Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100

96
Орталық  директоры  мен  директор  орынбасары  Орталықта 
орналасқан  балалардың  санына  бақылау  жасап  отырады.  Əр 
топтағы  балалар  саны 20-дан  аспауы  тиіс.  Егер  бұл  талап-
тар  орындалмайтын  болса  Орталықта  орналасқан  балалардың 
қалыпты  дамуы  мен  тəрбиеленуіне  жасалған  жоспарлар  алға 
қойған мақсатына жете алмайтын болады. 
Баламен жұмыс жасаған əр қызметкер кəмелетке толмағанның 
жеке ісіне жазбалар енгізуге немесе баланың жүріс-тұрысындағы 
оң өзгерістер сипатталатын есеп жасауға тиіс. 
Балалар  тиісті  агенттіктердің  құқықтық  жəне  өзге 
консультативтік  кеңестерді  қоса,  кəсіби    қызметтерін  алып 
отыруға  құқылы.  Бұл  баланың  өз  сезімдері  мен  тілектерін 
білдіруге көмегін тигізеді.
Баланың  жеке  ісі  құпия  түрінде  сенімді  жерде  сақталады. 
Бала  осы  секілді  өзге  де  орындарға  ауысқан  жағдайда  аталған 
құжаттардың көшірмесі баланың өзімен бірге тиісті жерге сенімді 
түрде жеткізіледі. Консультация берілгені жөніндегі құпия жаз-
балар баланың тікелей келісімімен ғана жіберіле алады.
Баланың жеке ісі мөр басылған күйде жəне электронды түрде 
əліпби  ретімен  бес  жылға  дейін  сақталады.  Бес  жыл  өткеннен 
кейін ғана мұрағатқа жолданады.
Балаға  тиесілі  ақша,  құжаттар,  жеке  заттар  жəне  өзге  де 
нəрселер, сондай-ақ сақтауға берілген заттар баланың Орталықтан 
шығарылар кезінде табысталады. 
Ата-анасына  немесе  ата-ана  құқығындағы  заңды  өкілдеріне 
табысталар  кезінде  баланың  денсаулығы  жайлы,  оқу  үлгерімі 
жайлы  табель,  психологиялық-педагогикалық  жай-күйі  жайлы 
мінездеме де қоса беріледі.
Кəмелетке 
толмағандардың 
Қазақстан 
Республикасы 
аумағынан тыс тұрғылықты жеріне жеткізілуін балаларды өзінің 
ата-анасына не қамқоршыларына немесе мемлекетке қайта табы-
стау туралы халықаралық келісімшарттарға сəйкес Орталықтың 
əлеуметтік педагогтары жүзеге асырады. 
Арнаулы  білім  беру  ұйымдарына  жіберілетін  кəмелетке 
толмағандар  Орталықтың  əлеуметтік  педагогы  арқылы 
жеткізіледі.
  Қазақстар  Республикасы  аумағында  тұрақты  тұрып  жатқан 
қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалар артынан келген ата-
аналарына немесе ата-анасы құқығындағы заңды өкілдеріне тап-


97
сырылады  немесе  Орталық  қызметкерлерімен  тұратын  жеріне 
жеткізіледі.
Орталықта  орналасқан  бала  баратын  жеріне  Орталықтың 
қаржыландыруымен  тегін  түрде  жеткізіліп,  заңда  көрсетілген 
мөлшерде  жолдағы  тамаққа  жұмсайтын  қаржымен  қамтамасыз 
етіледі.
Қажет  болғанда,  кəмелетке  толмағандарға  келген  адамдарға 
Орталықта дем алуына орын беріледі. 
Орталық  əкімшілігі  кəмелетке  толмағанның  тұратын  жеріне 
келуін тексеруді ұйымдастырады.
Жасөспірім-қыз  балаларды  алып  жүруін  тек  қана  əйел 
қызметкер жүзеге асырады. 
Кəмелетке толмағандар Орталықта үш айдан артық болмайды. 
Кəмелетке толмағандардың Орталықта қалу мерзімін ұзартуына 
Орталық  əкімшілігінің  ұсынысымен  жергілікті  қамқоршылық 
жəне қорғаншылық органының қаулысы негіз болады. 
7.1.3. Орталықтың профилактикалық жұмыстар ұйымдастыру, 
кəмелетке толмағандарға əлеуметтік жəне психологиялық көмек 
көрсету жөніндегі қызметі
Орталық  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  балаларға 
қоғамдық ортаға қайтадан оралалуы үшін қорғаныс шараларын 
атқарады. 
Орталыққа  балалар  көбінесе  ата-анасының  немесе  ата-ана 
құқығындағы  өзге  де  заңды  тұлғалардың  баланың  оқуы  мен 
тəрбиесіне қажетті міндеттерді атқармағандықтан түсіп жатады. 
Өзінің туған ортасы мен жақын туыстарынан айырылу баланың 
бойында психологиялық дағдарыс туғызып, оның мінез-құлқына 
кері  əсер  етуі  мүмкін.  Орталықтың  мақсаты  балаға  қажетті 
жағдайды  жақсы  білу,  осы  аталған  жағдайды  ата-аналар  мен 
ата-ана  құқығындағы  өзге  де  заңды  тұлғалардың  балаға  жасап 
отырғанын немесе жасамай отырғанын анықтау.
Орталықтағы əлеуметтік-психологиялық жəне педагогикалық 
режимнің ерекшеліктері мынада:
- тəрбиеленушілерді тəулік бойы бақылауда ұстау;
- балалар мен жасөспірімдердің уақытын оқу-тəрбиелеу жəне 
мəдени іс-шаралар арқылы өткізу;


98
-  Орталықта  өзара  құрмет  сезімдері  мен  əділеттілікке 
негізделген  жəне  төмендету,  кемсіту,  келеке  ету  əрекеттерінен 
аулақ  болуға  бағытталған  тəртіп  пен  ережелерді  қатаң  түрде 
сақтау;
-  кəмелетке  толмаған  балалармен  жұмыс  істеудің  жоспарла-
рын бекіту.
Жоспардың  орындалуын  əр  ай  сайын  қадағалап,  жоспарға 
өзгеріс  жасауға  итермелейтін  жағдайлар  жайлы  қосымша 
ақпараттар алып отырған абзал. 
Жоспарлар қажеттілікке сəйкес бағалау үрдістерін негізге ала 
отырып  жүргізілгені  жөн.  Жасөспірімнің  қажеттілігін  бағалау 
жұмыстары жоспарда көрсетіліп отырғаны дұрыс. 
Жоспар  əрбір  баланың  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты 
əзірленіп, бағалау үрдістеріне сай келгені дұрыс. Аталған жеке 
бағдарлама білім беру, жекелей жəне топтық үлгіде жұмыс жа-
сау, отбасылармен қарым-қатынас орнату секілді негізгі үлгілер 
бойынша  жасақталғаны  жөн.  Осы  бағыт  бойынша  жасалған 
мақсатты бағдарламалар əрбір баланың демалуы мен қажеттілігі 
үшін қызмет етеді. 
Орталықтың  əрбір  қызметкері  балалармен  күнделікті  түрде 
жекелей  жəне  топтық  үлгіде  кездесіп,  əңгімелесіп  отырады. 
Баланың  дамуына,  оның  жақсы  түрде  өсіп-өркендеуіне  кері 
ықпал ететін кез-келген факторлар, əрбір баланың үлгерімі мен 
қиындығы  күн  сайын  талқыланып  отырғаны  жөн.  Бұл  əрекет 
қызметкерлерге жасөспірімдерді демеу, оларға кеңес беру жəне 
мейірімге алу секілді міндеттер жүктейді. 
Балаларға  олардың  жетістіктері  жайлы  қызметкерлердің,  ал 
қызметкерлерге  ата-аналар  мен  балалардың  оларға  баға  беруі 
маңызды  деуге  болады.  Балалар  мен  отбасылардың  өмірінде 
орын  алған  өзгерістер  жазбаша  түрде  талқыланып  отырғаны 
дұрыс. 
Балаларға өздерін толғандырған мəселелер бойынша маман-
дармен жиі əңгімелесіп отырғаны пайдалы. 
Балаларды дамыту мақсатында қажетті жоспарлар түзу, осы 
арқылы  жұмыстар  жүргізу,  ең  соңында  жоспар  нəтижесінің 
қаншалықты  орындалып  жатқанына  байланысты  жазбаша  тал-
дау  жұмыстарын  жүргізіп  отыру  пайдалы.  Бұл  баланың  даму 
үрдісі мен оның кейбір ерекшеліктерінен хабар береді. 
Баланың үстел басында отырған, ұйықтап жатқан жəне қиын 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау