Экономикалық жүйедегі дағдарыс
1986-1989жж. Экономикалық реформалар
1985 жылы Қазақстанның экономикасы дағдарыстың алдында тұрды. 1971-1985ж. аралығында өндірістік өнімдердің өсу қарқыны 9,3%дан 3,5%ға қысқарды, ұлттық табыс – 10,3%дан 1%ға дейін төмендеді. 1985 жылы өндірілген ұлттық табыс 5,7 млрд. сомға жеткенімен, оны өндірумен және жинақтауына жұмсалған қаржыдан төмен болды.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұданда ауыр болды. 1972-1985ж. аралығында басты өндірістік қорлар үш есе, ал азық-түліктер өндірісі бір жарым есе көбейді. Совхоздар мен колхоздардың жартысы шығынға ұшырап, тиімсіз болған. Олардың мемлекетке қарызы 12 млрд. сомға дейін жеткен, ал өнімдердің өзіндік бағасы жоспарланғаннан 7 млрд. сомға жоғарылады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын төмендету нәтижесінде қалыптасты. Сонымен, Қазақстан жыл сайын өкіметке 1971-1985ж. аралығында 300 мың тонна ет өткізіп отырды.
1кг. ет шамамен 2 сомға бағаланды.
Бұл 9 млрд. сом кіріс беруді, ал шығынға 18-27 млрд. салуы талап етті.
1985 жылдан бастап экономиканы қалпына келтіру шаралары қолға алына бастады. Бірақ ол экономикалық саясаттың негізіне сеп болмады, сондықтан олда сәтсіздікке ұшырады. Енді шаруашылықты басқару жүйесін өзгерту жоспарға алынды. Жаңа батыстық техникалардың технологиялық өнімдері көбейтілді. Алайда олда нәтиже беріп, үмітті ақтамады. Өндірісте тәртіптің тұрақтануына бағытталған күрес, ішімдікке қарсы компанияларға бет бүрды. Бұл нашақорлық, ішімдік жасаудың, таксикомпанияның табыстары мемлекет қазынасына құйылатын кірістердің қысқаруына әкеліп соқты.
1987ж. бастап өндірістердің қарқыны төмендей бастады.1988ж. шілдеде өкімет кооперативтердің яғни мемлекеттік емес, меншігі бар кәсіпорындардың қызметін легализациялауға мәжбүр болды. Бірақ кооператив секторы экономиканың негіздерін қозғай алмады. Қазақстанда 1991 ж. дейін кооперативтердің саны 15 мыңға жетті, ал оларда 220 мың адам жұмыс істеді. Бұл 10-15 жұмысшысы бар ұсақ кәсіпорындар болды.
1987ж. бастап өкімет меншік қатынастарын өзгертетін жоспарлы нарықтық экономиканы құра бастады. 1988-1989жж. Қазақстандықтардың тұрмыс дәрежесі төмендей бастады. Г.Колбиннің ұсынған кең көлемді тұрғын үй құрылысы туралы жоспары көп қаржы бөлінгеніне қарамастан нәтижесіз болды. 1989ж. бастап бұқаралық толқұлар бел ала бастады. Шілде айында Қарағанды бассейінінің шахталарында баскөтерулер бой көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |