Кафедра Философия



жүктеу 1,42 Mb.
бет4/22
Дата14.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#19583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Философиялық білімді жіктеуде көптеген әдіс-тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы – теориялық философия және практикалық философия деген бөлімдері. Оның біріншісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. Екіншісінің өзегін, ең алдымен, этика құрайды, оған құқық философиясы, тарих философиясы және т.б. жатқызылады.


Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуі өзінің бастауын антиктік классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін ерекшелеп, оны «поэтикалық философия» деп атады. Бұл шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін сөз шығармашылығының эстетикасы – риторика және поэтика құрайды. Алайда, біз «философиялық білім құрылымының онтологиялық принципіне» қайта оралайық. Сонымен, табиғат болмысына қатысты, ондағы «заттар» мен «үрдістерге» қатынасты философиядағы білімнің ерекше саласы – натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты онтологияның және басқа салаларының «отаны» метафизика болып табылады.

Ал табиғаттағы адам болмысы, оның іс-әрекетіне қатысты философиялық білім шеңберінде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты және өмір сүруде. Адам болмысының өзі «табиғаттан тыс» мағынасында көптеген «әлемдерден» тұрады. Бұл, мысалы, экономика. Тарих, мәдениет, саяси және құқықтық қатынастар әлемдері, әлеуметтік-топтық және этникалық қауымдастықтар әлемдері және т.б. Философияда бұлардың әрқайсысына сәйкес өзіндік салалары бар: мысалы, шаруашылық философиясы, мәдениет философиясы, саяси философия, құқық философиясы, философиялық антропология және т.б.

Өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адамзат рухының болмысына (наным-сенімдер әлемі, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар әлемі, ғылым әлемі, ментальдық қабілеттер мен мүмкіндіктер әлемі және т.б.) қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, рух феноменологиясы, философиясы, философиялық герменевтика, жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология және риторика, ғылым философиясы, және де философиялық антропология, сонымен қатар әрине, онтология секілді ежелгі философиялық білім салаларының бірі гносеология.

Мұның бәрін мынадай кесте түрінде келтіруге болады:

Табиғат болмысы – онтология (болмыстың барлық деңгейлері мен формаларын қоса алғанда). Натурфилософия (табиғат философиясы).

Адам болмысы – философиялық антропология.

Тарих әлемі – тарих философиясы.

Мәдениет әлемі – мәдениет философиясы.

Экономика әлемі – шаруашылық философиясы.

Құқық әлемі – құқық философиясы.

Саясат әлемі – саяси философиясы.

Қоғам әлемі - қоғам философиясы, оның қатынастары, құрылымы, байланыстары - әлеуметтік философиясы.

Рухани болмыс – адамгершілік әлемі – этика, мораль философиясы.

Дін әлемі – дін философиясы.

Ғылым әлемі – ғылым философиясы.Эпистемология.

Өнер, сұлулық әлемі – эстетика.

Таным – логика. Гносеология.

Әрине, кезкелген кесте бар нәрсе жағдайының тек жақындатылған, толық емес бейнесі ғана. Оның үстіне, біз қарастырған жағдайда философиялық білім салаларының арасындағы өзара байланыстар мен өзара қатынастар көрсетілмеген. Алайда, білім бөлімдерінің осылайша жүйеленуі көрнекті құрал ретінде болмысқа қатысты көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сонымен, философия болмыстың мәнін осылай игерумен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердің, үрдістердің және түбү мәнділігі), адамның әлемге қатынасының мәнін және ондағы адамның мәнділік орнын танумен айналысады.
Бекітуге арналған сұрақтар:

1.Философияның құрылымы мен қызметі.

2.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде философияның орны.

3.Философияның тарихи типтері.

4.Философия және дүние таным.
2 Дәріс тақырыбы: Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.
Дәріс жоспары:

1. Ежелгі Үнді философиясы.

2. Буддизм философиясы.

3. Ертедегі Қытай философиясы.


«Шығыс философиясы» деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: үнді, қытай және мұсылман әлемін айтамыз. Философия тарихында Батыс елінің еуропоцентризмі Шығыс философиясын өзінің көлеңкесінде ұстағандай. Өйткені, шығысқа тән пессимизм мен иррационализм, сакральдық шығыстың даналығын батыс деңгейіне көтермегендей болды. Біздің бұл пікіріміз Батысты Шығысқа қарсы қою емес, оны терең түсіне білу керек. Философияда «Еуропа Шығысты арабтар арқылы таныды» деген қағида бар, немесе ұлы Абайдың «Батысым Шығыс, Шығысым Батыс» болды деген сөзінен халықаралық байланыстың полимәдениеттілік сипатын көруге болады.

Шығыс философиясының қалыптасуына негіз болған көптеген ерекшеліктер бар, олар: өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі діннің оппозициясының өсуі; тиісті адамгершілік ережелер мен түсініктердің сынға алынуы; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т. б.

Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігі, оның өз осьінен айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.

Логосқа қарай батыл қадам жасаған ерте дүние ескерткіштерінің бірі Упанишад (б.д.д. 800-300 жылдар) болып табылады. Бұнда қоршаған әлемнің мәнін тереңірек ұғынуға деген ұмтылыс, діни, догматтық түсініктерге табан тірей отырып өрілген ақыл-ой басым болды. Болмыстың субстанциялық негізін рационалды іздеу, адамның рухани-құқықтық әлеміндегі күрделі ұғымдар мен категориялар, қайғы-қасіреттің мәнін түсінуге талпыныс – мұның бәрі Упанишадтың рационалды-рухани ізденістерінің өзегіне айналды.

Упанишад бойынша әлемнің бастапқы түпнегізі Брахма болып табылады. Брахма – бұл атманмен (адамның рухани мәнділігі) біртектес тұлғасыз мәнділік. Адам өмірі – сансарамен (өмірдің мәңгі айналымы) және кармамен (жазмыш заңдылығы) анықталатын әр түрлі қайта болулардың шексіз тізбегі. Карма – бұл жанның мәңгілікке көшуі мен қайта оралуының өнегелік заңын айқындайды. Адамның міндеті сансардың шеңберінен шығып, Брахманмен бірігу. Бұл үшін атман мен брахман бірегейлігін танып, санаға сіңіру қажет. Бұл жол деваяна (құдай жолы) деп аталады. Деваяна жолы – бұл адамның өзін-өзі ой елегінен өткізіп, өз артықшылықтары мен кемшіліктерін саналы түрде пайымдау жолы. Деваяна жолы – бұл бүкіл қоршаған әлемнің шарттылығын зердемен игеру арқылы өзіңді меңгеруге ұмтылу. Бұл жолда адам барлық нәрсенің өткіншілігіне, бұл дүние қызықшылығының тұрлаусыздығына, ал ішкі субъективтіліктің тұрақтылығына көзін жеткізуі тиіс.

Үнді философиясының негізгі бағыттары: буддизм, жайнизм, даршандар, санкхья, иог жүйесі. Олар өздерінің философиялық мәселелерін адамгершілік-этикалық тұрғыдан алғанда адамның «Менінің» мәнділігін әлемнің танымдық тереңдігін анықтау барысында қарастырды.

Санкхья б.з.д. 7 ғасырда (негізін қалаушы Капила) пайда болып, ал б.з.д. 3 ғасырда дербес ілім ретінде толық қалыптасып бітті. Санкхья ілімі бойынша бүкіл әлем дүниедегі екі субстанцияның – пракрити және пурушидің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болады. Егер пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, әр түрлі материалдық объектінің бастау көзі болса, ал пуруши – таза сананың немесе «Меннің» рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюциясының себебі болып табылады.

Жалпы ішкі рухани жетістік және ішкі еркіндікке ие болу, сыртқы әлем мен рух арасындағы үйлесімділікке жету идеалдары өзге де даршандарға тән. Бұл бағыттағы батыл қадамды йога философиясы жасайды. Йога – бұл рухты тәннен және материалдық әлеммен сыртқы байланыс нәтижесінде туындайтын шектеулерден азат етуге мүмкіндік беретін теориялық қана емес, практикалық тұрғыда да негізделген философиялық мектеп. Йога адам миының жасырын әлеуетті мүмкіндіктері туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабілетті дамытудың әдіс-тәсілдері жүйесін ойлап тапты.

Ньяя және вайшешика философиялық жүйелері ведалық дүниетанымға жақындықтарына қарамастан, рационалдық таным принциптерін қалыптастырды. Мысалы, ньяя дәйекті таным көздері, сезімнен тыс қабылдау, сөйлемнің логикалық құрылымы туралы ілімді қалыптастырды. Вайшешика Әлемнің атомдық құрылымы туралы ойды дамыта отырып, сонымен қатар ньяя сияқты логика мәселелеріне көңіл қояды.

Миманса барлық даршандардың ішіндегі ортодоксальды мектеп болып табылады. Миманса атомдарды материалдық денелердің субстанциясы ретінде мойындайды. Веданта барлық мәнділіктің қайнар көзі ретінде Брахман-Атманның нақтылығын негіздейді. Осы аталған алты даршан Упанишад идеялары трансформациясы мен эволюциясының әр түрлі формаларын білдіріп, оның дамуының алты параллельді аспектісін байқатады.

Бұл алты даршан индуизмнің философиялық негізін құрап, ол б.з.д. 1 ғасырдан бастап үстем идеологияға айнала бастайды. Ертедегі үнді жеріндегі этникалық топтардың ұзаққа созылған рухани эволюциясы нәтижесінде, индуизмнің негізінде әр түрлі архаикалық культтар мен ведалық мәдениеттің синтезі жүзеге асады.

«Өзіңді өзің жеңу» буддизм философиясындағы адамның ең негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ертедегі Үндіде буддизмнің пайда болуы ежелгі Грекияда Сократқа дейінгі философия қалыптасқан уақытпен бір мезгілде іске асты. Буддизмнің негізін қалаушы Сиддхарта Гаутама (б.з.д. 563-483). Гаутама діни ой-сананы теріске шығарады. Оның ілімі адамды азат етуге бағытталған. Бұл үшін барлық күйбең тіршілікке қатысты бағыныштылықтардан азат болып, нирванаға жету шарт. Сондықтан да Будда үшін философия – бұл нирванаға жету құралы. Бірақ, нирванаға жетпей тұрып, адам «төрт игілікті ақиқаттың» мәнін терең ұғынуы қажет: 1) дүние қасіретке толы; 2) барлық қасіреттің себебін адамның құлқынынан; 3) қасіреттің себептерін жою; 4) нирванаға жету. Ол үшін мына жолды ұстану қажет – дұрыс түсінік, дұрыс сөз, дұрыс ойлау, дұрыс жүріп-тұру, дұрыс өмір сүру тәртібі, дұрыс күш-жігер, дұрыс ой бағыты, дұрыс жинақтала білу.

Буддизмнен өзге, брахманизмге қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі келесі бір мектеп – джайнизм (б.з.д. 6-5 ғ.) Веданың қасиеттілігін, әр түрлі діни әдет-ғұрыптар мен салттарды, адамзат тағдырына құдайлардың ықпал етуін теріске шығарады. Үндінің философиялық ойы сияқты қытай даналығы да өте ерте кездегі мәдени қабаттардан бастау алады. Мифологиядағы «Ян» және «Инь» туралы көзқарастарды ежелгі қытай ойшылдары дүниетанымдық ұғымға айналдырды және оны «ци» ұғымымен толықтыра отырып (б.з.д. 8-5 ғ.), «У-син» концепциясын (б.з.д. 5-3 ғ. – бес түпкі элемент туралы ілім) дамытты. Бұл көзқарастар Лао-Цзыдың (б.д.д. 6-5 ғ.) «Дао дэ Цзин» деп аталатын еңбегінде жарқын көрсетілген. Лао-Цзы пікірінше, дао – бұл ғаламдық заңдылық. «Цимен» бірге дао әлемдегі заттардың дамуы мен өзгеруіне ықпалын тигізеді. Әлем алуан түрлі және үнемі өзгерісте. Адам, даостардың пікірінше, Даомен кірігіп, жер пендесіне тән тәуелділіктен құтылуы қажет.

Ертедегі Қытай философиясының негізгі бағыттары: конфуцийшылдық /Конфуций/, даоистік /Лао-цзы/, легистік /Гуан Чжун, Шан Ян/, жаратылыстану /Сунь-Цзы/ ілімдері. Олардың философиялық ілімдеріндегі қағидалар «адам-әлем» жүйесіндегі бүкіл даналықты қамтиды десек артық емес. Олар бүгінгі тәлім-тәрбиенің, адамгершіліктің өмір мектебіне айналып, өзінің мәнін эвристикалық педагогикалық іс-әрекетте көрсетіп, көзқарастық, танымдық және методологиялық концепцияларға айналып отыр.

Кун Фу – Цзы, аңыздардың айтуынша, Лао-Цзыды құрмет тұтып, оның әңгімелерінен көп өнеге алған. Бірақ Лао-Цзы даоны үлгі тұтып, жоғары қойса, ал Кун Фу – Цзы «бекзаттық ер мінезді» ең басты қасиет санап, «жэнь» мәселесіне көңіл қойды. Конфуций пікірінше, жэнь – бұл гумандылықтың идеалды қатынасы. Жэнь бекзат адамға тән барлық жақсы қасиеттерді жинақтайды. Жэнь – бұл ақыл-ой, жүрек, адамгершілік парасат. Жэньнің арқасында адам ешқандай зұлымдық жасамайды, жердегі адамдар мен барлық тіршілік иелерін жақсы көріп, халық пен қоғамға ешқандай зиян келтірмейді.

Егер жэнь – бұл гумандылық болса, «ли» - бұл адамдар арасындағы қатынастар мен байланыстардағы үйлесімділік. Ли – бұл өзге адамдарға деген құрмет, бұл ізгі ілтипат және сыпайылық.

Кун Фу – Цзыдың айтуынша «жэнь» және «ли» адамгершілік пен құрметтің өзара байланысының алғышарты. Парасаттылыққа жеткен адам – бұл адамгершілікті және тәрбиелі адам. Парасаттылыққа жету музыка мен поэзияны меңгеру арқылы жүзеге асады. Онсыз әлеуметтік қағидаларды игеру мүмкін емес.

Конфуций идеялары қытайдың рухани мәдениеті дамуына өзінің зор ықпалын тигізді.

Сонымен, ертедегі үнді және ежелгі қытай философиялары адамды тікелей болмыспен байланыстырады, адамның әлеммен үйлесімділігі мен тұтастығын үндейді.

Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Ежелгі Шығыс философиясының негізгі бағыттары.

  2. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшеліктері, маңызы.

3 Дәріс тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия.


Дәріс жоспары:

1. Антика философиясының кезеңденуі. Сократқа дейінгі философия.

2. Классикалық философия.

3. Эллинизм философиясы.

«Антика философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. 7-6 ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. 7-5 ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. 4 ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 5 ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:


  1. Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.

  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.

  3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.

  4. А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.

  5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.

  6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.

Философия тарихы адам баласының, бүкіл адамзат тарихының өзіндік санасы. Антикалық философия өзінің көптеген мектептерімен, бағыттарымен ерекшеленеді. Грек даналығы адамның дүние танымында ерекше орын алады. Дүниенің «алғашқы бастамасын» іздеу жолындағы танымдық іс-әрекетте көптеген философиялық «алғыр ойлар» қалыптасты. Олар: дүниенің бірлігі /біртұтастық/, материалдылығы, дүниенің шетсіз-шексіздігі, атомизм т.б. Бұл идеялардың эвристикалық маңызы бүгінгі философияда және ғылымда өте зор. Антикалық философияның космоцентрлік сипаты табиғат пен адам бірлігінің айғағы және дүниенің біртұтастығында.

Көне грек философиясы халықтың тарихи- әлеуметтік, экономикалық өмірмен тығыз байланысты бола отырып, демократиялық құлдық қоғамның дамуын сипаттайды. Бұл қоғам сол кездегі философияның әдебиет пен мәдениеттің кеңінен өркендеуіне жол ашты. Ғылымның алғашқы көздері пайда бола бастады. Грек философиясындағы жаратылыстану /фюзис/ саласы натурфилософияның /табиғат философиясы/ ерекшелігін айқындайды. Табиғаттың заттары мен құбылыстарына таңданудан, оны танудан шыққан философиялық ойлар антикалық дәуірдің ұлы тұлғасы Аристотельдің жүйелеулік әрекетінің негізінде біртұтас философиялық тарихи кезең болып қалыптасты.

Түпнегіз (архэ) – бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор – сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғұрлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Сократқа дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады.

Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді. Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз – от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы.

Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу, диалектикалық тәсілдерді енгізу мен пайдалану арқылы философияда дәлелдеудің қажеттілігі мен оның тәсілдерін қолдануды мойындау.

«Кіші физиктер» немесе физик-плюралистер – Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорияларын шешуге талпыныспен байланысты болды. Олардың плюралистік концепциялары элейліктердің де, иониялықтардың да монизміне қарсы бағытталған. Бұл мәселені түсіндіруге келгенде ең жүйелі және мақсатты талпыныс Левкипп пен Демокрит ұсынған әлемнің атомистік картинасы болды. Әлемдегі барлық өзгерісті, қозғалысты түсіндіретін – атом (абсолютті, тығыз, одан әрі бөлінбейтін болмыс), бос кеңістік және олардың қозғалыстары. Атомдар формасына, реті мен жағдайына қарай ерекшеленеді, олар сезіммен қабылданбайды, тек ақылмен пайымдалады.

Антик философиясында ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий, т.б.) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. 5 ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. «Адам – бар нәрсенің өлшемі» деген Протагор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкеледі. Сондықтан б.з.д. 5 ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» айналады.

Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Байлық, даңқ, билік, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарттары. Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлайды. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары индивид автономиясын жария етті.

Б.з.д. 4 ғасыр Грекич үшін «жоғарғы классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықты көрінісін беретін екі философиялық жүйе – Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді.

Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болады. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналады және батыстық даналықтың дамуындағы материалдық және материалдық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар тұрғысында табиғат пен ғарыш өз алдында заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі – бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем), Жаратушы (демиург) - үлгіге сәйкес көшірменің авторы.

Платонның таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұштастыратын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқан, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал риторика – абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәнгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр түрлі мифтер түрінде сипатталады.

Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса, онда Ақиқат пен Игіліктің жоғарғы құндылықтарын негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі - Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.

Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келеді. Ол философиялық білімдердің – метафизиканың, физиканың, психологияның, этиканың, саясаттың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.

Ғылымдарды классификациялауда Аристотель ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орнын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың төрт себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары – барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя. Және метафизиканы тәмәмдайтын сезімнен тыс субстанция – бұл мәңгі және қозғалмайтын Бастапқы түпнегіз, Бастапқы қозғаушы. Аристотельдің өзінің физикасында сезіммен қабылданатын субстанцияларды зерттей отырып, оның ішкі сипаттамасы ретінде қозғалысты қарастырады. Оның психологиясы бірнеше трактаттарда мазмұндалған, оның ішіндегі ең терең және даралығымен ерекшеленетіні «Жан туралы» деп аталады. Стагирит жанды үш құрамда қарастырады: вегетативті, сезімдік және рационалдық, бірақ оның алғашқы екі құрамы барлық жанды заттарға тиесілі болса, тек адам ғана осы үш құрамның барлығында да бірдей ие.

Аристотель де Платон сияқты өзінің мектебін – Ликей немесе Перипатетиктер мектебін ұйымдастырды.

Эллиндік-римдік философия сегіз ғасырға жуық уақытты қамтитын антик философиясы тарихындағы ең ұзақ кезең болып табылады. Эллиндік дәуір гректердің саяси өмірімен қатар рухани әлемін де ұлы өзгерістерге алып келген А. Македонский жорықтарымен басталады.

Саяси дербестікті жоғалту гректің полистік жүйесінің дағдарысымен сипатталады. Эллиндік монархиялар жағдайындағы жаңа өмір тәртібі бұрынғы «құндылықтарды» қажет етпеді, мемлекет пен адам арасындағы ескі байланыс бұзылды. Азамат пен мемлекет арасындағы тығыз тұтастықтың бұзылуы бұл кезеңде этиканың саясаттан бөлінуіне әкеліп соқты.

Эллиндік адамның әлемге көзқарасы антик философиясы дағдарысын, деградациясын білдіретін философиялау сипатын айқындайды. Философия бірте-бірте өзінің шығармашылық сипатынан арылып, философия бет-бейнесіндегі акцент те өзгере бастайды. Басты назарға этика алынып, адамгершілік мәселесінде мынадай сұрақ алдыңғы орынға шықты: әлемнің бұзылып жатқан тұсында қалай еркіндікті сақтап қалуға болады? Сондықтан да стоиктер философияны жеке бөліктерге бөле отырып, оны бақшаға теңейді, онда бақтың қорғаушысы – логика, ағаштары – физика болса, ал оның жемістері мен ұмтылатын мақсаты этика болып табылады.

Эллинизм дәуіріндегі ең танымал мектептердің бірі – кинизм болды. Кинизм байлық, атақ, даңқ, билік және тағы басқа да бақытсыздыққа әкелетін адамға тән иллюзияларды теріске шығара отырып, халық арасында үлкен табыстарға жетті.

Эллинизм философиясының жарқын беттерінің бірі Эпикур шығармашылығы және б.з.д. 4 ғасырдың соңында ол негізін қалаған «Бақ» мектебі өкілдерінің философиясы болды. Оның ілімінде каноника да, физика да бар, алайда олар этиканың функциясы арқылы ғана жүзеге асады. Яғни, бұл – адамның мақсаты туралы ілім, бақыт және оған жетудің тәсілдеріне негізделеді.

Б.з.д. 4 асырдың аяғында Афинада тағы бір атақты философиялық стоиктер мектебі пайда болды. Ол б.з. 3 ғасырына дейін өмір сүріп, дүниеге Зенон, Сенека, Марк Аврелий ұлы ойшылдарды әкелді. Стоиктер гераклиттік от - логосқа сүйенеді. Стоиктер ілімінде кедейлер мен құлдардан бастап императорға дейін пейіл бұруы оның кең танылуына себеп болды.

Эллиндік дәуірде стоицизммен салыстырғанда азырақ таралған тағы бір философиялық бағыт – скептицизмнің негізін қалаушылар Пиррон мен Тимон болды. Скептицизмнің идеалы - теория туралы пікірден бас тарту, практикада мүмкін болатын парасаттылыққа ғана, әдет-ғұрыпқа ғана сүйену.

Эллинизм дәуіріндегі пұтқа табынушылық даналықтың соңғы бағытының бірі б.з. 3-4 ғасырларында дамыған неоплатонизм болып табылады. Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді.



жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау