетке  толмаған  адамның  жүрiс-тұрысына  ерекше  талаптар 
белгiлеу; ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына орна-
ластыру;  жəбiрленушiден  кешiрiм  сұрау  мiндеттемесiн  жүктеу. 
Сондай-ақ,  кəмелетке  толмаған  адамға  бiр  мезгiлде  тəрбиелiк 
əсерi бар бiрнеше тəрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.
Қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы 
саласындағы басшылыққа алынатын құқықтық акт – Қазақстан 
Республикасының  «Кəмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы» 
2004 жылғы 9 шiлдедегi  N 591 (2010 жылғы 29 желтоқсандағы 
редакциясында) Заңы болып табылады. Бұл Заңда халықаралық 
құқықты  есепке  ала  отырып,  жасөспірімдердің  жағымсыз 
құбылыстарымен  күресу  проблемаларын  мемлекеттік  деңгейде 
шешудің жаңа амал-тəсілдері қаланған. Кəмелетке толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың 
алдын 
алудың 
бұдан  бұрынғы  жүйесі  отбасыға,  балаларға  медициналық-
психологиялық,  əлеуметтік-құқықтық,  педагогикалық  көмек 
пен қолдау көрсету шаралары кешенінен тұратын қорғау-сақтау 
жүйесіне ауыстырылған. Нақ осындай көзқарас Бала құқықтары 
туралы конвенцияға толық сай келеді. 
Бұл  құжатта  негізгі  ұғымдардың  (қадағалаусыз  қалған  бала, 
панасыз қалған бала, əлеуметтік оңалту, кəмелетке толмағанды 


24
бағып-күту, тұрмысы қолайсыз отбасы жəне т.б.) мəні ашылады. 
Мұнда  профилактиканың  анықтамасы  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз,  панасыз 
қалудың жəне қоғамға жат iс-əрекеттердiң алдын алуға, оларға 
ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға жəне жоюға 
бағытталған,  кəмелетке  толмағандарды  тəрбиелеу,  оқыту  неме-
се бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың 
мiнез-құлқына терiс əсер ететiн ата-аналарымен немесе басқа да 
заңды  өкiлдерiмен,  сондай-ақ  кəмелетке  толмағандарды  құқық 
бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-əрекеттер жасауға тартып 
жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика шараларын қоса 
жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық жəне өзге де шара-
лар жүйесi деп беріледі. 
Заңда  профилактиканың  міндеттері  белгіленген.  Бұл 
міндеттер  профилактика  бойынша  қызметті  жүзеге  асыратын 
ресми қызметкерлер үшін міндетті сипатқа ие. 
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы 
саласындағы қызметтің негiзгi мiндеттерi: 
1) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың жəне қоғамға 
жат  iс-əрекеттердiң  алдын  алып,  олардың  жасалуына  ықпал 
ететiн себептер мен жағдайларды анықтау жəне жою; 
2)  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; 
3)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандарды  əлеуметтiк оңалту; 
4) кəмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-
құлқын қалыптастыру; 
5)  кəмелетке  толмағандарды  құқық  бұзушылықтар  немесе 
қоғамға жат iс-əрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жо-
лын кесу; 
6) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың алдын 
алу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер 
мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактика-
сы  саласындағы  қызмет  заңдылық,  кəмелетке  толмағандарға 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау