1929 жылы емледе тек кірме сөздердің жазылуында ала-
құлалық бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің
дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым.
Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін
көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы қазақша жазушылар
“шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонети-касы
мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек деп, бір
әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің
түбірін бұзбай жазу керек” деп екі әуре болады дейді.
Сондай-ақ гөрі/кері шылауының гөрі вариантын кодифи-
кациялау керек. Өйткені ол үнемі шығыс жалғауынан кейін
қолданылады деді ғалым.
1935 жылы барма, келгесн, барғансн деп бірге жазуды ұсынады
да, енді бір мақаласында қосымша ма, ме- ні бірге, шылау ма, ме
– ні бөлек жазуды ескертеді.
Сондай-ақ да, де – нің қосымша болғанда сөз түбірімен
бірге, шылау болғанда бөлек жазылатынын айырады.
Ал мен, бен сөздерін шылау, қосымша екенін айыру
қиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады.
Қос сөздер дефиспен тек аппақ, көкпеңбек сөздерін бірге, ал
қолма-қол сияқты қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге
жазуды ұсынады.
Сөйтіп, бүгінгі емле кодификациясының түпнегізі
Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан шығады.
Әліпби мен емлені өзгертуге байланысты екінші ұсынысты
С.Аманжолов айтты. Автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан”
газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің
түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден
ә, ү, z, ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ <қ>-ны к-мен,
<ғ>-ны г-мен беруді дұрыс емес дейді.
<ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп
жазуды қолдамайды.
Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>,
<ій> дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз <й> – ді де беретін
болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни).
Ал [ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V-
<у>, <ұу>, <үу> беретін болады дейді.
Терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені
жасаған Т.Шонанұлы, Е.Омаровтардың алашордашылдығын
олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниеті-
нен көруге болады дейді.
С.Аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай
кемшіліктерін көрсетті:
1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмады;
2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан мисси-
сипи, миссури сияқты сөздердің mijssijsijpij, mijssуvrij деп 6, 7
әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3) Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4) Қазақ тілінің төл сөздерінде екінші-үшінші буындарда
ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі
орфограммалануы (кило-келі, динамо-динамы, бюро-бюра);
5) Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зооло-
гия, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйа-
тыр болып таңбаланды; 6) Қатаң-ұяң дыбыс тіркесімі
болмайды, сондықтан жа-
зылмайды делініп, аптаномыйа, Бекполат, апсалұут сияқты
фонетикалық орфограммалар көбейді. С. Аманжолов: “Қазақ
тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын,
қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принцип-
ке бағынбайтын еді. Мысалы: tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau,
gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді.
Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін
болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбір
морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазы-лады
(зumьsdьŋ), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей
жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды;
кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппен
түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық
принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп,
игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған
түрінде жазылады: өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien, екі
немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге
қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымша
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:
Bekmuratqa, metaldьŋ, кірме сөздердегі еріндік дауыстылар
таңбасы соңғы буында да жазылады (komsomol, kino), кірме
сөздердің аяғында в, д, г әріптері таңбаланады( leningrat, aktip
емес); <ұ> дыбысы ы таңбасы арқылы, <і> фонемасы j әрпі
арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесе
береді (zooloqia, зuadь); әліпбиге x, f, v әріптері алынады; қосар
ый, ій, ұу, үу дыбыстары і, и таңбалары арқылы беріледі;
252
253
әліпбиде 32 әріп болады; кірме сөздерде айтылатын ә, е, и
дыбыстарының орнына, сөз мағынасы бұзылмаса, а әрпі жа-
зылады (artel, organ, brigada); екінші-үшінші буындарға дейін [ә]
дыбысы сөздердің тек буынында ә-әрпін жазу: kәmilaрa; соңғы
буындарда естілген ө, ұ, ү дыбыстарының орнына е, ь, j әрпін
жазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі [п-б], [қ-ғ],
[к-г] дыбыстарының алмасуы таңбаланады: tabadь, kөgerdь,
aрadь; сөз басындағы қысаң езуліктер мағынаға әсер етпеген
жағдайда таңбаланбайды: rai, lai, ckaf. Бірақ jnj, ьza, jri, ьdьs, jl, jz;
екі буын аралығындағы мағынаға әсер етпейтін қысаң езуліктер
таңбаланбайды: axmet, magna, caurьn, caprag, kөkek; соңғы
буындағы қысаң езуліктер түбір тұлғасында да, тәуелді жалғау
тұлғасында да жазылмайды: mylk-mylkjm, xalg-xalgьm; одағай
сөздерде екі дауыссыз әрпі қатар жазыла бе-реді: garg-garg; соңғы
буындағы қысаң езулігі бар сөздерге тәуелдік жалғау жалғанғанда
сөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң езуліктер түсірілмейтін болса,
түбірде де таңбаланады: tyljk-tyligi, kөrjk-kөrjgj; і, u әріптерінің
жуан-жіңішкелігін түбір не қосымша ажыратып тұрады; жуан-
жіңішке пары бар сөздердің жіңішкесін таңбалау: ti-tji, tyu-tu;
кірме сөздердегі ь белгісін ә, ө әріптері арқылы беру: әlbөm, vөlt;
ю әрпін iu әріп тіркесімен беру: iubilei, soiuz; барлық дауыссыз
дыбыстардан соң келген
ю әрпін u таңбасымен беру: revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiuk
деген сөздерді iu-мен жазу; кірме сөздердегі я әрпін ia тіркесі
арқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыз-
дан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі io
арқылы беріледі; с дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстардан
соң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпі
сөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі:
sitat, aksia. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе,
тс арқылы беріледі: protse; щ әрпі сөз ішінде және дауысты
ды-быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және
сөз басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin.
С.Аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады.
Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і
<й>, j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р <п>, r <р>, s <с>,
t <т>, u <у>, f <ф>, х <х>,
ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ , ň
<ң>, ө <ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>.
Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев j <і> таңбасы сөздің
барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері сирек
жазылатындықтан жіңішкелік белгісін пайдаланайық деді, А.
Ысқақов бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дау-
ыссыздарды белгілейді деп қарсылық білдірді.
Енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң езуліктер-ді,
мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебі
рығыз, қытын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын
қауіп жоқ екенін айтады.
Қазақ тілінің жалғамалы сипаты қосымша жалғағанда,
қопармалы тілге айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп,
қрғызы дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым.
Сондай-ақ автор дауыстылардың тек жуан түрін алуды а, о, у
дыбыстарын сөз ішіндегі і, ŭ, е әріптеріне қарап оқуды, ал бір
буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады.
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-
мен 19 сөз басталады.
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қалағанын көреміз.
1938 жылғы әліпби мен
графикадағы
өзгерістер.
Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше
қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады.
Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазы-
латын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьt-
uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің
емлесінде мынадай ескерту болды: у деген сөзді бір әріппен
(u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен
(ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір
ғана і таңбасы алынған соң, <і> фонемасы /j/ әрпімен
таңбаланатын болды, мысалы: tjl (тіл), zjl (зіл). Бұл
орфограмманың да тый, сый сөздерінде бұрынғы емле
сақталатыны туралы ескерту бол-ды.
1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту
туралы” қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (х), v (в) әріптері енді.
<ы> – ь, <у>-u, <в>-v, <ұ>- ŭ, <ү>-y, <ф>-f-мен берілді, ю-іu,
я-іа тіркесімен таңбаланатын болды. Әліпбиде е, ц, ч, щ, ъ, ь,
э, ю, я таңбалары болмады.
Қысаң езуліктердің таңбалары (ь, j) мазмұнға ие болып тұрса,
254
255
Достарыңызбен бөлісу: |