15-дәріс. Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына
ауыстыру мәселесі: ұсыныстар
Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды белес тұр. Ол –
графика ауыстыру науқаны. Науқан деп атауға тура ке-летін болса,
расында да қазақ даласы үшін әліпби алмасты-ру әлеуметтік-саяси
дәуірлердің ауысуына сай
келетін немесе соны бекітетін, саяси
экономикалық мәні бар, ұлт саясатының құрамдас бір бөлігі болып
саналды. Бұған бүгінгі жазуымызға дейінгі дәуірлік
әліпбилерімізге қарап көз жеткізуге болады. Бір қуанарлық жайт
бұл мәселе бүгінде аяқасты, бір құрылтай мүшелерінің
қатысуымен ғана шешіле салмай, көпшілік назары-на ұсынылып,
әлеуметтік мәселеге айналуында. Бір қуанарлығы
– жаңа әліпби бір ай ішінде қабылданып, (мысалы, орыс графи-
касына көшу 1939 жылдың 20 желтоқсанынан 1940 жылдың 15
қаңтарына дейінгі аралықта орындалды),
оны қолданбағандар
үкімет әліпбиін аяққа басқандар деп,
жауапқа тартылатын, оны
бақылау прокуратураға тапсырылатын (Ижанов З. Әліпби туралы
архив не дейді // ҚӘ 7.07.00.), болмаса араб жазуынан латын жа-
зуына көшердегідей, бір дауыстың
формалды артықшылығымен
(Қазақстан оқу комиссары Н. Зәлиұлы орнына қағаз жүзінде латын
жазуын қолдаған артық дауыс берілген) мәселені шеше салу
науқанының келмеске кеткені (Қамзабекұлы Д. Қазақ
зиялыларының әліпби айтысы // ҚӘ 14.12.01.).
Міне, сондықтан әліпби ауыстыру үстірт, асығыс саясаттың
араласуымен науқан түрінде өткізіліп келуі ендігі жаңа жазу
– латын графикасына көшуде мәселенің экстралингвистикалық
та, лингвистикалық та шарттарын өзара үйлестіре
отырып
қарастыруды міндеттейді.
Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір
акад.
Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” га-зетінде
жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан
бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел түрде орыс
графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің
ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу “Жаңа түсінік” га-зетіне
(09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРО-
дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын
алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928ж. латын
алфавиті түрік жазуы болып
қабылданғандықтан кеңес бас-
шылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес
халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп,
1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің
бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті
ғалым ендігі әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін
таңдауда болатынын және ол “ұлтаралық,
халықаралық, жал-
пы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілер-
ді” дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық
фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы
болу керектігін пайымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: