Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет26/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100

83
6.2.  Балалардың  қадағалаусыз  қалуының  профилакти-
касы  бойынша  қауіп  тобындағы  отбасылармен  əлеуметтік 
жұмыстар
Профилактикалық  жұмыстар  ата-аналар  мен  отбасылардың 
төмендегідей санаттарымен жүргізіледі:

балалардың  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін 
жайсыз отбасылармен;

психикалық ауытқушылығы бар ата-аналармен; 

спирттік  ішімдікті,  есірткі,  уландырғыш,  есеңгірететін 
заттарды қолданатындармен;

қоғамға қарсы, əдепке жат өмір сүретіндермен;

балалардың  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін 
жағдайда өмір сүретіндермен.
Отбасылармен  əлеуметтік  жұмыстар  мынадай  түрде 
жүргізіледі:

медициналық-əлеуметтік жұмыстар – отбасының ере-
сек  мүшелерін  ішімдікке  əуес  болудан  құтқару  (осы  жағдайға 
пайдасы болатын тренингтер өткізу, анонимді ішкіштер тобынан 
құтқару,  ішімдікпен  ауырған  кісілерді  емдеу),  олардың  денінің 
сауығып  кетуі  үшін  қажетті  көмек  көрсету,  дəрі-дəрмектер 
беру,  ата-аналарды  орталыққа  шақырып,  психотерапевтпен 
əңгімелестіру, т.б.;

психоəлеуметтік  жұмыстар – мемлекеттік  жəне 
жергілікті  органдарды  психодиагностикалық,  кеңесшілік 
жəне  психокоррекциялық  жұмыстарға  тарту.  Əлеуметтік  қауіп 
тобындағы  отбасылардың  ересек  мүшелерінің  психикалық 
тұрғыдан  қалыпты  жағдайға  келуі  мен  мəртебесін  қамтамасыз 
ету  мақсатында  балаларымен  қатал  қарым-қатынас  жасамаула-
ры, əйелдерге жəне өзге де əлсіз отбасы мүшелеріне қиянат жа-
самаулары үшін оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу;

əлеуметтік-құқықтық  жұмыстар – балаларға  тиісті 
тəлім-тəрбие бермей, олардың оқуына қажетті жағдай жасамай-
тын отбасының ересек мүшелеріне əдепсіз өмір сүру салтының 
зияны жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мұндай жағдайдың 
құқықтық  жауапкершілігін  түсіндіріп,  осындай  отбасыларға 
кəмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  комиссияның, 
қорғаншылық органдарының, ішкі істер органдарының кəмелетке 


84
толмағандардың  істері  жөніндегі  бөлімшесінің,  полицияның 
учаскелік қызметкерлерінің назарын аударту;

əлеуметтік-педагогикалық  жұмыстар – балалардың 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалмауы  үшін  əлеуметтік  ортаның 
барлық  институттарымен  ұтымды  түрде  барынша  тиісті  іс-
шараларға кірісу. Сондай-ақ, отбасының бос уақытын анықтап, 
олардың осы аралықты тиімді түрде өткізулері үшін, отбасының, 
балалардың  денінің  сау  болуы  үшін,  олардың  отбасылық 
мерекелерді  қуанышты  түрде  атап  өтулері  үшін  (туылған  күн, 
мерейтой,  т.б.),  қажетті  шаралар  қабылдау,  отбасының  ересек 
мүшелерінің кішілерімен үнемі тəрбиелік маңызы бар əңгімелер 
айтуы,  олардың  талабы  мен  дарынын  дұрыс  бағытта  арттыру-
лары үшін демеу болып, оқуына көмек көрсету, ата-аналар мен 
мектеп  ұстаздары  арасында  жақын  қарым-қатынастың  орнауы 
үшін қажетті шаралар қабылдау, т.б.;
-  əлеуметтік-экономикалық  көмек – отбасының  ересек 
мүшелерінің  жұмысқа  орналасулары,  жаңадан  кəсіптік  білім 
алулары,  өзге  жұмыспен  қамтамасыз  етілулері  үшін  қажетті 
көмек көрсету. Сондай-ақ, материалдық тұрғыдан көмек көрсету, 
яғни,  балаларды  киім-кешекпен,  мектеп  керек-жарақтарымен, 
ойын  құралдарымен,  кітаптармен  жəне  медициналық  керек-
жарақтармен қамтамасыз ету, т.б.;
-  əлеуметтік-тұрмыстық  көмек – тұрғылықты  мекен-
жайдың гигиеналық тұрғыдан талаптарға сай болуы; үйді таза-
лау жұмыстары кезінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз 
ету немесе өзге үй жұмыстарына қол ұшын созу (тамақ дайындау, 
киім  жуу,  азық-түлік  сатып  алу,  отбасы  мүшелері  науқастанып 
қалған жағдайда оларды зиярат етіп отыру, т.б.). Қауіп тобындағы 
отбасыларға əлеуметтік патронаж жасауға қатысу үшін үкіметтік 
емес ұйымдардың кəсіби қызметкерлерін тартуға болады.
6.3.  Қауіп  тобындағы  балалармен  профилактикалық 
жұмыстар
Профилактикалық  жұмыстар  кəмелетке  толмағандардың 
келесі санаттарымен жүргізіледі:
-  отбасынан  кетіп  қалғандармен  (ұшты-күйлі  жоқ  болып, 
іздеуде жүргендермен; олардың тұрғылықты жерінен кетіп қалу 
себебін анықтау);


85
-  білім  беру  ұйымдарынан,  əлеуметтік  оңалтуды  қажет 
ететін  кəмелетке  толмағандарға  арналған  арнаулы  білім 
беру  ұйымдарынан,  ерекше  режимде  ұстайтын  білім  беру 
ұйымдарынан кетіп қалғандармен; 
- қаңғыбастықпен, қайыршылықпен жəне жезөкшелікпен ай-
налысушы балалармен; 
-  өміріне  қауіп  төнетін  немесе  денсаулығына  нұқсан  келуі 
ықтимал  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болғандармен  жəне  осы 
жағдайд
-  ата-аналары  мен  заңды  өкілдерінің  (не  өзге  тұлғалардың) 
қаталдығына ұшырағандармен;
- отбасы ішінде жыныстық зорлыққа ұшырағандармен.
Сонымен  қатар,  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғау жұмыстарына мыналар жатады:
-  азаматтармен  жұмыс  істеу  жəне  олардың  арызына  жауап 
беру;
-  ата-аналардың  ата-аналық  құқығынан  айрылуы  мен 
балалардың  тұрғылықты  мекен-жайының  анықталуы  үшін 
жұмыс жүргізу;
-  ата-аналармен немесе ата-аналық құқыққа ие болған заңды 
тұлғалармен  балалардың  тəрбиесі  мен  білім  алуы  бойынша 
пікірталастар өткізіп отыру, оларды бақылау;
- жайсыз отбасылар мəселесі бойынша профилактика жүйесі 
өкілдерімен  жиі-жиі  үйлестіру  жиналыстарын  өткізіп,  əр-түрлі 
іс-шаралар өткізіп отыру.
Қауіп  тобындағы  балалармен  профилактикалық  жұмыстар 
келесі бағытта жүргізіледі:
- есірткі жəне ішімдік қолданудың профилактикасы; 
-  осы  аталған  жағымсыз,  зиянды  əдеттерден  арылуы  үшін 
көмек  көрсету,  сондай-ақ  балалармен  жекелей  жұмыс  жасау 
(əңгімелесу, өзін-өзі ұстай білуі үшін ерік-жігер қалыптастырып, 
өз  ісіне  өзі  жауап  бере  алатынындай  етіп  тəрбиелеу,  нарколог 
дəрігерлермен біріге отырып, олардың тиісті кеңестерін алу); 
-  жастар  үшін  тиімді  акциялар  өткізу («нашақорлыққа  жол 
жоқ» деген тақырыпта сурет конкурстары мен плакаттар жаса-
ту, «Жастар нашақорлыққа қарсы» деген тақырыпта фестиваль-
дер ұйымдастыру, пайдасы мол үнпарақтар таратуды жолға қою, 
т.б.); 
- нашақорлық пен ішімдікке қарсы бағытта жастар арасында 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау