Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет94/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   100

292
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
1997 ЖЫЛҒЫ 16 ШIЛДЕДЕГI N 167 
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСI
(Үзінділер)
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
II бөлiм 
Қылмыс
14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар     
1.  Есi  дұрыс,  осы  Кодексте  белгiленген  жасқа  толған  жеке 
адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
2.  Қылмыс  жасаған  адамдар  шығу  тегiне,  əлеуметтiк, 
лауазымдық  жəне  мүлiктiк  жағдайына,  жынысына,  нəсiлiне, 
ұлтына,  тiлiне,  дiнге  көзқарасына,  сенiмiне,  қоғамдық 
бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге 
де кез келген мəн-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей.
15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шама-
сы
1.  Қылмыс  жасаған  кезде  он  алты  жасқа  толған  адам 
қылмыстық жауапқа тартылады. 
2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi 
өлтiргенi (96-бап),  денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтiргенi 
(103-бап),  ауырлататын  мəн-жайлар  кезiнде  денсаулыққа 
қасақана  орташа  ауырлықтағы  зардап  келтiргенi (104-бап, 
екiншi  бөлiк),  зорлағаны (120-бап),  жыныстық  сипаттағы 
күштеу əрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық 
жасағаны (175-бап,  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  кiсi  тонағаны 
(178-бап,  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  ұрып-соққаны (179-бап), 
қорқытып  алғаны (181-бап,  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  ау-
ырлататын  мəн-жайлар  кезiнде  автомобильдi  немесе  өзге  де 
көлiк  құралдарын  ұрлау  мақсатын  көздемей  заңсыз  иеленгенi 
(185-баптың  екiншi,  үшiншi,  төртiншi  бөлiктерi),  ауырлататын 
мəн-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi 
(187-баптың  екiншi,  үшiншi  бөлiктерi),  терроризм (233-бап), 
адамды кепiлге алуы (234-бап), террористiк актi туралы бiле тұра 


293
көрiнеу  өтiрiк  хабарлағаны (242-бап),  қару-жарақты,  оқ-дəрiнi, 
жарылғыш  заттар  мен  жарылғыш  құрылғыларды  ұрлағаны 
не  қорқытып  алғаны (255-бап),  ауырлататын  мəн-жайлардағы 
бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi), тағылық (258-
бап), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны 
не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мəн-жайлар кезiнде 
қайтыс  болған  адамдардың  мүрдесiн  жəне  олардың  жерленген 
жерлерiн қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiгi), көлiк құралдарын 
немесе  қатынас  жолдарын  қасақана  жарамсыз  еткенi (299-бап) 
үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 
3.  Егер  кəмелетке  толмаған  адам  осы  баптың  бiрiншi  неме-
се екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа толса, бiрақ психикасының 
бұзылуына  байланысты  емес  психикалық  дамуы  жағынан  арт-
та  қалуы  салдарынан  кiшiгiрiм  немесе  орташа  ауырлықтағы 
қылмысты жасау кезiндегi өзiнiң iс-əрекетiнiң (əрекетсiздiгiнiң) 
iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде 
түсiне  алмаса  не  оған  ие  бола  алмаса,  қылмыстық  жауапқа 
тартылуға тиiс емес. 
Ескерту. 15-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2002.02.19
N 295, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан 
кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 
Заңдарымен.
VI БӨЛIМ 
Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
78-бап. 
Кəмелетке 
толмағандардың 
қылмыстық 
жауаптылығы
1. Осы бөлiмнiң күшi қолданылатын кəмелетке толмағандар 
деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он 
сегiзге толмаған адамдар танылады. 
2.  Қылмыс  жасаған  кəмелетке  толмағандарға  жаза 
тағайындалуы мүмкiн не оларға тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу 
шаралары қолданылуы мүмкiн. 
Ескерту. 78-бапқа 
өзгерiс 
енгiзiлдi - Қазақстан 
Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.


294
79-бап.  Кəмелетке  толмағандарға  тағайындалатын 
жаза түрлерi
1.  Кəмелетке  толмағандарға  тағайындалатын  жаза  түрлерi: 
      а) айыппұл; 
б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; 
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) бас бостандығын шектеу;
д) (алынып тасталды)
е) бас бостандығынан айыру болып табылады. 
2. Айыппұл кəмелетке толмай сотталған адамның дербес та-
бысы  немесе  өндiрiп  алуға  жарайтын  мүлкi  болған  жағдайда 
ғана  тағайындалады.  Айыппұл  оннан  бес  жүз  айлық  есептiк 
көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде  немесе  кəмелетке  толмаған 
адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты 
айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады. 
3.  Кəмелетке  толмағандарға  белгiлi  бiр  қызметпен  айналы-
су  құқығынан  айыру  бiр  жылдан  екi  жылға  дейiнгi  мерзiмге 
тағайындалады. 
4.  Қоғамдық  жұмыстарға  тарту  қырық  сағаттан  жүз  алпыс 
сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кəмелетке толмаған 
адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады 
жəне ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында 
атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн 
орындауының  ұзақтығы  күнiне  екi  сағаттан,  ал  он  алтыдан  он 
сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы ке-
рек. 
5. Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа 
жеткен кəмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге 
тағайындалады. 
5-1.  Кəмелетке  толмағандарға  бас  бостандығын  шектеу  бiр 
жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.  
6. (алынып тасталды)
7.  Кəмелетке  толмағандарға  бас  бостандығынан  айыру  он 
жылдан аспайтын, ал ауырлататын мəн-жайларда кiсi өлтiргенi 
үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың 
бiреуi  ауырлататын  мəн-жайларда  кiсi  өлтiргенi  үшiн - он  екi 
жылдан  аспайтын  мерзiмге  тағайындалуы  мүмкiн.  Кiшiгiрiм 
ауырлықтағы  қылмыс  жасаған  немесе  орташа  ауырлықтағы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау