56
заңға қарсы əрекет жасау себептерінің бірі – кəмелетке толмаған
балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері тарапынан тиісті
бақылаудың болмауы, балалардың тəртібі мен күтіп-ұстау бой-
ынша ата-ана міндеттерін орындамауы болып табылады. Өткен
кезеңде комиссия ҚІІБ жəне қалалық білім бөлімінің ұсыныстары
бойынша осындай ата-аналарға қатысты 6 материал қараған,
оның 2-уі комиссия тарапынан. Комиссияның қараған материал-
дары нəтижесінде ҚР ƏҚБК-нің 111 бабы бойынша ата-аналар-
ды əкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі қаулылар ҚІІБ-ге
жолданды. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына мем-
лекет тарапынан көмек беруге мұқтаж кəмелетке толмағандарға
көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізілді.
К. Светлана мен Марияның отбасында күтуге жағдай
жасалмағандықтан, кəмелетке толмағандар істері жөніндегі
комиссияның шешімімен балаларды Балалар үйінің «Надежда»
тобына орналастырды, балалардың туу туралы куəліктері бол-
мады, соның салдарынан əлеуметтік төлемақы алмады. 2011
жылғы қаңтар айында кəмелетке толмағандардың мемлекеттік
мекемеде ұстау мерзімі өтуіне байланысты комиссия материал-
дарды қайта қарады. Мүдделі ведомстволардың қатысуымен ата-
аналар балалардың жағдайын өзгерту үшін бар күштерін салды,
бірақ отбасы бұл мəселені аяғына дейін өз бетімен шешуге ша-
масы келмеді. Балалар үйіне аталған мекемеде балаларды ұстау
мерзімін 2011 жылғы маусымға дейін ұзарту туралы қолдаухат
жолданды.
Ұйымдар мен мекемелерден балалардың өмірі мен
денсаулығына қауіп төнуі туралы барлық нысандағы деректер
түскен кезде комиссия мүшелері, алдын алу жүйесінің өкілдері
балалардың өміріне жағдай жасау үшін шаралар қолданады.
2011 жылғы 18 наурызда комиссияның бастамасымен М-нің
кəмелетке толмаған балаларына қатысты материалды қарады.
Өрт кезінде отбасының бар мүліктері, барлық құжаттары өртеніп
кеткен. Отбасы қаладан алыстағы ауылда шошқа өсіру ферма-
сынан үй-жайын тауып алып, уақытша сонда тұрған. Бұл отба-
сы ақшаның жоқтығынан тұрғын үй таба алмады. Өмірі қиын
жағдайдағы отбасына көмек жасау үшін комиссия шешімі
бойынша балалар Балалар үйіне орналастырылды. Кəмелетке
толмағандардың анасына өртеніп кеткен құжаттарды қалпына
келтіруге, жұмысқа орналасуға, əкесінің бос тұрған үйіне жөндеу
57
жұмысын жүргізуге, кəмелетке толмағандардың толыққанды
өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берілді.
Ең басты шарт: спиртті ішімдікті қолдануды тоқтату. Бақылау
қамқоршылық жəне қорғаншылық органымен жəне кəмелетке
толмағандардың істері жөніндегі бөлімшемен бақыланады. Со-
нымен бірге анасының балалар тұрған жерге баруына мүмкіндігі
бар.
Х. отбасы, Ақмола облысынан Петропавл қаласына көшуіне
байланысты, баспанаға ие болу, жұмысқа орналасу қиындығын
көрген. Комиссия мүшесінің, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік
бағдарламалар бөлімі өкілінің қатысуымен əйел жұмысқа тұрды,
қызы тұрғылықты жері бойынша мектепке орналасты.
Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар жеке-жеке
зерделенеді əрі нақты жағдай бойынша оларға ерекше шаралар
қолданылады.
Жергілікті атқару органдарымен өмірі қиын жағдайдағы
жəне тұрмысы төмен отбасылардағы кəмелетке толмағандардың
есебін тиісті жүргізу кезінде барлық органдардың жəне алдын
алу жүйесі мекемелерінің толық қатысуы үшін 2010 жылғы
бірінші желтоқсанда Петропавл қаласының əкімдігімен «Пет-
ропавл қаласы аумағында өмірі қиын жағдайдағы жəне
тұрмысы төмен отбасылардағы кəмелетке толмағандардың
дербес есебін жүргізу тəртібі» бекітілді. Бұл құжат алдын алу
жүйесінің барлық органдарына: ішкі істер басқармасына, білім
бөліміне, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар
бөліміне, денсаулық сақтау басқармасына, мəдениет, спорт, ішкі
саясат бөлімдеріне жəне басқа да мемлекеттік органдарға жол-
данды.
Өмірі қиын жағдайдағы кəмелетке толмаған балалар мен
отбасылардың əлеуметтік оңалтуына көмек көрсету мақсатында
түсіп жатқан мəліметтер кəмелетке толмағандардың істері жəне
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.
Бұл мекенжай бойынша əлеуметтік көмек тағайындау жəне
кəмелетке толмағандардың ата-аналарын уақытша жұмысқа ор-
наластыру үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету болып та-
былады. Петропавл қаласының кəмелетке толмағандардың істері
жөніндегі комиссияның есебінде өмірі қиын жағдайдағы 84 бала
тұр, оның 66-сы осы балалар тəрбиеленіп жатқан жайсыз отба-
сы.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру
58
жəне белсендету, оқушылардың Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау төңірегіндегі заңдар, əкімшілік
жəне қылмыстық кодекстер бойынша білімдерін арттыру
мақсатында, 2011 жылғы 29 қаңтарда білім беру бөлімі Петропавл
қаласының ІІБ КТІБ-мен бірлесіп, кəмелетке толмағандардың
істері жөніндегі комиссияның қатысуымен қала мектептеріндегі
оқушылар арасында жас полицейлер жасақтарының қалалық
жарысын өткізді. Жарысқа қаланың 34 мектебінен 17 команда
қатысты.
Жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта бос жүруі, жеткілікті
дамымаған аула клубтары, спорттық секциялар, демалыс
қызметінің желісі, жазғы демалыс кезеңінде уақытша жұмыспен
қамтылмауы кəмелетке толмағандардың бейəлеуметтік мінез-
құлығының туындауы себебіне айналып, құқық бұзушылықтар
мен қылмыстардың жасалуына əкелуі мүмкін.
Осыған орай, Петропавл қаласының білім беру бөлімі 2011
жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы де-
малыстарын ұйымдастыру, сауықтыру, жұмыспен қамту бой-
ынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатпен балалар мен
жасөспірімдердің, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған жəне жайсыз
отбасылардан шыққан балалардың, девианттық мінез-құлықты
жасөспірімдердің əртүрлі қамту формалары арқылы жазғы
демалыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары
əзірленген.
2011 жылғы жазғы кезеңде əртүрлі қамту формалары арқылы
Петропавл қаласында 16 мыңға жуық оқушы қамтылды, бұл
балалардың жалпы санының 85%-ын құрайды (2010 жылы бұл
көрсеткіш – 84,4% болды).
Петропавл қаласында барлық санаттағы балаларға сабақтан
тыс уақытта қосымша білім беру жергілікті атқарушы
органдарының жіті бақылауында тұрғанын атап кеткен жөн.
Соңғы үш жылдың ішінде аула клубтарының саны 14-тен 17-ге
дейін өсті. Тағы да 2 клубтың ашылуы жоспарланып отыр. Мек-
тептен тыс жұмыстың бозбалалар орталығында 95 секциялар мен
үйірмелер ұйымдастырылып, оларға 1379 жасөспірім қатысуда.
Кəмелетке толмаған балалардың жазғы уақытта жұмыспен
қамтылуына
ерекше
көңіл
бөлініп
отыр.
Кəмелетке
толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бастамасымен
Достарыңызбен бөлісу: |