да коммуникантқа түсінікті болады. Алайда оны жазба тілге
грамматикалық формаларсыз немесе жалған нормамен қолдану
арқылы кодтау жазба тілдің мәтініне кедергі келтірері сөзсіз.
Сондай-ақ ауызша тіл жүйесінде жиі көрінетін формалардың
дыбыстық варианттары (мысалы, көптіктің -лар, -дар, -тар,
септіктің -нұң, -нүң, -дүң, -тұң), қысқарған формалар [барам],
[бересаш], [кетчей] жазба тілде инвариант формаларға айнала-ды.
Проф. Р.Әміров жазба тілге қарағанда ауызша тілде септік
жалғауы көп қолданылады деген тұжырым жасаған: берілген-
діктен – бергеннен соң, айтылғанмен – айтылса да. Сондай-ақ
М.Исаев апаларым деген қалыпты норманың орнына апамдар,
әкеңдер, жездемдер деген сөйлеу тілінің элементтері шыға бас-
тады деген. Ал ІІ жақ жалғауының бүгінде әдеби тіл нормасы
саналып жүрген -сың, -сің варианты сөйлеу тілінен енген фор-
малар болып шыққан.
Сонымен, ауызша тілдің барлық деңгейлері жазба тілге
кодталғаннан кейін, жазарман енді өзі құрған мәтінін оқып,
қайта өзіне қабылдау сатысына келеді. Өйткені қайта оқу
жазарманның мәтінді жазба тілдің тезіне салып қабылдауына,
графикалық мәтіннің орналасуынан бастап, азатжол, тыныс
белгі, қаріп түрлері, әріп таңбаларына дейін, енді оқырман
“рөлінде” жазба тілдің жүйесімен қабылдауына мүмкіндік бе-
реді. Бұл – жазба жүйеде ақпараттың дәл жетуін қалайтын жа-
зарман позициясын ескеруден шығатын соңғы акт. Ол стиль-дік
өңдеу, редакторлау, толықтыру, жөндеу жұмыстары дегенге
саяды. Стилге салу жазылған ойдың оқырманға тез, дәл, нақты
жету жолдарын қарастыру.
Сонымен, бұл ауызекі сөз ⇒ ауызша тіл ⇒ жазба сөз ⇒
жазба тіл бағытындағы кодталу сатылары болып табылады.
Көрсетілген процесті сауатты адамның барлығы жақсы меңгере
бермейді. Мұнда жазба тілдің нормасын меңгерген жазу ше-
берлігі қажет. Бұл деңгейдегілердің санасында ауызша тілге
қарағанда жазба тіл жүйесі басым орналасады.
Енді жазба тілдің ауызша тілге кодталу сатыларын
көрсетейік.
І. Мәтінді оқу. Ол екі түрлі болуы мүмкін: 1) Көзбен қармап
көру арқылы графикалық контексте түсіну, яғни іштей оқу. 2)
Дауыстап оқу. Мұнда әріп санадағы графема-фонема жүйесімен
ассоциацияланып, сыртқа дыбыс реңктері болып шығады. Әріп
дыбысқа айналады.
66
ІІ кезекте жазба тіл жүйесінде берілген ойдың мазмұндық
жағы екшеледі. Оқырман санасында ақпараттың негізгі мәні
түсінік ретінде қалыптасады. Түсінік ойлау және пайымдау
арқылы тілдік санаға елес болып түседі.
ІІІ кезекте осы ой мен пайымдау көрінісін сыртқа ауызша тіл
жүйесі мен тәсілдері, бірліктері арқылы шығару тұрады. Яғни
жазба тілдің графемдік жүйесі ауызша тілдің дыбыстық
жүйесіне, жазба тілдің синтаксистік, морфемдік, лексикалық
деңгейі ауызша тілдің өзіндік деңгейлері тәсілдеріне
кодталады. Мәтіндегі мазмұн ауызша сөзге әсерлі, дәл, нақты
болып кодта-лу прагматикасы қарастырылады.
ІV кезекте ауызша тіл жүйесімен дыбыстық тілге код-тау
орын алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін: еркін және жаз-ба тіл
құрсауында баяндау. Біріншісінде ауызекі сөйлеу эле-менттері
көп, синтаксистік құрылым нормаға сай емес, тосын
құрылымдар болады, бірақ сөйленім аудиториясына түсінікті
келеді. Екіншісінде, жазба тіл жүйесі сақталады. Жазба тілдің
синтаксистік құрылымында баяндау лексикалық, морфемдік
деңгейін ауызша тілге кодтамау жаттанды әсер қалдырады:
ақпарат әсер етпейді. Өйткені, әріп фонема арқылы танылып,
дыбыс қорына айналғанмен, яғни ауызша тілдің орфоэпиялық
нормасы сақталғанмен, жазба тілдің басқа деңгейлері ауызша
тілдің тезіне салынған жоқ.
Сондықтан, әр тілдің өз жүйесі мен бірліктерінде, норма-сы
мен заңдылықтарында берілмеген ой адресатына жетпейді.
Ауызша тілде – дыбыс, дыбыс тіркесі үндесім, үйлесім заңы, тон,
екпін, интонация, мимика, кідіріс, логикалық екпін; жазба тілде
– әріп, бас әріп, кіші әріп, азатжол, босаралықсыз, босаралық,
қосаралық, тыныс белгілер графикалық, орфографиялық,
орфоэпиялық ережелер әр жүйенің өзіндік коммуникация
тәсілдері мен бірліктерін көрсетеді.
Пысықтау сұрақтары:
1. Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?
2. Тілді таптастырудың жазба тілге қатысты жүйесін көрсетіңіз.
3. Жазба тілді меңгеру сатыларын көрсетіңіз.
4. Ауызша тіл мен жазба тіл арасында қандай аралық тіл бар?
5. Не себептен ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігі айқындалса,
жаз-ба тілдің белгілері екшеледі?
6. Ауызша тілде сөз экономиясы не себептен болады?
67
7. Жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің
ерек-шеліктерін табудың себебі неде?
8. Жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
9. Ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
10. Жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік
ерекшеліктерге не жатады?
Оқуға арналған материал
Жазудың тілдік жүйегі әсері
Біз жоғарыда тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде жаз-ба
тілдің деңгейлері нысанға алынып келгенін айттық. Жазба
тілдің нормасы болып табылатын бірліктер мен конструкци-
ялар жалпы тілдік жүйенің нормасы болып есептеледі дедік.
Жазудың ойжасам қызметі, жазу арқылы ойлау, жазба тілдің
айқын жүйесі жалпы тілдің жүйесі мен құрылымына әсер ет-
кені сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күн тұрғысынан жазба тілді
меңгерген/меңгермеген коммуниканттардың ауызша тілдегі
жүйелілік дәрежесін анықтаудың қажеттігі бар.
Бодуэн де Куртенэ тілтұтынушыларды үш сатыға бөлген. І
сатыға сөйлеуді енді үйрене бастағандар, мысалы балалар тілін
немесе бөтен тілдік ортаға түскен адамдар тобын жатқызады. Ол
топ сөйлеуге белсенді араласа алмайды, яғни “т.е. пока в их
головах не будут насаждены живые представления данного язы-
кого мышления, сопровождаемые автоматизмом обнаруживания
этих представлении в случае общения с другими индивидами”.
ІІ сатыға айту, есту мүшелері мен түсініктері арқылы
белсен-ді сөйлесе алатындарды шығарады.
ІІІ сатыға әрі сөйлей, әрі жаза алатын, оқу-жазу түсініктері бар
сауатты адамдарды топтастырады. Алғашқы топ басқаны түсіне
алғанмен, өздері сөйлей алмайды, ортаңғы топ оқи алғанмен, жаза
алмайды, соңғы топ оқи да, жаза да алады. Ғалым осылай
топтастыра отырып, әр топтың өзіне тән ерекше психикасы, тіл-ді
қолдану, тілді түсіну жағынан айырмашылығы болады дейді.
Сөйлей алатын адамның жады тек айту-есту түсініктеріне табан
тірейді дейді. Жазу мен тіл арақатынасы тек сауатты адамның
психикасына, яғни жазу-көру, айту-есту түсініктері бар адамның
психикасына қатысты дейді.
Осы таптастыруға сай, біз үш түрлі дәрежеде сөйленген
мәтіндерді аламыз. Мұның біріншісі (І-мәтін) – 5 кластық білімі
бар, жазылғанды ежіктеп оқи алатын, ата буын өкілі, 70 жастағы
қарияның сөзі, екіншісі (ІІ, ІІІ, ІV-мәтіндер)– 11 сыныпты бітіріп
келген, көркем әдебиет, публицистикалық жазу стильдерін ша-
малап меңгерген, санасында ауызша тіл жүйесінен гөрі жазба тіл
жүйесі басым, көпшілік ортада әдеби стильде сөйлеуді бас-ты
мақсат еткен ЖОО-ның 1 курс студенттерінің сөзі. Үшіншісі (V-
мәтін) – жазба тілде ойын білдіруге төселген, жазуға машықтанған
жазба тіл “шешендерінің” сөзі.
І мәтін: 1940 жылы наурызда Қытайда тудым, кедей ша-
руада, 5 кластық орыс класын бітірдім, шешеміз сол жақта
қалды, әкеміз үлкен сол. Елдің бәрі жапа-тармағай аштық. Аш
болды, сотталуын соттап, жұмыс жоқ. Сонда шешем
жарықтық, қашпақшы болыппыз. Ақыры 1955 жылы... Одан
Павлодарға келдік. Оларда баяғы сол жұмыс. Өз шешеміз сол
жақта қайтыс болған. Сол Зайсанда тұрдық көбінде. Сонда
ер-кек балдар құсап, бригадир етіп қойған. Жұлысады екем
сонда. Пысық болдым. Екі жылдай көрмеген азап көрдім
ауылда, ағам айтады сөйтіп жүрдім деп. Сиырды қосып
келем, 5-те тұрып ап. Жылап келеді, жесір әйелдер. Бір-ақ рет
көмектесті, сонша жыл жақсылық істегенде.
ІІ мәтін: Студенттік шақ деген ол өзі бір өзгеше болып ке-
леді. Мен алғаш рет осы университетке 1 сентябрь күні келдім.
Бізде сол күні семинар болады/ собрани болад деп айтты. И ол
кезде мен келгенде дайындалып шыққанның өзінде өзгеше әсер,
сезім пайда болады адамда. Алғашқы оқушылық кездерде біз ақ
кофта, қара юбка киіп, қолымызға гүлімізді алып, барлығын
танимыз. Сол күнделікті, ылғи жыл сайын барып жүрген мек-
тепке сол қалыптасқан әдет бойынша баратынбыз. Және де өзім
көптен бері көрмеген сыныптастарымызды кездестіріп
барлығымыз қуанып, мәре-сәре болатынбыз. Ал бұл жолы келген-
де әркім өзбетінше жан-жақтан келген. Барлықтарында өзіне
деген бір жауапкершілікпен, сенімділікпен келеді. И мұның, бұл
оқушылық сәттен өте жоғары тұрады. Себебі, қаншама, мы-
салы, біздің өзіміздің группаны көптен алатын болсақ, көптеген
80 проценті әр қаладан келген, олардың өздері де бірінші рет,
мысалы, ата-анасының қасында болып үйренген, бірінші рет
сыртқа шығып тұр. Оның өзі адамға өзгеше әсер беред.
ІІІ-мәтін : Бұл кісі (Ә.Сәрсенбаев туралы) о баста ата-ана-
сынан алған тәрбиесінен өзгерген адам емес, ол соғысты көрдім
деп, қатыгездік те әкелген жоқ. Кісі өлімін көргенін де басқаға
68
69
Достарыңызбен бөлісу: |