/екі орын/ – [ек
о
орұн], /екі өлең/ – [ек
ОІ
өлөң], /қырық өтірік/
– [қырығ
ОІ
өтүрүк], /екі ұры/ – [ек
о
ұрұ], /екі лақ/ – [ек ылақ], /
қырық ән/ – [қырығән], /қырық екі/ – [қырығекі], /қырық үш/
– [қарағүш], /қырық ішік/ – [қырығішік], /көк ала/ – [көгала],
/көк орай/ – [көгорай], /көк ұрсын/ – [көг
о
ұрсұн], /көк лақ/ –
[көгылақ].
Ендеше <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының әрқайсысы ды-
быс парадигмасындағы басқа дауыссыз сияқты жуан-жіңішке,
еріндік-езулік варианттармен түрлене алады екен. Осыған орай
Н.Уәлиұлы “тіл үндестігіне ілікпей жүрген” “шәлкес тіркес-
тер” (құрмет, құдірет, қошемет, мәслихат, рақмет, қабілет,
қасірет, қауесет, қиямет, қажет, қолет, қауырт, қазір,
камшат, қабір, қауіп, қате, қанден, іждағат, қадім, қасиет,
қапер, қатер, қорек, құзырет) сөйлеуде жіңішке әуезде айты-
латынын оңай байқауға болады дейді. Мысалы: [қ
ІО
үрмөт],
[қ
ОІ
үдүрет], [қ
ОІ
өшемет], [мәслійх
І
әт], [рах
І
імет], [қәб
І
ілет],
[қәсірет], [қәуөсет], [қійәмет], [қәжет], [қөлет], [қәдір],
[қәзір], [камшат//кәмшәт], [қәбір], [қәуүп], [қәте], [қәнден],
[іждәғат], [қәдім], [қәсійет], [қәпер], [қөрек], [қүзірет].
Ендеше А.Байтұрсынұлы әліпбиінде негізделген, қазіргі
қазақ жазуында жалғасын тапқан <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының бір-бір таңбаға ие болуы “бір фонемаға бір
әріп” деген қазақ графикасының қағидасына сәйкес. Әріпке ие
болатын дыбыс өзінің дыбыс қоры болуымен ерекшелену керек
десек, аталған фонемалардың дыбыстық қоры мынадай:
<қ> [қ] [ақ] ақ, [қылт] қылт, [қ
о
ол
о
] қол, [қ
о
ұш
о
] құш, [қ
І
]
[қ
І
әзір] қазір, [тығішіңе] тық ішіңе, [қ
ОІ
өлет] қол ет, [қ
ОІ
ұдірет]
құдірет.
<ғ> [ғ] [ғасыр] ғасыр, [шығын] шығын, [ғ
О
ой] ғой, [ғ
О
ұн]
ғұн, [ғ
І
] [жоғ
І
ән] жоқ ән, [қырығ
І
ішік] қырық ішік, [ағ
ОІ
өлөң] ақ
өлең, [жоғ
ОІ
үн] жоқ үн.
<г> [г] [көгала] көк ала, [көг
О
ұрсұн] көк ұрсын, [тег
О
от
ұ
рұу]
тек отыру, [г
І
] [гәп] гәп, [jегіз] егіз, [jегде] егде, [бүг
ОІ
үн] бүгін,
[г
ОІ
өрү] гөрі, [г
ОІ
үр] гүр.
Тілдің даму жүйесінде қатаң дыбыстан ұяң дыбысқа қарай
дауыстың жұмсару процесі белең алатын сияқты. Мысалы, XVIII-
XIXғғ. араб жазулы ескерткіштер тіліндегі чықармасаңыз,
йоқарыда, жолуқұсұб, достылықым, йарлықым, йаманлықына,
тынычлықын, қылғанлықы деген сөздер бүгінде ғ дыбысымен
айтылып, жазылады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі айтылу норма-
сында <т> фонемасы [д] вариантында жұмсалатын сияқты: тат
басу – [тадбасұу] (Әдетте үйлестік қатаң дыбыстың ұяңды
өзіне айналдырып алуымен сипатталатын еді: тат басу – [тат
пасұу]). Кезінде Т.Шонанов: “Шамасы, түбінде біздің сөз
басындағы к дыбысымыз айтылымда г дыбысына айналатын
сияқты. Ал түрікмен, осман және тағы басқа оңтүстік тілдер
қазірдің өзінде г-ге айналдырып алды” деген екен.
Сонда тіларалық қатынастың, өзге тіл дыбыстық
құрамының, жазба тілдің әсерінен ұяңдану, салдырдан үннің
басымдық алуы жүріп отыратын сияқтанады.
Сонымен, қазақ әліпби құрамында <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының таңбалары болуы жазба тіл мен ауызша тілді
бір деп түсінген қазақ тілі үшін ұтымды шыққан деп ойлай-
мыз. Екі таңбамен төрт вариантты берген түрік, өзбек, қырғыз,
әзірбайжан тілдері бүгінде ауызша тілдің айтылу нормасынан
ауытқып отыр.
Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының
теориялық негіздері» Алматы, 2010.
5-дәріс. Жазудың негiзгi категориялары
Л.В.Щерба жазу теориясы дыбыстық таңбалар мен
грамматикалық таңбаларға және ұғымдық таңбаларға ажы-
райды деген. Мұндағы дыбыстық таңбалар әрiптер болса,
грамматикалық таңбалар пунктуациялық белгiлерге, ұғымдық
таңбалар сөздердiң бөлек, бiрге, дефис арқылы берiлуi, бас әрiп,
кiшi әрiп сияқты элементтерге саяды. Осы негiзде жазудың негiзгi
категориялары шығады. Ол – алфавит, графика, орфог-рафия
және пунктуация. Алфавит арқылы белгілі бір жазба мәтінде
әріптерді фонемаларға таңып, мәтін мазмұнын оқимыз. Графика
жазу түрлерін, қаріп түрлерін пайдалану деген сияқты жазба
мәтіннің бүкіл тұрпатын ұйымдастырады. Ал кейбір жа-зуларда
алфавиттегі әріп таңбалары жетпеген фонемаларды бел-гілеуді
ұйымдастырады. Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт
құрылыммен ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді
дифференциялауға көмектеседі (сөздерді бірге/бөлек/ дефис
арқылы жазу, кіші/бас әріп). Пунктуация бүкіл мәтіннің,
мәнмәтіннің оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады.
98
99
Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған Бодуэн де Куртенэ
графиканы көру-жазу элементі мен айту-есту эле-менті
арасындағы байланыс деп түсінді. Ол байланыс үшін
морфологиялық, семасиологиялық жайлардың қатысы болмады.
Яғни сөз қалай дыбысталса, алфавитте бар сәйкес әріппен солай
белгіленеді деді. Ал орфографияны ғалым жазу-көру элементі
айту-есту элементіне де және морфологиялық, семасиологиялық
элементтерге де қатысты деп түсіндірді. Бодуэн де Куртенэ кот
және год сөздерiнiң жазылуында графика да, орфография да қатар
көрiнiс табады дедi. ЛФМ графика мен орфография ара-сына бірде
шек қойса, бірде екеуін біреу етіп түсіндіреді. Ал Л. В.Щерба кот
сөзi графиканың, год сөзi орфографияның ере-желерiне бағынып
жазылады деген. Сөйтiп, графика ережелерi деген ұғым бола
қалса, ол қалай естiлсе, солай жазылады деген-дi бiлдiредi, ал
орфография қалай естiлсе, солай жазылмаған кезден бастап қана
шықты дейдi ғалым.
Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев бірде орфография графика
мүмкіндіктерінен аса алмайды десе, бірде орфографияның
графика ережелеріне қайшы келетін тұстары көп дейді. Жазу
ережелерінің графика мен орфографияға бөлінуі жазудың екі
кезеңнен тұратынын белгілейді деді.
Ал МФМ өкілдері тіліміздегі сөзформалардың жарты-сынан
астамы алғашқы кезеңде-ақ (графикада) дұрыс жа-зылады да,
орфографияның үлесіне тек күрделі түрі қалады деді.
Орфография мен графика тек әріпті таңдағандағы екі түрлі
жағдай деп түсіну керек. Былайша айтқанда, бұлар
фонологиялық және морфологиялық жағдайлар: егер әріпті жа-
зарда біз морфемаға қатыссыз тек басқа фонемаларға, екпін,
сөз басы, соңына қатысты алып отырсақ, бұл фонологиялық
бола-ды; ал әріпті морфема аясында қарасақ, онда
морфологиялық болады деді.
Алфавит пен графика арасында нендей айырмашылық бар де-
генге әлi бiржақты жауап жоқ. Л.В.Щерба графика мен алфавиттi
бiр деп қараса, Б. де Куртенэ графика мен орфографияның арасын
ажырата қоймады. Л.В.Щерба мәселенi екiге бөлiп қарастыруды
жөн көрдi (орыс графикасы немесе орыс әлiпбиiнiң теориясы және
орыс орфографиясы). Мәселенi шешуде Л.В.Зиндер: “Бұл жерде
әңгiме әрiп (графема), дыбыс (фонема) арасындағы қатынас
жайлы болып отыр, тек әр тұғырдан қараудан келiп шығады. Егер,
мысалы, әрiптi алып, ол қандай фонеманы белгiлейдi де-
сек, алфавитті, ал егер фонема немесе басқа да дыбыстық бiрлiк-
тердi, мысалға буындарды алып, олар қандай графемалардың,
болмаса олардың тiркесi арқылы берiлдi десек, бұл – графика” деп
анықтады. Бiрақ, Л.В.Зиндер айтқандай, графика иероглиф-тiк
жазуға да тән болса, онда жеке бiрлiктердiң дыбыстық екенiн
анықтаудың қажетi жоқ. Сөйтiп, алфавит графиканың нәтижесi,
соңғы қорытындысы ретiнде пайда болған код таңбалары сияқты.
Алғашында графика, соңынан алфавит шыққандай болады.
Оқулық, оқу құралдарын айтпағанның өзiнде жазуға қатысты
теориялық еңбектерде графика мен орфография немесе әлiпби мен
графика арасы айқындала қоймайды. Оның өзi жоғарыдағы жазу
теориясының iрi өкiлдерi Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба,
Л.В.Зиндер зерттеулерiнен басы ашыла қоймағанға байланыс-ты.
Л.В.Зиндер алдыңғы екi ғалымға қарағанда графика мен
орфографияның өзара айырмашылықтарын саралап бергенмен,
түбiнде жазуды графика мен орфографияға бөлуге қарсы бол-ды.
Бірақ орфографиялық ережелердің фонемадан әріпке дейінгі
толық жинағын беру үшін жазу теориясында графика мен ор-
фография арақатынасын ашу керек болды. Міне, графика, емле
ұғымдарының пайда болу уәжі негізінен осында. Дұрыс жазу екі
категориялы – графикалық және орфографиялық – ережелер
арқылы жүзеге асуы тиіс.
С.М.Кузьмина жазуды графика мен орфографияға бөлудің
қажеті жоқ деді. Себебі жазу процесінің өзі бір-ақ этаптан
тұрады. Жазғанда біз алдымен графикалық, соңынан
орфографиялық жазумен жазып, екі рет жұмыс істемейміз және
графикалық жа-зуды жүзеге асыратын жалған әріптер
жазарманның санасында болмайды деді.
Жалпы, графика бiр фонеманы екi, не үш әрiп тiркесi арқылы
таңбалайтын ағылшын, немiс, орыс сияқты жазулардың сипа-тына
байланысты шықты. Мысалы, француз тiлiнде <е>-нің ашық,
жабық, жартылай ашық түрлерін беретін әріп алфавит-те жоқ,
бірақ графикасында бар. Сол сияқты <а>-ны беретін графикалық
таңбалар жиі қолданылады. Немiс тiлiнде сh, sch деген диграмма,
триграммалар бар. Орыс тiлiнде жiңiшке дау-ыссыздарды беру
үшiн я, ю, ь, ъ әрiптерi қоса таңбаланады. Ал қазақ тiлiнде
графика жаңа әлiпбидi қабылдағанда, жазудың алғашқы
тәжiрибелерiнде, алғаш сауат ашу iсiнде көрiнедi. Сонда графика
дегенiмiз әлiпбидегi әрiптердiң белгiлi бiр фоне-маларды
таңбалауын ұйымдастыру болып шығады. Л.В.Щерба,
100
101
Достарыңызбен бөлісу: |