Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Неке  (ерлі-зайыптылық) жасы



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет56/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100

176
10-бап. Неке  (ерлі-зайыптылық) жасы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен əйелдер үшін 
он сегіз жас болып белгіленеді. 
2. Мынадай дəлелді себептер болған: 
1) жүкті болған;
2)  ортақ  бала  туған  кезде  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  бо-
луды)  мемлекеттік  тіркеу  орны  бойынша  тіркеуші  органдар 
неке  (ерлі-зайыптылық)  жасын  екі  жылдан  аспайтын  мерзімге 
төмендетеді.  
3.  Некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  тілек  білдірушілер 
жəне  олардың  ата-аналары  не  қамқоршылары  белгіленген  неке 
жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете от-
ырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш 
беруі мүмкін.
4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана неке-
ге  отырушылардың  (ерлі-зайыпты  болушылардың)  келісімімен 
жол беріледі.
5.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына  толмаған  адамдар 
арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам 
мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы 
некеге  (ерлі-зайыптылыққа)  неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына 
толмағандардың  ата-аналарының  не  қамқоршыларының  жазба-
ша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
 
11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болу-
ына) жол берілмейтін адамдар
Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
1) бір жынысты адамдардың; 
2)  олардың  біреуі  болса  да  басқа  тіркелген  некеде  тұратын 
(ерлі-зайыпты болған) адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асы-
рап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; 
5)  соттың  заңдық  күшіне  енген  шешімі  бойынша  олардың 
біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі сал-
дарынан əрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында 
жол берілмейді.


177
12-бап.  Некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адам-
дарды медициналық зерттеп қарау
1. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге 
медициналық,  сондай-ақ  медициналық-генетикалық  мəселелер 
жəне  репродуктивтік  денсаулық  қорғау  мəселелері  бойын-
ша  консультация  беруді  жəне  зерттеп-қарауды  денсаулық 
сақтау  ұйымдары  жəне  тек  олардың  екеуінің  келісімімен  ғана 
жүргізеді.
2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерт-
теп қараудың нəтижелері медициналық құпия болып табылады 
жəне  ол  неке  қиюға  (ерлі-зайыпты  болуға)  ниеттенген  адамға 
зерттеп  қараудан  өткен  адамның  келісімімен  ғана  хабарлануы 
мүмкін. 
Некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамның  некеге 
отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына 
қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып та-
былады.
13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тəртібі
1.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты 
болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда 
не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.  
Некеге  тұруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  тілек  білдірген 
адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше (ауыр 
науқастануы,  қамауда  немесе  бас  бостандығынан  айыру  орын-
дарында болуы) жағдайларда некені қиюды (ерлі-зайыпты болу-
ды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда 
тиісті ұйымның əкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, не-
кеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен 
жүргізіледі. 
2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайып-
ты  болуға)  тілек  білдірушілер  тіркеуші  органға  өтініш  берген 
күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. 
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны 
бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дəлелді себеп-
тер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.
Айрықша  мəн-жайлар  (жүктілік,  бала  тууы,  тараптардың 
бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі жəне басқа да айрықша мəн-
жайлар)  болған  кезде  некеге  отырушылардың  (ерлі-зайыпты 


178
болушылардың)  қалауы  бойынша  өтініш  берілген  күні  некені 
қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. 
3. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу осы 
Кодексте белгіленген тəртіппен жүргізіледі. 
4.  Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адам-
дар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші 
органның  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік 
тіркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін.
4-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) ТОҚТАТУ
14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату
Некені  (ерлі-зайыптылықты)  тоқтату  өздеріне  байланысты 
емес  жағдайлар  нəтижесінде  (қайтыс  болу,  олардың  біреуін 
қайтыс  болған  деп  жариялау  немесе  хабар-ошарсыз  кеткен 
деп  тану)  не  осы  Кодексте  белгіленген  тəртіппен  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де 
не  біреуінің  өз  еркі  бойынша  іс-əрекеттер  жасауы  нəтижесінде 
ерлі-зайыптылар  арасында  заңдық  қатынастардың  тоқтатылуы 
болып табылады.
Ерлі-зайыптылар  арасында  некенің  (ерлі-зайыптылықтың) 
тоқтатылуы, ата-аналар мен осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) 
туған  немесе  асырап  алынған  балалар  арасындағы  құқықтық 
қатынастарды үзбейді жəне тоқтатпайды.
15-бап.  Ерлі-зайыптылардың  біреуінің  қайтыс  болуы, 
соттың  оны  қайтыс  болды  деп  жариялауы  немесе  хабар-
ошарсыз  кеткен  деп  тануы  салдарынан  некенің  (ерлі-
зайыптылықтың) тоқтатылуы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс 
болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе 
хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады. 
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз 
кеткен  деп  таныған  жұбайы  келген  жəне  тиісті  сот  шешімдері 
күшін  жойған  жағдайда  ерлі-зайыптылардың  бірлескен  өтініші 
бойынша  тіркеуші  орган  некені  (ерлі-зайыптылықты)  қалпына 
келтіруі мүмкін. 
3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе 
тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе 
қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау