Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет9/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100

28
анықтама  (мектеп  жасындағы  балалар  үшін);  медициналық 
құжаттар  (егу  құжаты  жəне  амбулаторлық  картасы  бар  болған 
жағдайда)  тіркеледі.
Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы 1-ші жəне 
2-ші санаттағы кəмелетке толмағандар Орталыққа қабылдаудың 
актісі негізінде қабылданып, ол туралы Орталықтың əкімшілігі 
жиырма төрт сағат ішінде жазбаша түрде прокурорды хабардар 
етуге міндетті.
Кəмелетке  толмағандарды  одан  əрі  күтіп  бағу  не  орналас-
тыру  туралы  мəселені  шешу  үшін  Орталықтың  қызметкерлері 
үш  тəулік  ішінде  Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органы-
на  панасыздық,  қадағалаусыздық  белгілері  болуын  негіздейтін, 
қамқоршысыз  қалғанын  не  болмаса  баланың  өмірі  мен 
денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады. 
Өз кезегінде, Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары үш 
жұмыс  күні  ішінде  кəмелетке  толмағанды  Орталыққа  орналас-
тыру туралы қаулы шығарады
Ережеге сəйкес, 1-шы, 2-шы санаттағы кəмелетке толмағандар 
оларға көмек көрсету жəне бұдан əрі орналастыру мəселелерін 
шешу  үшін  қажетті  уақытқа,  бірақ  отыз  тəуліктен  аспайтын, 
үш  айға  дейін  ұзартылатын  мерзімге  орналастырылады. 3-шы 
санаттағы  кəмелетке  толмағандар  Орталықта  сот  қаулысының 
негізінде болады, бірақ арнаулы білім беру ұйымына жіберу ту-
ралы шешім заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімнен аспау тиіс.
Орталыққа орналастырылған кəмелетке толмағандар жасына 
жəне жынысына қарай топтарға орналастырылады. Топтардағы 
балалар саны жиырма адамнан аспауы тиіс.
Ережеге  сəйкес  кəмелетке  толмағанды  Орталыққа  қабылдау 
кезінде  бастапқы  медициналық  тексеру  жүргізіледі,  орталыққа 
түскен  сəтте  кəмелетке  толмағанның  бар  нəрселері  мен  құнды 
заттары тəркіленеді, ол туралы кəмелетке толмағанды Орталыққа 
қабылдау  актісінде  тиісті  жазба  жасалады  жəне  Орталықтан 
шыққан кезде қайтарылады. Орталыққа жұпыны киіммен түскен 
кəмелетке  толмағанның  сыртқы  жəне  ішкі  киімдері  ауыстыры-
лады.
Орталықта 
ұсталатын 
кəмелетке 
толмағандармен 
профилактикалық  жəне  бейімдеу  жұмысын  ұйымдастыру 
Орталыққа 
орналастыру 
негіздерін, 
педагогикалық 
бақылаусыздық 
деңгейін, 
жасын, 
отбасылық-тұрмыстық 


29
жағдайларын ескере отырып, жүзеге асырылады.
Орталықтан шыққан кезде кəмелетке толмағандар тұрғылық-
ты  жерлеріне  қатаң  түрде  ата-аналарының  немесе  басқа  заңды 
өкілдерінің  алып  жүруімен  немесе  кəмелетке  толмағанды 
Орталықтан  шығару  туралы  бұйрықтың  негізінде  кəмелетке 
толмағанды қабылдау-беру туралы актісі бойынша оларды бұдан 
əрі орналастыру жерлеріне Орталықтың əлеуметтік педагогының 
алып жүруімен жеткізіледі. Жасөспірім қыздарды алып жүру тек 
əйел жынысындағы Орталықтың əлеуметтік педагогтары жүзеге 
асырады. 
Кəмелетке 
толмағандардың 
қадағалаусыздығы 
мен 
панасыздығы,  құқық  бұзушылықтарының  профилактикасы 
жөніндегі  қызмет  бірінші  кезекте  балалардың  құқықтарын 
сақтау,  олардың  дене,  рухани,  психикалық,  адамгершілік  жəне 
моральдық дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырыла-
тынын атап кеткен жөн.
Сонымен,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын,  тіршілік 
қарекетінің барлық саласында, соның ішінде құқық бұзушылық 
профилактикасын жүзеге асыру кезінде жеке басы қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің негізгі принциптері бекітілген. Профилакти-
ка жəне оңалту жүйесінің құқықтық базасының негізіне қоғамға 
əлеуметтендірілуі үлкендердің кінəсінен үзіліп қалған балаларға 
əкімшілік-жазалау шаралары тұрғысынан қараудың тиімсіздігіне, 
баланың  салауатты  əлеуметтік  ортада  лайықты  өмір  сүру 
құқығына кепілдік беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау, 
қиыншылықтарын тез арада шешу, əлеуметтік жəне өзге де көмек 
көрсету қажеттілігіне тұжырымдамалық нұсқау қойылған.   


30
3-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы 
қадағалаусыздықпен жəне панасыздықпен 
профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары
Қазақстан  Республикасының  «Кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен 
балалардың  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалуының  алдын  алу 
туралы»  Заңымен  білім  беру  органдары  мен  ұйымдарының 
кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық,  панасыз-
дық  жəне  құқық  бұзушылық  профилактикасы  саласындағы 
құзыреті белгіленген. Білім беру органдары мен ұйымдарының 
балалар мен жасөспірімдердің қадағалаусыздығы, панасыздығы 
мен  құқық  бұзушылығының  профилактикасы  бойынша 
қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- кəмелетке толмағандардың заңға бағынышты мінез-құлқын 
қалыптастыруға  бағытталған  білім  беру  бағдарламалары  мен 
əдістемелерінің əзірленуі мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
-  дамуында,  мінез-құлқында,  оқуында  жəне  əлеуметтік 
бейімделуінде  қиыншылықтары  бар  кəмелетке  толмағандарға, 
сондай-ақ  балаларды  тəрбиелеуде  қиыншылыққа  тап  болған 
ата-аналарға  (заңды  өкілдерге)  кешенді  психологиялық-
педагогикалық жəне медициналық-əлеуметтік көмек көрсету;
-  ата-анасының  қамқорлығынан  айырылған  кəмелетке 
толмағандарды анықтау жəне орналастыру;
- өмірде қиын жағдайға тап болған, білім беру ұйымдарына 
ешбір  себепсіз  сабаққа  келмейтін  кəмелетке  толмағандарды 
анықтап, есепке алу; кəмелетке толмағандардың жазғы демалы-
сын, бос уақытын ұйымдастыру; 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігі 
республиканың білім беру органдары мен ұйымдарын кəмелетке 
толмағандардың  əлеуметтік  бейімделе  алмауының  алдын  алу; 
негізгі  жалпы  білім  алуын  қаматамасыз  ету,  қадағалаусыздығы 
мен  құқық  бұзушылығының  алдын  алу  мақсатында  білім 
беру  ұйымдарына  келмейтін  мектеп  жасындағы  кəмелетке 
толмағандарды анықтау жəне есепке алу бойынша қызметті бел-
сендету; балалар мен жасөспірімдер құқықтарының қорғалуын, 
дамуында,  оқуында,  мінез-құлқында,  əлеуметтік  бейімделуінде 
қиыншылықтары  бар  кəмелетке  толмағандарға  медициналық-


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау