РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси
аҚпаРаттыҚ газет
№179 (179)
13.10.2009 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
Бесбоғда АЛТАЙ
кемшілік пен кеңшілік
САРАп
нарық
ДАу-ДАмАй
ел экономикАСы
Бірінші. Бас ассамблея Қазақстан
президенті нұрсұлтан назарбаевтың бүтін
дүние
жұртының
бейбітшілігі
мен
тыныштығы үшін аса маңызды бір
ұсынысына қызу қолдау білдірді. осыдан
біраз бұрынырақта елбасы 29 тамызды
Бүкіл әлемдік ядролық қарудан бас тарту
күні етіп жариялауды ұсынған болатын.
Бұл ұсынысқа қолдау білдіріп отырған
жалғыз Дүниежүзілік туристік ұйым ғана
емес. Бірқатар мемлекеттер мен аса
ықпалды халықаралық ұйымдар өздерінің
мұндай қадамға қолдау білдіретінін
мәлімдеген. Солардың ішінде мүйізі
қарағайдай БҰҰ-ның өзі, сондай-ақ
ислам конференциясы ұйымы бар. 1991
жылғы 29 тамыз – қырық жыл бойына
(1949-1989 жж) ажал шашқан әлемдегі
ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі –
Семей
полигонының
ресми
түрде
жабылған күні. Дүниежүзілік туризм
ұйымы осы күнді әлемдік деңгейде атап
өтуге келісімін беріп, қабылданған резо-
лю цияда да атап өтіп отыр.
«Бейбітшілік
пен
тұрақтылықтың
туризм үшін аса маңызды екені даусыз.
Дәл осы саяхаттау мен осыған қатысты
қызмет түрлері секторы ең алдымен сая си
тұрақсыздықтан және әскери жан-
жалдардан зардап шегіп отыр», – деді
сессияның соңғы күндерінің біріндегі
жиында сөз алған Қазақстанның туризм
және спорт министрі, БҰҰ Дүниежүзілік
туризм ұйымы Бас ассамблеясы XVIII
сессиясының төрағасы Темірхан Дос-
мұхамбетов.
екінші. Қазақстан осынау әлемдік
туризм саласындағы ең белді 154
мемлекеттің басын біріктіретін алып
ұйымның Бас ассамблеясына вице-
президент болып сайланды. Бұл жақын
келешекте еліміздегі туризм саласын
экономиканың жетекші салаларының
біріне айналдыруды ниет етіп отырған
еліміз үшін маңызды жетістік болып
саналады. отандық туризмді дамыту
алдағы бесжылдықта басымдық берілетін
10 саланың бірі ретінде белгіленіп отыр.
Ал туризм дегеніңіздің әлемдік қауым-
«Алтыннан»
береке қашты
Өткен апта соңында Мәскеуде
«контрабандаға қатысы бар»
деген күдікпен «Алтын»
гипермаркетінің бас директоры
Валентина Шадринаның үстінен
қылмыстық іс қозғалды. Оны
Мәскеудің Лефортовский соты
қарастырып жатыр. «Бұл іске
байланысты құжаттар «құпия
түрде» деп келіп түскеннен соң,
ол жабық есік жағдайында
өтуде», – дейді Мәскеудің
қалалық сотының баспасөз
хатшысы Анна Усачева.
«Алтын» ісі Түмен облысы мен Қазақ-
стан шекарасындағы жағдайға байланысты
туындаған. Бағалы өнімдері бар 50 келілік
жәшікті алып өтпек жерінен компания
делдалын Ресей арнаулы қызметінің қыз-
меткерлері ұстап алған. Бұл мәселеге
қатысты «Алтын» гипермаркеті Алматы-
дағы филиалының бас директоры люд-
мила караева:
– Бұл – меніңше, бақталастардың ісі.
мұндай жағдай біздің басымыздан да
өткен. Төрт жыл бұрын Қаржы полициясы
біздің үстімізден түскен аноним өтініш
бойынша тексеру өткізді. Соған байла-
нысты дүкендерімізді жауып тастады.
Ақырында
ешқандай
заңбұзу шылық
тіркелмеді. «Алтынның» мәскеудегі басты
офисінде де тура осындай жағдай орын
алып жатқанына сенімдімін. Бұл – біздің
бизнесімізді тұншықтырғысы келген бақ-
та ластары мыздың қолымен жасалған
нәрсе, – деп пікір білдіреді.
кейбір мәліметтер бойынша, «Алтын»
компаниясы Қырғызстаннан арзан өнім
тасымалдап, оны «ресейлік» деп таңбалап,
мәскеуде саудалауда заңбұзушылыққа
жол беріп отыр делінеді. Қазір Ресейдің
өңір-өңіріндегі аталған компанияның дү-
кен дерінде тексеру жүргізіліп жатыр. Ал
Қазақстандағы өкілдігі бас директоры
людмила караеваның айтуынша, оларға
құқық қорғау қызметкерлері келмеген,
ешқандай тексеру жүргізілмеген. оның
пікірінше, ресейлік құқық қорғау қыз-
меткерлерінің
бұл
әрекеті
бағалы
әшекейлер өндіретін зауыттарға байла-
нысты болуы мүмкін.
– Ресейлік компанияның он шақты
зауыты бар. Соның біреуі Бішкекте
орналасқан. Ал Қазақстанда бағалы
әшекей бұйымдарын шығаратын компания
зауыты жоқ, – дейді л.караева.
Бұл арада «Алтын» дүкен жүйесі
бағалы әшекейлер нарығында бәсеке-
лестеріне қарағанда өнімдерін 10-15
пайызға арзан саудалайтынын еске сала
кетелік.
дастықпен өте тығыз байланыста болғанда
ғана оңға басатын сала екені тәпіштеп
жатқанды қажет етпесе керек. осының
алдындағы, яғни XVII сессия да Қазақстан
үшін айта қаларлықтай табысты өткен
болатын. колумбия жерінде өткен сол
басқосуда еліміз Дүниежүзілік туризм
ұйымының Атқару кеңесіне қабылданып,
келесі сессияны өткізу эстафетасын алып
қайтып еді.
Үшінші. Ұлы Жібек жолын туристік
мақ сатта қайта жаңғырту мәселесі Дүние-
жүзілік ұйымның күн тәртібіне шығарылды.
кезінде қос құрлықты байланыстырған
ұлы жолдың бойындағы жәдігерлерді,
тарихи нысандарды жаңғыртуға мем-
лекетіміздің өзі де ден қоя бастаған
болатын. енді Ұлы Жібек жолын жаңғырту
мәселесі Дүниежүзілік туризм ұйымындай
өте ықпалды мінберден көтеріле бастады.
осы тұста Бас ассамблея мүшелерінің
XVIIі сессиясы өткен Қазақстанның
осынау даңқты Ұлы Жібек жолының
қақ жүрегінде орна ласқанын ескергенін
айта кетелік. Темірхан Досмұхамбетовтің
? Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
«Үй банкингі» жүйесіне қосыл-
саңыз, несиені үйден шықпай-ақ
тө леуге болады. Яғни жалақы кар-
точ каңыздағы қаржыны басқара
ала сыз. Әрине, ол үшін интернет
байланысыңыз болуы керек. Сон-
дай-ақ
банктегі
депозитіңіздің
өсімін, зейнетақы есебіңізді немесе
карточкадағы каржыңызды басқара
аласыз. Бұған қоса өз төлем кар-
точкаңыздағы ақшаны басқа тұл-
ғаға аударуға болады.
«Үй бан кингі» жүйесі жақсы
жұмыс істеуі үшін интернет бай-
ланысының қуа ты 38 400 bps-тен
жоғары және ком пью терде Micro-
soft Explorer 5.0 немесе бұдан да
заманауи бағ дарламасы болуы
керек. Бұл жүйені қолдан ғаныңыз
үшін әр банк әр түрлі ақы алады.
көбіне қосып беру және алғашқы
үш ай тегін, одан кейінгі әр айға
300-500 теңге ко миссия белгіленген
болып келеді.
Visa Electron карточкасының басты ерекшелігі
ретінде кез келген банк бөлімшесінде жылдам
бе рілетіндігін айтуға болады. Visa Electron
карточкасы банкоматтан ақша алуға немесе
POS-терминал арқылы есеп айырысуға мүм-
кіндік береді. Қызмет көрсету ақысы да арзан.
есесіне, шет мемлекетке шықсаңыз, банк қыз-
мет керлері бұл карточкаға қызмет көрсетуден
бас тартуы мүмкін. Ал банкоматта бір күнде
белгілі бір мөлшердегі ақшаны ғана алуға
лимит белгіленген. Visa Classic және Visa Gold
карточкалары арқылы почта немесе телефон
арқылы тауар немесе қызмет түріне тапсырыс
беруге, интернет-дүкенде сауда жасауға бо-
лады. Visa Gold иесінің банкте қомақты қара-
жаты барлығын айғақтайтын мәртебелі класқа
арналған өнім болып табылады. Сон дықтан тек
Visa Gold карточкасын ұстаушыларға ғана
қызмет
көрсететін
қонақүйлер
мен
автосалондар бар. Visa Electron карточкасын
шы ғару құны – 300 теңге, қалған екі карточ ка-
ның бағасы – тиісінше 1000 және 3000 теңге.
пластикалық карточкалардың қандай
айырмашылықтары бар?
Үй банкингі деген не?
«Үй банкингі» дегенді жиі естісем де, түсіне алмай жүрмін. Бұл
тіркес қандай мағына береді?
Әлібек АЛШЫНБАЙ, Семей
Жалақымды Visa Electron карточкасымен аламын. Бұдан Visa Classic, Visa Gold деп
аталатын карточкалардың қандай ерекшеліктері бар?
Қырмызы ӘЛЕКЕНОВА, Тараз
айтуынша, Қазақстан Ұлы Жібек жолының
қайта түлеуіне жол ашатын бірқатар
инвестициялық жобаларды жүзеге асыра
бастады. Атап айтқанда, үш халықаралық
туристік орта лықтың – Жаңа іле (Алматы
облысында), Бурабай (Ақмола облы-
сында), Ақтау-сити (маңғыстау облы-
сында) құры лыс тары басталды. Сондай-ақ
президент н.на зарбаевтың бас та масымен
қолға алы нып жатқан Батыс Қытай – Батыс
еуропа
халықаралық
автомагистралі
құры лысының маңызы ерекше. «Бұл жоба
Ұлы Жібек жолының қазақстандық аума-
ғының бойында орналасқан өте қызықты
туристік нысандарды бір ғана көлік
дәлізіне тоғыстырады», – дейді Темірхан
мыңайдарұлы.
Төртінші. Қазақстан, соның ішінде
Астана қаласы мұндай аса ірі, күллі
дүние жұрты көз тіккен жиынды өткізу
арқылы
өзіне
талайдың
назарын
аударып, қызығушылығын оята алды.
Дүниежүзілік туризм ұйымының бас
хатшысы Талеб Рифаи «біз жиынымызды
еуропалық және азиялық өркениеттің
тоғысқан жерінде, көне Жібек жолының
ең маңызды бөлігінде орналасқан елде,
қазіргі заманғы технологиялар мен
иннова ция ларға да қарқынды қол жеткізіп
жатқан Қазақстандай маңызды мемлекет-
те тұңғыш рет өткізіп отырмыз» дегенді
бекер айтқан жоқ.
Отандық туризм түлеу алдында
Астанада аптаға жуық уақытқа
созылған БҰҰ Дүниежүзілік
туризм ұйымы (ЮНВТО) Бас
ассамблеясының XVIII сессиясы
да тарих қойнауына кетіп үлгерді.
112 мемлекеттен 360 өкіл келген
жиынды қатардағы басқосулардың
біріне жатқыза алмасақ керек.
Оның үстіне «доңыз тұмауы» мен
дағдарыс дағдартқан осы саланы
қолдауға әлемдік қауымдастық
ерекше ықылас білдіріп отыр.
Өйткені туризм – адамзатқа,
қоршаған ортаға зәредей де зәбірі
жоқ, керісінше елді ынтымаққа,
бейбітшілікке шақыратын сала.
Байтақ қазақ даласында өткен
жаһандық жиын бізге не берді?
Туризм саласынан келешекте үлкен
үміт күтіп отырған Қазақстан үшін
оның маңызы қандай?
Жемқорлық тағы да жерге қаратты
конференция
жалпы
жиындар
дәс түрі бойынша ашылып, одан соң
жоспар
бойынша
шекарадан
өту,
қауіпсіздік, автомобиль транспорттарын-
да жүк тасымалдаудың тиімді жүйесін
қалыптастыру секілді мәселелер қа-
ра ла
бастаған-ды.
Алдымен
көлік
және
коммуникация
вице-министрі
Азат Бектұров сөз алып, еліміздегі
кеден бекеттерінің «жемісті» жұмысы
жайлы
деректі
фильм
көрсетілді.
«еҚыҰ
мемлекеттер
арасындағы
өзара байланысты нығайту мен сауда-
экономикалық
қатынастың
кеңеюіне
қомақты үлес қосқан ең беделді
халықаралық ұйым болып табылады.
Біз еҚыҰ-ға 2010 жылы Қазақстанның
төрағалық етуін халықаралық қауым-
дастық тарапынан еуразиялық құрлық-
тағы ықпалдастық үдерісін дамытудағы
еліміздің рөліне берілген жоғары баға деп
білеміз. Сондықтан да тиімді географиялық
ортада орналасқан Қазақстан бейбітшілік
пен
келісімнің
артуына,
өңірлік
экономикалық ынты мақтастықтың терең-
деуіне атсалысатын болады», – деп атап
өткен көлік және коммуникация вице-
министрі Азат Бектұров кеден жұмысына
еҚыҰ тарапынан жақсы баға берілетініне
сенім білдіріп өтті.
Алайда конференцияның і сес-
сия сынан
кейін
болған
баспасөз
мәслихатында еҚыҰ-ның экономикалық
және экологиялық қызметін үйлестіруші
Горан Свиланович кеден органдарына
қаратып біраз сын айтты. «мысалы, Қытай
бағытынан швецияға жүк тасымалдайтын
көліктердің шығыны Қазақстан аумағында
бірден 30 пайызға артып кетеді. оның
себебі – жемқорлық. Бұл Қазақстан
жағынан әлі де болса үлкен жұмыстар
атқарылу керектігін көрсетеді. Қазақстан
үшін халықаралық жүк тасымалының
маңызы зор. Өйткені ол еуразияның
ортасында жатыр. Жемқорлық жаһандық
мәселеге айналып отыр. Бұл кесел осы
ұйым құрамындағы елдердің бәрінде
бар. Жемқорлықты кеден, шекара қыз-
меткерлерін
мамандандыру
арқылы
жеңуге болады. Бұл мақсатта еҚыҰ
барлық мемлекеттермен бірлесе жұмыс
істеуге дайын. Бұған кеденде жаңа іТ
технологияны дамытудың мәні зор. Қай
жүк көлігі кеденге қашан келіп тоқтады,
оған қандай жүк тиелгені – осының
барлығы есепке алынып, келесі бір кеденге
электронды мәліметтер түсіп тұрса, жүк
көлігін қайтадан ақтарудың қажеттігі тумас
еді», – деп атап өтті ол.
Беделді ұйым өкілінің бұл пікіріне вице-
министр Азат Бектұров емес, керісінше
еліміздің еҚыҰ жанындағы тұрақты
өкілі Қайрат Әбдірахманов қарымта
қайтарып жатты. «Бүгінде еліміздегі
Кеше Астанада ЕҚЫҰ-
ның 18-інші экономикалық-
экологиялық форумына
дайындық ретінде
басталған екі күнге
созылатын конференция
барысында аталмыш
ұйымның экономикалық
және экологиялық
қызметін үйлестіруші Горан
Свиланович еліміздегі кеден
бекеттерінің жұмысына
көңілі толмайтынын
білдірді. Оның ойынша,
Қазақстандағы кеден
жұмысын әбден жайлап
алған жемқорлық дерті
«құртып» отыр.
жемқорлық мәселесіне тиісті деңгейде
назар аударылуда. конференцияның
негізгі мақсаты да осыдан туындап отыр.
Горан Свилановичтің айтқандарымен
толық келісемін. ондай жағдайлар болып
жатады.
Бұл – өте күрделі мәселе. Дегенмен
бұл мәселе – тиісті органдардың
кемшілігі. мен дипломат ретінде өзімнің
құзырымдағы жауапкершілік шеңберінде
ғана айтып жатырмын. Біз Венада отырсақ
та, отанымызда атқарылып жатқан істерді
ұдайы бақылап отырамыз. елімізде
жемқорлықпен күрес өте жақсы. Үкімет,
парламент бұл мәселеге үлкен маңыз
беруде», – деді Қайрат Әбдірахманов.
Бүркіт НҰРАСЫЛ,
Астана
«Жайлау»
пайдаға кенелтеді
Тұңғыш рет Азия
құрлығында өткен ұлы
жиынның Қазақстан үшін ең
басты-басты деген төрт
жетістігі, яғни ұтқанымыз
бен ұққанымыз осындай.
Сессия барысында қол
жеткізілген
уағдаластықтардың, көп
кешікпей қолға алынатын
іс-шаралар мен жобалардың
жөні бөлек. Олардан да үміт
күтуге болады.
Астана
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
«Алтын» дүкен жүйесі позициясы
жағынан халықаралық болып
есептеледі. Мәскеуде – үш, Санкт-
Петербургте – екі, Омбыда бір
гипермаркеті бар. Қазақстанда –
сегіз, Қырғызстанда – үш және
Біріккен Араб Әмірлігінде бір дүкені
орналасқан. Жалпы, компания 2,5
мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
Марал СҰЛТАНҚЫзЫ
Павлодар облысының
Екібастұз ауданында «Жайлау»
бағдарламасы ның алғашқы
жобасы жүзеге асырыла бастады.
Бұл шараны қолға алып отырған
«Ертіс» корпорациясына қа расты
«Ертіс-Өскемен-Семей-Пав ло-
дар» ЖШС Ақкөл тұрғындарынан
30-дан астам өтініш қабылдады.
Бағдарламаға 10 адам қатысып,
әрқайсысына 100 бас ұсақ мал берілді.
Алынған
малды
бағдарламаға
қатысушылар сақтандыруға міндетті. Бір
ұсақ малдың сақ тан дыру құны 90 теңге
деп белгіленіпті.
Алдын ала есептеу бойынша, «Жайлау»
бағдарламасына қатысушы бес жыл
ішінде төрт миллион теңге пайда табады.
Қазір осындай жоба аймақтағы төрт
ауданда павлодар облысының әкімдігімен
бірлесіп жүзеге асырылмақ. «ертіс» Әкк
бүкіл облысқа 50 млн теңге бөлуді
қарастырған. Бұл қаржы 5000 қой сатып
алуға жұмсалады.
Қазақстан Машина жасау
одағының төрағасы Мейрам
Пішембаевтың пікірінше,
құрастыру бюросының жүйесі
ұлттық компаниялардағы
қазақстандық үлесті ұлғайтуға
септігін тигізеді. Өйткені
құрастыру бюросын құрудың
мақсаты – қазақстандық
кәсіпорындар үшін жаңа
технологияларды әзірлеп,
оларды өндіріске енгізу.
«Құрастыру бюросы жүйесін құру –
қазақстандық бизнеске арнап сызбаларды,
технологияларды сатып алу. Бұл қысқа
мерзім ішінде «Қазақстан теміржолы»,
«ҚазмұнайГаз», «Қазөнеркәсіп» сияқты
ұлттық компаниялар пайдаланатын құрал-
жабдықтардың қосымша бөлшектерін
игеруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде
шағын және орта бизнес осы бюроның
қызметіне сүйене отырып, қосымша бөл-
шектер өндірісін жүзеге асыра алады», –
дейді м.пішембаев. Жоба келесі жылдан
бастап жүзеге асырылмақ. Бөлімшелері
Батыс, Солтүстік және орталық Қазақстан-
да орналасады. инвестицияның жалпы
көлемі – 3 млрд теңге.
Қазіргі кезде машина жасау және
металл өңдеу саласында шамамен 200
зауыт жұмыс істейді. егер солардың бәрі
сырттан әкелінетін құралдар мен қосымша
бөлшектерді игеретін болса, онда қа-
зақстандық үлес мөлшері едәуір ұлғаятын
болады.
Гүлнар АхМЕТОВА
Құрастыру бюросы
қазақстандық
үлесті арттырмақ
Еліміздегі мұнай өңдеу
мөлшері биылғы қаңтар-
қыркүйек айларында 8 млн 675
мың 395 тоннаны құрады. Бұл
өткен жылғы осы мерзіммен
салыстырғанда 9,7 пайызға кем.
Ал қыркүйектегі мұнай өңдеу көлемі
1 млн 200 мың 745 тонна болды. Тоғыз
айдың ішінде павлодар мұнай өңдеу
зауыты «қара алтынды» өңдеу көлемін
2 млн 740 мың 124 тоннаға дейін, яғни
8,8 пайызға азайтқан. мұнай өңдеуді
«петроҚазақстан ойл продактс» – 12,2
пайызға (3 млн 101 мың 912 тонна),
Атырау мұнай өңдеу зауыты 7,7 пайызға
(2 млн 833 мың 9 тонна) кеміткен.
еліміздегі автомобиль бензинінің
өндірісі тоғыз айдың ішінде 1 млн 863
мың 864 тоннаға (1,8 пайыз) азайды.
оның ішінде павлодар мӨЗ – 841 мың
058 тонна, пкоп – 622 мың 606 тонна,
Атырау мӨЗ 400 мың 200 тонна өндір-
ген.
осы мерзім ішінде еліміздегі зауыттар
2 млн 851 мың 789 тонна дизель отыны
(92,1 пайыз), 2 млн 320 мың 057 тонна
(94,4 пайыз) мазут, 488 мың 421 тонна
(70 пайыз) вакуумды газойл, 250 мың
515 тонна авиакеросин (74,7 пайыз)
және 1 млн 303 мың 587 тонна (124,2
пайыз) сұйытылған газ өндірді.
Тоғыз айда 8 млн
тоннадан астам
мұнай өңделді
КЕРЕК ДЕРЕК
Осы аптада алтынның құны
рекордтық көрсеткішке жетті.
Лондон биржасындағы саудада
оның 1 унциясы 1061,55
долларға бағаланды. Бұл жыл
басынан бергі аталған бағалы
металдың 19 пайызға
қымбаттағанын көрсетеді.