6) түбірдің дыбысына жалғау, жұрнақтың дауыссыз дыбысы
ықпал етпесін (түн-түнгі боп жазылсын, естілуінше түңгі боп
жазылмасын);
7)
л, р, у, и ден басталатын сөздерде ( қап, лосу, рабай, рұқсат,
уақыт, іине) ы, у дыбыстары сөз басында дүдәмал естілсе жа-
зылмасын; 8) есімшені” “тұн” жұрнағы (баратұн, келетүн)
естілуінше
“тін” боп жазылсын. “Үшін”, “үркер” сияқты сөздерде
ү, ө, і,
е жазылсын;
9) демеу жалғауының қосалқы қосымша сөздер (ғой, ғана,
мен) дыбыстары естілуінше, түбір сөздер сызықша мен айыры-
лып жазылсын (берді-ғой, рас-қой, шақ-қана, жүрсек-те,
алды-ма, келіп-бе, адам-мен, еп-пен);
10)
сын есімді күшейтетін үстеу буындар (қап-қара, оп-оңай)
естілуінше қосылып жазылсын;
11) ау, ай одағайлар сөзге тіркелгенде (япырмау, жанымай)
бірге жазылсын, сөзден бұрын келгенде, бөлек жазылсын (Ай,
Асан);
12) еке (аға, еке) жұрнағы өзге жұрнақтарша түбірге бірігіп
жазылсын (ағаеке);
13) кейбір көмекші етістіктер (бар, жүр, еді, ген еді ) етістік-
пен бірге иә сызықша мен айырылып жазылсын;
14) “сын”,”сық” боп қысқарып айтылатын соң сөзге
келгенде бірге жазылсын (барғансоң, онсын).
Осыған байланысты “Еңбекші қазақ” газетінің бетінде
ұсыныстар жасаған, айтысқан т.б. көптеген мақалалар жарық
көреді. Мысалы: Байтұрсынұлы А. “Емле туралы” (1929, 27 на-
урыз); “Қазақстан мен Қазағыстан туралы”, Дулатұлы М. “Емле
өзгерту жайында”, “Емле жайындағы пікірлер”; (Ақдәулетұлы
Әбділда, Мұқанұлы Сәбит, Есенғали Манабайұлдарының пікір-
лері) (1929, 28 наурыз); Қайменұлы І. “Емлені түзету туралы”
(1929, 10,19 наурыз); Мамытұлы “Емле, пән атаулары туралы”
( 1929, 19 наурыз); Марғұланұлы Ә. “Жазу мәселесі” ( 1929, 16-17
тамыз); Аймауытұлы Ж. “Әліпби емлесіне түсінік” ( 1929, 18
ақпан); “uv,v,іv,yv” ( 1929, 9 наурыз); “Әдеби тіл мен емле” ( 1929,
12 мамыр), Аймауытұлы Ж. “Емле, әріп жайында”, “Емлені
өзгертуге жоба”, “Тағы да емле туралы”, Аманжолов С. “Жаңа
емленің кейбір дыбыстарын өзгерту, емле мен термин-дерді
дұрыстау туралы”, Омаров Е. “Айнымалы дыбыстардың жазылу
мәселелері”, Уәлитов Ш. “Емлені өзгерту жайында”,
Шаймерденов Е. “У” мен “И”, Байтоғайұлы Б. “Қос сөздер ту-
ралы, Омаров Е. “Емле мәселесі”, Шонанов Т. “Шет сөздердің
імләсі жайында” т.б. атауға болады.
Бас әріп мәселесі латын әліпбиіне көшкеннен кейін кейін
талқыға түсті. Әсіресе бас әріпті алу-алмау мәселесі туралы газет
бетінде біраз таластар болған. Бұл мәселеге әсіресе оқытушылар
белсене үн қосқаны байқалады. Ондай мақалалардың қатарына:
“Бас әріпті былай алайық” (1929, 26 қараша); “Бас әріп туралы
айтыс” (1929, 2 желтоқсан); Ш.Тоқжігітов “Бас әріптің керегі жоқ”
(1929, 2 желтоқсан); “Бас әріп керек” (1930, 4 ақпан); “Бас әріп
керек не, жоқ па?” т.б. жатқызуға болады. Бұл мәселе латын
графикасына көшуге байланысты туындағаны белгілі.
Бүкілодақтық Орталық жаңа түркі әліпбиі комитетінің І пле-
нумында бас әріпті жою не сақтау туралы мәселе қойылып, онда
бас әріпті алмау туралы шешім қабылданады. Көп ұзамай бас
әріпті кіргізу мерзімі жайында 1930 жылы 2 маусым айында
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің қаулысы бойынша алы-
нады (Еңбекші қазақ. 1930. 20 октябрь. №232). 1930 жылдың 11
сәуірінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің “Бас әріпті алу
туралы” қаулысы шығады. Онда 1931/32 оқу жылына арналған оқу
құралдары бас әріппен басылсын, барлық мерзімді әдебиет 1931
жылдың бірінші қаңтарына шейін барлық оқушыларын бас әріптің
түрі мен ережесімен таныстырып болсын да, сол күннен бастап
бас әріпке көшсін, 1931 жылдың қаңтарынан бастап оқу
құралдары бас әріппен басталсын т.б. қаулыларды қабылдайды.
О.Жұбаева, Қ.Күдеринова, Н.Әміржанова «Латын графикасы
негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы»
(Алматы, 2007) жинағынан.
12-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми
орфографиялық конференция материалдары
Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле
принциптерін айқындау және қазақ тілі емле ережесін талқылау,
қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада
ғылыми орфографиялық конференция шақырылады.
Конференцияға Е.Омаров, Юдахин, Т.Шонанұлы, Вундцетель,
Байділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов,
Тоқтыбаев, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов қатынасады.
236
237
Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі туралы:
- Емле фонетикалық принципке негізделеді. Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции. Мы
понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без
искажения смысла слова, звуков нашей речи”. Яғни
фонетикалық принцип сөз мағынасын айыратын фонеманы
ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип
те фонематикалық негізде түсіндірілді. “Но и там, где мы
применя-ем морфологический принцип, под этот принцип
подводим фо-нетическое объяснение, ибо по нашим
наблюдением нет такого пункта в нашем правописании и не
должно быть такого место в нашем языке, которой возможно
было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).
- қазақ тілінде диалект болмағандықтан морфологиялық
принциптің қажеті жоқ (Т.Шонанұлы, К.Юдахин, Е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);
- шет сөзін түпнұсқа принципімен жазып, өз тіліміздің
дыбыстық құндағында (Н.Уәлиұлының термині) оқу
(Е.Омаров);
- құрлы, қой, қана сөздерін морфологиялық принциппен
жазу (Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
- -шы жұрнақтарын (барсайшы) түбірмен бірге жазу (К.
Кемеңгеров);
- ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу
(висмут-вұспит) (Т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы:
- сөз аяғындағы ы, і езуліктері қосымша жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);
- қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: млтқтң (Байділдин,
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру
(Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
- емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
- түбір мен қосымша аралығында п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерісін
белгілеу (Т.Шонанұлы);
- аталған позициядағы н-м, н-ң өзгерісін жазуда белгілемеу
(Т.Шонанұлы).
Бірге/бөлек таңбалауға байланысты:
- қосымшаларды бірге жазу, ал жартылай қосымшаларды
бөлек жазу: “тілдің еркін дамуы үшін түбір мен жартылай
қосымшаның бірге жазылмауын назарға алуымыз керек”;
- тілтұтынушы санасында бөлек сөз болып табылмайтын
күрделі сөздерді бірге жазу (Т.Шонанұлы);
- бейүндес біріккен сөздерді дефиспен жазу (Алибаев);
Жеке әріптердің емлесіне қатысты:
- ж, ш, й дыбыстарының жіңішкеруі (шәй, жәй, тійін) тілде
бар болса, оның емлесін айқындау (Т.Шонанұлы);
-
ш, ж, й дыбыстарының аралығындағы [а]-[ә] дүдәмалдығын
қосымшаның жуан жалғанатынына қарап, а ретінде таңбалау
(Т.Шонанұлы); өйткені <ж>, <ш>, <й>-лардың жіңішкеруі диа-
лектке байланысты болуы мүмкін (К. Юдахин);
- сөз аяғындағы <б>-ны таңбалау (болыб, келіб, саб, қаб).
-
<к>-нің жіңішкеруі мен <қ>-ның жуандауын (әкт, пыртақол)
жазуда белгілеу (Кемеңгеров);
- һ әрпін әліпбиге алмау: қаћарман сияқты сөздерді қаарман
деп жазу (Қ.Кемеңгеров, Тоқтыбаев).
Кірме сөздердің емлесі туралы:
- шет сөздерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына икем-
238
239
Достарыңызбен бөлісу: |