Ербосынова Анар,
жедел жәрдем бөлімінің
І санатты мейірбикесі
Тазалыққа жете мән бермеуден, яғни жеке бас гигиенасын дұрыс
сақтамаудан, сондай-ақ көкөністер мен жеміс-жидектерді жумай пайдала-
ну салдарынан балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесіп жататын
ауру - жедел ішек инфекциясы. Жедел ішек инфекциясы ас қорыту жолда-
рын зақымдайтын, диареямен (іш өту), ағзаның уыттануымен және сусыз-
дануымен сипатталатын әртүрлі жұқпалы аурулар тобына кіреді. Сусызда-
ну ағзадағы судың үлкен құрамы мен минералын жоғалтатын бірден-бір фак-
тор болып табылады. Іш ауру сонымен қатар шала пісірілген ет, балық, басқа
да кондитерлік өнімдер мен сүт өнімдерін пайдалану салдарынан да туын-
дайды. Ауруды өткізіп алған жағдайда көптеген қиындықтар туындайды. Бұл
ауру әсіресе бақша өнімдері піскен кезде, яғни жаз, күз айларында көптеп
орын алады. Ауру өтіп кеткен жағдайда ағзаның сусыздануы мен улануы-
на алып келеді. ЖІИ негізінен су, тағам және тұрмыстық қатынас арқылы
жұғады. Ағзаның сусыздану дәрежесіне байланысты диареяны жіктеп ем-
деу жүргізіледі. Сусыздану өзінің ауырлығына байланысты үш топқа бөлінеді,
оның жеңіл дәрежесі А жоспары бойынша үй жағдайында емделеді. Жеңіл
дәрежесінде баланың іші өткенмен, оның ағзасында жалпы әлсіздік, көздің
шүңіреюі, құсу, тері қатпарының жәй жазылуы сияқты қауіп-қатер белгілері
аса байқала қоймайды. А жоспары бойынша іш өтуді емдеу кезінде қарапайым
әдіс қолданылады, яғни бұл жағдайда ОРС ерітіндісі «Регидрон» пайдаланы-
лады. Өйткені Регидрон өз кезегінде іш өту кезінде ағза жоғалтқан су мен ми-
нералды тұздарды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. ОРС ерітіндісін
дайындау үшін 1 л қайнатылып дайындалған жылы суға 1 пакет ОРС ерітіндісі
салынады. Әр сұйық нәжістен кейін 2 жастан асқан балаларға 100-200 мл
көлемінде ОРС ерітіндісі берілу керек. Алайда ОРС ерітіндісін қабылдағаннан
кейін де балаңыздың іш өтуі тоқтамай, мазасыздануы жалғаса берсе онда
уақыт өткізбей дереу дәрігерге көрсетіңіз. Ал жедел ішек инфекциясы ба-
рысында туындаған орта және ауыр сусыздану емханада немесе ауруха-
нада емделеді. Ең бастысы аурудың алдын алу болып табылады. Ол үшін
балалардың жеке бас гигиенасын күнделікті қадағалап, оларға тамақ жер
алдында қолды тазалап жуу, көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланбай
тұрып мұқият жуу қажеттілігін күнделікті үйретіп, баланы үнемі тазалыққа
дағдыландырған жөн. Сондай-ақ дайын тағамдарды да дұрыс сақтау қажет,
әсіресе тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта екі күннен артық ұстамау
керек. Дүкендерден, базарлардан сатып алынатын өнімдердің де санитарлық
талаптарға сәйкестігіне назар аударыңыз.
Еркiнбаева Зарима,
аудандық орталық аурухананың
терапия бөлімінің мейірбикесі.
Бронхит ауруы - бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы неме-
се түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл пайда бола-
ды және сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда бо-
лады. Егер бронхиттен оңалудың белгілері байқалмаса немесе бір аптадан
артық уақытқа созылса дереу дәрігер көмегіне жүгініңіз. Бронхитпен ауырған
адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер бо-
лады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салда-
рынан пайда болады. Ауру әсіресе, көктем мен күз айларында күшейе түседі.
Бронхиттің жедел және созылмалы деп аталатын екі түрі бар. Жедел бронхит-
пен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып,
кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел пайда бо-
лады. Дене қызуы қалыпты жағдайда сақталады. Жедел бронхит негізінен
1-3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жедел бронхит әсіресе жас балалар
мен қарияларда өте ауыр өтеді, сондықтан жеделдетіп ем қабылдамаса со-
зылмалы бронхитке айналады. Созылмалы бронхит - ұзақ уақыт шаң-тозаң,
улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының
әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Созыл-
малы бронхитке ұшыраған науқас үздіксіз жөтеле бастайды, кейде құрғақ,
кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық тастайды. Жөтелдің жиілігіне байланы-
сты кеуде тұсы шаншып ауырады. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда бола-
ды. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауа-
сы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Бұл жағдайда науқасқа антибиотик-
тер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек беріледі және физиотерапевтік, емдік
гимнастика жүргізіледі. Науқас мүмкіндігінше құрамында С витамині бар және
белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдар мен түрлі соу-
старды пайдаланбағаны жөн. Созылмалы бронхитте сілекейлі жөтел бола-
ды, бұл ауру бірнеше айларға немесе жылдарға созылуы да мүмкін. Кейде
жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт
адамдарға тән келеді. Егер сізде созылмалы жөтел болса (немесе оның алдын
алғыңыз келсе) — ТЕМЕКІ ШЕКПЕҢІЗ!
Еркiнбаева Зарима,
аудандық орталық аурухананың
терапия бөлімінің мейірбикесі
Жүрек пен қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда болатын
жүрек аурулары адам өмірі үшін өте қауіпті. Жүрек ауруларының жүрек
демікпесі, жүрек неврозы, жүрек ақауы, миокард инфарктысы, ревматизм
сияқты бірнеше түрлері бар. Жүрек ауруларының пайда болуы ағза күтіміне,
дене қозғалысына, денеде артық салмақтың пайда болуына, сондай-ақ
жүйкеге салмақ түсумен тікелей байланысты екенін ұмытпау қажет. Жүрек
қарыншалары мен жүрекшелердің арасындағы қан өтетін саңылаулардың
тарылуынан және жүрек қызметінің бұзылуынан туа және жүре пайда бо-
латын жүрек ақауы ауруына ұшырайды. Туа пайда болатын жүрек ақауы
ұрықтың дамуы кезінде жүректің қалыпты жетілмей қалуынан пайда бола-
ды. Ал жүре пайда болатын жүрек ақауына баспа, мерез сияқты аурулардың
асқынып кетуінен ұшырайды. Жүрек ақауы кезінде қарынша жиырылғанда
қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсірете бастайды. Сөйтіп, қан
айналысы реттілігі бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Жүрек ақауы әдепкі
сатысында біліне қоймайды, алайда ауру асқынған жағдайда науқаста ентігу,
жүректің қатты соғуы, шаншып ауыруы басталады. Мұндай жағдайда қан ай-
налысы барынша төмендеп, науқастың қол-аяғы ісінеді. Жүрек неврозы ауру-
ына жүрек пен қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуынан және зақымдануынан
ұшырайды. Жүрек ауруларының қай-қайсысы болса да, адам өміріне үлкен
қауіп төндіреді. Сондықтан жүйкеге салмақ түсірмей, дене қозғалысына ба-
рынша мән беріп, артық салмақтың пайда болуына жол бермей жүрек
ауруларының алдын алған абзал. Жыл сайын профилактикалық тексерулер-
ден өтіп тұрған дұрыс.
Еркiнбаева Зарима,
аудандық орталық аурухананың
терапия бөлімінің мейірбикесі
Қан тамырларының, яғни адам ағзасындағы күре тамырлар мен
көктамырлардың қабырғаларына түсетін күш қан қысымы деп атала-
ды. Қан қысымы әдетте адамның жасы мен денсаулығына тікелей байла-
нысты болып келеді. Қан қысымы қантамырларда бірдей деңгейде болмай-
ды. Қан қысымы қолқа тұсындағы артерияларда барынша жоғары болады.
Қан айналымы жүйесінің негізгі қызметін жүрек атқарады. Қан жүректен
алыстаған сайын қысым да азая түседі. Қан қысымы капилярларға жеткен-
ше біртіндеп төмендей бастайды. Әсіресе, жоғары және төменгі қуысты вена-
ларда өте төмен болады. Қан қысымы арнайы медициналық құрал, тонометр
арқылы иық артериясында өлшенеді. Ең жоғары қысым (с.б.б 110-120 мм)
систолалық, ол қарыншалардың систоласы- жиырылуы кезінде байқалады.
Ең төменгі қысым (с.б.б 60-80 мм) диастолалық, ол қарыншалардың диа-
столасы - босаңсуы кезінде байқалады. Систолалық және диастолалық қан
қысымының айырмашылығы лүпілдік қысым деп аталады. Ол сынап бағанасы
бойынша 40 мм-ге тең. Лүпіл сол жақ қарынша жиырылған сайын қан
қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді. Осы кезде пайда болған
тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Дене
бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы, білезіктің ішкі жағы,
самай, мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының
ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады. Тамыр соққан
сайын жүрек бір рет жиырылады. Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері,
тамырдың соғуын санау арқылы анықталады. Қан қысымының жоғарылауы
гипертония ауруын, ал қан қысымының төмендеуі гипотония ауруын туды-
рады.
1.
Пайдалану мерзімі өтпеген мүшеқапты қолданыңыз. Мүшеқап арнайы
фольгада ораулы болуы керек, орауында механикалық зақымдалған із болмауы тиіс.
Мүшеқапты тек дәріханадан ғана сатып алыңыз. Өнімнің сапасын растайтын серти-
фикатын сұраңыз.
2.
Мүшеқаптың орауын тіспен, тырнақпен, өткір құралмен ашуға болмайды.
3.
Мүшеқап екі қолмен кигізіледі. Бір қолмен мүшеқап жыныстық мүшенің өн
бойы ұзындығы бойынша домалатып жазылады, мүшеқаптың майлы жағын сыртқа
қаратыңыз. Бас бармақпен және басқа қолдың сұқ саусағымен мүшеқаптың жоғарғы,
шәует жиналатын жерін қысыңыз, ол жерде ауа қалмағаны дұрыс. Мүшеқапты
жыныстық мүшеге тартуға болмайды, тек домалатып қана жазыңыз.
4.
Мүшеқапты майлауға вазелинді, балалар кремін, майды қолдануға болмай-
ды, өйткені майлар мүшеқап жасалған латексті бұзады.
5.
Шәует бөлініп болған соң, мүшеқап кигізілген жыныс мүшесін қынаптан
шығарасыз (әлсізденуден бұрын). Бұл ретте, мүшеқапты қолдан сусып кетпес үшін,
дөңгелек жүзіктен ұстап тұру керек. Мүшеқаптан жыныстық серігіңізге шәуеттің
төгілуін болдырмаңыз.
6.
Мүшеқап тек қана бір рет пайдалануға жарайды. Оны жуып екінші рет
қайта қолдануға болмайды.
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар,
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы»
ШЖҚ МКК-ның Қожакент ауылдық ауруханасының
мейірбикесі Нахышпанова Шамшат.
Қожакент ауылдық ауруханасының
мейірбикесі Ибрагимова Гулжазира
Ысып кету дегеніміз адам организмінде ұзақ уақыт бойы жоғары
температураның әсерінен болатын қорытынды процесс. Күн әсері адамға
күн сәулесі әсерінен пайда болады; ыстық әсері егер адамдар тымырсық
бөлмеде жұмыс істесе, ыссы ортада көп уақыт болса пайда болады. Бұл
жағдай негізінен қан айналым жүйесінің жоғары температураға адаптация
болмағандықтан болады. Адам организмінде қалыпты жағдайда 36,6ºС тем-
пературасын қалыпты ұстау қасиеті бар. Артық ыстық организмнен терлеу
арқылы шығып кетеді. Организмнің артық ыстықты шығаруға жағдайы кел-
меген кезде, сыртқы ортаның температурасы 35ºС артық болса ыстық әсері
болады. Егер күн сәулесінен адам өзін қорғамаса және сонымен қатар басын
қорғамаған кезде күн тиюі мүмкін.
Клиникасы: бас ауыруы, құлақ шулауы, құсқысы келу, құсу, шөлдеу,
есінің бұзылуы, құрыспа, дене температурасының 40 ºС-тан артық көтерілуі,
тахикардия.
Алғашқы көмек: науқасты салқындау жерге немесе көлеңкеге жатқызу,
басына және ірі тамыр бар жерлеріне мұзды мұйық қою, анальгин 50%-2,0
көк тамырға жәй, реланиум -2,0 мл көк тамырға жәй, реополиглюкин- 400,0
мл көк тамырға тамшы ретінде, салқын күйінде, преднизолон -90-120 мг көк
тамырға физертіндісімен қосып салқын күйінде салу керек. Клиникалық өлім
болса - жүрек-өкпе реанимациясы.
Есі жоқ науқасты реанимация бөлімшесіне жеткізу керек.
Қожакент ауылдық ауруханасының
мейірбикесі Ибрагимова Гулжазира
Улану-улы заттардың организмге тигізетін әсерінен пайда болатын
патологиялық процесс.
Улану өзіндік дамуына байланысты өткір және созылмалы болып бөлінеді.
Улардың организмге ену жолына байланысты улану пероралды, паренте-
ралды, ингаляциялы, аралас, тері арқылы деп бөлінеді.
Улы заттардың организмге ену мақсатына байланысты байқаусыздан, су-
ицидалды, жоспарланған болып бөлінеді.
Ауыртпалығына байланысты уланудың жеңіл түрі, орташа түрі, ауыр түрі
және өте ауыр түрі болады. Уланудың белгілері: жалпы синдромдар, яғни
әлсіздік, мұздай қара тер, бас айналу, АҚҚ төмендеуі, тері бозаруы.
Орнықты синдромдар: егер улы зат ауыз арқылы енген болса іштің ауы-
руы, құсқысы келу, құсу.
Улы жыландар мен құмырсқалар шаққан кезде: шаққан жері ісінген,
қызару, ұлпалар ісігі.
Улану кезінде әуелі удың организмге енуін тоқтату керек, сонан соң уды
организмнен шығару қажет, сосын барып антидоттар қолдану керек. Онан
кейін синдромды терапия жүргізіледі.
Кембилова Гульнара,
№2 жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикесі
Әйелдер арасында жиі кездесетін аса қауіпті аурудың бірі – жатыр
мойнының қатерлі ісігі. Жатыр мойнының қатерлі ісігі ауруына шалдыққан
адам салмағын жоғалтады, бойында әлсіздік қалыптасып, мазасыздана ба-
стайды. Кей жағдайларда аурудың алғашқы белгілері біліне қоймайды және
ауру жедел түрде өрши түседі. Бұл дерт әйел өмірі үшін өте қауіпті саналады.
Алайда, жаңадан пайда болған қатерлі ісік мерзімінде анықталатын болса,
ұлғайып кетпей тұрып тиісті емдеу шараларын қабылдаса, дертке шалдыққан
науқас аурудан айығып кете алады. Жатыр мойнының қатерлі ісігі дертіне
шалдығу ерте, 18 жасқа дейін, жыныстық қатынасқа түсу, ерте босану немесе
38 жастан кейін жүкті болу салдарынан болады. Жатыр мойнының жаралары
мен жыныс жолдарының инфекциялары, сондай-ақ шылым тарту фактілері
аталмыш қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Жатыр мойнының қатерлі ісігі
дертінің алдын алу үшін жыл сайын профилактикалық тексерулер өткізілуде.
Сондықтан жатыр мойнының қатерлі ісігіне шалдықпау үшін ұйымдастырылып
жатқан скринингтік тексерулерден міндетті түрде өту қажет. Осылайша,
денсаулыққа мерзімінде ден қою арқылы түрлі аурулардың алдын алуға бо-
латынын ұмытпауымыз қажет. Жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекция-
лардан және кездейсоқ жыныстық қатынастардан барынша сақтанған дұрыс.
Түсік жасату да қатерлі ісікке алып келетінін ұмытпау керек. Қатерлі ісіктің ал-
дын алудың бірден-бір жолы - папиломавирусты инфекцияға қарсы егілу және
жыл сайын міндетті түрде цитологиялық тексерулерден өту! Осындай қатерлі
ісіктердің алдын алу мақсатында барлық тексерулер тегін ұйымдастырылады.
Олай болса, денсаулыққа дер кезінде мән беріп, медициналық тексерулер-
ден өтіп, мүмкіндігінше иммунитетті нығайтып, құнарлы тамақтанып жүріңіз!
Кембилова Гульнара,
№2 жалпы тәжірибелік аймақ мейірбикесі
Туберкулез – адам ағзасына бактериялардың түсуі салдарынан дамитын
жұқпалы ауру немесе қауіпті дерт. Әлемде жыл сайын миллиондаған адам-
дар осы туберкулез дерті салдарынан өмірімен қош айтысып та жатыр. Ту-
беркулез дертіне шалдығып, тиісті емдеу орындарына жүгініп жатқандар
қатары да азаяр емес. Туберкулез ауруы ең алдымен өкпені, кейде ми мен
оның қабықшаларын, бүйрек, буын, жыныс мүшелерін де зақымдайды. Ау-
руды жұқтырудың негізгі көзі туберкулезбен ауырған адам болып табыла-
ды. Сондықтан ауруды жұқтырып алмауға баса мән беріп, сақтық шарала-
рына көңіл бөлген дұрыс. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, тубер-
кулезге шалдығып, тиісті емін қабылдамаған әpбip науқас жылына 10-15
адамға дейін ауруды басқа адамдарға жұқтырады екен. Сондықтан бұл
ауруға салғырт қарауға болмайды. Туберкулез қоздырғыштары туберкулез-
ге шалдыққан адам түшкіргенде немесе жөтелгенде, сөйлегенде, сондай-ақ
айналасындағылармен қарым-қатынас жасағанда ауаға тарайды. Сәйкесінше,
ауаға тараған бактериялар осы ауаны жұтқан адамдардың жоғарғы тыныс
алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Ең бастысы, туберкулез бактериялары кез
келген ағзада дами алатындығын естен шығармаңыз! Дұрыс тамақтанбау,
қатты суық тигізу, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқа да ауыр
аурулардың қатар жүруі, сондай-ақ темекі тарту, алкоголь өнімдерін пайда-
лану туберкулез дертіне алып келетін негізгі факторлар. Әсіресе, күйзелісті
жағдайлар туберкулез дертінің тез өрши түсуіне септігін тигізеді. Сондықтан
екі аптадан артық жөтелу, ағзадағы жалпы әлсіздік, дене қызуының
көтepiлуi, тершеңдіктің пайда болуы, тамаққа тәбеттің нашарлауы, қан ара-
лас қақырықтың түсуі, кеуде тұсының ауыруы сияқты туберкулездің алғашқы
белгілерін байқасаңыз, емдеу ұйыцмдарына жүгініп, медициналық тексеру-
лерден өтіңіз! Туберкулезді уақтылы анықтау - ойдағыдай айығып кетудің
бірден-бір кепілі! Туберкулез ауруының алдын алыңыз!
Жамилова Жанна,
Жедел жәрдем бөлімінің фельдшері
Әдетте, демікпеге шалдыққан адамдарда тұншығу ұстамасы жиі болады.
Олардың дем алысында, сыртқа дем шығарғанында, шуыл немесе сырыл пай-
да болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ау-
аны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа
жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп
тұрады, бірақ ыстығы көтерілмейді. Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір
бойына кесел боп жабысады. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ау-
ыратын балалар бұл ауруға жиі ұшырайды. Демікпе жылдың белгілі бір айында
немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол өкпе эмфиземасына ұласады.
Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы
ықтимал. Балалардағы демікпе көп жағдайда салқын тиюден басталады. Кейбір
жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан немесе мазасыз жағдайлардан да
демікпе ұстамасына ұшырайды. Демікпе әуелгі уақытта күшті жөтелмен баста-
лады. Көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе
ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы неме-
се мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.
·
Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жер-
ге шығуы керек. Өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беруге
тырысыңыз.
·
Науқасқа сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді боса-
тып, тынысты кеңейтеді. Бу ингаляциясын жасаудың да көмегі өте зор.
·
Ұстама жеңіл болса, эфедрин, теофиллин немесе сальбутамол беріңіз.
·
Ауыр жағдайларда эфедрин немесе теофиллинді қосып, сальбутамол
беріңіз.
·
Науқастың жағдайы тым ауыр болса, жедел жәрдем шақырыңыз.
·
Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астам
уақытқа созылса, тетрациклин немесе эритромицин дәрісін беріңіз.
Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.
Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан
аулақ болуы тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза
болуы керек. Кейде ашық таза ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін
күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адам ауасы таза
жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз! Аллер-
гия тудыратын заттардан аулақ болыңыз!
Жамилова Жанна,
жедел жәрдем бөлімінің фельдшері
Жедел коронарлы синдром – тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард
инфарктіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы.
Жедел коронарлы синдромға миокард инфарктісі, ST-тісшесінің жоғарылауымен
бірге келетін миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия жатады. ST-
жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе
жайсыздық (дискомфорт) және ЭКГ- да ST-сегментінің тұрақты жоғарылауын неме-
се коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді. Бұл жағдайда емдеудің
негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез арада және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболи-
тиктер қолданылады. Жедел коронарлы синдром негізінен коронарлы тамырлардың
бітелуінен, миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуынан, жүрек бұлшық етінің не-
кроз белгілерінен болады. Төстің асты және жүрек тұсы қысып немесе шаншып ау-
ырсынады. Ауырсынудың сол жақ немесе оң қолға, мойынға, төменгі жаққа, сол
жақ жауырын астына, эпигастрий аумағына таралуы мүмкін. Науқас қоза бастайды,
мазасы қашып, қорқыныш сезімі пайда болады. Тіл астына нитрат қойылғанымен
ауырсынуды толық жоймайды, сәйкесінше ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайта
мазалайды. Тері жабындары бозғылт келеді, суық тер басады. Жалпы әлсіздік,
ауа жетіспеушілік мазалайды. Жедел коронарлы синдромға ұшыраған ануқасқа
алғашқы көмекті дұрыс көрсетудің маңызы аса зор. Нитроглицерин таблеткасы 0,5-
1 мг тіл астына немесе спрей түрінде 0,4-0,8 мг. немесе 1-2 доза ауырсынуды басу
үшін берілуі қажет. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның деңгейін
бақылай отырып, әрбір 5-10 мин сайын қайталау. Ацетилсалицил қышқылы (егер
науқас өзі қабылдамаса) - 160-325 мг беріледі.
Гепарин 5000 БІРЛІК көк тамырға. Ауырсынуын басу үшін есірткілік анальгетик-
тер енгізіледі. Морфин 1 мл 1% - ерітіндісін + 10 мл натрий хлорид ерітіндісімен көк
тамырға 5-10 мин 3-5 мл-ден ауырсыну басылғанға дейін енгізеді.
БРОНХИТ АУРУЫ
ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ
ҚАН ҚЫСЫМЫ
МҮШЕҚАПТЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ПАЙ-
ДАЛАНУ КЕРЕК
ЫСЫП КЕТУ. ЫСТЫҚ ӘСЕРІ. КҮН
ӘСЕРІ
УЛАНУ
ЖЕДЕЛ IШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ
ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ
ІСІГІ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
ДЕМIКПЕ
ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫ СИНДРОМ
2
24 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ
ГАСТРИТ
Гастрит кеселінің пайда болуында экзогендік және эндогендік факторлар
маңыз иеленеді. Экзогендік факторлар:
-тағамдану режимі мен тамақ сапасының бұзылуы,
- алкогольдік ішімдіктерді шектен тыс тұтыну, шылым шегу,
-қарынның шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер ететін дәрілерді ұзақ
қабылдау (глюкокортикойдтар, ацетилсалицил қышқылы және басқалары),
кәсіби зияндылықтар,
- пилорикалық хеликобактериямен жұқпалану,
- нервтік-психикалық стрестер,
-экологиялық факторлар: атмосфераның жағдайы, тағамда нитраттардың бо-
луы, ауыз судың нашар сапасы.
Эндогендік факторлар:
1) құрсақ қуысының қабынулы кеселдері,
2) мұрын- жұтқыншақтағы созылмалы жұқпалар,
3) эндокриндік дерттер,
4) аутоуыттанулар,
5) генетикалық және аллергиялық факторлар, кейбір азық- түліктердің
жақпауы.
Жайдаркул Искакова,
Эндоскопия бөлмесінің мейірбикесі