ма) арқылы қалпына келтіреді. Сонда көне түркі жазуындағы
ашық, қысаң езуліктердің таңбаланбауын жазу экономиясын
жетік білген, таңба теориясын меңгерген, жазу прагматикасын
ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз. Болашақта
зерттеуді күтетін мынадай проблемалар мен сұрақтар бар
екенін көрсете кетеміз.
1.
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінің жеке-жеке
графикалық ерекшеліктерін, ондағы графемалардың мәнін
және мәтін емлесін айқындау;
2. қ, ғ, к, г графемаларының жуан еріндік, жіңішке еріндік
таңбаларының жүйесін іздеу;
3. Орхон ескерткіштеріндегі дауыстылардың Енисей,
Шығыс Түркістан жазбаларына қарағанда редукцияланбайтын
себебін іздеу;
4. <
и
ы
−
і
> гиперфонемасы жіңішкеруінің фонологиялық,
морфонологиялық негіздерін айқындау;
5.
<
е(
а
э)э
> гиперфонемасы әріптерінің басқа дауыстыларға
қарағанда көптігі себебін анықтау; 6. Көне түркі жазуының
қысқа мерзімде оқылуының
алғышарттарын анықтау.
Оқуға арналған материалдар
Орхон әліпбиі
Орхон жазу үлгісін құрайтын жазулар Орхон, Тул, Сэлэнге
дарияларының маңында сақталған. Олар ұстынға ойып жазылған
үлкен ескерткіштер мен майда жазулар. Үлкен ескерткіштер:
1. Күлтегін мәтіні (б.з. 732 ж.)
2. Біліге қаған мәтіні (б.з. 735 ж.)
3. Тұй-ұқұқ мәтіні (б.з. 738 ж.)
4. Күллі-чор мәтіні (б.з. 740 ж.)
5. Орда-балық мәтіні (б.з. 832 ж.)
6. Тэс (Тез) мәтіні (б.з. 751 ж.)
7. Теркін мәтіні (б.з. 753 ж.)
8. Моғойн шинэ-ус мәтіні (б.з. 760 ж.)
9. Сүжі мәтіні (VIII ғасыр соңы)
10. Онгин мәтіні (б.з. 716 ж.)
Майда жазулар:
11. Тайхар-чулу жазуы I-XXXIV (б.з. VI-X ғ.ғ.)
12. Их – Асхат (VIII ғасырдың басы) жазуы
13. Ғурвалжин – Ула (Гурвалжин – Уул) жазуы (VIII ғасыр)
14. Ар – Ханан (Бұлған аймағы) жазуы (VII ғасыр)
15. Хангидай – ход жазуы (VIII ғасыр)
16. Жарғалант хан жазуы (Кентай аймағы)
17. Зүрдийн-овоо (Завхан аймағы) (VIII ғасыр)
18. Их бичигт жазуы (VIII ғасыр)
19. Ғурван-мандал (Үш күмбез) жазуы (VI-VIII ғ.ғ.)
20. Тұй-ұқұқ кешен сылағының жазуы I-II (738 ж.)
21. Баға-Ғазар (Кіші жер) жазуы (VIII ғасыр)
22. Их Ханұ-нур жазуы (VIII ғасыр)
23. Идер жазуы (VII ғасыр)
24. Чойрэн жазуы (VIII ғасырдың басы).
Үлкен ескерткіштердің барлығы да ұстынға ойып жазылған.
Ойып, қашап жазу үшін ең алдымен тас таңдалады. Одан соң
таңдап алған тасты формаға келтіріп бетін тегістейді. Одан соң
тущь немесе сия бояумен ұстын бетіне суреттер мен мәтінді сыз-
ып, жазып шығады. Келесі кезекте жазылған мәтіннің әрбір әріп
кескіндерінің үстінен қылауышпен (киста) ерітінді жүргізеді. Бұл
ерітіндіні арнайы қоспалар қосып күкірттен дайындайтын болған.
Әріп кескіндерінің үстінен жүргізілген ерітінді гра-нит тасқа
тиген жерін құмдақ етіп босатып, ары қарай қашауға мүмкіндік
туғызады. Қылауыш (қыл қалам=киста) арқылы ерітінді
жүргізілмесе гранит тастағы минералдардың орналасқан жігі
қашауға ырық бермей жан-жаққа ұшып кетеді. Осыдан ба-рып
ұстынға сызылған сурет, оймалар, әріп кескіндері дұрыс
қашалмайды. Осылайша 5-6 сатылы әрекеттің нәтижесінде ес-
керткіш ұстын дайындалып отырған.
Қ. Сартқожаұлы «Байырғы түрік жазуы: алфавит жүйесі
және фонологиясы» докторлық дисс. қолж., 2008.
Байырғы түрік фонологиясының жүйесі және түркілік
дүниетаным
Байырғы түркі бітіг жазуын жасаушылар осы алфавит-ті
түркі тілінің табиғатына соншама дәл үйлестіріп, фонем-дер
мен аллофондардың айырымдарын дөп басып тауып,
шығармашылықпен орындағанына түркітанушылардың біразы
таңданумен болса, енді бір тобы жоққа шығарумен келді.
160
161
Байырғы түркі графикасы түркілік дүниетанымды тұғыр ет-кен
түркілік мәдениет қазанында пісіп жетілген түрік тілінің
фонетикалық жүйесіне негізделген. Оның арғы жағында немесе
қайнар көзінде түркілердің Тәңірлік діні, Тәңірлік дүниетанымы
жатыр. Осы философиялық-дүниетаным жүйесі арқылы байырғы
түркі тілінің фонетикасының табиғи заңдылығын ашып,
әліпбиінің лингвистикалық графикасын жасаған.
Түркілер ІХ ғасырда өздерінің дүниетанымын “iki jyltyz”
(“екі негіз”) деп атапты.
Кіндік Азиядан Америка континентіне үндістердің алғашқы
тобы 30-40 мың жыл бұрын, соңғы тобы 12000 жыл бұрын
қоныс аударғаны ғылымда анықталған жәйт. Сол үндістер күні
бүгінге дейін тәңірлік діннің “екі негіз” ілімін ұстанатынын
зерттеу-шілер дәлелдеп отыр.
“Екі негіз” ұғымы байырғы түркілердің әлемді түсіну филосо-
фиясы. Көне түркілер пайымында әлем – аталық пен аналықтан
тұрады. Аталықтың көктегі нышаны (символы) – күн, аналықтікі
– ай, жердегі аталықтың нышаны – тау, аналықтың нышаны –
су. Бұлардың үстінде “Тәңір”. Жаратушы күш біреу ғана, ол
ұлы Тәңір деп түсінген.
Аталықтың рәмізі жаратушы Тәңірдің жіберген елшісі –
“серке”
, аналықтың таңбасы – “көк өгіз”
және “айдаһар”
. Бұндай дүниетанымды зерттеушілер “аңыз” (миф) ретінде
қабылдап келді. Бұл жүйе қытай нұсқаларында ашина, ашидэ деп
белгіленген. Онымен қатар байырғы қытай философиясындағы
“Инь” мен “Янь” ұғымына ұқсас. Еуропа түсінігінде дуализмге
келеді. Еуропа философиясы бойынша болмыс немесе құбылыс,
қарама-қайшы бір-біріне бағынбайтын тең құқықты екі нәрседен
тұрады. Олар өзара бәсекелестікте, бірін-бірі жоққа шығару
арқылы дамуды алға жылжытады. Ал шығыс халықтарында,
соның ішінде байырғы түріктер дүниетанымында жоғарыдағы екі
ұғым бір-біріне сүйене, демеу болып, бірін-бірі толықтыра,
қамастыра дамуды алға сүйрейді.
Түркілер “екі негіздік” дүниетанымды ұстана отырып, түркі
әлемінің барлық болмыс-бітімін осы жұптық жүйеге бейімдейді.
Түркілердің мемлекет жүйесіндегі төлес пен тардуш (сол және оң
қанат); басқару жүйесіндегі явғу мен шад; қоғамдағы иерар-хия,
моралдық нормадағы бод пен ұмай; музыкадағы қос ішек;
әдебиеттегі (поэзиядағы) қос ұйқас (ежелгі түркі өлеңі қос жол-
дан құрылған); сурет өнеріндегі аталық және аналық символдар;
ауыз екі сөйлеу және графика жүйесіндегі дыбыстың вокализмі
мен консонантизмі, т.с.с. өмір мен өлім арасындағы болмыс пен
құбылысты “екі негізге” оның амал мен білік жүйесіне негіз-
делгенін көрсетеді. Қысқаша тұжырымдай айтсақ, қажеттіліктен
туған табиғи ырғақты жүйеге айналдырады. Қоршаған орта мен
табиғи құбылысты жіті бақылаудың нәтижесінде философиялық
(дүниетанымдық) жүйе қалыптастырады.
Осы ерекшеліктерді назарда мықтап ұстай отырып, біз
байырғы түркі графикасының шартты мәнін (латин графи-
касымен) ...еуропалық дәстүрмен емес, сол замандағы түрік
графикасын жасаушылардың дүниетанымымен бердік. Бұл
байырғы түрік жүйесі. Бұл жүйе олардың графиканы жасаудағы
ерекшелігінің құпиясын ашуға да көмектесетін болады.
Мәтінде: “Kül-tegin qoj jylqa jiti jigirmike učdy” (KT.III
14
)=
Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] 17 жетісі [күні ұшты]
десе, Біліге-қаған мәтінінде “...qanym qa
ɣan ytћуl (734 ж.)
onynč aj alty otuzqa [uča] bardy (БК.ІІ.11) …Қаған әкем (Біліге
қаған) ит жылы (734 ж.) оныншы айдың 26-ында ұшты” дейді.
Мұндай деректерді молдап келтіруге болады. Бұл айғақтар
байырғы түріктер түсінігінде адамның тәні Жер – Анада қалып,
жаны ұшып кетеді дегеннің дәлеліне саяды.
Осы жан БТА-да дүниенің төрт бұрышының-әлемнің (tцrt
buluŋ= KT.I.2.) шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік тұсын
меңзеп, төрт (A; o; U; ι) таңбамен белгілейді. Әлемнің төрт беті
сегіз тарапқа бөлініп сегіз дауыстыны таңбалайды. Жан
әлемнің төрт бұрышында, сегіз тарабында қонақтайды. Жан
Тәңірден жі-беріледі. Ерлік адамды о дүниеге әкеткенде, жан
ұшып кетеді. Тән жерде (көміліп) қалады-мыс. Бұл шығыс
халықтарына тән дуалистік дүниетанымның қағидасы. Осы
дүниетанымды негіз-ге ала отырап, біз төрт таңбаны сегіз
дауысты дыбысты жан деп танимыз. Ал дауыссыз дыбыстар –
Тән. Тәнге жан – дауысты дыбыстар қан беріп тірілтеді. Бұл
түсінікті біз “жандандыру” деп атадық.
Кестеде көрсетілгендей ежелгі дүниетаным бойынша, әлемнің
құрылымы, қоғамның дамуы, адамның ара қатынасы бәрі – бәрі
“екі негіздік” амал мен біліктен тұрады-мыс. Немесе аталық пен
аналықтан. Осы жүйе бойынша жуан дауыстымен үндесетін
дауыссыздар таңбасын амалға (аталық), жіңішке да-
162
163
Достарыңызбен бөлісу: |