Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша



жүктеу 4,2 Mb.
бет36/38
Дата29.11.2023
өлшемі4,2 Mb.
#44504
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
multi-213 x606468403

2. Криопротекторлар
Жасушаларды сақтаудың осы әдісін практикада қолданылмайды, себебі ірі нысандарды жылдам тоңазыту және жылыту мүмкін емес. Тірі жүйелерді төмен температура жағдайларында сақтау үшін қорғаныштық заттарды — криопротекторларды қолданады. Солардың ішінде жасушаға ене алатын глицерин, диметилсульфоксид, қанттар, гликольдер және жасушаларға ене алмайтын кейбір полимерлік қосылыстар (поливинилпирролидон, полиэтиленоксид және басқалар) кең қолданылады. Криопротекторлар кристаллизация әсерін төмендетеді, оның сипатын өзгертеді және макромолекулардың жабысуы мен денатурациясына кедергі жасайды, жасушалар жарғақшасының тұтастылығының сақталуына мүмкіндік береді. (кесте 2).
Кесте 2. Криопротектордың әсер ету механизмі



Криопротектордың атауы

Әсер ету механизмі

Пролин

Жасушадағы суды байланыстыру



Аспарагин

γ-аминомай қышқылы

Диметилсульфоксид (ДМСО) 2,5 - 10%




2-6% маннит немесе
Сорбит

Өсімдік жасушаларында вакуольдар көлемінің кішіреюі

Криопротекторлар медицина мен жануарлар шаруашылығында төмен температура жағдайында қан, ұлпа, жасанды ұрықтандыру үшін жануарлар спермаларын ұзақ сақтау үшін кең қолданылады.


Криопротекторларға негізгі талаптар:

        1. жасушаға оңай ену керек

        2. суды тез байланыстыру керек

        3. электролиттер су ерітінділеріне жақсы еру керек

        4. балқу температурасы төмен эвтектиктік қоспалардың түзілуіне мүмкіндік беру керек

        5. мұздың біртекті кристаллизациясын қамтамассыз ету керек

        6. төмен молекулалық массасы болу керек

        7. жоғары концентрацияда уыттылығы төмен болу керек

Жасушалардың әрекеттесу сипаты бойынша барлық криопротекторларды екі топқа бөлуге болады:

    1. жасушаға бос енетін эндоцелюлярлық (диметилсульфоксид – ДМСО, глицерин)

    2. экзоцелюлярлық – жасушаға енбейді, өз кезінде екі топ тармағына бөлінеді: осмостық белсенді (сахароза) және осмостық белсенді емес (поливинилпирролидон – ПВП).

Эндоцелюлярлы криопротекторлардың қорғаныс әсері бір қатар факторлардан құрылады:
- жақсы еріткіш бола отырып, олар тұздар мен электролиттер ерігіштігін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетеді. Соның нәтижесінде олардың жасуша компонентерінің ақуыздық құрылымдарына денатурациялаушылық әсерін жұмсартады;
- ерітінділердің тоңазуына ықпал жасап, ерітінділердің ұсақкристалдық мұздатуының себебі болып келеді;
- кішкентай молекулалық масса арқылы олар жасушаларға оңай еніп, сумен байланысады;
- жасушаларда кристаллизация процестеріне кедергі жасап, ұсақкристалдық тоңазудың себебі болады.
Глицерин кейбір жасушаларға қатысты осмостық белсенді емес зат болып табылады, себебі жасушадан оңайлықпен шығарылмайды жоғары осмостық қысымды қамтамасыз етеді. ДМСО глицеринге қарағанда жасушалық жарғақша арқылы осмостық тепетеңдікке тез жетеді. Реконсервацияланған жасушаларды глицерин мен ДМСО уытты әсерлерін жою үшін шаю қажеттілігі осы криопротекторлардың жалпы кемшілігі болып табылады.
Эндоцелюлярлы криопротекторлар экзоцелюлярлықтарға қарағанда мұздатқаннан кейін жасушалардан жоюды талап етпейді. ПВП криопротекторлық қасиеті оның жасушадан тыс суды және жасушадан алынған судың бір бөлігін байланастыру болып табылады. Сонымен ол мұз кристалдарының өсуін баяулатып, жасушаны қаптайды.
Эндоцелюлярлы және экзоцелюлярлы криопротекторлардың жалпы заңдылықтары келесідей болады: жанасу уақыты мен концентрацияға тәуелді жасушалардың дегидратациясы; цитоплазманың вакуолизациясы, ядролардың пикнотизациясы және жасушалардың адгезиялық қасиеттерінің төмендетуіне бағытталған басқа цитоплазмалық эффектілер.



жүктеу 4,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау