Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет24/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100

76
мен,  олардың  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  отбасылары-
мен профилактикалық жұмыстар жүргізу жүйесіне байланысты 
үйлесімді шараларды арттыру жəне отбасылық жайсыздық сала-
сында мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру.
Өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  отбасылар  мен 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  кəмелетке  толмағандарды 
жеке профилактикалық шараларды іске асыру арқылы қалыпқа 
келтіру аса маңызды. Балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп 
төніп  тұрған  жағдайда  Орталықтың  негізгі  бағытына  сəйкес 
балаларға  кері  ықпал  етуші  факторларды  анықтап,  оған  қарсы 
тиісті  шаралар  атқарып,  кəмелетке  толмаған  балаларды  күтіп 
тұрған қауіптен сақтап, оларды өз отбасыларына қайта қосу игі 
іс деуге болады.
Профилактикалық  іс-шаралар  келесі  түрінде  жүргізіледі: 
кəмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғау бойынша бақылау жүргізу, олардың даму ерекшеліктеріне 
болжам жасап отыру, өткізілген əрбір шаралар, тақырыптық ме-
рекелер, акциялар, оқу-əдістемелік семинарлар нəтижесі бойын-
ша бұқаралық ақпарат құралдарын құлағдар етіп отыру.
6.1. «Қауіп тобындағы» балалар мен отбасыларды анық-
тау бойынша профилактикалық жұмыстар
Қадағалаусыз  балалардың  пайда  болуының  негізгі  себебі 
қылмыстық  əрекеттерге  жақын,  қоғаммен  қарым-қатынасы 
үлгілі емес жəне жоқшылықтың зардабын тартушы жайсыз отба-
сылар деп айтсақ, артық айтқандық болмас. Отбасында ата-ана-
лар  бала  тəрбиесіне,  оның  оқуына,  т.б.  ата-аналық  міндеттерін 
жеткілікті дəрежеде орындамаған кезде, қалыптасқан жағдайдан 
пайда болған аталмыш қоғам балалары қоғамға қарсы, адамдарға 
қарсы көптеген теріс əрекеттерге барып, ұлтқа, мемлекетке қауіп 
төндіретін істер жасауға дейін жетеді.
Қазіргі  таңда  əлеуметтік  тұрғыдан  жағдайы  асқынған 
отбасылардың əсерінен қоғамда жасөспірімдер арасында белең 
алған қадағалаусыздық пен панасыздыққа қарсы кешенді түрде 
күрес  жүргізу  заман  талабына  айналып  отыр.  Осы  бағытта 
жұмыс  істеу  үшін,  ең  алдымен,  қоғамдағы  қадағалаусыз  жəне 
панасыз  қалған  балалардың  шығуына  себеп  болушы  отбасы-
лармен жұмыс жасаған абзал. Көбінесе, отбасында орын алған 


77
əлеуметтік  проблемалар  əке  мен  шешенің  ажырасуына  немесе 
отбасының ыдырауына алып келеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде 
қадағалаусыз балалардың пайда болуына себепші болады.
«Қауіп  тобындағы»  балалар  мен  отбасыларды  анықтау 
жөніндегі  профилактикалық  шаралар  төмендегі  бағыттар 
бойынша жүргізіледі:
1.  Өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  кəмелетке 
толмағандарды, сондай-ақ, сабаққа барудан жүйелі түрде бас 
тартып,  мектеп  ережелеріне  құрметсіздік  танытқандарды 
анықтау. 
Осы  бағыттағы  жұмыстар  бойынша  мыналар  іске  асырыла-
ды:
-  оқуға  ешбір  себепсіз  келмей  жүрген  балаларды  анықтап, 
олармен  тиісті  жұмыстар  жүргізу,  олардың  мектепке  қайта  ба-
руына  ықпал  ету  мақсатында  күнделікті  іс-шаралар  жүйесін 
қалыптастыру;
- білім ұйымына бармай жүрген жасөспірімдер жайлы білім 
басқармасын құлағдар ету;
-  мектепте  оқитын,  оқуға  бармайтын  немесе  оқуға  баруды 
жүйелі  түрде  азайтып  жүрген  жасөспірімдердің  нақты  санын 
анықтап отыру (əр ай сайын); 
- оқу орындарында жүйелі түрде тəрбиелік-профилактикалық 
жұмыстар жүргізіп отыру;
-  балаларды  барынша  білім  беру  бағдарламаларына 
жұмылдыру немесе оқумен қамтамасыз ету;  
- «қауіп  тобындағы»  қадағалаусыз  балаларды  жəне  олардың 
отбасыларын бақылап, көмек көрсетіп отыру;  

оқушылар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылық 
пен 
қадағалаусыздықтың 
профилактикасы 
бойынша 
сынып 
жетекшілерінің қызметін ұйымдастыру; 
-  ата-аналармен  түрлі  іс-шаралар  өткізіп,  балаларының 
қадағалаусыздыққа  ұшырау  қаупі  мен  отбасылық  тəрбиенің 
маңыздылығы жайлы кеңестер беріп отыру (яғни, ата-аналарды 
да оқытып отыру). 
2.  Өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  отбасыларды 
анықтау жəне оларға балаларын тəрбиелеу жəне оқыту бой-
ынша көмек көрсету.
Бұл бағытта мынадай жұмыстар жүргізіледі:


78
- ықшам аудандарда орналасқан мектептердің айналасындағы 
отбасылардан  мектеп  жасындағы  балаларының  тізімін  алу, 
олардың немен айналысып жатқанын бақылауда ұстау;
-  ықшам  аудандағы  инспекторлармен  бірігіп,  кəмелетке 
толмағандарды бақылап отыру, өмірде қиын жағдайға тап болған 
қауіп  тобындағы  балалар  мен  отбасыларға  барып,  олардың 
жағдайларымен танысу (тұрғын-үй тұрмыс жағдайы жайлы акт 
толтырып,  қиын  жағдайда  тұрғандарына  мектеп  интернаттарға 
немесе  мемлекеттік  орындарға  барып  орналасуы  үшін  қажетті 
құжаттарды толтыруға көмектесу);
-  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  отбасылармен  жəне 
қадағалаусыз  балалармен  жұмыс  жасау  мақсатында  мектеп  ди-
ректорларымен жұмыс жүргізу, осындай отбасыларды анықтау, 
олардың көршілерімен қарым-қатынас орнату. Учаскелік инспек-
торлармен бірігіп, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар-
мен, балаларымен қарым-қатынас жасап, тиісті шаралар жасау; 
- аудандарда аудандық білім бөлімімен, құқық қорғау органда-
рымен, əлеуметтік қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, 
тұрақты түрде рейдтер өткізіп отыру, т.б.;
-  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  əрбір  отбасыны  тиісті 
өлшемдерге сəйкес келетін «қауіп тобына» жатқызылуына байла-
нысты жіктеп, арнайы мəліметтер банкін құру арқылы олардың 
мəселелерін нəтижелі шешу;
-  кəмелетке  толмағандардың  қадағалаусыздығы  мен  құқық 
бұзушылығына  байланысты  профилактикалық  жұмыстарды 
жүйелеу,  ата-аналар  басқармасымен,  қамқоршылық  жəне 
қорғаншылық  органдарымен,  балаларына  дұрыс  тəрбие  жəне 
білім бермеген отбасылармен тиісті жұмыстар жүргізу; 
- қауіп тобындағы отбасылардың балаларына дер кезінде қол 
ұшын созып, арнаулы білім беру ұйымдарына жолдама беру;
- оқуға уақытында бармайтын жəне сабаққа жиі келмейтін ба-
лаларды арнаулы оқыту; 
-  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  жасөспірімдерді  жеке 
оқыту  арқылы  үлгерімін  жақсарту  (біріккен  оқыту  формасын 
енгізу,  жеке  білім  беру,  арнаулы  педагогикалық  технологиялар 
қолдану,  сабақтан  тыс  білім  беру  үдерісін  қосу),  оларға  тегін 
тамақ беру ісін жолға қою.
ҚАУІП – кез-келген  кезде  адамдарға  жағымсыз  əсер  ететін 
жағдайдың  орын  алуы  немесе  орын  алмауы  ықтималдығының 
бой көрсетуі деген сөз.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау