Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет57/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100

179
жағдайларды  қоспағанда,  егер  басқа  зайыбы  жаңадан  некеге 
отырса  (ерлі-зайыпты  болса),  некенің  (ерлі-зайыптылықтың) 
қалпына келтірілуі мүмкін емес. 
16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің не-
месе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот 
əрекетке  қабілетсіз  деп  таныған  жұбайының  қорғаншысының 
өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. 
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) жұбайының жүктілігі кезеңінде 
жəне  бала  туғаннан  кейінгі  бір  жыл    ішінде  оның    келісімінсіз 
бұзуға болмайды. 
17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) 
бұзу
1. Кəмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылар-
дың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  өзара  келісімі  кезінде 
жəне бір-біріне мүліктік жəне өзге де талаптары болмаған кезде 
тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады. 
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот əрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) сот əрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
4)  қылмыс  жасағаны  үшін  кемінде  үш  жыл  мерзімге  бас 
бостандығынан  айыруға  соттаса,  неке  (ерлі-зайыптылық)  ерлі-
зайыптылардың кəмелетке толмаған ортақ балаларының болуы-
на қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша 
тіркеуші органдарда бұзылады.
3.  Некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  бұзылуын  мемлекеттік 
тіркеуді  осы  Кодексте  белгіленген  тəртіппен  тіркеуші  орган 
жүргізеді.
18-бап.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  кезінде  ерлі-
зайыптылар арасында туындайтын дауларды қарау
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың 
арасында  ортақ  мүлікті  бөлуге,  еңбекке  қабілетсіз  жұбайын, 
сондай-ақ  кəмелетке  толмаған  балаларын  күтіп  бағуға  қаражат 
төлеуге қатысты туындайтын даулар сот тəртібімен қаралады.


180
19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тəртібімен бұзу
1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан əрі бірлесіп өмір сүруі 
жəне  отбасын  сақтауы  мүмкін  еместігін  анықтаса,  неке  (ерлі-
зайыптылық) сот тəртібімен бұзылады. 
2. Мынадай:
1)  осы  Кодекстің 17-бабының 2-тармағында  көзделген 
жағдайларды  қоспағанда,  ерлі-зайыптылардың  кəмелетке 
толмаған ортақ балалары болған;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) 
бұзуға келісімі болмаған; 
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болма-
уына қарамастан, өз іс-əрекеттерімен не əрекетсіздігімен некені 
(ерлі-зайыптылықты)  бұзудан жалтарған; 
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік жəне өзге де талап-
тары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тəртібімен 
бұзылады. 
3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы 
сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-
зайыптылық) сот тəртібімен бұзылады. 
4.  Ерекше  жағдайларда  сот  осы  баптың 3-тармағында 
көрсетілген  мерзім  өткенге  дейін  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзуға құқылы.  
20-бап.  Ерлі-зайыптылардың  біреуінің  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-
зайыптылықты) сот тəртібімен бұзу
Ерлі-зайыптылардың  біреуінің  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзуға  келісімі  болмаған  кезде  сот  ерлі-зайыптыларды 
татуластыруға  шаралар  қолдануға  жəне  ерлі-зайыптыларға  та-
туласу  үшін  алты  ай  шегінде  мерзім  тағайындай  отырып,  істі 
қарауды кейінге қалдыруға құқылы. 
Егер  ерлі-зайыптыларды  татуластыру  жөніндегі  шаралар 
нəтижесіз  болса  жəне  ерлі-зайыптылар  (олардың  біреуі)  некені 
(ерлі-зайыптылықты)  бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) 
бұзылады. 
21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бой-
ынша сот тəртібімен бұзу
1. Кəмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар-


181
дың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  өзара  келісімі  болған 
кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік жəне өзге де та-
лаптары  болмаған  кезде  сот  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
себептерін  анықтамастан  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуы 
мүмкін.  
2.  Егер  кəмелетке  толмаған  ортақ  балалары  бар  ерлі-
зайыптылардың  біреуі  бір-біріне  мүліктік  талаптар  болмаған 
кезде  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  өтініш  берсе,  ал 
екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-
əрекеттерімен  не  əрекетсіздігімен  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзудан  жалтарса,  сот  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
себептерін  анықтамастан,  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуы 
мүмкін. 
22-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім 
шығару кезінде сот шешетін мəселелер
1.  Неке  (ерлі-зайыптылық)  сот  тəртібімен  бұзылуы  кезінде 
ерлі-зайыптылар  кəмелетке  толмаған  балалары  өздерінің 
қайсысымен  тұратындығы  туралы,  балаларды  жəне  (немесе) 
еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу 
тəртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың 
ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына ала-
ды. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар 
өзінің тегін таңдауды некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын 
мемлекеттік тіркеу кезінде шешеді.
2. Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында 
көрсетілген  мəселелер  бойынша  келісім  болмаған  жағдайда, 
сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың 
біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот: 
1)  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылғаннан  кейін  кəмелетке 
толмаған  балалар  ата-аналарының  қайсысымен  тұратындығын 
айқындауға; 
2) ата-аналардың қайсысы жəне қандай мөлшерде балаларды 
күтіп бағуға алимент төлейтінін айқындауға;
3)  кəмелетке  толмаған  балалардың  жəне  (немесе)  ерлі-
зайыптылардың  өздерінің  мүдделерін  ескере  отырып,  ерлі-
зайыптылардың  талап  етуі  бойынша  олардың  бірлескен  ортақ 
меншігіндегі мүлікті бөлуге;
4)  жұбайынан  ақша  қаражатын  алуға  құқығы  бар  екінші 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау