Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет49/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Л.В.Щерба
фонема
 
(дыбыс типі)
 
адам санасында елес
(пред-ставление) түрінде өмір сүреді деді. Мысалы, орыстілді
адам
брат, о брате
дегенде
 
[
а]
-ның екі түрлі айтылып
отырғанын біл-се де, неге оны бір <
а>
деп танитынын оның
психикасында бір ғана
<а>
-ның елесі барлығынан деп жауап
береді (Щерба 1983: 16). Сондықтан да осы елес-түсінік
арқылы адам сөз дыбыста-рын таниды. Мысалы, тілі жаңа
шығып жүрген бала “
далаға ба-ламын

 
деген сөзді
 
[р]
дыбысымен айттым деп ойлайды.
 
Егер
 
оған
далаға баласың
ба
? деп сұрасаң, ызаланып, “
жоқ,
далаға
баламын

 
деп
қайталар еді.
 
Себебі баланың санасында
 
[р]
 
фо-немасы бар.
Сондықтан Б.Куртенэ семантикаланған дыбыстың ғана тіл-
дік мәні болатынына тоқтады. (Топоров В.Н. 1960: 35)
.
Яғни
ауыздан шыққан дыбыс түрі көп, бірақ ол дыбыстың мағына
ажыратушылық сипаты ғана тілдің дыбыстық деңгейін
құрайды деді. Л.В.Щерба да семантикалануға басты мән берді
(Щерба Л.В. 1983:17). Ғалым сөйлеу кезіндегі дыбыстық
түрленімдерге назар аудара отырып, ол айырмашылықтардың
жай құлаққа байқалмайтынына: “Бұның жауабы қарапайым:
себебі бұл айырмашылықтар мүлде мағына ажыратпайды
(Щерба Л.В. 1983: 18) дейді.
Сөйтіп, тілтұтынушы санасында сол тілдің мағына
ажыратушылық, сөзтанымдық қызметі бар шағын ғана
дыбыстық қоры өмір сүретіні белгілі болды.
Сондықтан ғалымдардың мынадай анықтамалары пайда
бола түсті:
а) “Қарапайым қатардағы тұтынушы аңғара бермейтін тілде-
гі құлаққа шалынатын дыбыстардың түптегінде дыбыстардың
ішкі, идеалды жүйесі тұрады. Олар психологиялық
құрылғының дайын үлгісі ретінде жұмыс істейді (Сапир).
ә) “Фонема-дыбыс” жай дыбысқа сәйкес емес, жай дыбыс
76
77


фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(Реформатский А.А.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-ры
арқылы жоғары тілдік бірлік – морфеманы ажыратуынан
көрінеді” ( Реформатский А.А., 1970).
в) “Сөйтіп, тіл-тілде көптеген артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі бір мөлшердегі дыбыстар болады” (Ветвицкий В.Г.,
Иванова В.М., Моисеев А.И. 1974: 21).
г) “Фонема – бұл идеалды дүние, сол дыбыс жиынтығы
белгі бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді».
“фо-немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған
ды-быстар және мұндай дыбыстар әр тілде әртүрлі, бірақ
белгілі бір сандық шегі бар” ( Реформатский А.А. 1970: 129).
Ал фонеманың сөз мағынасын ажырататын дыбыс екенін
алғаш айтқан кавказ тілдерін зерттеуші П.К.Услар болды
(Яковлев Н.Ф. 1970: 129). Р.И.Аванесов, В.Н.Сидоров фоне-
маны сөздің әлеуметтік мәні бар дифференциалды элементі
деді (Аванесов Р.И. Сидоров В.Н. 1970). Бұл тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема – сөз жасайтын (конститутивті), сөз айыратын (дис-
тинктивті) (Яковлев Н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-тін
фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын екшеп,
сөздің естілімін туралайды, форма айыратын, мағына айыратын
шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау