73
лалар, белсенділер де бар. Əсел Жаппарова (Алматы қаласының
№130 гимназиясын «өте жақсы» бітірген) клуб туралы былай
дейді:
«Қоғам балаларды жайлы жəне жайсыз деп бөліп қояды, бұл
мені ашындырады. Барлық балалар бұл өмірге бірдей болып
келеді, ал баланың қалай өсіп-жетілетініне үлкендер ғана жау-
апты. Менің қиын балалармен неге араласатынымның, неліктен
бұл клубта бар болғанымды ата-аналарым басында түсінбейтін.
Бірақ, мен осы өмірде сəтсіздікке ұшырап, сүрінген балалардың
нағыз достары бар екеніне сенім артқанын қалаймын. Жас ұрпақ
осы қатал дүниені толық өзгертуге міндетті. Бұл əлі кеш емес
екеніне сенім артамын» [1].
«Жаңа достар» клубы əлеуметтік кері бейімделген
жасөспірімдер тұлғасының əлеуметтік тиімді əдістерімен
қоғам құрылымында қалыптасуына жəне өзін іске асыруына
бағытталған оңалту-профилактикалық бағдарламасын білдіреді.
Басқаша айтқанда, «Жаңа достар» клубы – жасөспірімнің өзін
тұлға ретінде танып, жаңа мінез-құлық əдістеріне үйренуге бола-
тын, дем алып, қауіпсіз жерде екенін сезініп, өзін көрсете алатын
орта.
«Жаңа достар» клубы – бұл позитивтік қолдау тобы. Клуб
жұмысын ересек адамдар ұйымдастырады, ал жұмыстың
жүргізіліуін үлкендердің қарауымен балалар жүргізеді. Топ
қатысушылары сабақтарға қатысады, себебі оларға құрбылары
білдіретін қолдау көз тартады. Жылы қарым-қатынаспен алмасу
оларға күш-жігер береді жəне бұрынғы өмір қалыбына оралуы-
нан қорғайды.
Əр жасөспірім біреуге керекті екенін сезуге зəру. Бір-
бірімен қарым-қатынас жасап, қолдау көрсетіп, бейəлеуметтік
қылықтары бар балалар олардың əрқайсысы өзіне көңіл бөлінуін
қажет ететінін түсіне бастайды. Бұрынырақта олар өздерін
бейəлеуметтік қылықтарымен көрсетіп, тек теріс көңілге ие
болатын. Бұдан былай, олар жақсы жəне пайдалы бір нəрсе
істеп, құрбыларымен араласып өзіне көңіл аударуға болатынын
түсінеді.
Бейəлеуметтік қылықтары бар жасөспірім өзінің біреуге ке-
рек екенін жəне топтың қамқорлығына ие болғанын сезінгенінен
алатын оң сезімдер əлеуметтік тұрғыдан өзін дұрыс ұстауға
негіздейді. Енді өзіне ыңғайсыздық тудыруға немесе дүниеге
қарсы тұруға оған мағына жоқ. Өмірінде алғаш рет жасөспірім
74
екі жаққа бірдей еркін достық, қолдау мен қамқорлық ахуалында
қарым-қатынас жасау қандай екенін сезінеді [2].
«Қауіп тобындағы» жасөспірімдерге арналған ұйым
бағдарламасының көп бөлігі жеке тұлғаның жəне жалпы
топтың мінезінің күшті жақтарының көрініс табуына əкелетін
экстремалдық жағдай туғызуға негізделеді. Қиыншылықтарды
жеңу процесі топтың жəне оның жекелеген мүшелерінің өзгеруіне
жəне сапалы өсуіне əкеледі. Терапия моделі девианттық, қоғамға
жат мінез-құлықтың себептерін іздеуге жəне жоюға емес,
жасөспірімнің ресурстарын ашуға дəне дамытуға екпін қояды.
Нтижесінде жасөспірім кері бейімделу факторларына қарсы тұра
алатын болады. Жасөспірімнің негізгі ресурстары, ұйымның
психологтарының көзқарасы бойынша, оның құндылықтары мен
ерік-жігер аясы болып табылады.
Əлеуметтік патронат бағытында жасөспірімдермен нəтижелі
жұмыс жасау үшін қажет көптеген буындар бар. Олар түрін
өзгертіп, жетілдіріліп тұрады, оларға белгілі бір толықтырулар
енгізіледі. Бірақ ең бастысы – осы жүйеде жұмыс жасайтындар
жасөспірімдердің жалғыз емес екенін түсініп, көшені тастап,
құрбылары арасында болып, отбасыға оралуына ниет танытуы
үшін барын салып жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда ұйымның мəліметтер базасында 365 жасөспірім
бар, олармен жұмыс жасау алда тұр. Сондықтан да, ұйымның
ұжымы осы күрделі санаттағы балалар мен жасөспірімдермен
жұмыс жасау формалары мен əдістерін үнемі іздеуде. Олар мы-
надай үлкен жəне маңызды міндетті шешуі тиіс: ортақ күшпен
балаларымыздың демократиялық, өркениетті мемлекетте жақсы
өмір сүруіне жағдай жасауымыз қажет. Олар тағдыр тəлкегіне
ұшырамағаны, оларды жақсы көретіні, қамын ойлайтыны жəне
өз елінің толық құқықты азаматы болуына бəрі істеліп жатқаны
туралы білуі тиіс [1].
__________________________________________
1. «Балалық шақтың шегі жоқ» ҚБ-нің материалдары.
2. Баламен қалай сөйлесу керек? / Дуглас Блох. - СПб.: Прайм-
ЕВРОЗНАК, 2007. - 320 б. – (Ата-ананың бас кітабы).
75
6-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы
қадағалаусыздық пен панасыздықтың
профилактикасын ұйымдастыру
бойынша ұсынымдар
Кəмелетке
толмағандардың
қадағалаусызыдығы
мен
панасыздығына, құқық бұзушылығына қарсы профилактикалық
жұмыстар атқарып жатқан мемлекеттік органдарының алдын-
да осы аталған түйіткілдердің жолын қалай ғана кесе аламыз
деген сұрақ мазалауда. Бір нəрсе анық. Əлеуметтік тұрғыдан
демеуді қажет ететін жайсыз отбасылар мен жасөспірімдерді
профилактикалық тұрғыдан жəне оңалту жолымен дұрыс жолға
бағыттау кезек күттірмес маңызды мəселелердің бірі.
Кəмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылығының
алдын алу, олардың құқықтары мен өмірлік құндылықтарын
қамтамасыз ету ең алдымен осы саладағы нормативтік құқықтық
актілердің бұлжытпай орындалуына, атқарушы органдар мен
оларға қарасты ұйымдардың үйлесімді жұмыстарына, мемлекет-
тік жəне отбасы саясаты мəселелері жөніндегі жергілікті басқару
органдарының жұмысына тікелей байланысты екені анық.
Профилактика – мамандардың бір бағытта, бір мақсатта
жұмыла жұмыс істеуі деген сөз. Ол жұмысқа мыналар жатады:
- кəмелетке толмаған балаларға, сол секілді олардың отбасы-
ларына жайсыздық фактілері анықталған кезде профилактикалық
жұмыстар атқару;
- отбасында, балалар бойында жəне балалар арасында пай-
да болған жағымсыз өзгерістер бойынша профилактикалық
жұмыстар жүргізу, жасөспірімдер арасында қадағалаусыздық
пен панасыздыққа алып келетін негізгі факторлардың бірі – ба-
лаларын дұрыс тəрбиелей алмаушы отбасылардың негізгі проб-
лемаларын жəне оның себептерін анықтау, т.б.;
- кəмелетке толмаған балалары бар отбасыларда туындауы
ықтимал əлеуметтік-психологиялық проблемалардың алдын
алу;
- мемлекет қамқорлығын қажет етуші əрбір отбасыға өмірлік
қиындықтар туа қалған жағдайда қол ұшын созу;
- қауіп тобындағы балалардың тізімін анықтап, оларды
бақылауға алу;
- қадағалаусыз жəне панасыз қалған кəмелетке толмағандар-
Достарыңызбен бөлісу: |