Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100

93
луына  жағдай  жасау  болып  табылады.  Мұндай  жағдайға  тап 
болған  баланы  үнемі  бақылап  отырған  жөн.  Қамқоршылық 
жəне  қорғаншылық  органдары  кəмелетке  толмаған  баланы 
психологиялық  тұрғыдан  бақылауға  алып,  тиімді  шаралар 
атқарып отырады.
Егер бала өз отбасына қайта орала алмайтын болса, баланың 
жақын  туыстарымен  немесе  қамқор  кісілерімен  байланысқа 
шығып,  аймақтағы  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық    орган-
дарын хабардар ету керек. Баланың өз отбасына қайта оралып, 
бақытты күй кешуі үшін барлық жағдай жасалады. Егер бала өз 
отбасына қайтуды қаламаса, балаға ол жерде тиісті жағдай жа-
салмайтын болса, ол үшін арнайы орын бөлінетін болады. 
Баланың  ата-анасымен  байланысуы  мүмкін  болмаған 
жағдайда Орталық баланың оқуы мен тəрбиеленуі үшін барлық 
жауапкершілікті өз мойнына алады. 
Орталықтағы  баланың  жағдайы  жайлы  қамқоршылық  жəне 
қорғаншылық органдарына қосымша ақпараттар беріп отырады. 
Ақпаратты хат түрінде жəне телефон арқылы білдіреді. 
Орын алған жағдай анықталып, бала жайлы ақпараттар белгілі 
болған уақытта Орталық қамқоршылық жəне қорғаншылық ор-
гандарымен баланың келешектегі жағдайы туралы жоспарлары-
мен бөліседі.
Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары  бір  айдың 
ішінде баланы керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді. 
Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық    органдары  ата-аналарға 
немесе осы құқықтағы заңды тұлғаларға қатысты сотқа шағым 
түсіре  алатынын  ескертеді.  Ескерту  хат  түрінде  де,  телефон 
арқылы  да  жіберіле  алады.  Бұл  отбасыларға  өзіне  қажетті 
сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді.  
Орталыққа  баланы  қабылдар  кезінде  оның  денсаулығына 
медициналық  тексеру  жұмыстары  жүргізіледі.  Орталық 
қызметкерлері балаға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мұндай тексеру 
қасында  ересек  адамдардан  ешкім  жоқ  баланы  шошындыруы 
мүмкін.  Сондай-ақ,  ересек  адамдар  тарапынан  зорлық  көрген 
балаларда  қорқыныш  сезімі  пайда  болуы  ықтимал.  Жағдайды 
тəнік  түсінетін  бала  тексеру  жұмыстарына  жəне  медициналық 
бақылауға өзінің жеке келісімін бергені абзал. Егер бала тексе-
ру шараларынан қашқақтайтын болса, оларға мұндай тексерудің 
маңыздылығын  жете  түсіндіру  керек.  Егер  бала  тексеру 


94
жұмыстарына өз еркімен бармайтын болса, оған қорқыту жəне 
мəжбүрлеу шараларын қолдануға жол берілмейді. Баланың тексе-
ру жұмыстарына баруы үшін қызметкердің үгіттеу жұмыстарына 
аса кірісуі де міндетті емес.
Баланың меншігіндегі ақша, қымбат заттар мен құжаттар жеке 
сақталады.  Баланы  Орталыққа  қабылдаушы  қызметкер  оның 
кейбір  жеке  заттарын  өзімен  бірге  алып  кіруіне  рұқсат  береді. 
Тағы бір айта кетерлігі, баланың осы заттарына ешкімнің қолы 
сұғылмайды жəне оның өзі ғана қолданатын болады. 
Директор əрбір балаға жеке тəрбиеші тағайындайды. Баланың 
Орталықта болып жатқан процестерге белсенді қатысуына жəне 
өзін толғандырған мəселелерді басшылыққа білдіруіне мүмкіндік 
жасалады. 
Орталыққа қабылданған баланы Орталықтың ережелері, оның 
Орталыққа  орналасуының  себептері,  орналастырудың  мақсаты 
жəне  баланың  жасына  сəйкес  шағым  білдірудің  механизмі 
жөнінде хабардар ету қажет. 
Орталыққа келген баланы өзге балалармен таныстырып, жа-
татын  бөлмесін  көрсету  керек.  Егер  балада  инфекциялық  ауру 
табылған болса өзге балалардан оқшаулап ұстаған жөн.
       
7.1.2. Кəмелетке толмаған баланы Орталықта күтіп-ұстау 
(жағдайы, мерзімі)
Бұл  əдістемелік  құралда  балаға  құрметпен,  мейіріммен 
қарауға  жəне  олардың  қызметкерлерге  сеніммен  қарай  алаты-
нындай  жағдай  туғызуға  ерекше  назар  аударылады.  Кəмелетке 
толмағандармен тікелей қарым-қатынас жасаған кезде Орталық 
қызметкерлері балалардың нақты проблемаларын анықтай ала-
ды.  Əрбір  балаға  жеке  тəрбиелеушіні  тағайындау  балалардың 
күнделікті  жағдайын  бақылап,  оларға  өз  отбасындағыдай 
сезінулері үшін жағдай тузығуға септігін тигізеді.
Орталыққа қабылданған баланы Ережеге сəйкес тіркеу жур-
налында жаздыру қажет.
Əрбір бала жайлы барлық ресми қағаздар (туу туралы куəлігі, 
төлқұжаты жəне басқа да жеке басын куəландыратын құжаттар) 
тігілетін  жеке  іс-құжаттар  жəне  келесілерді  қамтитын  жазбаша 
мəліметтер толтырылады:
- қабылдануы туралы есеп; 


95
- баланың денсаулығы жайлы медициналық анықтама; 
- алғашқы жəне толықтай бағалау есептері;
- баламен жұмыс істеу жоспары; 
- баламен тысқа шығудағы жасалатын іс-əрекет жоспары;
- балаға қатысты сот шешімдері;
-  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық    органдарының 
шешімдері;
- отбасымен барлық байланыстар жөніндегі іске ескертпелер 
–  отбасыға бару жəне одан кейінгі жұмыс жөніндегі есеп.
        
Баланың Орталыққа түскенінен бастап екі апта бойы оның жеке 
басы  зерттеледі,  психологиялық-медицианалық-педагогикалық 
шаралар кешені (медициналық, əлеуметтік, педагогикалық жəне 
психологиялық  қаралу)  анықталады,  сондай-ақ  баланы  бұдан 
кейінгі балалар мекемелеріне, отбасыларға орналастыру немесе 
тұрғылықты жеріне жеткізу мəселесі анықталады. 
Орталықта орналасқан балалар:

заңға сəйкес білім алуы;

арнайы  заңмен  көрсетілген  қажетті  медициналық 
көмекпен қамтамасыз етілуі;

əрбір балаға жеке əзірленген іс-шаралар кешені мен жо-
спарына сəйкес отбасын қолдау бойынша кеңестер мен қызметтер 
алуы тиіс.
Балалардың  тамақпен,  киіммен,  аяқ-киіммен  жəне  жұмсақ 
ойыншық  заттармен  қамтамасыз  етілуі  Қазақстан  Республика-
сы  Үкіметінің 2000 жылы 17 мамырдағы  «Азаматтардың  білім 
алуға  қажетті  əлеуметтік  көмектің  көлемі  мен  түрлері  туралы» 
қаулысына сəйкес жүзеге асырылады.
Білім  беру  үрдісі  кəмелетке  толмағандардың  Орталықта  ор-
наласу  уақытына,  оқуға  үлгеріміне  сəйкес  ұйымдастырылады. 
Кəмелетке  толмағандардың  білім  алуы  психологиялық, 
медициналық  жəне  педагогикалық  консультациялар  арқылы 
жүзеге  асырылады.  Балалар  оқуын  жалғастыра  алуы  үшін 
орналасқан жерге жақын мектепке, ал мектеп жасына толмаған 
балалар мектепке дейінгі орындарға жіберіледі.  
Егер  Орталыққа  орналастырылған  кəмелетке  толмаған  бала 
құқық  бұзушылық  немесе  өзге  де  заңға  қайшы  қылмыстық 
əрекеттері  үшін  іздеуде  жүрген  болса,  дереу  заңға  сəйкес  ішкі 
істер органдарының уақытша изоляторларына жіберлетін бола-
ды.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау