304
айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi
мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге, не дəл сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Ескерту. 136-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47,
2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
137-бап.
Кəмелетке
толмаған
баланы
тəрбиелеу
жөнiндегi мiндеттердi орындамау
Кəмелетке толмаған баланы тəрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi
ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге
адамның, сол сияқты кəмелетке толмаған баланы қадағалауды
жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тəрбие беру,
емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы
немесе тиiстi дəрежеде орындамауы, егер бұл əрекет кəмелетке
толмаған балаға қатал қараумен ұштасса - елу айлық есептiк
көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде
немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз
сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға
тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не-
месе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе
онсыз екi жыл мерзiмге дейiн бас бостандығын шектеуге жаза-
ланады.
Ескерту. 137-бапқа
өзгерiс
енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.
138-бап.
Балалардың
өмiрi
мен
денсаулығы-
ның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi
тиiсiнше орындамау
1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне
осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi ар-
найы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi
ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер
бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа
305
ауырлықтағы зиян келтiруге əкеп соқса - бес мың айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi
айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы
мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазым-
ды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан ай-
ырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өлiмiне əкеп соққан нақ сол əрекет
- үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару не-
месе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе
онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын
терiс пайдалану
Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк не-
месе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру
үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе
қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы)
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан
келтiруге əкеп соқса - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi
кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл
салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi
жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
306
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрінің
2011 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен бекітілген
Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында
кəмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ереже кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының
қызметін, олардың білім беру, кəмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтардың жəне қадағалаусыз қалудың профилак-
тикасы саласындағы құзыретін айқындайды.
Кəмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан
əрi – Орталық) кəмелетке толмағандарды уақытша ұстау
жəне қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарына
енгізілетін мемлекеттік ұйым болып табылады.
2. Орталық денсаулық сақтау, білім, туризм жəне спорт, ішкі
істер, халықты əлеуметтік қорғау, əділет, органдарымен, сонымен
қатар, кəмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік
емес ұйымдармен, бірлесіп қызмет атқарады.
3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім
беру саласындағы заңнамасына, осы Ережеге жəне орталықтың
жарғысына сəйкес жүзеге асырылады.
4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз жəне панасыз
қалған жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды,
сонымен қатар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін
кəмелетке толмағандарды қабылдауды, олардың ата-аналарын
немесе басқа заңды өкілдерінің анықтағанға дейін уақытша күтіп
бағуды, бейімдеуді жəне бұдан əрі орналастыруды, қамтамасыз
ету.
5. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) өмiрде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарға
жəне олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы
жағдайдан шығу үшін əлеуметтік жəне психологиялық көмек
көрсету;
2) кəсіптік-еңбек, оқыту-танымдық жəне шынықтыру-
сауықтыру
бағыттарындағы
компонеттерден
тұратын
Достарыңызбен бөлісу: |