261
10) құқық бұзған кəмелетке толмағандарға, сондай-ақ
кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне бағып-күту
жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-
құлықтарына терiс əсер ететiн кəмелетке толмағандардың ата-
аналары мен заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен қарайды;
11)
кəмелетке
толмағандар
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың про-
филактикасы жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады.
7. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияларды құру тəртiбi жəне олардың
қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарымен
айқындалады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV
Заңымен.
10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi
Iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:
1) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) - 12)
тармақшаларында аталған кəмелетке толмағандарды, сондай-
ақ кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту, бағып-күту
жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын жəне (немесе) олардың
мiнез-құлқына терiс əсер ететiн олардың ата-аналарын неме-
се заңды өкiлдерiн анықтайды, есебiн жүргiзедi жəне оларға
қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;
2) кəмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға
қарсы iс-əрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты
басқа да құқыққа қарсы ic-əрекеттер жасайтын адамдарды,
сондай-ақ кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне
(немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын
немесе тиiсiнше орындамайтын, не олардың мiнез-құлқына
терiс əсер ететiн кəмелетке толмағандардың ата-аналары мен
заңды өкiлдерiн, педагогтарды, тəрбиешiлердi, оқу, тəрбие жəне
кəмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi
өзге де мекеменiң басқа да қызметкерлерiн анықтайды жəне
оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады;
3) кəмелетке толмағандар жасаған немесе олардың
қатысуымен жасалған əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен
262
қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды белгiленген
тəртiппен қарайды жəне оларға итермелейтiн себептер мен
жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныстар
енгiзедi, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
4)
ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған
балалар-
ды мемлекеттiк мекемелерге жiберуге немесе кəмелетке
толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды
ресiмдеуге жəрдемдеседi;
5) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жəне ерекше режим-
де ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кəмелетке
толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға жəне
өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған
кəмелетке толмағандардың өмiр салтын жəне мiнез-құлқын
бақылауды қамтамасыз етуде əдiлет органдарының қылмыстық-
атқару инспекцияларына жəрдемдеседi;
7) Əдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару инспекциялары-
мен бiрлесе отырып, балаларын тəрбиелеу, оқыту жəне бағып-
күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын жəне (немесе)
олардың мiнез-құлқына керi əсер ететiн, Қазақстан Республика-
сы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тəртiбiмен жазасын өтеу
кейiнге қалдырылған сотталған əйелдерге қатысты материалдар
дайындайды;
8) кəмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы,
құқық бұзушылықтары туралы жəне қоғамға жат iс-əрекеттерi,
оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi ор-
гандар мен мекемелердi хабардар етедi;
9) кəмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын жəне
басқа заңды өкiлдерiн құқықтық тəрбиелеуде бiлiм беру орган-
дарына жəрдемдеседi;
10) он сегiз жасқа толмаған жəне құқық бұзушылықтар жасаған
кəмелетке толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау
қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тəрбиелеу мекемелерiне
жiберiлетiндердi заңда белгiленген тəртiппен Уақытша оқшаулау,
бейiмдеу жəне оңалту орталықтарында ұстайды жəне бағып-
күтедi;
11) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi, сондай-ақ ата-аналарының
немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған
балалар мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу
263
жəне оңалту орталықтарына жеткiзедi жəне бағып-күтедi, олар-
ды кейiннен Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына
бередi.
11-бап. Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейiмдеу жəне оңалту орталықтары
1. Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу
жəне оңалту орталықтары (бұдан əрi - Орталық):
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге
дейiн қоғамға қауiптi əрекет жасаған;
2) өмiр сүру жəне тəрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы
тұрғылықты жерiнде бұдан əрi тұру мүмкiндiгi болмаған
жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталған;
3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жəне ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлген;
4) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау
үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз жəне пана-
сыз қалған;
5) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда
ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың
қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе
денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық жəне
қорғаншылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) неме-
се оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған
кəмелетке толмағандарды қабылдауды жəне уақытша ұстауды
қамтамасыз ететiн iшкi iстер органдарының қарауында болатын
арнайы балалар мекемелерi болып табылады.
Осы тармақтың 4) жəне 5) тармақшаларында аталған
кəмелетке толмағандар Орталықта өзге де негiздер бойынша
ұсталып отырған кəмелетке толмағандардан бөлек ұсталады.
2. Кəмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында
аталған кəмелетке толмағандарға қатысты - прокурор санкция
берген қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе соттың
қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 4) жəне 5) тармақшаларында
аталған кəмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық жəне
қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-
Достарыңызбен бөлісу: |