§ 1. Күн тәртібі
311. Осы Жарғыға 2-қосымшаға сәйкес кемеде күн тәртібі белгіленеді.
312. Капитан кеме жұмысының нақты жағдайына қатысты күн тәртібін өзгерте алады.
§ 2. Кеме үй-жайлары
313. Кеме үй-жайлары тұрғын, қызметтік және жалпы пайдаланылатын болып бөлінеді.
314. Кеме экипажының барлық мүшелері тұрғын үй-жайларға әрбір кеме үлгісі үшін жобада белгіленген орналасу жоспары бойынша орналасады және бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) каюталар бойынша жазады.
315. Резервтік үй-жайлар жоқ кемеде уақытша кемеде болатын адамдарды орналастыру тәртібін капитан белгілейді.
316. Тұрғын үй-жайларда жарылғыш, тез тұтанатын, улы және өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды, тез бұзылатын тағам өнімдерін, арнайы киімдерді (бұл көзделмеген жерде) сақтауға, сондай-ақ электр аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.
317. Тұрғын үй-жайлардан кеткен кезде экипаж мүшелері электр жарығын, желдеткіштерді және басқа да электр энергиясын тұтынатын стационарлық емес аспаптарды ажыратады.
318. Барлық кеме үй-жайларының кілттері осы үй-жайларды (осы үй-жайларда тұратын) меңгеретін адамда сақталады. Кілттердің көшірмесі бірінші штурманда (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) сақталады.
319. Кеме дабылы, қараулар мен тексерулер уақытында каюта және басқа да тұрғын үй-жайлар бүркемеленуі, бірақ құлыпқа жабылмаған болуы тиіс. Кеменің барлық жабылатын үй-жайларына кіру тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етілуі тиіс.
320. Кемеде оқуларды, кеңестерді, жиналыстарды өткізу үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді және мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен ұжымдық демалыстарды өткізу үшін қызыл бұрыш жабдықталады. Арнайы үй-жайлар болмаған кезде аталған іс-шараларды кают-компаниялар мен экипаж асханаларында өткізеді.
321. Капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің) рұқсатымен кают-компанияға (асханаға) экипаж құрамына кірмейтін адамдар қонақ ретінде шақырылуы мүмкін. Ресми сипаты бар шақырулар капитанның рұқсатымен ғана жасалады.
322. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар (ойын-сауық, ойындар, фильмдер көрсету) капитан өзге уақыт белгілеген жағдайларды қоспағанда, сағат 23:00 дейін аяқталуы тиіс.
§ 3. Кеменің санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету
323. Бүкіл кеме экипажы санитарлық ережеге сәйкес кеме үй-жайларын тазалықта, сондай-ақ киім мен аяқ киімді таза және ұқыпты ұстайды.
324. Үй-жайлар мен палубаларды жинау тәртібін Қазақстан Республикасының ішкі суларда жүзетін кемелері үшін санитарлық ереженің, сондай-ақ жолаушыларды, қол жүгі мен багажды тасымалдау ережесінің талаптарын ескере отырып, бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) айқындайды, бұл ретте экипаж мүшелері жинау объектілері бойынша қол қояды.
325. Қызмет көрсететін адамдардың жинауы көзделмеген тұрғын үй-жайларды оларда тұратындар жинайды.
326. Үй-жайда бірнеше адам тұрған кезде олардың ішінен бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) осы үй-жайларда жинау бойынша кестенің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті басты адамды тағайындайды.
327. Кемені және барлық үй-жайларды санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұстау үшін күн сайынғы жинау және бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) басшылығымен айына бір реттен кем емес санитарлық аврал жүргізіледі.
328. Кают-компаниядағы (асханадағы) күн сайынғы жинау таңертеңгі асқа дейін аяқталуы тиіс. Жолаушылар кемесінде бұл уақытқа дейін жолаушылар палубасын, салондарын, кіреберістерді, ішкі траптарды, ашық палубадағы траптарды және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жинау аяқталуы тиіс.
329. Экипаж мүшелерінің төсек орындарын ауыстыру 7 күнде бір реттен кем емес жүргізіледі.
330. Экипаж мүшелерінің кір киімдерін және экипаждың жұмыс киімдерін жуу кеме жуу орындарында, ал олар болмаса - арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
331. Тәртіпті қолдау және гигиена шарттарын сақтау үшін бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) тұрғын үй-жайларды және жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларды жүйелі қарауды жүргізеді.
§ 4. Тамақ қабылдау тәртібі
332. Кеме экипажының барлық адамдарының тамақ қабылдауы күн тәртібімен белгіленген уақытта жүргізіледі.
Тамақты тарату алдында бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) дайындалған тағамның дәмін татады.
333. Командалық құрам адамдары кают-компанияда тамақтанады. Кают - компаниядағы басты адам капитан болып табылады, ол болмағанда - бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер). Команданың асханадағы басты адамы боцман болып табылады. Кают-компаниялар жоқ кемеде командалық құрам үшін экипаж асханасында немесе жолаушылар салонында үстелдер бөлінеді.
334. Бүкіл экипаж кают-компанияға немесе асханаға тамақ қабылдау үшін белгіленген уақытта, таза және мұқият киімде келеді.
Белгіленген уақытта келмегендер үшін тамақ қалдырылмайды.
Күн тәртібі бойынша белгіленбеген сағаттарда тамақ қабылдауға тек кейінге қалдырылмайтын кеме жұмыстарын қызметтік тапсырмаларды орындаған адамдарға және тек бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің), ал ол болмағанда - вахта бастығының рұқсаты бойынша рұқсат етіледі.
335. Каютаға тамақ тек капитанға оның өкімі бойынша берілуі және ауырған адамдарға бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) нұсқауы бойынша берілуі мүмкін.
§ 5. Жағаға шығу
336. Экипаж: мүшелерінің жағаға шығу тәртібі мен кезектілігін капитан белгілейді.
Жағаға шығу кезінде кемеде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қажетті жұмыстарды орындауға қабілетті экипаждың бір бөлігі қалады. Бұл ретте көлік флоты кемелерінде экипаждың айлақта тұрған кезінде үштен екісінен кем, ал рейдте тұрған кезде үштен бірінен кем шығуға рұқсат беріледі.
337. Кемеде қауіпті жүк болған жағдайда, рейдте тұрған кезде немесе қолайсыз жағдайларда, сондай-ақ кеме үшін қауіпсіздік немесе оның тұрақ орнын ауыстыру қажет болса (немесе болжам болса), кемеде капитан немесе бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, механик немесе механиктің бірінші көмекшісі).
338. Рейдтік-маневрлік, жергілікті, техникалық және қызметтік-қосалқы флот кемелерінің капитаны кеме иесі белгілеген тәртіппен кемені қалдырады.
339. Кеме экипажының барлық адамдары кемеден тек өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен кетуі мүмкін.
340. Шығуға рұқсат алған кеме экипажының адамдары кемеден кетер алдында және кемеге оралуы бойынша бұл туралы вахта бастығына баяндайды.
§ 6. Кеменің жұмыс шлюпкаларын (қайықтарын) пайдалану
341. Шлюпканы суға түсіруге және оны пайдалануға капитанның рұқсатымен ғана жол беріледі.
342. Борттан кететін әрбір кеме шлюпкасында командалық құрам адамдарынан шлюпка командирі немесе қатардағы құрамнан тағайындалған старшина және моторшы (өздігінен жүретін шлюпкаларда) тағайындалады.
Шлюпка командирі (старшинасы) және моторшысы бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) болып тағайындалады, ал ол болмағанда - вахта бастығы.
343. Шлюпка командирінің (старшинасының) және моторшысының тиісті біліктілігі (құқығы) болады.
344. Шлюпка тиісті есушілер санымен жасақталады және белгіленген жабдығы болады.
345. Шлюпкадағы (жолаушыларды қоса алғанда) барлық адамдар да өздерінің жеке құтқару құралы болады.
346. Борттан кетуге дайындық туралы шлюпка командирі (старшинасы) вахта бастығына баяндайды және кетуге рұқсат алады; қайтып келуі бойынша шлюпка командирі (старшинасы) оның келуі туралы баяндайды.
10. Кеме ережесі
347. Кемеде мыналарға жол берілмейді:
1) капитанның рұқсатынсыз бөгде адамдарды, олардың жүгін және багажын, сондай-ақ экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді тасымалдау;
2) вахта бастығының рұқсатынсыз қандай да бір заттарды алып шығу;
3) спирттік ішімдіктерді ішу және масаң күйде болу, құмар ойындар ойнау;
4) бөлінбеген орындарда және төсекте, сондай-ақ дабыл, оқу уақытында шылым шегу;
6) вахта атқарушыларды сөзбен алаңдатпау;
7) сырттан көрінетін түрлі-түсті абажурларды жарық көздерінде ұстау немесе оларды түрлі-түсті перделермен жабу;
8) борт сыртына қоқысты, шылым қалдығын, тамақ қалдығын тастау;
9) бөлінбеген орындарда киім-кешекті жуу, кептіру және өтектеу.
348. Спорт іс-шаралары (шлюпкаларда жүзу, жүру) капитанның рұқсатымен ғана және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамды тағайындаумен жүргізілуі мүмкін.
Кемелердегі қызмет жарғысына
1-қосымша
Өздігінен жүзетін кемелерді (жүрдек кемелерден басқа) ішкі кеме қатынасы
жолдарында пайдалану кезінде олардың командалық құрамының
вахтаны атқару уақыты
№
|
Лауазым
|
Жұмыс кестесі кезінде вахта атқару уақыты
|
Төрт ауысымды
|
Үш ауысымды
|
Екі ауысымды
|
1
|
Капитан
|
00:04 16:18
|
00:04 12:16
|
00:04 12:20 немесе 00:06 12:18
|
2
|
Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман)
|
08:12 21:24
|
08:12 20:24
|
04:12 20:24 немесе 06:12 18:24
|
3
|
Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман)
|
04:08 18:21
|
04:08 16:20
|
|
4
|
Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман)
|
00:03 12:16
|
00:04 12:16
|
|
5
|
Механик
|
12:14 20:24
|
08:12 20:24
|
04:12 20:24 немесе 06:12 18:24
|
6
|
Механиктің бірінші көмекшісі
|
00:04 14:17
|
00:04 12:16
|
00:04 12:20 немесе 00:06 12:18
|
7
|
Механиктің екінші көмекшісі
|
04:08 17:20
|
04:08 16:20
|
|
8
|
Механиктің үшінші көмекшісі
|
08:12 21:24
|
08:12 20:24
|
|
8
|
Электромеханик (механиктің электр жабдығы бойынша көмекшісі.
|
12:14 20:24
|
08:12 20:24
|
|
Кемелердегі қызмет жарғысына
2-қосымша
Күн тәртібі
Күн тәртібі
|
Кемелердегі уақыт, сағат мин
|
жүруде
|
Тұрақта тұрғанда
|
Тұру
|
07:00
|
07:00
|
Таңертеңгі ас
|
07:30-08:30
|
07:30-08:30
|
Кеме бойынша жұмыс
|
08:30-12:00
|
08:30-12:00
|
Түскі ас
|
11:30-12:30
|
11:30-12:30
|
Кеме бойынша жұмыс
|
13:00-17:00
|
13:00-17:00
|
Кешкі ас
|
19:30-20:30
|
17:30-18:00
|
Жеке уақыты
|
20:30-23:00
|
18:00-23:00
|
Ұйқыға жату
|
23:00
|
23:00
|
Достарыңызбен бөлісу: |