Жүргізушілердің жас ерек­ шеліктеріне байланысты, әрине



жүктеу 3,55 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата20.11.2018
өлшемі3,55 Mb.
#22004
1   2   3   4   5   6   7   8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№179 (179) 



13.10.2009 жыл, сейсенбі             

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АлАш АзАмАты

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

ДАТ!


Мұрат ЛАУМУЛИН, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми 

қызметкері, саясаттану ғылымының докторы, профессор:

Алматы  қалалық  прокуратура 

мамандарының  мәліметінше,  про­

ку рорлардың қоғамдық қабыл дауы­

на жазылу күн сайын сағат 9 бен 18 

аралығында  жүргізіледі.  Байланыс 

телефоны:  250­42­09.  Азаматтар 

тұр  ғындардан түскен өтінішке проку­

рор лардың  жазбаша  жауабы  әзір 

болғаннан кейін жеке қабылданады. 

Алматы қаласының прокуроры Әмі р­

хан Естаевтың тұрғындарды қабыл дау 

күні – сейсенбі. Дүйсенбі күні – он  ың 

бірінші  орынбасары  Тимур  Сү лей­

менов, ал сәрсенбі күні проку рордың 

орынбасары  Ғалымжан  То ғыз баев 

қоғамдық қабылдау өт     к  ізе ді. Қалалық 

прокуратураның ме  кен жайы: Жел тоқ­

сан көшесі, 189­үй.

Алматы  қаласы  әкімінің  баспасөз  қызметінің 

мәліметінше, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй 

қорынан пәтерлерді сатып алу арқылы жеке шелен­

діру үшін төмендегі құжаттар талап етіле ді:

– өтініш;

– ордердің түпнұсқасы мен көшірмесі;

–  пәтердің  техникалық  құжаты  мен  Жылжы­

майтын  мүлік  жөніндегі  орталықтың  қорытын ды­

сы;


– жұмыс орнының анықтамасы;

– әлеуметтік жағынан қорғалуы тиіс кате го рия­

ға қатысы туралы анықтама;

– азаматтарды тіркеу кітабы;

– жеке және туу туралы куәліктердің түпнұс қасы 

мен көшірмесі;

–  отбасының  кәмелетке  толмаған  мүшелері нің 

жылжымайтын мүлік меншігі бар­жоғы ту ра лы Ха­

лық қа қызмет көрсету орталығы берген анықта ма.

Қажет  болған  жағдайда  басқа  да  қосымша 

құжаттар талап етілуі мүмкін.

Пәтерді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет?

Қала прокуроры сейсенбі күні 

қабылдайды



Алматы  қаласының  прокурорлары  қарапайым  халықты  жеке 

мәселелер бойынша қабылдай ма? Қабылдау күндері қашан?

 

 

 

Алтынай МЫРЗАТАЙҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Жуырда газеттеріңізден Алматыда коммуналдық пәтерлерді жекешелендірудің жаңа ережесі 

шыққанын оқып білдім. Ал баспананы жекеменшікке өткізу үшін қандай құжаттар қажет?

 

 

 

 

 

 

 Асқар КәРіМов, Алматы қаласы

Бай мен кедей жоқ 

деген ұстындарға 

сүйенетін саясатты 

қалаймын

ҚұҚыҚ ПЕн ҚұрыҚ



Кісі өлтірген 

капитан 

кісенсіз жүр

– Ресейдің Мемлекеттік 

Думасы Ресей әскерін сыртқа 

шығаруға мүмкіндік беретін заң 

жобасын қарастырып жатыр. Тіпті 

бірінші оқылымда мақұлдап та 

қойды. Бұл шешім Ресейдің 

империялық амбициясының 

шегіне жеткенінің белгісі емес пе?

– Қарастырылып жатқан бұл заң өткен 

жылғы Гүржістанмен арадағы қырғиқабақ 

оқиғаға байланысты екендігі анық. Деген­

мен меніңше, бұл заңға аса үлкен қажеттілік 

туып тұрған жоқ еді. Себебі халықаралық 

түсінік  бойынша,  өзге  бір  елдің  қарулы 

күштеріне  шабуыл  жасау  немесе  шекара­

сын басып өту, қалай заңдастырсаңыз да, 

агрессия болып табылады. Бұл мәселе Бұұ 

жарғысында  көрсетілген.  Бұдан  басқа  да 

халықаралық құжаттарда бекітілген. 



– Сонда бұл заң ресейліктерге 

не үшін керек болып отыр?

–  Меніңше,  бұл  заң  жобасы  сыртқы 

саясаттан  гөрі  ішкі  саясатқа  қажет  болған 

шығар.  Жалпы,  бұл  заң  жобасы  маған 

АҚШ­ тың  өзімшіл  саясатын  еске  түсіреді. 

Амери калықтар  қашан  болса  да  ұлттық 

мүддені  халықаралық  заңнан  жоғары 

қояды.  Ал  негізінде,  халықаралық  заңна­

малар мемлекеттің ішкі заңдарынан басым 

тұруы  керек.  Ел  ішіндегі  заңдар  халықа­

ралық нормалардың икеміне қарай өзгер­

тіліп отыруы тиіс. Алайда АҚШ­та халықа­

ралық  келісімшарт  ел  ішіндегі  заңдармен 

сәйкеспей  қалып  жатса,  ел  конституция­

сындағы  ұстанымдар  емес,  керісінше 

халықаралық  келісімдер  өз  күшін  жояды. 

Соңғы  кездері  ресейдің  іс­қимылынан  да 

осындай сарын байқауға болады. 



– Қырғызстан жерінен тағы бір 

әскери база ашу жөніндегі 

Мәскеудің қадамын қалай 

бағалайсыз? 

–  ресей  өзінің  маңындағы  елдердің 

әскери стратегиялық жағдайын жақсы ба­

қы лап отыр. Әсіресе Ауғанстан аймағынан 

бастау  алып,  Тәжікстан,  Өзбекстан,  Қыр­

ғызс  танға  енгісі  келіп  жатқан  ислам  ради­

калдарының ағымына тойтарыс беру қа жет. 

Қандай  да  бір  жанжалдарды  бо    л      ды р мау 

үшін  алдын  ала  қимылдауды  жоспарға 

алуда.  Әрине,  ресейдің  бұл  қа да мы  Өз­

бекстанның  ашуын  келтіріп  жатыр.  Менің 

ойымша,  аталған  базаның  құрылу  се бе­

бінің  бір  ұшы  өзбектерге  байланысты  бо­

лып отыр. Егер өзбектер ұҚШұ қатары нан 

шығып,  Батысқа  бет  алатын  болса,  бұл 

база  ресейдің  қолындағы  дайын  құрал 

болып шыға келеді. 

– Қазақстан мен Ресей ықылас 

білдіріп жүрген Еуразиялық 

интеграцияның қос қанаты – 

әскери-саяси (ҰҚШҰ) және 

экономикалық ұйымға (ЕурАзЭҚ) 

Ташкент, Бішкек, Душанбенің 

қосып жатқан үлесі қандай? 

– Сіз айтқан ұйымдардың алдағы бола­

шағы мүше­мемлекеттердің ішкі саясатына 

байланып қалған. Кеңестен кейін құрылған 

элита  өздерінің  суверенитетін  белгілі  бір 

деңгейде құрбан етуге дайын емес. Мұнсыз 

Еуразиялық  интеграция  да  мүмкін  емес. 

Кремль басқа амал таппағандықтан, инте­

гра циядан бас тартқандарға саяси қысым 

жасап,  тізеге  сала  бастады.  Оның  бір 

көрінісі – осы Қырғызстандағы әскери ба­

за.  Әрине,  бұл  соқпақ  жол  керісінше 

құбылыс беріп, көршілес елдердің қарым­

қатынасының  одан  ары  алшақтауына  әке­

ліп соғады. Алайда ресей, Қазақстан, Бе ла­

  русь елдерінің арасындағы инте   г  рацияның 

өзі – тәп­тәуір жетістік. 

– осы Кедендік одақ іс жүзінде 

көріне бастағаннан кейінгі 

алғашқы қадам қандай болуы 

мүмкін?

– Меніңше, ортақ валюта болады. 



– ШЫҰ-ның әлемдік 

аренадағы салмағы, қуаты 

қандай?

– Шыұ­ны ғаламдық деңгейдегі саяси 

күш ретінде суреттеу өте қиын. Оның қуаты 

бар, дегенмен қаншалықты екендігі анық­

талмаған.  Осы  уақытқа  дейін  Шыұ  өзін 

көр сет кен  жоқ.  2005  жылы  АҚШ­тан 

Орталық  Азиядағы  базалардың  орналас­

қан  мекенін  атап  көрсетуін  талап  еткен 

антиамерикалық  демарштан  басқа  ауыз 

толтырып  айтарлықтай  ешқандай  саяси 

қадам  жасаған  жоқ.  Формалды  түрде 

үлкен күш. Бірақ өзінің азуын әлі көрсеткен 

жоқ.

– Ендеше, өзіміз мақтан тұтып 

жүрген ШЫҰ-ның Қазақстан үшін 

маңызы жоғары болмағаны ма?

–  Жоқ,  Қазақстан  үшін  Шыұ­ның  ма­

ңызы үлкен. Түптеп келгенде, бұл өзіміздің 

мүддемізді,  жалпы  Орталық  Азия  айма­

ғының  мүддесін  қорғау  үшін  Қытай  мен 

ресей секілді алыптардың күшін пайдала­

натын  құрал  ғой.  Сондықтан  Шыұ­ның 

әлемдік  аренада  салмағы  басым  болма­

ғанымен, біз үшін маңызды. 

– Негізінен, «қауіпсіздік 

мәселесімен айналысатын ЕҚЫҰ 

ұйымы адам құқығын қорғаушы 

мекемеге айналып бара жатыр» 

деген пікір көп айтылып жүр. Енді 

біреулер ұйым төрағалығына 

Қазақстанның келуі негізгі 

міндеттердің ауытқуларын жөнге 

келтіреді деген пікір айтады. 

Сіздіңше, ЕҚЫҰ-ның төрағасы 

ретінде Қазақстанның мүмкіндігі 

қандай? 

– Қазақстанның мүмкіндігі сондай көп 

деп  айта  алмаймын.  Оның  үстіне  бұл 

ұйымның  спецификалық  ерекшелігі  бар. 

Дегенмен халықаралық ұйым болған дық­

тан,  белгілі  бір  мүмкіндіктер  ашылатыны 

анық.  Тек  орталықазиялық  емес,  пост­

кеңес тік  елдің  төрағалық  етуі  –  әрине, 

ерекше атап өтерлік жағдай. Қазақстанның 

миссиясы  тығырыққа  тіреліп  қалған  дау­

жанжалдарды шама­шарқынша шешу бо­

лып табылады. Бұл мәселеде өзге елдерден 

гөрі Қазақстанға деген сенім жоғары. Тео­

рия лық  тұрғыдан  қарағанда.  ЕҚыұ­ның 

жанынан  келіссөздер  алаңын  ашып  беру 

–  міндетіміз.  Әрине,  бұл  саладағы  баста­

малар  қалай  болары  белгісіз,  себебі  Гүр­

жістан  өзінің  территориялық  аймағы  бо­

лып  табылатын  аймақты  өзге  бір  елдің 

еншісіне беруге өлсе келіспейді. ұйымның 

келесі  бір  маңызды  мәселесі  –  Орталық 

Азия,  Ауғанстанның  қауіпсіздік  мәселесі. 

Қазақстан – ең елеулі әскери стра тегиялық 

ұйымдардың, яғни нАТО, АӨШСК мүшесі, 

нАТО  бағдарламаларының  қатысушысы 

болып табылады. Оған келесі жылы Ис лам  

конференциясына  төрағалық  ететі німізді 

және қосыңыз. Әрине, бұл жағ дайда Шы­

ғыс пен Батыстың арасына көпір бола р  лық­

тай мүмкіндігі бар. Бірақ мұны бір жылда 

тындырып біте алмайды. 

– Қазір бірқатар сарапшылар 

ТМД-ның болашағы жөнінде 

бұлыңғыр болжамдар жасай 

бастады. ол өзінің миссиясын 

аяқтап болды делінеді. 

Посткеңестік елдердің басын 

біріктіретін бұл ұйымның 

болашағын сіз қалай көресіз?

–  Жоқ,  неге  олай  дейсіз?  Гүржістан 

шығып кеткенімен, Достастық әлі тұр ғой. 

Саммиттер  өткізіліп  жатыр.  Әрине,  дәл 

10­15  жыл  бұрынғы  баяғы  күйінде  емес, 

дегенмен бұл да – қажетті құрал. 



– ЕурАзЭҚ-тегі Ресейдің 

саясаты қандай? Бұл 

қауымдастық Ресейге орталық 

Азияны уысында ұстауға 

мүмкіндік беретін құрал емес пе?

–  Бұл  интеграциялық  жоба  –  кеңес 

өкіметі құлағанда пайда болған кез келген 

әкімшіліктің көкейінде болған ізгі бастама. 

Ол  тіпті  қазірдің  өзінде  біз  үшін  оңтайлы 

жағынан өзгеріп келеді. Біз Путин саясаты 

мен  Медведев  ұстанымының  арасында 

айырмашылықтар  болатындығын  түсінуі­

міз керек. ресейдің қазіргі сыртқы саясаты 

Путин  дәуіріндегі  негізгі  ұстанымдардан 

өзгешеленіп барады. Путинді – қара күштің 

адамы, ал Медведевті либерал деп атасақ 

болады. ресей саясаты концептуалды түрде 

қайта жаңартылып жатыр. Сондықтан ре­

сей  әкімшілігі  Орталық  Азияны  бұрын ғы­

дай қысым көрсету арқылы ықпалында ұс­

тау ды көздемейді.

– Сіздіңше, Қазақстан үшін 

қандай халықаралық 

ұйымдардың маңызы үлкен, 

қайсыларына басым көңіл бөлу 

қажет? 

–  Біріншіден,  бізге  Кедендік  одақ,     

Еур АзЭҚ  секілді  посткеңестік  елдердің 

ара  сын дағы интеграциялық бастамаларға 

ба сымдық  беру  қажет.  Аймақтағы  1991 

жыл дан кейін үзіліп қалған экономикалық, 

транспорттық байланысты қайта жаңғырту 

керек. Сондай­ақ ұҚШұ­да да белсенділік 

көрсету керек. Өйткені ол – біздің шынайы 

қауіпсіздігіміздің кепілі. 



– Тағы да бір жаңа 

халықаралық ұйымдарға кіру 

керек деп ойламайсыз ба?

– Жоқ, қазір біз кірмеген ұйым қалған 

да жоқ қой (күлді). Барлығына еніп алдық. 

Енді тек Африкалық одаққа кіреміз деме­

сек... Біз халықаралық деңгейдегі маңызды 

ұйымдардың барлығын түгендеп болдық.



– Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр 

автономиялық ауданында болған 

оқиғаға сіздің көзқарасыңыз 

қандай?

– расында, бұл күрделі тақырып болып 

отыр. Қытайдың ішкі саясатында этникалық 

проблемалардың  бар  екендігі  жасырын 

емес.  Бұл  жерде  менің  жеке  көзқарасым 

маңызды емес. Себебі экономикалық дер­

жава  атанған  Қытай  біздің  сенімді  серік­

тесіміз болып табылады. Оның үстіне өзіміз 

сүйеніп  тұрған  Шыұ  ұйымының  тірегі  – 

осы  Қытай.  Біз  бұл  мемлекеттегі  тұрақ­

тылыққа мүдделіміз. Жалпы, Шыңжаңның 

тұрақсыздыққа бой алдыруын ешбір көрші 

қаламайды. 

– Бұл оқиға Қытай үшін, біз 

үшін, әлем үшін сабақ болды ма, 

жалпы осы оқиғаның орын 

алуынан бірдеңе өзгерді ме?

–  Түптеп  келгенде,  Қытайдың  бұл 

аймақтағы ұстанымы отарландыру саясаты 

болып  отыр  ғой.  Ол  жақсы  ма,  жаман  ба 

– мен оған тоқталмай­ақ қояйын. Өйткені 

Шыңжаңға  көшіріліп  жатқан  ханьдық­

тармен бірге қалаға өркениет еніп, есепсіз 

қаржы  құйылып  жатыр  ғой.  Қысқасы, 

қазіргі  Шыңжаңдағы  жағдай  бір  кездегі 

орыстардың  Қазақстанды  жаулауын  еске 

түсіреді. Патша өкіметінің келуімен Қазақ­ 

с танда  өнеркәсіп  дами  бастағанымен, 

орыс тандыру  саясаты  жүріп  жатты  ғой. 

Меніңше, Қытай өзінің бұл саясатын бап­

пен жүргізіп, әлі де жұмсарта түсуі керек. 

– Қаржы дағдарысының 

келуіне байланысты Қырғызстан 

мен Тәжікстан өзінің 

экономикалық суверенитетін 

жоғалтты. Мұндай құбылыс 

Қазақстанда қаншалықты 

байқалуы мүмкін?

–  Интеграциялық  байланыс  дамыған 

сайын  қаласаң  да,  қаламасаң  да,  эконо­

микалық  суверенитетіңді  құрбандыққа 

ша луға  тура  келеді.  Мұны  нарықтың  заң­

дылығы немесе ойын тәртібі деп атасақ та 

болады.  Бұдан  мен  аса  үлкен  қауіп  көріп 

отыр ған  жоқпын.  Өйткені  бұл  Еуроодақ 

ел дерінің өзара байланысуындағы мо дель  

ғой. 


– Қазіргі Батыс 

зерттеушілерінің Қазақстан мен 

орталық Азия жөніндегі 

жұмыстарын қарастырып жүрсіз, 

осылармен таныса отырып, 

қандай қорытындыға келуге 

болады? 

–  Соңғы  кездері  Қазақстан  және  Ор­

талық  Азия  жөнінде  жарық  көрген  әде­

биеттердің  саны  артып  келеді.  Әсіресе 

ағыл шын ағайындардың белсенділігі қат­

ты  байқалады,  мұнда  еліміз  Қазақстан 

жай  лы  да,  Орталық  Азия  турасында  да 

көлемді  зерттеу  жұмыстар  жарық  көріп 

жа тыр.  Сондай­ақ  соңғы  сәттерде  Гер­

мания саясаттанушылары да қалыс қалып 

жатқан  жоқ.  Жалпылай  алғанда,  бұл  ең­

бектердің  айтары  әртүрлі  болып  келеді. 

Сынап та жазып жатқандары бар, ел сая­

сатын қолдап та жазып жатқандар аз емес. 

Солардың арасынан швед этнографы Инг­

вар Сванбергтің «Қазіргі қазақтар» еңбегін 

ерекше атауға болады. Ол еліміздің эконо­

микалық,  саяси­әлеуметтік,  мәдени  ахуа­

лын толық баяндайды. немістерден Гарнетт 

және  рардың  зерттеулері  бар.  Француз 

Катрин Пужольдың жұмысы да аса маңыз­

ды. Жалпы, осы әдебиеттерді оқи отырып, 

Батыстың  Қазақстан  және  Орталық  Азия 

аймағына көзқарасының ортақ емес екен­

дігін,  аймақтағы  мәселелердің  шешімін   

әртүрлі көретіндігін байқауға болады.



– Сіз еліміздегі 

саясаттанушылардың арасынан 

алғаш болып «көпвекторлы 

саясат» деген терминге анықтама 

беруге тырыстыңыз. оның 

жағымды әрі жағымсыз әсерлерін 

қарастырдыңыз. осы 

саясатымыздың қазіргі келбеті 

қалай?

–  Біз  тәуелсіздік  алғалы  бері  аз  уақыт 

өткен жоқ. Содан бері менің көпвекторлы 

саясатқа  деген  көзқарасым  да  өзгерді. 

Меніңше, қазір бұл ұстаным біз үшін ескіріп 

кетті. Енді оны қолданыстан алып тастасақ 

та  болады.  Мемлекет  құрудың  алғашқы 

са ты сында  мұндай  саясат  –  үлкен  қажет­

тілік. Түптеп келгенде, көпвекторлы саясат 

–  жаңадан      құрылған  кез  келген  мемле­

кеттің  мәжбүрлі  түрде  сүйенетін  саясаты. 

Ал  біз  ол  сатыдан  өтіп  кеттік.  Енді  біздің 

тәуел сіздігімізге  қауіп  жоқ.  Біздің  өз  ұста­

ны мы мыз  және  ашық  саясатымыз  болуы 

ке рек.

– Еліміз Қазақстанның 

идеологиясы жөнінде көп пікір 

қайшылықтары байқалып жатыр. 

Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың өзі еліміздегі 

идеологиялық дағдарыстың орны 

толмай жатқандығын сөз етті. 

Сіздіңше, еліміздің 

идеологиясының өзегі неде 

болуы керек? 

– Енді мен – кеңес дәуірінде жетілген, 

«советтік»  адаммын.  Сондықтан  болар, 

социалистік  идеологияны  көргім  келеді. 

Адам – адамның бауыры, әркімнің шама­

сына  қарай,  әркімге  қажеттілігіне  қарай, 

бай  мен  кедей  жоқ  деген  ұстындарға   

сүйе н  ген  саясатты  қалаймын.  Әрине,  мұ­

ның  бәрі  идеализм  ғой.  Дегенмен  аза­

маттардың  әлеуметтік  құқы  қорғалған, 

эко номикалық  қауіпсіздігі  бар.  Биліктің 

тұтқасында  отыр ғандар  мен  қарапайым 

халықтың  қалта сында  көп  айырмашылық 

болмаса деген арманым бар.



Сұхбаттасқан 

Сәкен КӨКЕНов

ӨМіР-ДЕРЕК:

 

Мұрат Лаумулин – саясаттану ғылымының докторы, профессор. 

Алматы қаласында туған. Физика-математикалық мектепті 

тамамдағаннан кейін ҚазМУ-дың тарих факультетіне түседі. Ал 

аспирантураны Мәскеуде оқиды. Көптеген жылдар бойы Қазақстан 

Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография 

институтында, Шығыстану институтында қызмет істеді. Қазірде 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер 

институтының сарапшысы. Сонымен қатар халықаралық қатынас 

және сыртқы саясат пәндері бойынша Жоо-ға лекция оқиды. 

Бір жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде қызмет 

атқарған. 

Ядролық қарудың таралмауын зерттеу жөніндегі Халықаралық 

топтың тұрақты мүшесі. ондаған монографиялық жұмыстардың 

авторы және бірнеше халықаралық гранттар мен стипендиялардың 

иегері. 

АлАШ­АҚПАрАТ



ойын 

бизнесіне 

жол жоқ!

осыдан тура бір ай бұрын, 

қыркүйектің 13-і күні №65229 

әскери бөлімінде болған кісі 

өліміне күдікті капитан 

Жарқынбек Раушанбек әлі 

табылған жоқ. Бұл туралы ҚР 

Бас әскери прокуратурасының 

өкілдері хабарлады.

№65229  әскери  бөлімінде  болған 

жан түршігерлік оқиғаға қатысты Қылмыс­

тық  кодекстің  92­бабы  2­бөлімінің  «д» 

тар мағы,  яғни  аса  қатігездікпен  адам 

өлтіру  бабы  бойынша  іс  қозғалған  еді. 

Алайда  әріптесінің  қанын  судай  ағызып 

кеткен күдікті құқық қорғау орындарының 

құрығына  ілігер  емес.  Дегенмен  әскери­

лердің  пікірінше,  оның  мұнысы  ұзаққа 

бармайтыны ақиқат. Бұдан бұрын хабар­

ланғандай, сол қаралы күні әуе қорғанысы 

күштерінің  аталған  бөлімінің  аға  лейте­

нанты  Мұхамедияр  Айтмағамбетов  тәу ­

лік тік нарядқа шықпай қалады. Кейін оны 

қызметтестері  тренажер  залынан  тама­

ғынан бауыздалған күйінде тауып алады. 

Бұл  қылмыстық  оқиғаға  дәл  осы  күні  із­

түзсіз  жоғалып  кеткен  бөлімнің  капитаны  

Ж.раушанбек күдікті деп танылды. Тергеу­

шілер оның жауынгер М.Айтмағамбетовтің 

тапан шасын ұрлап әкеткенін анықтады. Бұ­

ған  қо са  қанішер  әскеридің  Алматыда  сол 

қар саңда болған бірнеше қылмыстық оқи­

ғаға  да  қатысы  бар  деп  жорамалданып 

отыр.


Болат ТАЗАБЕКов, ҚР Бас 

әскери про куратурасының 

ресми өкілі:

– Қазіргі уақытта бұл дерек 

бойынша тергеу-іздестіру 

шаралары жалғасуда. Әс ке ри 

қызметкер тұрған аймақ қана 

емес, бүкіл Қазақстан бойынша 

іздеу жүріп жатыр. Бі рақ әзірше 

нәтиже көрінбейді.                         

Ж.Раушанбек ұс талған жоқ.

Өткен айларда 

прокурорлар еліміздегі жүзге 

жуық заңсыз ойын 

орталығының қызметін 

тоқтатқан еді. Бірақ астыртын 

қызмет етіп жатқан құмар 

ойынханалары әлі де азаяр 

емес. Жасырын казинолар 

мен құмар автоматтары 

Алматыда көп. Сол себепті 

жергілікті билік «ойын 

бизнесіне жол жоқ!» шарасын 

бастады.

Шараның мақсаты – әлеумет мүше ле­

рінің рухани­материалдық жағынан аз ғы   н ­

дауына  әкеп  соқтыратын  заңсыз  құ мар 

ойындарының  жолын  кесуге  жұ  р  т  шы  лық­

ты жұмылдыру. Енді кімде­кім Алматының 

бір тұсында астыртын қызмет ететін ойын­

хана  бар  екенін  білсе,  250­78­14  сенім 

телефонына немесе avtomat@a­a.kz элек­

тронды поштасына хабарласуына болады. 

Қалалық  әкімдік  пен  полиция  қызмет­

керлері отандастарының тағдыры мен қо­

ғамның  өзекті  мәселесіне  бейжай  қара­

майтын 


белсенді 

тұрғындардың 

аз 

бол   майтынына сенім білдіреді. 



Болатбек МҰХТАРов


жүктеу 3,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау