Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет21/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

графикалық лингвистика
деп аталды.
 
А.А.Волков
 
жалпы жа-
зуды
грамматология
зерттейді деді.
Грамматология
терминін
алғаш қолданған Дж.Гельб грамматологияның үш бөлімін
көрсетті:
субграфемика,
графемика,
параграфемика
. Автор
грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты. Оның
ізімен А.М.Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын,
жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу пато-
логиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді.
Жазба тілге байланысты кеңестік тіл білімінде
А.А.Волковтың “Грамматология” (1982) және Т.А.Амированың
мақалалары мен “К истории и теории графемики” (1977),
“Функциональная взаи-мосвязь письменного и звукового
языка” (1985) деген еңбектері бар.
Жазудың автономдығы туралы ғылыми көзқарасты қалып-
тастырған Прага лингвистикалық мектебінің өкілі
Й.Вахек
болды. Автор Ф.де Соссюрдің тіл мен сөз тұжырымына сәйкес,
жазба тілмен 
жазба сөз
болады. Жазба сөзде пайда болған бір-
ліктер мен құрылымдар қайталана келе жазба тілдің нормасына
айналады деді. Графиканы ауызша сөзді қағазға түсіруге
қажетті жазба таңбалардың инвентарі (terminustechnicus) десе,
орфогра-фияны жазба тіл мен ауызша тіл аралығындағы көпір,
екі жүйе элементтерінің сәйкестік жиынтығы деді.
Жазба тіл деп белгілі бір ұжым ішінде норма саналған
графикалық тәсілдер жүйесін түсінеміз. Ал жазба сөз деп осы
норманың жекелеген нақты реализациясын айтамыз, күнделікті
өмірде біз жазба сөзді кездестіреміз деді. Тілді әмбебап тілдік
норма деп атады да, оның ауызша және жазба нормасы бар деп
бөлді. Егер бір нормадан екінші нормаға ауысу оңай болса,
онда екі норма бір-біріне жақын, ондайда тілдің әмбебап
нормасын да жақсы байқауға болады деді.
Жазу ауызша тілге табан тірегенмен, дербестікке ұмтылумен
келеді, ол таңбалардың таңбасы емес, заттың таңбасы. Й.Вахек әр
адамның сөйлеу мәнері, сазы, тембрі болатыны сияқты әр
адамның жазуы да әр басқа, ал баспа тілі бұл жағынан бейтарап,
анық, толыққанды, онда ой ең соңғы нүктесіне дейін толымды
беріледі деп, жазба тілмен баспа тілінің арасын айырды және
жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті. Жазба тіл-де
ойды беру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады деп, оларға
жайлап, дауысын бәсеңдетіп айтты; дауысын көтеріп
деген
суреттеулерді мысалға келтірді. Бұл жазба тәсілдің жетілме-
гендігін емес, дербестігін көрсетеді, ол ауызша нормада абзац
табиғатының беріле алмауымен бірдей деді. Қос нүкте орны-на
ауызша нормада “ол былай болады”, “ол мынау ғой” деген
сияқты сөздер керек. Сондықтан жазуы жоқ тілде акустикалық
субстанция көзге еленбейді, көлеңкеде қалады, ол жоқ сияқты
болады, егер сол тілде жазу пайда болса, осыған дейін білінбе-
ген тілдік субстанция белгілі дәрежеде байқала бастайды деді.
Ч.Лоукотка 
француз бен ағылшын тілдерінде жазу ауызша
тіл жүйесінің сызба нобайын ғана береді, екі тіл бір-біріне әсер
ете алмай келе жатыр деген.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау