Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет31/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100

99
жағдайға  түсіп  қалған  кезіндегі  көрсеткен  мінез-құлықтары 
мен  тосын  əрекеттері  Орталық  қызметкерлеріне  баланың  əлсіз 
не  жігерлі  мінезі  жайлы  ақпараттар  береді.  Бұл  ерекшеліктер 
Орталық  қызметкерлері  арасында  жазбаша  түрде  талқыланып, 
балалармен жұмыс жүргізу үрдісіне  оң ықпалын тигізуі тиіс.
Егер  бала  Орталық  қызметкерлеріне  өзі  келіп  өзіне  қорған 
болуларын  немесе  тиісті  шара  қолдануларына  өтініш  айтатын 
болса,  Орталық  қызметкерлері 48 сағаттың  ішінде  бұл  жағдай 
жөнінде  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдарына  ақпар 
беруі  тиіс.  Орталыққа  баланың  өз  еркімен  келуі,  сөзсіз,  үлкен 
батылдықты  көрсетеді.  Мұндай  балалар  ата-анасынан  зорлық-
зомбылық көріп, өз отбасынан қашып, қорған болатын қауіпсіз 
мекен іздейді.
Егер  бала  өзі  келіп,  мəселені  жайып  салса,  осыған  қажетті 
қадамдар  мен  тиісті  шаралар  жасауға  кезек  келеді.  Мəселен, 
балаға  қатыгездік  пен  кемсітушілік  көрсету  немесе  баланы 
жасаған қателігі үшін жазалауға қатаң тыйым салынады. Баланы 
ұрып-соғуға, оны итеруге, мұрнынан сүйреп жүруге, жұлқылауға 
жəне  осы  секілді  ерсі  дене  қылықтарын  жасауға  болмайды. 
Ата-аналардың  немесе  отбасының  ересек  мүшелерінің  балаға 
қатыгездікпен  қарауына,  оларды  қатал  түрде  сөгуіне  немесе 
оларды  жасқаншақтыққа  алып  баратын  қылықтар  жасауына 
тыйым салынады. Сонымен қатар, балаға қатты дауыс көтеріп, 
айғайлауға да болмайды. 
Құпиялылық  қағидасын  сақтау  қажет – қызметкерлерге 
баланың  мəселесі  жөнінде  басқа  балалардың  көзінше 
əңгімелесуге  болмайды.  Баланың  жеке  мəселесінің  егжей-
тегжейі жөнінде оны білуге қажеті жоқ басқа үлкен адамдармен 
де сөйлесуге болмайды. 
Арнаулы  білім  беру  ұйымына  жіберілетін  кəмелетке 
толмағандармен  құқықтық  білім  беру  мен  алдағы  уақытта 
тұратын  жерге  əлеуметтік-педагогикалық  бейімдеу  жұмыстары 
жүргізіледі.
Кейбір жағдайда балалар мен ата-аналар оларды тыңдамағаны 
немесе  айтқан  сөзі  жерде  қалғаны  үшін  өкпелі  болуы  мүмкін. 
Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналар Орталық басшылығына 
осы мəселе жөнінде шағым жасай алады. 
Орталық  əкімшілігі  балалардың  шағымын  қабылдайтын, 
оларға тиісті жауап беретін арнайы қызметкерді тағайындайды. 


100
Көбінесе  шағым  жасаған  балаларға  тиісті  көмек  қажет  бола-
ды.  Сондықтан  балалар  мен  ата-аналар  өздеріне  тиісті  көмек 
бере  алатын  жергілікті  адвокаттық  қызметке  жүгіне  алады.  Ал 
Орталық адвокат қызметіне қалай байланыса алатынын, олармен 
қалай жұмыс істей алатындығы жөнінде ҮЕҰ-мен бірлесе кеңес 
бере алады
Балалар  арасындағы  күннен  күнге  туындайтын  елеусіз 
қиындықтар бейресми түрде шешілгені жөн. Алайда қиындықтар 
күрделеніп, бала не ата-ана арыз-шағымның қаралуын талап ет-
кен жағдайда оларға ресми арыз-шағым беруіне мүмкіндік беру 
қажет.
Бала  не  оның  ата-аналары  Орталықтың  немесе  іс-қимылдар 
жоспарын  іске  асыру  кезінде  тартылатын  басқа  агенттіктердің 
қызметкерлеріне  қатысты  шағым  түскеннен  кейін  Орталық 
наразылық жəйтін не түсірген шағымды зерттеуге міндетті. 
Ресми шағымға соңғы жауап əрдайым жазбаша түрде беріледі. 
Ал  оның  көшірмесі  кəмелетке  толмағандардың  істері  жəне 
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.
Шағым  жасау  үрдісі  Орталық  басшылығына  Орталықтағы 
балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға жəне/не-
месе балалардың не ата-аналардың басқа қызметтерге қатысты 
мəселелерін  көтеруге  оң  ықпал  етеді.  Шағым  жасау  жəйті 
Орталық қызметкерлері өз міндеттерін орындамағанының белгісі 
ретінде қарастыруға болмайды. Шын мəнісінде шағымның сəтті 
шешім табуы балалар мен оның ата-аналарының пікірін басқалар 
құрметейді, тыңдайды деуге болады.
  
7.2. Кəмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарына орна-
ластыру жəне отбасыға əлеуметтік көмек көрсету
7.2.1. Кəмелетке толмағандарды білім беру  ұйымдарына ор-
наластыру
Қамқорлықтан айырылған кəмелетке толмағандарға қатысты 
Орталық  қызметкерлері  олардың  бұдан  кейін  жетім  бала-
лар  мен  ата-анасының  немесе  ата-аналық  құқығына  ие  заңды 
тұлғалардың қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ме-
кемелерге  орналастыру  үшін  қажетті  құжаттар  əзірлеп,  оларды 


101
қамқоршылық жəне қорғаншылық органына тапсыралы.
Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органы  баланы  орнала-
стыру жөнінде шешім шығарады. 
Егер баланы өзінің отбасына қайтару мүмкін болмаса немесе 
баланы  қамқорлыққа  алатын  өзге  де  жақын  туыстары  болмаса 
өзге де мүдделі отбасыларға орналастыру мəселесі қаралады. Ба-
ланы өз отбасына немесе жақсы қамқор отбасыға орналастыру 
үшін  барлық  жағдай  қарастырылуы  тиіс.  Егер  баланы  өз  отба-
сына орналастыру мүмкін болмаса, баланың қалауына сай кел-
месе  мəселені  шешудің  өзге  де  жолдары  іздестіріледі.  Сондай-
ақ,  баланың  қолайлы  жағдайда  өмір  сүруі  үшін  отбасыдағы 
қалыптасқан жағдай жете сараланады. Баланы орналастыру ша-
ралары  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органымен  бірлесе 
іске асырылады. 
Өз  отбасынан  қашып,  Орталыққа  келген  баланы  қайтадан 
тұрғылықты жеріне оралту үшін барлық жағдай қарастырылады. 
Бірақ  оның  бірден  өз  отбасына  оралуы  балаға  қауіпті  болуы 
мүмкін. Сондықтан жағдайды зерттеп барып, қажетті қадамдарға 
барған жөн.  
Орталықта  əр  балаға  бекітіліп  берілген  тəрбиеші  баланың 
өсіп-өркендеуі  жəне  қиналып  қалмауы  үшін  тиісті  көмегін 
көрсетіп  отыруы  тиіс.  Орталық  баланың  мақсат-мүдделеріне 
сəйкес  жұмыстар  жасайды.  Балалармен  жеке  сұқбаттасып, 
оның  мұң-мұқтажын  тыңдау,  баланың  неліктен  өз  отбасын  та-
стап  кеткеніне  зерттеу  жүргізген  дұрыс.  Баланың  жағдайын 
толықтай  зерттеп,  оған  қажетті  іс-шаралар  жоспарын  құрған 
жөн. Баланың өз отбасынан неліктен қашып кеткені жайлы шы-
найы пікірін білу үшін əдетте біраз уақыт қажет болуы мүмкін. 
Бұл  жағдай,  əсіресе,  Орталық  қызметкерінің  баламен  ашылып 
сөйлесе  алмауынан  пайда  болады.  Баланың  өз  ата-аналарының 
немесе қамқоршыларының өзіне жасаған қоқан-лоққылары мен 
əлімжеттіктерін, заңға қайшы əрекеттерін тəрбиешіге айта қоюы 
оңай емес.
Қабылдау  жөніндегі  маман  баланы  Орталыққа  қабылдар 
кезінде кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны 
не  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органын  міндетті  түрде 
бұл мəселе жөнінде хабардар етіп, баланың жеке мəселелерінің 
шешілуіне, қалыпты жағдайда өсіп-өркендеуіне жағдай жасауы 
қажет.  


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау