Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет16/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100

49
бұзушылыққа  қарсы  профилактикалық  жұмыстар  жүргізу, 
сондай-ақ  балалар  мен  жасөспірімдердің  заңға  бағынушылық 
мінез-құлқын  қалыптастыру жəне құқықтық сауаттылығын арт-
тыру мақсатында ішкі істер министрлігі тұрақты түрде іс-шаралар 
өткізіп  отырады.  Үстіміздегі  жылы  үш  акция  өткізілді: «Түнгі 
қаладағы  балалар», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыссыз 
отырма».  Бұл  акцияларға 13 мыңнан  астам  адам  қатысты  (по-
лиция қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП, прокуратура, сот, білім 
беру  органдары,  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары 
өкілдері, ата-аналар комитетінің, үкіметтік емес ұйымдары мен 
жергілікті атқарушы органдарының мүшелері).
Сонымен қатар мемлекеттік жəне аумақтық деңгейде мынадай 
жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп оты-
рады: «Мектептегі  заңдылық», «Отбасы  жəне  мектеп», «Бітіру 
кештері», «Жұмыспен қамту».
Осы іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер 
арасындағы  қылмыстың  алдын  алу,  есірткі  жəне  психотроп-
ты  заттарды,  алкогольдік  сусындарды  пайдаланатын  кəмелетке 
толмағандарды,  сондай-ақ  жасөспірімдерді  қоғамға  қарсы 
əрекеттер жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау, кəмелетке 
толмаған балаларға спирттік сусындар мен темекі өнімдерін сату 
фактілерін  анықтау,  оқудан  жалтарып  жүрген  жасөспірімдерді 
анықтау болып табылады. 
Жыл  сайын  бір  уақытта  ҚР  ІІМ  мен  ҚР  БҒМ  сайттарында 
интернет-конференциялар  өткізіліп  отырады.  Осы  интернет-
конференцияларда көпшілік қауым жауапты органдарға көкейін 
мазалаған сұрақтарын қоя алды. Үстіміздегі жылы 27 сəуірде бір 
жарым  сағат  бойы  жүргізілген  интернет-конференция  кезінде 
400-ге жуық сұрақтар қойылған болатын.
Дағдарыс  орталықтары  одағымен  біріге  отырып,  бала-
лар  мен  жастар  мəселесі  жөнінде  ұлттық  сенім  телефондары 
ұйымдастырылуда. Оның жұмысы өскелең ұрпақтың бойындағы 
проблемаларды  анықтап,  оларды  шешу  бойынша  шаралар 
қабылдауға мүмкіндік береді, балалар арнайы дайындалған ма-
мандармен  сенім  негізінде  қатынас  жасап,  көмек  немесе  кеңес 
сұрай алады.
Кəмелетке  толмағандардың  арасындағы  профилактикалық 
жұмыстарды  жетілдіру  мақсатында  «Қазақстанның  студенттер 
альянсының»  республикалық  штабымен  серіктестік  жөнінде 


50
меморандумға,  сондай-ақ  «Нұр  Отан»  ХДП  Жастар  қанатымен 
2010-2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына 
қол қойылды. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2007 жылғы 
«Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған 
ауданаралық соттар құру туралы» Жарлығының қабылдануымен 
ТМД елдері ішінде тұңғыш рет Қазақстанда əлеуметтік жағдайы 
төмен  азаматтар  санатының  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қамтамасыз  етуі  тиіс  ерекше  сот  жүргізу  жұмысына  негіз 
қаланды.
Ювеналды  соттардың  құзыретіне  кəмелетке  толмағандар 
жасаған  қылмыстар,  кəмелетке  толмағандармен  ортақтасып 
жасалған қылмыстар, ҚР ҚК-нің нақты баптарымен көрсетілген 
кəмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын қылмыстар ту-
ралы  қылмыстық  істер  жатқызылған.  Азаматтық  істерден  юве-
налды соттардың құзыретіне ата-ана құқықтарын жою (шектеу), 
бала  асырап  алу,  баланың  тұратын  жерін  белгілеу,  сондай-ақ 
қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  туралы  даулар  туралы  істер 
жатқызылған.  ҚР  ƏҚБК-не  сəйкес  аталған  соттар  кəмелетке 
толмағандарға қатысты əкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ 
балаларды тиісті тəрбиелемегені үшін əкімшілік жауапкершілікке 
тартылатын ата-аналарға қатысты істерді қарауға құқылы.
2008-2010  жылдар  аралығында  Астана  қаласындағы 
кəмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған соты 
338  тұлғаны  жауапкершілікке  тартса,  оның  ішінде 35-не  ғана 
бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. 207 жасөспірім 
(жалпы сотталғандардың 59 пайызы) шартты түрде жазаланса, 86 
тұлғаға (28 пайыз) қатысты істер бітімгерлікпен аяқталған. Бас 
бостандығынан айыру жазасы жалпы сотталғандардың тек қана 
10  пайызына  қолданылса,  жалпы  республика  бойынша  бұл 
көрсеткіш 20 пайызды құрайды.
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында жүзеге асырылған 
шаралар  жаза  тағайындау  бойынша  сот  тəжірибесіне  елеулі 
өзгерістер  енгізді.  Ағымдағы  жылы  бас  бостандығынан  айыру 
жазасынан өзге жаза түрлері қолданылған тұлғалар саны  43,7% 
өсті. Тəрбиелеу мақсатын көздейтін  шаралар кеңінен пайдала-
ныла бастады – 22,5%.
Осы  саладағы  мемлекеттік  саясатты  одан  əрі  жүзеге 
асыру  үшін  барлық  облыстық  орталықтарда  кəмелетке 


51
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру 
жасөспірімдердің жоғары деңгейде құқықтық қорғалуына негіз 
болады. Аталмыш соттарды барлық облыстық орталықтарда, со-
нымен  бірге  Шығыс  Қазақстан  облысының  Семей  қаласы,  Ал-
маты  облысының  Қарасай  ауданы  мен  Талдықорған  қаласында 
құру жоспарлануда.


52
5-тарау. Профилактикалық жұмысты ұйымдастыру 
бойынша аймақтың оң тəжірибесі 
 5.1. 
Петропавл  қаласының  əкімдігі  жанындағы 
Кəмелетке толмағандардың iстерi жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөнiндегi комиссияның жұмыс тəжірибесі 
Қадағалаусыздық  пен  панасыздық,  сондай-ақ  кəмелетке 
толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылық  мəселелерін  шешу 
бойынша аймақтың оң тəжірибесі ретінде Петропавл қаласының 
əкімдігі  жанындағы  Кəмелетке  толмағандардың  iстерi  жəне 
олардың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  комиссияның  жұмыс 
тəжірибесін келтіруге болады.
Мектептегi  құқықтық  тəртiп», «Топ», «Жасөспiрiм», 
«Есеп», «Отбасы  жəне  мектеп», «Түлектер  кешi», «Жұмыспен 
қамту», «Зорлықсыз  отбасы», «Полиция  жəне  мектеп»  тəрiздi 
барлық республикалық жəне жергiлiктi маңызы бар кешендi iс-
шараларына  прокуратура,  облыстық  наркологиялық  орталық, 
балалардың  құқықтарын  қорғау  департаменті,  кəмелетке 
толмағандардың  iстерi  жəне  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөнiндегi  комиссия  өкiлдерi  қатысады.  Бұл  профилактика 
жүйесiнiң барлық органдарының тиiмдi ведомствоаралық өзара 
əрекеттесуіне мүмкiндiк тудырады.
Кəмелетке  толмағандардың  арасындағы  құқық  бұзушылық, 
қадағалаусыздық 
пен 
панасыздықтың 
профилактикасы 
саласындағы мемлекеттік саясат принциптерінің бірі қалыптас-
қан  жағдайға  байланысты  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған 
отбасыға қолдау көрсету болып табылады. Айталық, кəмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шешімімен жəне 
қатысуымен 2011 жылдың 1-жарты  жылдығында  осындай  от-
басылардан  шыққан 5 баланы  Балалар  үйінің  «Сенім»  тобына 
уақытша  орналастыру  бойынша  шаралар  қабылданды.  Мұндай 
жұмыс формасы кəмелетке толмағандардың аналарына балала-
ры мемлекеттік мекемеде болған кезінде құжаттарды рəсімдеуге, 
үй жайын түзеуге, жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Со-
нымен  бірге  аналарға  балаларымен  қатынас  жасауына  тыйым 
салынбайды.
Балалар  мен  жасөспірімдердің  құқық  бұзушылығының, 
қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының  профилактикасы  бой-


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау