Сондықтан қалай жазылса, солай оқитын, қалай естісе, солай
жазатындар көбейді.
Жазудың кодтық сипаты. Біз ауызша тіл мен жазудың екі
басқа код екенін, сондықтан әр кодтың өз таңбалары мен
тәсілдері болатынын мойындағанда ғана екі коммуникацияны
өз мәнінде толық пайдалана аламыз. Ауызша тіл мен жазба
тілдің екі басқа “дүние” екенін көрсету мақсатында кодталу,
қайта кодталу, кодталу мүмкіндігі деген мәселелерді
қарастырудың қажеттілігі бар.
Біз проф. Ә.Жүнісбектің айтылым және естілім құрағы
деген ұғымдарына сай жазылым мен оқылым құрағы термин-
дерін ұсына отырып, екі тілдің құрақтарын алмастыру арқылы
ғана коммуникация жасау мүмкіндігі болатынын көрсеткіміз
ке-леді.
Жалпы, код, кодталу ұғымы әдебиеттерде “әртүрлі инфор-
мация беруге, өңдеуге, әрі сақтауға арналған шартты белгілер
жүйесі”, “кейбір объектілерді конструктивті жүйе объектілері-
не айналдыру”, өзара келісілген белгілі бір шартты таңбаларға
қандай да бір мағынаны сыйдыру деп түсіндіріледі. Сондықтан
кодтау алғашында криптографияда (жасырын хабарлар жібе-ру
теориясы) қолданылды, кейін ақпарат теориясына ауысты.
Қоғамдық өмірде де әртүрлі кодтар жүйесі пайда бола бастады.
Мысалы, 1872 жылы ең алғаш Ұлыбританияда пайда болған
телеграф коды аз таңбаға ұзақ сөйлемдерді сыйдырып, қарым-
қатынасты жеңілдетті. Код қандай жағдайда болсын таным
про-цесіне араласатындықтан түсінік, ой, ішкі ой, кодталу
туралы ғылыми әдебиетте айтылады. Мысалы, Н.И.Жинкин
адам ойы ішкі сөйлеуге ауысқанда “заттық-бейнелік” код пайда
болады, ал ол сыртқы сөйлеуге (экспресссивті сөйлеу)
ауысқанда ауыз қимылының коды болады. Сонда экспрессивті
сөйлеу – бірін-ші, ал тілдік, әріптік код – екінші деді. Сөйтіп,
жазу мен тіл бір деңгейдегі код түрі ретінде қарастырылды.
А.А.Залевская жазылған сөзді дыбыстап немесе іштей оқып,
мағынасын қабылдағанға дейін бірнеше код ауыстырылады,
мағынаға түсіну әр адамның ұлттық тілі арқылы жүрмейді,
саналы адамның өзі жасайтын ерекше бір тілде жүреді деді.
Сонымен, жазу тарихындағы идеограммалар мен логограм-
малар, силлабограммаларды, әріптерді кең мағынада алғанда
код жүйесі, қоғамдық ортақ шарттылық нәтижесі деуге тұрады.
Жазуды ауызша сөйленген сөзді кодтаушы, ал әліпбиді код-
ашқыш, әріптерді код символдары деп алу, жазудың өз алдына
дербес таңбалық жүйе, жеке тіл екенін білдіреді. Жазуды код
түрі етіп алу ең бірінші, бейтаныс графикамен жазылған
мәтінді оқу, бейтаныс алфавитті меңгеру барысында әріп
таңбалардың мазмұндық мәнін көрсету үшін керек. Және, ең
бастысы, адам санасындағы қарапайым түсініктен бастап,
ұғымға дейінгі, ұғымнан сана, ішкі ойлау (тіл) сыртқы ойлау,
сөйлеу, тілдік жүйеге дейінгі аралықтардың параллель жүйелер
екенін білдіру үшін қажет.
А.А.Реформатский жазба тілдегі азатжол, босаралық,
босаралықсыз, көп нүкте, қос нүкте, әріптің астын сызып, не
курсивпен беру, тырнақша ауызша тілге кодтауға келмейді және
керісінше ауызша тілдегі интонацияның жазба тілдегі таңбасы
жоқ, себебі мұнда өзара беттеспейтін, параллель жатқан екі
жүйе бар деген.
Ал жүйе дегеніміз – айналасындағы басқа бірліктер арқылы
жеке бірлік анықталатын бірліктер жиынтығы. Жүйе – бір-бірі-
мен байланыстағы, қатынастағы элементтердің жиналып келіп,
белгілі бір бүтінді, бірлікті құрауы. Жүйе болу үшін таңба
жиынтығы болу керек. Таңба болу үшін белгіленуші,
белгілеуші және оның арасында шартты байланыс болу керек.
Тіл – таңба. Таңба басқа бір белгілі заттың, ерекшеліктің
қатынастық өкілі ретінде көрінетін, сақтауға, қайта жасауға,
хабар беруге, қол жеткізуге арналған материалды құбылыс.
Осы таңбалардың жүйесі бір-біріне аударыла алатын болса, ол
кодталу дегенді білдіреді. Сонда адам ойы таңба бола алмай-ды,
өйткені оның екі жағы жоқ, тіл санадағы ойды өзіне кодтап, таңба
бола алады. Ішкі тіл сыртқа ойын шығарғанда, ол сыртқы тілдің
(белгілі бір тілдің біреуімен, мысалы, ағылшын тілі, қазақ тілі т.б.)
таңбалар жүйесіне кодталады. Ол процестің күрделігі сондай
кейде ішкі, табиғи тілдің (тілдік сананың) таңбасын сыртқы тіл
көбінесе дәл кодтай алмай жатады. Ал сыртқы тіл ауызша
сөйлеуге кодталғанда ішкі тілді дәл бере алмай жат-са, жазба тіл
сөйлеуді толық кодтамай өзге таңбалар жүйесін құрайды.
Сондықтан И.Жинкин “Ойды білдіру құралдарының бірін алып
тастау не қосу жаңа тіл жасайды ” дейді.
Екі тілдің кодталу процесі. Сонымен, ауызша тіл мен жазба
тіл ойды сыртқа шығарудың екі түрлі код жүйесі болып табы-
лады. Жалпы тіл білімінде жазу мен ауызша тілдің параллель
жатқан екі код жүйесі екенін А.Макинтош, В.Хаас, Л.Ельмслев,
58
59
А.Мартине, А.Е.Кашеварова, Л.Заводовский сынды зерттеу-
шілер айтты. А.Макинтош жазба тіл мен ауызша тіл бiр-бiрiне
қиыспайтын параллель жатқан жүйе және тiптi бiреуiнде бар
дүние екiншiсiнде қайталанбайтын ерекшелiгi бар параллель
деді. В.Хаас жазу мен сөйлеу арасын екі түрлі тіл арасы
іспеттес қарау керек. Біреуінен екіншісіне аударма жасағанда
барлық уақытта сәйкес түсе бермейді және кейде
аударылмайды деді. Л.Ельмслев тілді семиотика деп, басқа
семиотика сияқты ол да аударылады деді. А.Мартине,
А.Е.Кашеварова, Л.Заводовский жазу код, ол шартты,
конвенционалды жүйе оның қасында басқа код жоқ, тек тіл бар
деді. Ф.В. Хаусхальдер жазба тілді ауызша тілге айналдыру
керісінше айналдыруға қарағанда оңай және ережелерi аз
болып шығатынын айтты (Мәліметтер Т.А.Амированың “К
истории и теории графемики” атты кітабы-нан алынды).
Л.В.Зиндер: “Жазу акустикалық сигналды оптикалық
сигналға айналдыратын код түрі ” деген. Ғалымдар егер жазу
мен ауыз-ша тіл бір десек, олар пайда болу мерзімі мен
физиологиялық базасы жағынан өзгешеленеді, егер жазуды
сөйлегенді сол қалпында қағазға түсіру құралы десек, жазу
сөйлеудің барлық қалтарыстарын қайталай алмайтыны және
қайталауға көнбейтіні белгілі деді. Былайша айтқанда, адам
санасында туған ұғым, түсінік, ой, пайымдаулар – барлығы бір
мезгілде сол санадағы бейнесіндей сыртқа шығып, сөзге айнала
алмайды, сөзге айна-латындары сана мен тіл арасындағы
“өткізгіш-сүзекіден” өткен, дәлірек айтқанда, өте алған, сөзге
аударыла алған бейнелер бо-лады.
Сол сияқты ауызша тілден жазуға сатыланғанда сүзекі
жоғарыдан тарыла бастайды. Ішкі сөйлеудегі жүйесіз құрылым
қалыпқа түсіп, стандартталуы жазба тілде мықтап жүзеге асаты-
ны сондықтан. Бiр қарағанда ауызша сөйлеудi бiраз меңгерген
бала мектеп табалдырығын аттап, сауат ашқанда жазба тіл-ді
оңайлықпен игере қоймайды. Әрiптердi дыбысқа айнал-дырып,
буын құрай алмай, буынды сөзге “айналдыра алмай”, едәуiр
қиналады. Ал естiген сөздi әрiптер арқылы құрастырып,
таңбалауды сауатты түрде меңгеру ұзақ уақытқа созады. Сөздi
буынға жiктеп, тұтас оқу қиындығы белгілі. Былайша айтқанда, өз
тiлiнен басқа екiншi тiлдi үйренудiң қиындығы сияқты. Кезінде
Х.Досмұхамедұлы “нағыз орыс көбіне жасында үй ішінде
үйренген тілімен сөйлейді, оқыған түріктер орыстың әр
дыбысын ішкөлде үйренген қалпымен айтады. Сондықтан орыс
ішкөлде қатар оқыған орыс, қазақ балалары диктобке жазғанда
қазақтар хатасыз жазады, орыстар хатамен жазады” деген бола-
тын. Бұл ауызша тілді жасынан меңгерген бала сол тілдің жа-
зуын меңгергенше екінші тілді үйренгендей болады, ол тілдің
жазба формасын меңгеруге де көп уақыт керек болады дегені.
Сондықтан да шет тілін тілдік ортасыз, кітап оқу және жазу
арқылы үйреніп алдым деуге болады, бірақ тілдік ортаға
түскенде жазу мен ауызша сөйлеу арасында сәйкеспейтін
параллелдердің көптігіне көзің жетеді.
Жазуды меңгеру сауатты жазумен ғана шектелмейдi. Онымен
қоса ауызша сөйлеу мәнерiн де жазба мәтiнге лайық сөйлеу нор-
масына “айналдырып” үйрену керектiгi шығады. Ауызекi тiлде
толымсыз, жақсыз, жалаң сөйлемдер, қарабайыр сөздермен, экс-
прессивтi сөздермен, кинесикалық амал-тәсiлдермен ойын жет-
кiзiп, үйренiп калған бала жазба мәтiн арқылы ойын қалай бере-
рiн бiлмей қиналады. Жазба дәстүрдi игеруге уақыт көп кетедi.
Ауызша құрған ой жазба мәтiнге “аударылып”, мәтін сөзге ауда-
рылып қана түсiнiктi болады. Бұның ең қарапайым мысалы ретiн-
де бастауыш сыныпта оқитын баланың окулықтардағы мәтінді
қабылдай алмай үлкендерге түсiндiрiп беруiн сұрайтынын айтсақ
та жеткiлiктi. Л.В.Щерба: “Кез келген мәтінді түсіну үшін
алдымен оны сөйлеу тіліне аудару керек ” деген.
Қазақ тіл білімінде әр тілдің өз нормасы мен жүйесі бола-
тынын, сондықтан оларды бір-біріне айналдырып алып қолдану
керектігін ең алғаш айтқан ғалым – профессор Р.Сыздық бола-
ды. Ғалым жазба тіл мәтінін сол қалпы қайталамай, сөйлеу тезі-
не салып оқуды қадағалайды.
Жалпы, жазба тілді ауызша тілдің тезіне салу, жазба тілді
сөйлеуге кодтау дегеннің негізінде не жатыр? Кодталу
мүмкіндігі немесе кодталынбау деген ұғымдар нені білдіреді?
Біздіңше, бұл процестің теориялық та, практикалық та
қажеттілігі бола-ды. Теориялық маңызына екі тілдің форма не
норма емес, екі түрлі семиотикалық жүйе екенін,
әрқайсысының коммуника-ция жасауда өз әдіс-тәсілдері бар
екенін пайымдау жатады. Ал практикалық маңызына мәтінді
жазба тілдің тезіне салып оқу немесе жазба тілдің тезіне салып
құру, сөзді ауызша тілдің тезіне салып айту және сөйлеудің
тезінде қабылдау (есту) (нормасыздық деп танымау) жатады.
Ауызша тілдің жазба тілге кодталу сатылары. Сонымен,
60
61
Достарыңызбен бөлісу: |