Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет4/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

12
емес. Сауалнамаға жауап бергендердің 44,8% бұл істе қоғамдық 
жəне  қайырымдылық  ұйымдарының  орны  бар  деп  есептейді. 
Сұралғандардың 10% «жеке азамат» ретінде қадағалаусыз жəне 
панасыз қалған балалардың көршісі, туысы немесе танысы бола-
танын жасырмаған.
Осындай талдауды негізге ала отырып, қадағалаусыз жəне па-
насыз  қалған  балалардың  пайда  болуына  себеп  болған  жайсыз 
отбасыларды  бодырмау  үшін  ең  бастысы  ата-ананың  балалары 
алдындағы  жауапкершілігін  орната  білу  қажет.  Ата-аналардың 
жауапкершілігін  заң  күшімен  арттыру  (балалар  тəрбиесі 
үшін  əкімшілік  жауапкершілікке  тарту – 43,4%, қадағалаусыз 
қалдырғаны  үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту – 
42,8%),  халықтың  материалдық  əл-ауқатын  арттыру  арқылы 
отбасылардың  əлеуметтік  жағдайын  жақсарту (30,2%) жəне 
мемлекет тарапынан отбасыларға материалдық жəне əлеуметтік 
көмек көлемін ұлғайту (17,8%) пайдалы болары анық.
Соңғы  кездері  бала-шағасына  тиісті  тəлім-тəрбие  бермейтін 
отбасылардың саны жыл сайын артып келеді. Тек Қазақстан Рес-
публикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  ресми  деректеріне  сəйкес 
ішкі істер органдарының тіркеуінде 13 мың жайсыз отбасы тұрса, 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  балалардың  саны 27 мыңға 
жетіп жығылады. 2010 жылы ата-ана құқықтарынан айырылған 
азаматтардың саны 825 болған. 2011 жылдың басынан бері 300 
азамат ата-ана құқықтарынан айырылса, 400-ге жуық бала бала-
лар үйіне орналастырылған. Сонымен қатар 800-ге жуық ата-ана 
кəмелетке  толмағандарға  қажетті  тəрбие  мен  білім  бермегені 
үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. 
Осы  аталған  жəйттердің  бəрі  елімізде  кəмелетке  толмаған 
балалардың қиын жағдайда екендігін айғақтайды. Осыған сəйкес, 
өкінішке  қарай,  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылуға  жасы 
жетпеген  балалардың  арасында  қылмыс  жасау  үрдісінің  артуы 
байқалады. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының профилактика-
лық  тіркеуінде  құқық  бұзушылық  айыбы  бойынша 20 мың 
жасөспірім  тұр,  олардың 15 мыңы  тура  жолдан  ауытқушылығы 
үшін  тіркелген,  тек  екі  жарым  мыңы  қоғамға  қарсы  кəмелетке 
толмағандардың тобын құрғаны үшін айыпталған. 
Ата-аналардың 
балалары 
алдындағы 
тəрбиелік, 
т.б. 
жауапкершілігі  тек  оларға  қажетті  білім,  тəрбие  берумен  ғана 
шектелмей,  олардың  дені  саулығы,  психологиялық,  рухани  жəне 


13
адамгершілік тұрғыдан жақсы азамат болып шығуына негізделуі 
тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір ата-аналардың санаты 
үшін  осы  аталған  талаптарды  орындау  қиынға  соғуда.  Баланың 
рухани  жəне  адамгершілік  тұрғысынан  жақсы  азамат  болып 
қалыптасуы  үшін  ата-ананың  отбасындағы  материалдық  демеуі 
мен қаржылық көмегі қажет. Алайда көптеген отбасылардың бала-
шағасын жеткілікті түрде материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете 
алмай отырғаны жасырын емес.
Кəмелетке  толмаған  құқық  бұзушылар  мен  дұрыс  отбасы-
дан  шыққан  балаларды  салыстырмалы  зерттеу  жұмыстары 
көрсеткеніндей, «тəрбиесі  қиын  балалардың»  көбінесе  нашар  от-
басылардан шығатындығы анықталған. Ал үлгілі отбасыдан үлгілі 
балалардың  өсіп  жетілетіндігі  байқалады.  Балалардың  жағымсыз 
түрде  тəрбиеленуі  мен  тəрбиесі  қиын  балалардың  пайда  болуына 
отбасында баланың əкесі не шешесінің болмауы, яғни толыққанды 
жанұяның  болмауы,  ата-ананың  əдепсіз  болып  кетуі,  əке-шешенің 
балаларына  қоғамға  қарсы  тəрбие  беруі  немесе  осындай  көзқарас 
ұстануы,  ата-аналар  білімінің  төмендігі,  олардың  педагогикалық 
тұрғыдан толыққанды қалыптаспауы, отбасындағы қатыгездік пен 
ата-аналар арасындағы ұрыс-керіс, кикілжің əсер етеді.
Қоғамда  жетім  балалардың  көбеюі  мен  панасыз  қалған  ба-
лалар  санының  артуына  негізгі  себеп  отбасы  институтының 
əлсіреуі деуге болады. Өйткені, осы фактор бала тəрбиесіне аса 
зор ықпал етеді.
Жетімдік – əке-шешенің бірінің немесе екеуінің де қайтыс бо-
луы,  əкенің  немесе  шешенің  ата-ана  құқықтарынан  айырылуы, 
баланың дұрыс өсуіне кері əсер ететін ортаның пайда болуы не-
месе баланың қоғамда ата-анасыз жалғыз қалуы болып саналады. 
Кей  кездері  мұндай  жағдай  орын  алған  жағдайда  əке-шешенің 
туыстары,  ата-əжелері  немесе  өкіл  əке-шешелер  жетім  қалған 
балаға қамқор болуға барын салады. Бірақ қоғамдағы əлеуметтік 
жағдайдың  төмендігі  жəне  халықтың  пейілінің  тарылуы  жетім 
қалған баланы асырауға құлық білдірушілер санын азайтып отыр. 
Балалардың  жасөспірімдік  шақта  жетімдікке  ұшырауы  оның 
қоғамға  нағыз  араласатын  уақытына  дөп  келгендіктен  үлкен 
қиындықтар туғызады. Өйткені, осы кезде балалар ата-анасынан 
көруі  тиіс  демеудің  жоқтығынан  еркіндіктің  шегінен  шығып, 
еңбек етудің əділетті жолынан ауытқып кетуі əбден мүмкін.


14
Жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделе 
алмау проблемалары
Өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандардың 
əлеуметтік  бейімделе  алмауы,  соның  салдарынан  балалар  мен 
жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың, 
құқық бұзушылықтың кең етек жаюы, сондай-ақ олардың бала 
еңбегінің ең жаман түрлеріне тартылуы кəмелетке толмағандар-
дың  өзіне  де,  айналасындағыларға  да  қауіпті.  Əлеуметтік 
бейімделе  алмаған  балалар  санының  көп  болуы  қоғам  үшін 
қауіп-қатер туғызады.
Үйінен  қашып,  қадағалаусыз  қалған  балалардың  көпшілігі 
материалдық  тұрғыдан  кедей,  жеткілікті  қамтамасыз  етілмеген 
жəне жайсыз отбасылардан шыққандар болып келеді. Бұл бала-
лар жақсы өмір сүруді көздеп, отбасын тастап кетеді. Кей кездері 
ата-анасының  ішімдік  қолданып,  балаларымен  қатал  қарым-
қатынас жасап, заңға қайшы өмір сүргендіктен басқа жаққа кетіп 
қалу сезімінің жетегінде кетеді. 
Кəмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарына 
жіберілуінің  себептері:  сабаққа  қатыспау,  қаңғыбастық,  оқуға 
ықыластың  болмауы,  отбасымен  бірге  тұрғысы  келмеу  жəне 
жанұядағы кикілжіңдер. 
Мəселен,  Ақтөбе  облысынан  шыққан 1997 жылы  туылған 
А.  есімді  жасөспірім  Ақтөбе  қаласы  Ішкі  істер  бақармасының 
профилактикалық  тіркеуінде  тұрады.  Бұл  жасөспірім  жарты-
лай  жетім.  Мектепте  сабақтан  қалып,  тəртіпсіздіктер  жасаған. 
Анасының бақылауынсыз қалған бала тəртіпсіздік жасап, құқық 
бұзушылыққа барған. Ақтөбе қаласы сотының шешімі бойынша 
А. есімді жасөспірім 2 жылға Тараз қаласындағы арнаулы білім 
беру ұйымына жіберілді.
Қостанай  облысынан  шыққан  жасөспірім  ҚР  ҚК-нің 175 
бабы  (ұрлық),  ҚР  ҚК-нің 81 бабы  (кəмелетке  толмағандарды 
қылмыстық  жауапкершілік  пен  жазаға  тартпау  туралы)  бойын-
ша жауапкершіліктен босатылып, оның орнына тəрбиесін түзеу 
мақсатында 2 жылға арнаулы білім беру ұйымына жіберілген бо-
латын.
Ақмола  облысынан  шыққан 1995 жылы  туылған  Ж.  есімді 
жасөспірім бірнеше мəрте ұрлық жасаған, алкогольды ішімдіктер 
ішіп,  ұсталған.  Осыған  байланысты  ҚР  ҚК-нің 175 бабы, 2 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау