17
KZhSKOTPN 5304 Көкөніс жəне жемістерді сақтау мен қайта
өңдеудің теориялық жəне практикалық негіздері – 2 кредит
Курстың пререквизиттері: АШӨСТ, өсімдік шаруашылығы (бакалавриат курсынан)
Мақсаты:
ғылыми зерттеу, ұйымдастырушылық, əлеуметтік жəне
экономикалық мəселелерді шешуге қабілетті, картоп, көкөніс жəне
жемістерді сақтау мен қайта өңдеу жұмыстары аумағында нақты білімге ие
жəне сақтау барысында олардың сапасын жақсарту бойынша алдыңғы
қатарлы əдістерді білетін жоғарыбілікті мамандарды қалыптастыру.
Мазмұны:
картоп, көкөніс жəне жемістерді сақтаудың маңыздылығы,
картоп, көкөніс жəне жемістер өнеркəсіптің əр түрлі салаларында шикізат
ретінде, картоп, көкөніс жəне жемістерге қойылатын талаптар, картоп,
көкөніс жəне жемістерді сақтаудың жалпы қағидаттары, картоп, көкөніс
жəне жемістерді сақтау теориясы мен практикасы, картоп, көкөніс жəне
жемістерді қайта өңдеудің маңыздылығы, картоп, көкөніс жəне жемістерді
қайта өңдеу негізі, қайта өңдеу тəсілдері, балғын жəне консервіленген
жеміс-көкөніс өнімінің сапа көрсеткіштерін анықтайтын тəсілдер.
Күтілетін нəтижелер:
картоп, көкөніс жəне жемістерді сақтау мен қайта
өңдеу жұмыстары аумағында негізгі білімді меңгеру, картоп, көкөніс жəне
жемістердің сапасына қойылатын талаптарды білу, картоп, көкөніс жəне
жемістердің сапасын бағалауды үйрену, А/Ш-да өнімді сақтағанда
қолданылатын тəсілдер мен режимдерді жəне қайта өңдеуде негізгі
технологиялық үдерістерді білу. Магистр істей білу керек: А/Ш өнімдерін
сапасын ескере отырып қоймаға орналастыру жоспарын құруды,
нормативті құжаттар талаптары бойынша картоп, көкөніс жəне
жемістердің үлгілерін сараптамалауды, сақтау барысында сандық-сапалық
есеп жүргізуді, нормативті құжаттар талаптары бойынша картоп, көкөніс
жəне жемістердің қайта өңдеуден кейінгі үлгілерін сараптамалауды,
сондай-ақ, А/Ш –да қолданылатын өңдеу машиналарымен жұмыс жасай
білуді.
Курстың постреквизиттері: болашақ агроном маманда агрономиялық білім
кешенінің жинақталуына қажетті білімді алу жəне магистрлік жұмысты дайындау
мен жазуда.
Модуль 10-Қаржылық қорларды есепке алу
МB 6305 Мемлекеттік бюджет – 3 кредит
Курстың пререквизиттері: өсімдік шаруашылығы, агробизнесті ұйымдастыру
немесе аграрлық экономика (бакалавриат курсынан).
Мақсаты:
Республикамыздың бюджеттік саясаты мен бюджеттің
қалыптасуы негіздерімен танысу.
Мазмұны:
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мəні. Бюджет –
мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде. Мемлекеттік бюджеттің
қызметтері, олардың əсер ету шеңбері, ерекшеліктері. Бюджет құрылымы.
Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны, оның құрылымы, құрастырылу
18
ұстанымдары. ҚР шоғырланған бюджеті. Бюджет аралық қатынастың
ұйымдастырылуы. Бюджет аралық қатынастың реттеу формалары.
Бюджеттік құқықтар. Бюджеттік жіктелудің маңызы жəне оның
құрылымы. Бюджеттік жіктелудің жалпы ұстанымдары. Біртұтас
бюджеттік жіктелудің құрылымы. Бюджет кірісінің жіктелуі. Бюджет
шығынының экономикалық жəне функционалды жіктелуі. Бюджет кірісі
мен оның құрылымы. Бюджеттің салықты жəне салықсыз кірісінің
сипаттамалары. Бюджет шығынының жіктелуі. Бюджет шығынының
қалыптасу ерекшеліктері. Бюджеттік бағдарламалар мен олардың түрлері.
Бюджеттік бағдарламалардың əкімшіліктері. Білім алу, денсаулық сақтау,
əлеуметтік қамтамасыздандыру, ауыл шаруашылығы шығындарын
жоспарлау ерекшеліктері. Бюджеттік жəрдем қаржы. Бюджеттік үдеріс
кезеңдері. Бюджеттің орындалуы бойынша қаржылық тəртіптер.бюджеттің
орындалуында қазыналықтың маңызы.
Күтілетін нəтижелер:
Мемлекеттің бюджеттік жүйесінің қызметтерінің
теориялық негіздерін жəне əр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы
қарым қатынасты меңгеру. Бюджет шығыны мен кірісінің қалыптасуы
негіздері туралы білімді алу, республикада бюджеттік үдерістерді
ұйымдастыру.
Курстың постреквизиттері: болашақ агроном маманда агрономиялық білім
кешенінің жинақталуына қажетті білімді алу жəне магистрлік жұмысты дайындау
мен жазуда.
KU 6305 Қазыналықты ұйымдастыру – 3 кредит
Курстың пререквизиттері: өсімдік шаруашылығы, агробизнесті ұйымдастыру
немесе аграрлық экономика (бакалавриат курсынан).
Мақсаты:
əр түрлі меншіктегі ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында
бизнесті тиімді ұйымдастыру бойынша ғылыми бағыттар мен практикалық
іс шаралармен танысу. Жерді жəне өндірістің басқа заттарын тиімді
қолдану əдістемесін үйрену. Өндірісті ұйымдастыруды, мөлшерлеу жəне
еңбек ақыны ғылыми тұрғыдан зерттей білу.
Мазмұны:
əр түрлі меншіктегі ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында
бизнесті тиімді ұйымдастыру бойынша ғылыми бағыттар мен практикалық
іс шаралар. Кəсіпорынның ресурстарды тиімді қолдануын ұйымдастыру
ұстанымдары мен ресурстармен қамтамасыздану деңгейі. Əр түрлі
меншіктегі кəсіпорындардың бизнес жоспарын құрастыру əдістемесін
зерттеу. Кəсіпорынның ұйымдастырушылық негіздері мен агробиснесті
зерттеу. Қазақстан Республикасының аграрлық өндіріспен байланысты
заңдарын зерттеу. Жерді жəне өндірістің басқа заттарын тиімді қолдану
əдістемесін үйрену. Өндірісті ұйымдастыруды, мөлшерлеу жəне еңбек
ақыны ғылыми тұрғыдан зерттей білу.
Күтілетін нəтижелер:
Жерді жəне өндірістің басқа заттарын тиімді
қолдану əдістемесін үйрену. Өндірісті ұйымдастыруды, мөлшерлеу жəне
еңбек ақыны ғылыми тұрғыдан зерттеуді меңгеру. Əр түрлі меншіктегі
кəсіпорындардың бизнес жоспарын құрастыру əдістемесін зерттеу.