Кейс тақырыбы: Кәсіби денсаулықты сақтау. Орындаған: Дюсешов Қ. Т. Тексерген: Турымтаева Б. Е. Өскемен 2020 ж. Кәсіби денсаулық



жүктеу 33,35 Kb.
бет1/2
Дата20.01.2022
өлшемі33,35 Kb.
#33795
  1   2
Кәсіби денсаулық


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



КЕЙС

Тақырыбы: Кәсіби денсаулықты сақтау.

Орындаған: Дюсешов Қ.Т.

Тексерген: Турымтаева Б.Е.

Өскемен

2020 ж.


Кәсіби денсаулық ұғымы қазіргі уақытта қолданлып жүр. Кәсіп игеріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақталу қажет.Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

· Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.

· Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.

Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.

Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.

Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.

Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.

Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:

·Психофизиологиялық спект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;

· Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;

· Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.

Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады. Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.

Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:

· Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.

· Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.

·Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.

Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:

· Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;

· Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;

·Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;

· Аттенциондық-мнемикалық - көңілаудару, естесақтау.

Әртүрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.


Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсеретеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым – қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.

Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзідейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы – әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді. 


Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:

1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар);


2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағықиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.

Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:


•Әлеуметтік жағдай:


Эндогендік – олиндивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады. 
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына – тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады.Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.Ағзаға факторлардың әсер етуі олиндивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады.

Жеке бас денсаулығы туралы мәліметтерді жинап, талдау және болжау, басқару әрекетінің бағдарламасын құру, басқару жүйесінің тиімділігін талдау арнайы теориялық білімділікті қажет етеді. Осы теориялық білімдер жүйесін: валеософия, валеометрия, валеоүйлестіру бөлімдеріне жіктейді: Валеософия – денсаулық даналығы туралы ғылым; Валеометрия – денсаулық өлшемі туралы ғылым; Валеоүйлестіру – денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым.Салауаттанудың іргелі білімдер жиынтығы – СӨС негізін құрайды. Оларды жіктеудің тиімді негізі – жүйелі тәсіл. Бұл тәсіл осы ғылымдағы жаңа ақиқаттарды қамтудың толықтылығын бағалауға және пәннің пайда болуын болжауға мүмкіндік береді. Салауаттанудың іргелі білімдерін жүйелі жіктеу – оқу пәні ретінде СӨС құрылымын тәртіпке келтіру маңызды дидактикалық шарт болып есептеледі. Салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – дені сау адам    қазіргі ғылымда пирамида ұстанымына негізделе ұйымдастырылған, ашық және белгілі бір кеңістікте – уақытпен қызмет ететін, биоэнергоақпараттық жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық жүйе ретінде адамға тән қасиеттер: өзін өзі ұйымдастыру, өздігінен даму қабілеті, өздігінше өрбу немесе өзіне ұқсас тұқым жалғастыру. Адам жүйе ретінде үнемі өзін қоршаған ортамен ақпарат, энергия және зат алмасып отырады. Оның организмінің өзара байланысты әрекеттестіктер  әртүрлі физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік, психологиялық, рухани, экологиялық және т.б. әрекеттестіктердің кешенін біріктіреді. Сондықтан,  адамның үш деңгейіне сәйкес анықталатын  денсаулықтың соматикалық, психикалық және рухани деңгейлеріне қатысты өзара әрекеттестіктер валеологияның іргелі білімдерінің (валеолософияның, валеометрияның, валеоүйлестірудің) зерттеу пәні болып белгіленеді.

1997жылға дейін ғылым аясында,салауаттанудың қандай  ғылымдар жүйесіне жататын,оның  жеке ғылым ретінде  қарастырылу  құқығының бары немесе жоқтығыжөнінде пікірталастар жүріпотырды.Р.Артоманов және В.В.Колбанов  салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына  басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми  тұжырымдаманың қалыптасуына  үлес қосқан клиникалық  медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың,  биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.

Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың  және басқа да ғылымдардың  қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы  керек деген тұжырым айтады.В.Д.Санькин және В.В.Зайцевсалауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.

Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың  даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген  еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.


жүктеу 33,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау