298
беру ұйымдарында болуының тəртiбi мен шарттары Қазақстан
Республикасының заңдарымен айқындалады.
8. Кəмелетке толмаған бала келтiрген зияны үшiн
жəбiрленушiден өзi кешiрiм сұрайды.
9. Осы Кодекстiң 82-бабы бiрiншi бөлiгiнiң б) жəне г)
тармақтарында көзделген тəрбиелiк ықпалы бар мəжбүрлеу ша-
раларын қолдану мерзiмi кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған
кезде ұзақтығы – алты айдан бiр жылға дейiн, орташа ауыр
қылмыс жасаған кезде – бiр жылдан екi жылға дейiн жəне ауыр
қылмыс жасаған кезде екi жылдан үш жылға дейiн белгiленедi.
10. Кəмелетке толмаған бала тəрбиелiк ықпалы бар мəжбүрлеу
шараларын жүйелi түрде орындамаған жағдайда, егер осы
Кодекстiң 69-бабының 1-бөлiгiнде белгiленген ескiру мерзiмi
өтпесе, мамандандырылған мемлекеттiк органның ұсынысы
бойынша сот бұл шараның күшiн жояды жəне материалдар
кəмелетке толмаған баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту
үшiн жiберiледi.
Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-
IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
84-бап. Кəмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шарт-
ты түрде мерзiмiнен бұрын босату
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату
кəмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан
айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:
а) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот
тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн;
б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде
үштен бiрiн; <*>
в) адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы
үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн
сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен
кейiн қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 84-бапқа
өзгерiс
енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.
299
85-бап. Ескiру мерзiмi
Осы Кодекстiң 69 жəне 75-баптарында көзделген ескiру
мерзiмi кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
немесе оның жазасын өтеуiнен босату кезiнде тең жартысына
қысқартылады.
86-бап. Соттылықты жою мерзiмдерi
Он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар
үшiн осы Кодекстiң 77-бабында көзделген соттылықты жою
мерзiмдерi қысқартылады жəне тиiсiнше:
а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым
жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға;
б) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас
бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн бiр жылға;
в) ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан ай-
ыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болады.
87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiз бен жиырма бiр
жас аралығындағы адамдарға қолдану
Ескерту. 87-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР
2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Он сегiз бен жиырма бiр жас аралығындағы қылмыс жасаған
адамдарға жасаған əрекетiнiң сипатын жəне жеке басын еске-
ре отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына орналастыруды қоспағанда,
осы бөлiмнiң ережелерiн қолдана алады.
Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-
IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстар
131-бап. Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық iске
тарту
1. Кəмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның
қылмыстық iске тартуы - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
300
2. Ата-анасы, педагог не кəмелетке толмаған адамды
тəрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге
адам жасаған нақ сол əрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,
күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған
əрекеттер - екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде
көзделген, кəмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр
қылмыс жасауға тартуға байланысты əрекеттер - бес жылдан
сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза-
ланады.
132-бап. Кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-
əрекеттер жасауға тарту
1. Кəмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтыну-
ға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға,
не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту
- жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге
қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кəмелетке толмаған адамды тəрбиелеу
жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ
сол əрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шек-
теуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдар-
ды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген
бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп
қорқытып жасалған əрекеттер - алты жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.06.27 N 50-
IV (қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 N
354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
Достарыңызбен бөлісу: |