Емле ұстанымы –
кез келген жазба тілдің
орфографиясында
ұстанатын негізгі принциптері.
Орфограмма –
жазу тұрпатының негізгісі.
Ерін үндестігі –
сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері –
1957ж.
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі
–
сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы –
сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не
ерін үндесімімен айтылуы
Босаралықсыз таңбалану
– құрама сөз сыңарлары
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану
– құрама сөз сыңарлары
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері –
1941, 1948, 1963,
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле
сөздіктері
Жазу экономиясы –
жазудағы таңбаларды үнемдеу
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер –
босаралықпен және
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері –
сөздердің
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен
құрастыруыш сыңарлар.
Ұластыруыштар –
күрделі сөз сыңарларын ұластырып,
біріктіретін қосымшалар.
Аффиксойдтар –
жартылай сөз,
жартылай жұрнақ
қызметіндегі тұлғалар.
Құрастыруыштар –
күрделі сөз құрамында үнемі
қайталана
келе жалпы мағынаға көшкен тірек компонент.
Достарыңызбен бөлісу: |