Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет35/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83

ійслам,   ійллахій,   ійлхам,   табійғій.  Бірақ   аралас   буын   дегенді
дұрыс түсіну керек. Мұндағы бір буынды жуан етіп тұрған – а
дыбысы, шындығында  а  әріп таңбасы. әйтпесе бұл жердегі  а
таңбасы а мен ә дыбысының аралығындағы реңкпен (б) айты-
луы тиіс.
Төмендегі   сөздердің   айтылу   нормасын   сақтап,   жаттығып
көріңіздер:
табиғат – табійғат 
Ахмет – Ах
і
мет 
рахмет – 
ы
рах
і
мет 
балиғат – балійғат
Құралай Күдеринованың «Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
6-семинар. Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері
Семинар сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі үндесім заңы мен екпіннің қызметі қандай?
2. Үндесім   заңының   30-80ж.   түсіндірілуі   мен   қазіргі
түсіндірілуінің арасында қандай айырма бар?
3. Жалпы тіл білімінде үндесім заңы қалай танылады?
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасында ерін үндестігі нешінші
буынға дейін айтылады?
5. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламау қай жазудан бастал-
ды?
6. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламаудың қандай себептері
бар?
Қазақ тіліндегі үндестік заңының жазуда көрініс тапқан түрі
– сөз дыбыстарының басын құрап, құрсау болып ұстап тұратын
сингармонизмнің   негізгі   қасиеті   –   негізінен   тіл   үндестігіне
қатысты   айтылады.   Бір   сөз   дыбыстарының   үнемі   жуан   немесе
жіңішке   болып   келуі   және   қосымшаның   түбір   немесе   түбірдің
соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарай   жалғануы   қазіргі
қазақ   жазуының   негізін   құрайды.   Кирилшеге   негізделген   қазақ
графикасының қабылдануымен  тіліміздің  осы ерекшілігін  толық
танытатын дауысты дыбыс әріптері жеткілікті түрде алын-ды: әр
жуан дауысты мен әр жіңішке дауысты дыбыстың әріп
таңбалары бар. Графикамыздағы бұл ерекшелік жалпы қазіргі
қазақ жазуының жетістігі болып, басқа түркі халықтарына үлгі
етілгені рас.
Проф.   Ә.Жүнісбектің   қазақ   тілінде   тіл   үндестігімен   қатар
ерін үндестігі де жетекші қызметте деп анықтауына байланыс-
ты ерін үндестігінің де таңбалануы  керек дейтін пікірлер ай-
тылып келе жатыр (Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков, С.Омарбеков).
Проф. С.Мырзабеков ата-бабамыздың тілінде ерін үндестігінің
екінші, үшінші буынға дейін, тіпті сөз соңына дейін әлсіремей
бірқалыпты   сақталғанына   дәлел   болатын   мысал-дар
Н.Ильминский,   В.В.Радлов,   Алекторов,   П.Мелиоранский   т.б
зерттеушілердің еңбегінен табылатынын айтады. Мысалы,
бүгөлек, бүлдүргөн, түгөндө, үрүптөс, бұлдұрұқ, күңкүлдө,
жауұн,   дауұл  және   т.б.  Сондай-ақ  қара   бұйдай  сөзін   де   кез-
дестіреді. Алайда автор бұларда берік жүйе жоқ, бөпе, бөрі, бөле,
өрле, өркеш, бөтен, өзен, өзек, өкпе деген сөздерде ерін дауысты-
лар   бас   буыннан   ары   бармағынын   мойындайды,
зерттеушілердің тіл үндестігіне мән беріп, ерін үндестігі кейін
пайда болған деп мәнін төмендеткенін айтады.
Сөйтіп, ерін үндестігі қосалқы  қызметте  қалып,  Х.Досмұ-
хамбетұлының  сингармонизмді   тек  таңдайлық  әуезді  заң  деп
анықтауына   әкеледі.   Себебі   “дыбыстарды   жуандатып,
жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді… бұрын сөзімізде еріндік
дыбыстардың үндестігі күшті болған… соңғы кезде бұл еріндік
үндесті заң өзінің айтылысынан өзгеріп, айни бастайды”.
ХХғ.   басында   лабиал   сингармонизмнің   осы   сипатта
анықталуы жазу жүйесінде тек тіл үндестігінің таңбалануына
апарды. Бұл кодификацияның өзіндік уәждері жоқ емес.
Біріншіден,  қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі  (ХХғ.
басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (Бұл жағдай
көптеген   тілдердің   өтпелі   дәуіріне   тән).   Ультрафонетик
(Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуы-на
барынша   жуықтатылып   жазылды.   Ескі   қазақ   жазба   тілін-де
түбірдің   естілуінше,   қосымшаның   морфологиялық   при-
нциппен   жазылуы,   ұлттық   жазу   дәстүрін   жасауда   түбірдің
морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазы-
луы   төл   сөздеріміздің   фонематикалық   принциппен
таңбалануын заңдастырды.
1929 ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін
анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін
144
145


үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың
қажеті жоқ деп санады.
Ал   орыс   миссионерлері   еңбектеріндегі   мысалдарда   бір-де
еріндік   дыбыстардың   сөз   соңына   дейін   таңбалануы,   бірде
таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін
әлсірей   бастағанының   фактісі   деуге   болады.   Мысалы,
В.В.Радлов   еңбектерінде   көп   буынды   сөздердің   үшінші
буынына   дейін   ғана   ерін   дауыстылары   таңбаланған.   Себебі,
зерттеушінің ойынша, түркі тілдерінде ерін үндестігі кеш пайда
болған, дамымаған, сондықтан ауытқу жиі.
Сөйтіп, ХХғ. басындағы төл жазуымыз – А.Байтұрсынұлы
жазуында сингармонизмнің тек лингвалды түрі ғана кодифика-
цияланды. Тіпті у дыбысының алдынан ұ, ү емес, ы, і әріптерін
жазу керек деген: “Барып демей, барұп, келіб демей, келүб деп
жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады” дейді.
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) А.Байтұрсынұлы қазақ
тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмі-нен,
татар   тілінің   жіңішке   езулік   (ә)   сингармонизмінен   айырып
көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым Н.Уәлиұлы.
Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының
теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл
тарихынан   ізделеді.   Қазақ   тіліндегі   ерін   үндестігінің   әлсіздігін
морфемалардың   кірігу   процесінде   тек   жуан-жіңішке   езулік
айналасына   топталатынан   да   көруге   болады.   Бұл   процес-ке
байланысты   Қ.Жұбановтың   мына  дерегі   қызық:  ыштан  сөзі  іш
және  тон  сөздерінен   бірігіп   жасалған;  сілтеу   есімдігі  о  ды-
бысынан  ы  дыбысына   айныған:  ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы.
“Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алма-уына
көне   түркілік  йағмұр  сөзінің   қазақ   тілінде  жаңбыр  болып
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ
 бұл   жыл=>биыл, 
іш+құр=>ышқыр,
тұғын=>тын,  барған   соң=>барғасын,   аздан   соң=>аздасын
болып қалыптануы да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін
сияқты. Тіл тари-хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке
ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа.
Үшіншіден,  әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда,
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы,
қы,  ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан
езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш
дауыстыға   негізделген   сингарможазуында   қысаңдардың   тірек
фонемасы ретінде ы-ны алады.
Төртіншіден,  қазіргі   қазақ   тілінде   жуан   еріндік   пен   жуан
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады:
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б.
Проф.   С.Мырзабеков   бұл   құбылысты   “а-ның   езулік   күші  ы,  і
фонемаларына   қарағанда   әлсіз,   сондықтан   да   ол   жуан   еріндік-
терден   кейін   айтыла   береді”деп   анықтайды.  Орақ,  құрақ,  ұзақ,
отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының
айтылым   құрағы   еріндікке   еріп,   жуықтап   айтылуы   мүмкін.
С.Мырзабеков  а  дыбысының   АТ-да   кейде   [o]   болып   айтылатын
кезі   де  болатынын   айтады:  ойбой,  ойхой.  Яғни  ерін,   езу  дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден,  ерін   дауыстыларының   бірінші   буыннан   арт-
пайтын   сипатын   кірме   лексиканың   игерілуінен   байқауға   бо-
лады. Мысалы, о, у дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не  очередь=>өшірет=>шірет,  стол=>үстел,  утюг=>үтік,
русь=>орыс,   хамут=>қамыт,   чугун=>шөген,   пуховый
=>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=>
меновой болып игерілген.
Ал араб-парсы тілдерінен енген ораза (руза), орамал (румал)
сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға
ауысқан.
Сөйлегенде   [үт
о
’үк
о
’],   [орус]   т.с.с.   болып   дыбысталатын
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында І-буынның
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан,  еріндік сипат алдымен  <ұ>, <о>  фонемаларына
қарағанда   <ө>,   <ү>  фонемаларында   күшті   екенін   орфоэпиялық
норма көрсетіп отыр. ХІХ ғ. В.В.Радлов <о> дыбысы өзінен кейін
келген   қысаң   дауыстыға   <ө>  дыбысындай   әсер   етпейді   деген.
Сонда   жіңішке   дауыстылар   жуан   дауыстылардан   кейін   пайда
болған   екіншілік   дифференциация   десек,   алдыңғылардың
дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дей-міз.
Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына
146
147


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау