Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет132/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Пысықтау сұрақтары:
1.Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?
3. Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?
4. Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?
5. Төте жазумен қай еңбектер жазылды?
6. Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен
не түюге болады?
7. Төте жазудың қандай олқылықтары болды?
Оқуға арналған материалдар
А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен
тараған араб, латын, кирилл т.б. әліпбилер әрқашанда ондаған
тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мәдениетінің дамуына, қоғамдық ілгерілеуіне ерекше ықпал
етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке
тұрғысыз», 
‹‹
нашар», деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға бол-
майды. Мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да
көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине,
белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген әліпби
жүйесін екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң
нәтиже бермейді: ондай графикалық жүйені игеру үшін
мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл
әліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды.
Сондықтан мәселе белгілі бір әліпбиді нақты бір тілдің
дыбыстық жүйесіне лайықтап бе-руде болып отыр.
Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX басында ағартушылар,
белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау
қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа
қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мәні жазуды ба-
рынша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар
ауызша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс
болды. Ал бұрынғы араб әліпбиіне негізделген түркі жазуының
графикалық жүйесінде ауызша қолданыста жоқ архаикалық
элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, екұшты оқуға
болатын графемалар жиі кездесіп отырады. Міне, мұндай
«олқылықтар
››
араб әліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне
жарамсыз деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды. Бұл
жерде араб әліпбиін

жарамсыз

деуден бұрын, алдымен араб
әліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің дыбыстық
жүйесінің графикалық репрезентанты деген мәселенің басы
ашылмаған болатын. Шындығында, ол кездегі түркі жазба тілі
белгілі бір халықтық тілдің (
‹‹
тірі
››
тілдің) лексикалық,граммати
калық, дыбыстық жүйесінің дәлме-дәл графикалық манифеста-
циясы емес, халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің
тұрпат межесін (план выражения) белгілейтін графикалық жүйе
198
199


болатын. Сондықтан ол кездегі тілдік жағдаятты

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау