Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет5/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

15
бөлімінің «б», «в» тармақшасы бойынша екі жылға шартты түрде 
бас бостандығынан айырылған.
1996  жылы  туылған  О.  есімді  кəмелетке  толмаған  оқудан 
жалтарғаны  үшін  Алматы  қаласындағы  Девиантты  мінез-
құлықты  балаларға  арналған  арнаулы  білім  беру  ұйымына 
жіберілді.  
Бұл жасөспірім бес кісіден – əкесі, шешесі жəне екі бауырынан 
құралған  отбасында  өскен.  Қадағалаусыздық  жəне  панасыздық 
фактілері бойынша ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрған. 
Ата-анасының  тəрбиесіне,  мектептің  ұстаздар  ұжымына  жəне 
полиция  қызметкерлеріне  бағынбай,  өз  еркімен  үйден  кетіп 
қалатын.  Кəмелетке  толмаған  бала 2010-2011 оқу  жылдары 
дəлелді себепсіз сабаққа келмей, нəтижесінде аттестат та алмай-
ды. 
Үй-тұрмыс  жағдайына  жасалған  акт  кəмелетке  толмаған 
баланың  өмір  сүруі  жəне  білім  алуы  үшін  жақсы  жағдай 
жасалғанын  көрсетті.  Үйде  балаға  қажетті  нəрсенің  бəрі  бар. 
Отбасыда ешкім ішімдік қолданбайды, балалар қарны тоқ жəне 
таза болып жүреді. Алайда О. екі мəрте үйден кетіп қалған. Екі 
айда О-ның ата-аналары баласын іздеп, екі рет іздеу жариялай-
ды. Бірақ О. ата-анасының да, мектеп əкімшілігінің де, полиция 
қызметкерлерінің де ескертулерін құлаққа ілмеді. 
Сот  ата-ананың  балаға  қажетті  бақылау  жасамайтынын, 
осыған сəйкес баланың да əке-шешесіне құрмет көрсетпейтінін 
анықтап,  ата-ананың  өз  баласының  оқуы  мен  тəрбиесіне 
немқұрайды қараған деп тапты. 
Сот  шешімі  бойынша  жасөспірім  əкімшілік  құқық 
бұзушылық  айыбы  бойынша  кінəлі  деп  табылды.  Ата-ана  да 
ҚР  ƏҚБК-нің 1 бөлімі 111 бабы  бойынша  баласы  алдындағы 
ата-аналық  міндеттерін  орындамаған  деп  айыпталды.  Осыған 
сəйкес  жасөспірім  Алматы  қаласындағы  Девианттық  мiнез-
құлықты  балаларға  арналған  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымына  бір 
жылға жіберілді.
Кəмелетке  толмағандардың  мінез-құлығындағы  барлық 
ауытқуларға: 
қадағалаусыздыққа, 
құқық 
бұзушылыққа, 
алкогольді ішімдіктерді, есірткі заттарды қолдануға негіз бола-
тын бір ғана жəйт – жасөспірімнің əлеуметтік бейімделе алмауы. 
Бұның негізгі себебі отбасы ішіндегі қиындықтарда жатыр.
Баланың  толыққанды  дамуы  үшін  оңтайлы  орта – туған  от-


16
басы.  Отбасыдан  айырылу  балаға  зақым  келтіретіні  сөзсіз. 
Сондықтан  негізгі  күш-жігер  отбасымен  жұмыс  жасауға,  оны-
мен ынтымақтастық құруға, қиыншылықтарды бірлесе шешуге 
бағытталуы тиіс. Отбасыға қатысты қабылданған шаралар өзінің 
нəтижесіздігін  көрсетіп,  ол  отбасымен  бұдан  ары  жұмыс  істеу 
мүмкін болмаған жағдайда ғана баланы алып, туған отбасыдан 
тыс оңалту ортасын құру туралы мəселе қарастырылады. 
Өмірде қиын жағдайға тап болған, əлеуметтік бейімделе алма-
ған кəмелетке толмаған бала қоғамда толыққанды дамып-жетілу 
құқығы өрескел бұзылған құрбанға айналады. Құқық бұзушыға 
айналғанның  өзінде,  ондай  əрекеттерімен  өз  құқықтарының 
бұзылғандығын  қоғамға  білдіргісі  келеді.  Баланың  жеке 
басынажəне  қоршаған  ортасына  байланысты  туатын  пробле-
маларды алдын-ала талдауға негізделіп, оны кешенді тұрғыдан 
шешу ғана нақтылы оң нəтиже бермек.


17
2-тарау. Балалардың қадағалаусыздығы мен 
панасыздығы, кəмелетке толмағандардың 
арасында құқық бұзушылық жəне 
балалардың құқықтарын қорғау 
саласындағы ҚР заңнамасына талдау 
Адам  жəне  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясына,  халықаралық 
құқықтың 
қағидалары 
мен 
нормаларына, «Қазақстан 
Республикасындағы  бала  құқықтары  туралы»  Заңына  жəне 
еліміздің басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес балаға 
тумысынан жазылған жəне мемлекет оған кепілдік береді.
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
басты 
ерекшелігі  адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  əркiмге 
тумысынан жазылған, олар абсолюттi жəне олардан ешкiм айыра 
алмайды  деп  танылуында.  Адам  құқықтары  мен  бостандықтары 
Конституцияға сəйкес танылады жəне оларға кепiлдiк берiледi (12 
бап). 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 27 бабының 1 
бөлімінде  неке  мен  отбасы,  ана  мен  əке  жəне  бала  мемлекеттiң 
қорғауында  болады,  ал  осы  баптың 2 бөлімінде    балаларына 
қамқорлық  жасау  жəне  оларды  тəрбиелеу – ата-ананың  етене 
құқығы əрі мiндетi деп көрсетілген. 
ҚР  Конституциясының  «Адам  жəне  азамат»  атты 2 бөлімінің 
баптарына  талдау  жасасақ,  құқықтық  демократиялық  мемлекеттің 
басты өлшемі адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы 
болатынын көруге болады. Мұндай мемлекеттің түпкі мақсаты жеке 
адамның  мүдделерін  тіршілік  қарекетінің  барлық  салаларында 
қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Осылайша,  жеке  адамның,  оның 
құқықтарының басымдылығы, бостандықтары мен заңды мүдделері 
Қазақстан Республикасында қорғалатын басты құндылыққа айналып 
отыр. 
Балалық  шақты  қорғау  саласында  көптеген  мемлекеттер  негізге 
алып,  жұмысын  ұйымдастырып  отырған  халықаралық  маңызы  бар 
басты құжат – Бала құқықтары туралы конвенция – халықаралық 
стандарттағы  құқықтық  құжат  болып  табылады.  Ол  баланы  толық 
құқықты жеке тұлға ретінде таниды. 
Конвенцияның  негізгі  идеясы  баланың  мүдделерін  барынша 
қамтамасыз  етуге  негізделеді.  Конвенция  ережелері  негізгі  төрт 


18
талапқа  саяды,  олар  балалардың  тіршілік  жасау,  өсіп-өну,  қорғалу 
жəне қоғам өміріне белсене араласуын қамтамасыз ету құқықтарын 
қамтамасыз етуі тиіс. 
Конвенцияда  балалар  ерекше  қамқорлық  пен  көмекке  құқылы 
деп  тұжырымдалған.  Бала  БҰҰ  Жарғысында  жарияланған  мұратты 
мақсаттар:  бейбітшілік,  адамгершілік,  төзімділік,  бостандық,  теңдік 
жəне  тілектестік  рухында  тəрбиеленуі  тиіс.  Осындай  қорғау  мен 
қамқорлықты  қамтамасыз  ету  мақсатында  Конвенцияға  қатысушы 
мемлекеттер  барлық  тиісті  заңнамалық,  əкімшілік  жəне  басқа 
шараларды қабылдауға міндетті.
Қазақстан  Республикасында  БҰҰ-ның  Бала  құқықтары  туралы 
конвенцияның  талаптары  «Қазақстан  Республикасындағы  баланың 
құқықтары  туралы» (2002), «Білім  туралы» (2007), «Кəмелетке 
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы 
мен  балалардың  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалуының  алдын  алу 
туралы» (2004) Заңында, басқа да заңдарда, Президент жарлықтарын-
да, Үкімет қаулыларында, басқа да мемлекеттік билік пен жергілікті 
ақтарушы органдардың актілерінде заңанамалық тұрғыда бекітілген. 
«Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары 
туралы»  Заңына  сəйкес  мемлекет  балалық  шақты  адам  өмірінің 
маңызды  кезеңі  деп  таниды  жəне  балаларды  қоғамдағы  толымды 
өмiрге  даярлау,  олардың  қоғамдық  мəнi  бар  жəне  шығармашылық 
белсендiлiгiн  дамыту,  əлемдiк  өркениеттiң  жалпы  адамзатқа  тəн 
құндылықтары  негiзiнде  оларды  жоғары  имандылық  қасиеттерге, 
елжандылық  пен  азаматтыққа  тəрбиелеу,  олардың  бойында  ұлттық 
сана-сезiмдi  қалыптастыру  принциптерiнiң  басымдығына  сүйенеді. 
Осы Заңның 6 бабына сəйкес балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк 
саясаттың мақсаттары мыналар:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, 
оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;
2)  балалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiнiң  негiзгi 
кепiлдiктерiн  нығайту,  сондай-ақ  құқықтары  бұзылған  жағдайларда 
оларды қалпына келтiру; 
3)  бала  құқықтары  кепiлдiктерiнiң  құқықтық  негiздерiн 
қалыптастыру,  баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн  қорғау 
жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
4)  балалардың  дене  бiтiмi,  интеллектуалдық,  рухани  жəне 
имандылық  тұрғысынан  дамуына,  олардың  бойында  елжандылық, 
азаматтық жəне бейбiтшiл сезiмдердi тəрбиелеуге, сондай-ақ баланың 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау