Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет58/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100

182
жұбайдың талап етуі бойынша осы  қаражат мөлшерін айқындауға 
міндетті. 
3.  Егер  мүлікті  бөлу  үшінші  бір  адамдардың  мүдделерін 
қозғайтын болса, сот мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізуді та-
лап етуге құқылы. 
23-бап.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзған    кезде  оның 
тоқтатылу кезі
1.  Тіркеуші  органдарда  бұзылған  неке  (ерлі-зайыптылық) 
-  азаматтық  хал  актілерін  жазу  кітабында  некенің  (ерлі-
зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, 
ал  неке  (ерлі-зайыптылық)  сотта  бұзылған  кезде  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген 
күннен бастап тоқтатылады.
Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі 
заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің 
көшірмесін  шешім  шығарылған  жер  бойынша,  сондай-ақ  неке 
қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша  
тіркеуші органға жолдауға міндетті.
2.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  заңды  күшіне 
енген  соттың  шешімі  сот  шешімі  шығарылған  жер  бойынша 
не  ерлі-зайыптылардың  біреуінің  тұрғылықты  жері  бойынша 
тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады.
Ерлі-зайыптылар  осының  алдындағы  некенің  (ерлі-
зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куəлік алғанға дейін жаңадан 
некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға (тіркелуге) құқылы емес. 
24-бап.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  тоқтатудың  салда-
ры
Осы  Кодексте  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  некенің 
(ерлі-зайыптылықтың)  тоқтатылуымен  ерлі-зайыптылардың 
өздерінің 
неке-отбасылық 
(ерлі-зайыптылық-отбасылық) 
қатынастарынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес 
құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
 


183
5-тарау. НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ) 
ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
1.  Осы  Кодекстің 10 - 12-баптарында  белгіленген  шарттар 
бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай  жағдайларда:
1) неке (ерлі-зайыптылық) жалған қиылған кезде;
2)  неке (ерлі-зайыптылық) мəжбүрлеп қиылған кезде;
3)  егер  некеге  отырған  (ерлі-зайыпты  болған)  адамдардың 
біреуі  екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының 
жəне қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар 
екенін жасырса; 
4)  егер  некеге  отырған  (ерлі-зайыпты  болған)  адамдардың 
біреуі  екіншісінен  басқа  адамның  пайдасына  алимент  төлеу 
фактісін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп 
таниды. 
2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану тура-
лы  соттың  шешімі  заңды  күшіне  енген  күннен  бастап  үш  күн 
ішінде  соттың  осы  шешімінің  үзінді  көшірмесін  неке  қиюдың 
(ерлі-зайыпты  болудың)  мемлекеттік  тіркелген  жері  бойынша 
тіркеуші органға жіберуге міндетті.  
3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз 
деп танылады.
26-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану-
ды талап етуге құқығы бар адамдар
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы та-
лап етуге:
1)  егер  неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына  толмаған  адаммен 
неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), кəмелетке толмаған жұбайы, 
оның заңды өкілдері немесе прокурор; 
2) некелесуде (ерлі-зайыпты болуда) құқығы бұзылған жұбай, 
сондай-ақ, егер мəжбүр ету, алдау, қателесу нəтижесінде немесе 
некелесуді (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде өз 
іс-əрекеттерінің  мəнін  түсінбеген  жəне  өзін-өзі  билей  алмаған 
жай-күйінің  салдарынан  ерлі-зайыптылардың  біреуінің  некеге 
отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса (ерлі-зайыпты 
болса), прокурор; 
3) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мəн-


184
жайлардың  бар  екенін  білмеген  жұбайы,  əрекетке  қабілетсіз 
деп  танылған  жұбайдың  қорғаншысы,  осының  алдындағы 
бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы;
4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлі-зайыпты болу) 
жағдайында, некенің (ерлі-зайыптылықтың) жалғандығы туралы 
білмеген жұбайы; 
5)  осы  Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) 
тармақшаларында  аталған  мəн-жайлар  болған  кезде  құқығы 
бұзылған  жұбайы құқылы. 
2.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына  толмаған  адаммен, 
сондай-ақ сот əрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған 
некені  (ерлі-зайыптылықты)  жарамсыз  деп  тану  туралы  істі 
қарау кезінде іске қатысуға қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тартылады.
27-бап.  Некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  жарамсыздығын 
болғызбайтын мəн-жайлар
1.  Егер  некені  (ерлі-зайыптылықты)  жарамсыз  деп  тану  ту-
ралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі 
келтірген  мəн-жайлар  жойылса,  сот  осы  кезден  бастап  некені 
(ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.
2.  Сот  неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына  толмаған  адаммен 
қиылған  некені  (ерлі-зайыптылықты),  егер  мұны  кəмелетке 
толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені (ерлі-
зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кез-
де жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.
3.  Егер  мұндай  некені  (ерлі-зайыптылықты)  тіркеткен  адам-
дар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені 
(ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды. 
4.  Ерлі-зайыптылардың  арасында  жақын  туыстық  болған 
не  некені  (ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік  тіркеу  кезінде 
ерлі-зайыптылардың  біреуі  басқа  бұзылмаған  некеде  тұрған 
(ерлі-зайыпты  болған)  жағдайларды  қоспағанда,  неке  (ерлі-
зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмай-
ды.
28-бап.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  жарамсыз  деп 
танудың салдары
1.  Осы  баптың 4 жəне 5-тармақтарында  белгіленген 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау